shkolakz.ru   1 ... 2 3 4 5

Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету:

1) кепілге қою;

2) банк кепілдігі;

3)   кеден органының депозиттік шотына ақша енгізу;

4) сақтандыру шарты  түрінде берілуі мүмкін.

Тұлға кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз етудің кез келген түрін таңдауға құқылы.

Кеден органдарының кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолдану тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган   айќындайды.  

Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы мынадай:

-ішкі кеден транзиті рәсімі бойынша тасымалданатын;

-алушының қоймасында, сондай-ақ көлік құралдарында уақытша сақтауға рұқсат берілген;

-тауарларды қайта экспорттаудың кедендік режиміне орналастырылған;

-тауарлар транзитінің кедендік режиміне сәйкес Қазақстан Республикасының  кедендік аумағы арқылы өткізу үшін әкелінетін;

- кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастырылған;

-тауарлар транзитінің кедендік режиміне сәйкес шет мемлекеттің  кедендік аумағы арқылы өткізу үшін әкетілген тауарларға қатысты тауарлар экспортының кедендік режимін мәлімдеу кезінде төленуге тиісті кедендік төлемдердің және салықтардың сомасынан кем болмауға тиіс.

Кеден тасымалдаушысы ретіндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қажетті қамтамасыз ету сомасы Қазақстан Республикасының Кеден Кодексіне сәйкес айқындалады.

Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету мақсатында кепілге салынатын зат:

1) азаматтық айналымнан алынған мүлікті;

2) Қазақстан Республикасына әкелуге не Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды;

3) электр, жылу және өзге де энергия түрлерін;

4) тез бұзылатын тауарларды;

5) мүліктік құқықтарды;


6) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті;

7) өткізу мүмкіндігі шектеулі мүліктерді қоспағанда, үшінші тұлғалардың мүліктік құқығынан бос кез келген тауарлар мен мүлік болуы мүмкін.

Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету мақсатында кепілге салынатын заттың рыноктық құны, оны өткізу бойынша шығыстарды қоса алғанда, төленуі кепілге салынатын затпен қамтамасыз етілетін кедендік төлемдер және салықтар жөніндегі міндеттеменің мөлшерінен төмен болмауы қажет.

Егер кеден органы өзге шешім қабылдамаса, кепіл кезінде кепілге салынатын зат кепіл берушіде қалады.

Төлеуші қабылдаған, қамтамасыз етілуі үшін кепіл ресімделген міндеттеме орындалғанға дейін кепіл берушінің кепілге салынған затқа билік етуге құқығы жоқ.

Кепілді ресімдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Кепілге салынған затты өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Кеден органдары кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып,   Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген банк кепілдігін қабылдайды.

Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде кеден органының депозиттік шотына (бұдан әрі - депозит) ақша енгізу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен немесе шетел валютасымен жүргізіледі.

Кеден органында валюталық шот болмаған жағдайда, депозитті енгізу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.

Депозитпен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалмаған жағдайда, төленуге тиісті кедендік төлемдер және салықтар сомасы міндеттеменің орындалмағаны туралы хабардар етілгеннен кейін  он бес күн өткен соң депозиттен мемлекеттік бюджетке аударылады.

  Кеден органдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жасалған сақтандыру шарттарын кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қабылдайды. 


Депозитті қайтару депозитпен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалған жағдайда жүзеге асырылады. Депозитті нақты қайтаруды төлеушінің жазбаша өтініші бойынша кеден органы өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді.

Депозитті қайтару туралы өтініш міндеттеме орындалғаннан кейін, бірақ міндеттеме орындалған күннен кейінгі күннен бастап бес жылдан кешіктірмей кеден органына беріледі.

Депозитті шотына депозит сомасы енгізілген кеден органы не осы кеден органы таратылған жағдайда, оның құқық мирасқоры қайтарады.   Депозит төлеушінің банк шотына қайтарылады, ол төлем төленген валютамен жүргізіледі.

Төлеушіге депозитті қайтару  көзделген тәртіппен кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлды төлеу бойынша берешек  шегеріле отырып   жүзеге асырылады.

Депозитті қайтарған  кезде ол бойынша сыйақы төленбейді, сомасы индекстелмейді, банк қызметін көрсеткені үшін тарифтер аударылатын қаражат есебінен төленеді.

Төлеушінің өтініші бойынша кеден органдары депозитті  болашақ  кедендік төлемдер мен салықтар есебіне не кеден органдарының алдындағы басқа міндеттеме бойынша кедендік төлемдер мен салықтарды қамтамасыз ету үшін есептей алады.

Мүлік кепілі бойынша қайтару:

1) кепіл заты кепіл берушінің билігінде болған жағдайда – міндеттеме орындалған күннен бастап;

2) кепіл заты     кеден    органының   билігінде  болған жағдайда  міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Банк кепілдігі бойынша қайтару міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Сақтандыру жөніндегі міндеттемелерді тоқтату міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. 

Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке нақты төленген сомасы мен  төленуге тиіс сомасы арасындағы айырма кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген  сомасы  болып танылады.


Артық төленген кедендік төлемдер және салықтар төлеушінің өтініші бойынша қайтарылуға жатады. Өтініш оларды төлеген күннен бастап бес жылдан кешіктірмей, тауарларға кедендік ресімдеу жасаған немесе тауарларды сақтауды, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ілесіп алып жүруді, лицензия беруді, алдын ала шешім қабылдауды  іске асырған кеден органына беріледі.

Артық төленген кедендік төлемдердің және салықтардың сомасын қайтару туралы өтінішпен бір мезгілде:

1) соманың төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;

2) кедендік декларация ресімделген жағдайда берілетін, кеден органы ресімдеген, сол бойынша  кедендік төлемдер және салықтар есептелген және енгізілген кедендік декларацияның көшірмесі;

3) жүзеге асыру үшін кедендік төлемдер енгізіліп, тауарларды сақтау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ілесіп алып жүру, лицензия беру,  алдын ала шешім қабылдау кезінде кеден органдары ресімдеген, кедендік төлемдерді төлеу кедендік декларацияны ресімдемей жүргізілген жағдайларда берілетін басқа да құжаттардың көшірмелері берілуі тиіс.

Артық төленген  кедендік төлемдер мен салықтардың сомасын қайтару туралы өтінішті қарау мерзімі қайтару туралы өтініш берілген   күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Кеден органдары артық төленген   кедендік төлемдер және салықтар фактісін мойындаған жағдайда кµрсетілген сомаларды қайтару  мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленеді.

Кеден органы кедендік төлемдерді және салықтарды өндіріп алғаннан кейін артық төлеу фактісін тапқан кезде, мұндай фактіні тапқан күннен бастап бір айдан кешіктірмей салық төлеушіге артық  төленген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы туралы хабарлауға міндетті.

Белгіленген мерзім бұзылған кезде, қайтару мерзімі бұзылған әрбір күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың екі еселенген ресми ставкасы мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

Артық төленген кедендік төлемдерді және салықтарды қайтару төлеушінің артық төленген  сома мөлшерінде басқа кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешегі және олар бойынша өсімпұлы болмаған кезде жүзеге асырылады.


Артық төленген  кедендік төлемдерді және салықтарды қайтару тәртібін  тиісті мемлекеттік уәкілетті органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 

Кедендік баждарды және салықтарды қайтару:

1) кедендік декларацияны кері қайтарып алған;

2) неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимін немесе тарифтік преференцияларды қалпына келтірген;

3) кедендік режимдердің талаптары Қазақстан Республикасының  кедендік аумағының шегінен шетел тауарларын әкету кезінде немесе оларды жою не мемлекет пайдасына олардан бас тарту немесе Қазақстан Республикасының  кедендік аумағына қазақстандық тауарларды не оларды қайта өңдеу өнімдерін әкелу кезінде кедендік баждар және салықтардың төленген сомасын қайтаруды көздейтін;

4) егер тауарларды қайта таңдалған кедендік режимге (тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың немесе тауарлар экспортының кедендік режиміне)  орналастыру кезінде төленуге тиісті кедендік баждар және салықтар сомасы бастапқы кедендік режим кезінде төленген кедендік баждар және салықтар сомасынан кем болса, бұрын мәлімделген кедендік режимді еркін айналыс үшін тауарлар шығару немесе тауарлар экспортының кедендік режиміне өзгерткен жағдайларда  жүргізіледі.

 Белгіленген мерзімде кедендік төлемдерді және салықтарды төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда берешек пайда болады. Берешекті осы тарауда белгіленген тәртіппен кеден органдары төлеушілерден өндіріп алады.

Кеден органдары берешекті өндіріп алу үшін:      

1) берешек пен өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама жіберу

2) қайтаруға жататын артық төленген сома есебінен немесе депозит есебінен берешекті өндіріп алу;

3) берешекті өтеуді қамтамасыз етудің мынадай:

берешек сомасына өсімпұл есептеу;

төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығару тәсілдерін қолдану;


4) мынадай тәртіппен:

төлеушінің банк шоттарындағы ақшасы есебінен;

төлеушінің қолма-қол ақшасы есебінен;

төлеушінің дебиторлары есебінен;

төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану сияқты іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Жеке кәсіпкер мен заңды тұлғадан берешекті және өсімпұлды өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізіледі.  Жеке тұлғадан берешекті және өсімпұлды өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі. 

Берешек туындаған кезде төлеуші өсімпұл төлейді.

Өсімпұл кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мерзімдері өткен күннен кейінгі күннен бастап, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеудің кешіктірілген әрбір күні үшін төлеу күнін қоса алғанда,   Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2 еселенген ресми ставкасы мөлшерінде есептеледі.

Өсімпұл кедендік төлемдер мен салықтарды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершіліктің өзге де шараларын қолдануға қарамастан есептеледі және төленеді.

Өсімпұлды төлеу, өндіріп алу және қайтару кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге, өндіріп алуѓа және қайтаруға ќолданылатын осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Берешек пен өсімпұлды өтеу туралы хабарлама белгіленген мерзімде төленбеген кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар сомасы туралы, сондай-ақ кедендік төлемдердіњ, салықтар мен өсімпұлдардың төленбеген сомасын осы хабарламада белгіленген мерзімде өтеу міндеттемесі туралы төлеушіге жіберілген кеден органының жазбаша хабарын білдіреді.

Хабарламада оны ресімдеу үшін негіздеме, сондай-ақ төлеуші хабарламаны   орындамаған   жағдайда   қолданылатын іс-әрекеттер туралы мәліметтер болуы тиіс. 

Хабарлама төлеушіге оны әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартуға қарамастан жіберіледі.

Хабарлама берешектің туындау фактісі белгіленген күннен бастап бір айдан кешіктірмей төлеушіге жіберілуге тиіс.


Хабарлама төлеушіге өз қолын қойғызып немесе хабарламаны жіберу және  алу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылуы тиіс. 

Төлеуші хабарламаға шағымдануды көзделген тәріппен және мерзімде жүргізеді.

Хабарламадағы талаптарды орындау мерзімі, төлеушінің осындай хабарламаға шағымдану жағдайларын қоспағанда, төлеушіге хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен аспайды.

Шағымдану жағдайларын қоспағанда, осы баптың 6-тармағында көзделген мерзімде хабарламадағы талаптарды орындамаған кезде кеден органдары сәйкес іс-әрекеттер жасайды.

Хабарламаның нысанын  кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. 

Хабарламадағы талаптар орындалмаған кезде, кеден органы қайтаруға тиісті артық төленген сома есебінен не депозит есебінен берешек пен өсімпұлды өндіріп алуға құқылы.

Кеден органы осы бапқа сәйкес өндіріліп алынған берешек пен өсімпұлдар туралы өндіріп алу күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде төлеушіге жазбаша хабарлайды.

Артық төленген  сомаларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызу тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

 Артық төленген сома не депозит берешек пен өсімпұлды  өтеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органының өкімі шығарылады.

Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, берешек пен өсімпұлды  өтеу жөніндегі операциялардан басқа, төлеушінің барлық шығыс операцияларына қолданылады.

Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгілеген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшіне енеді.


Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым сөзсіз орындауға тиіс.

Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себебі жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай өкімді шығарған кеден органы жояды.

Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарылған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде берешекті және өсімпұлды өтемеген жағдайда, төлеушінің мүлкіне билік етуіне шектеу жүргізіледі.

Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешімді Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген нысан бойынша кеден органы шығарады.

Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім мүліктің баланстық және рыноктық құны бағаны айқындау тәсіліне қарай берешек пен өсімпұл сомасына сәйкес келетін меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікке қатысты шығарылады.

Қаржы лизингі мен кепілді қоса алғанда, төлеушінің жалға берілген мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім шығарылған кезде кеден органы осы мүлікке қатысты шешім шығарған кезден бастап оны жойғанға дейін жалға алушы мен кепіл ұстаушыға мұндай мүлікке меншік құқығын беруге тыйым салынады.

Осындай шешімнің негізінде кеден органы мүлікті иелену, пайдалану және билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы салық төлеушіге ескерте отырып, Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген нысанда билік ету шектелген мүліктің тізімдеме актісін жасайды.

Билік ету шектелген мүліктің тізімдемесі төлеушінің бухгалтерлік есебінің деректері немесе Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заң актілеріне сәйкес жүргізілетін тәуелсіз бағалау негізінде айќындалатын оның бағасы көрсетіле отырып жасалады және екі дана етіп жасалған актімен ресімделеді.


<< предыдущая страница   следующая страница >>