shkolakz.ru   1 2 3 ... 10 11

Оқытушы Нұрмағанбетов Н.

«Биология» кафедрасы № корпус, 2 - этаж, 11 кабинет

Телефон: - 6 – 27 – 85

Кафедрада болу уақыты: 8.30-18.20


Өткізу уақыты және орны




Аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Оқытушы Нұрмағанбетов Н.





Уақыты __________

Ауд ______________


Уақыты _______

Ауд _________

Тел:___________

Каб:___________

Корпус:________


3.Мақсаты мен міндеті:

Экология - µзініњ зерттейтін жеке обьектісі бар жєне жаратылыстану ѓылымдарыныњ басќа да салалармен тыѓыз байланысты ѓылым. Б±л баѓдарлама экологиялыќ білім беру ж‰йесін жетілдіру мен кењейту жєне екі баспалдаќты білі беру ‰лгісін мен жања да, сапалы мамандар дайындауѓа кµшуді т±жырымдайды.

Осы баѓдарламаныњ іс ж‰зінде ќолданылуы мемлекетіміздіњ єлеументтік- экономикалыќ дамуыныњ сонымен бірге биосфераны ќоѓай отырып, табиѓат ќорларын ‰немді пайдалану жєне адам денсаулыѓына ќолайлы тіршілік ортасын саќтауда негіз бола алады.

Жалпы экология курсыныњ маќсаты мен міндеті студенттерге организмдердіњ жіктелу динамикасы мен таралу ерекшеліктерін аныќтаудыњ негізгі зањдылыќтары жµнінде білім беретін жєне бірлестіктіњ ќ±рылымы мен µсу динамикасын, б‰кіл экосистема мен биосфераныњ ±йымдасуы тіршілік ету зањдылыќтарын т‰сіндіру.



4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері




р/н

Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін,осы пәнге сүйнетін пәндер)
Кафедра

Кафедра қабылдаған шешім

Хаттама

к‰ні

1.

Физиология

Экономика

Биология

Кафедра мењгерушісі



2.

Ботаника

О.Б.Ж.

Биология

Кафедра мењгерушісі



3

География

Экологиялыќ ќ±ќыќ

Биология

Кафедра мењгерушісі



4

Геология

Жаратылыстану.

Биология

Кафедра мењгерушісі



5

Зоология

Топырақтану.

Биология

Кафедра мењгерушісі




5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.



Семестр

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

қорытынды

Лекция

Прак сабақ

СӨЖ

ОБСӨЖ

Курстық жұмыс

1

4

45

15

-

15

15

-

Емтихан



6. Оқу сабақтарының құрылымы:

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет.

Семинар сабақтарында
- пәннің негізгі бөлімдерін үйренуді қорытындылайды. Семинар сабақтарда студент теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуі қажет.

СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы. Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру. Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

Студентке арналған ережелер (Rules):

1. Сабаққа кешікпеу керек.

2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.


4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі


7. Оқу сағаттарының тақырып бойынша бөліну кестесі.




Лекция тақырыбының аталуы


Лек


Прак


СӨЖ


ОБСӨЖ



Кіріспе. Экологияның қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы.

1




1

1

2.

Жалпы экология негіздері. Организм және орта.

1




1

1

3

Тірі организмдердің ұйымдастырушылық денгейлері.

1




1

1

4

Дарақ экологиясы - аутэкология

1




1

1

5

Популяциялық экология - демэкология.


1




1

1

6

Қауымдастық экологиясы – синэкология.

1




1

1

7

Экологиялық пирамидалар сандар, биомасса, энергия.

1




1

1

8

Экожүйенің тұтастығы және тұрақтылығы.

1




1

1

9

Биосфера және оның ресурстары. Биосфера туралы ілім.

1




1

1

10

Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану.

1




1

1

11

Су ресурстары және оны қорғау.

1




1

1

12

Атмосфералық ауа және оны қорғау жолдары.

1


1


1

13

Қазіргі кезеңнің әлемдік экологиялық мәселелері.

1




1

1

14

Қазіргі кезеңнің әлеуметтік – экологиялық мәселелері.

1




1

1

15

Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы.

1




1

1




Барлығы:

15




15

15



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


“Сырдария” университеті





“Химия және биология” факультеті


“Биология” кафедрасы


„Экология” пәні бойынша. „Факультет аралық” - мамандықтарының студенттері үшін.


Лекцияның қысқаша курсы


Жетісай 2007 ж


Лекция № 1.


Тақырып: Кіріспе. Экологияның қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы. Қазіргі экологияның міндеттері.


Жоспар:

1. Экологияға кіріспе. Қазіргі экологияның міндеттері.


  1. Экологияның негізгі даму кезеңдері.
  2. Қазіргі экологияның құрылымы, әдістері.



I. “Экология” терминін гылымға 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель енгізді. Грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны береді. Оның түсініктемесі бойынша “Экология”-деп біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді – жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен , әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді түсінеміз”.

Қазіргі кезеңде экология кең, әлі толық қалыптасып бітпеген іргелі және қолданбалы пәндер комплексіне айналып отыр. Оны Н.Ф. Реймерс (1992ж) “Үлкен экология” деп атады. (1-сурет).

Н.Ф. Реймерс: “Қазіргі жағдайда экология қазіргі заманғы кең мағынада алғанда биоэкологияның шеңберінен шықты. Ол қоғамдық маңызы мен ішкі мазмұны бойынша жер туралы физика-математикалық, химия-биологиялық және қоғамдық ғылымдар цикліне тең келетін білімдер цикліне айналады”-деп есептейді.

Н.А.Воронков: Қазіргі заманғы экологияны ағзалардың, соның ішінде адамның қоршаған ортамен өзара қатынасын, адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсерінің шекті дәрежесін, осы әсерлерді кеміту немесе оларды толық нейтралдау мүмкіндіктер және олардың ауқымын анықтай отырып, зерттеулермен айналысатын ғылым ретінде қарастыру қажет дейді.

Стратегиялық тұрғыдан алғанда экология адамзаттың өзінің тіршілігін сақтауы және экологияның дағдарыстан шығуы туралы ғылым.

Ф.Дре: “Экология болшақтың ғылымы, себебі адамның біздің планетамызда өмір сүруінің өзі оның прогресімен анықталуы мүмкін”-дейді. Олай болса, қазіргі заманғы экология тек жеке ғылым ретінде ғана қарастырылып қоймай , ол дүниге көзқарасқа, адамзаттың тіршілігін сақтауы туралы ғылымға айналып отыр.

Жалпы алғанда экологияның негізгі міндеті студенттерде қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын оптимизациялаудың негізі ретінде табиғи және техногенді процестерге жүйелік көзқарасты қалыптастыру болып табылады.


II
. Экологияның қазіргі даму концепциясының негізі кезеңдерінің сипаттамасы:

Білімнің барлық салалары сияқты экология да бірқалыпты емес, бірақ үздіксіз дамиды.

Жануар мен өсімдіктердің таралу сипаты, өмір салты, қоршаған ортамен байланысы туралы мәліметтердің жиналуы адамның табиғатты терең меңгеруінен басталды. Ертедегі философтардың еңбектерінде бұл мәліметтерді қорытындылау мен жүйеге келтіруге алғашқы қадамдар жасала бастады. Аристотель (384-322 ж.б. э.д.) жануарлардың 500-ден астам түрлерінің мінез құлқын сипаттап жазды. Аристотельдің шәкірті, ботаниканың әкесі Теофраст (б.э.д. 372-287 ж.) әр түрлі жағдайдағы өсімдіктердің ерекшеліктері, олардың пішіні мен өсуінің топырақ пен ауа – райына тәуелділігі туралы мәліметтер келтірді.

Орта ғасырларда қоғам өміріндегі діннің маңызының артуына байланысты табиғатты зерттеу әлсіреді.

Қайта өрлеу дәуірінде, географиялық жаңалықтар мен жаңа елдерді отарлауға, өзіне тән өсімдіктер мен жануарлар дүниесі бар жаңа жерлердің ашылуына байланысты сипатталған өсімдіктер мен жануарлардың саны артты. Мұның өзі олардың жүйелендіруге жаңа негіз болды.

XVIII ғасырда француз жаратылыс зерттеушісі Ж. Бюффон алғаш рет сыртқы орта жағдайларының жануарлардың құрылысына тікелей әсерін зерттей бастады. Ол бір түр басқа түрге температура, ауа – райы, тамақтың сапасына байланысты өзгере алады деді. Бірінші эволюциялық ілімнің аворы – Ж.Б. Ламарк “сыртқы жағдайлардың әсері ағзалардың бейімделуі, және өсімдіктер мен жануарлардың эволюциясының негізі себептерінің бірі” – деп есептеді.

Неміс жаратылыс зерттеушісі Э. Геккель өзінің “Ағзалардың жалпы морфологиясы” (1866) және “Әлемнің пайда болуының табиғи тарихы” (1868) еңбектерінде экологияны ағзалардың қоршаған ортамен, тіршілік ету жағдайларымен қатынасын зерттейтін жалпы ғылым ретінде түсіндіреді.

ХІХ ғасырдың ортасында орыс биологы К.Ф. Рулье жануарлардың өмірін зерттеуге, олардың қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін зоологияның жаңа бағытын тұжырымдады. Рулье ағзалардың эволюциясының мекен ету ортасының өзгерісіне байланыстығын дәлелдеді.


Экология жеке ғылым ретінде негізінен ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасты. ХХ ғасырдың ортасына дейін гидробиологтардың, фитоценологтардың, ботаниктердің, зоологтардың экологиялық мектептері қалыптасты. Олардың әрқайсысында экология ғылымының белгілі бір жақтары дами бастады.

1-кезең- жеке ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара байланыстарын биологиялық зерттеу.

2-кезең- трофтың байланыстарды, экологиялық пирамидаларды және т.б. зерттеу ( А. Гумбольдтың, Д.Дарвиннің, К.Ф.Рульенің жұмыстары).

3-кезең- ғылыми зерттеулердің негізі бірлігі ретінде экожүйелер мен биогеоценоздарды зерттеу.

4-кезең- биосфераны ғаламдық экожүйе ретінде қарастыру.

5-кезең- биосферадағы адамзат қоғамының ерекше ролін мойындау.

III. Экологияның әдістері. Қазіргі заманғы экологияның әдістемелік негізін жүйелік тұрғыдан қарастыру, ортаның жағдайын бақылау, эксперимент және модельдеу құрайды.

Жүйелік тұрғыдан қарастыру экологияның кез келген обьектісі, тірі табиғаттың барлық табиғаттың барлық элементтері өзара байланыста болғандықтан, жүйе немесе жүйенің бөлігі болып табылатындықтан көптеген экологиялық зерттеулерде қолданылады.

Экологиялық жағдайды дұрыс түсіну үшін берілген жердегі өзара әрекеттесетін факторлардың барлығын есепке алуды, ал бұл әр түрлі экологиялық әдістерді қолдануды талап етеді.

Ортаның жағдайын бағалау және есепке алу әдістері. Бұларға метеорологиялық бақылау, температураны өлшеу, судың химиялық құрамын, тұздылығын, мөлдірлігін, топырақ ортасының сипатын анықтау, радиациялық фонды өлшеу, ортаның химиялық және бактериалдық ластануын анықтау және т.б. жатады.

Экологияның бөлімдері : Ағзалар экологиясы (экология) ағзаның қоршаған ортада тіршілік етуінің шекараларын анықтап, ағзалардың орта факторларының әсеріне жауап беруін және олардың орта жағдайларына бейімдеушілігін зерттейді.

Популяциялық экология ( демэкология) міндеті популяциялардың құрылымы мен санының динамикасының жалпы заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Популяциялардың тіршілік етуінің жалпы экологиялық заңдылықтарын зерттейді.

Бірлестіктер экологиясы (синэкология) бірлестіктердің ұйымдасу заңдылықтарын құрылымын және қоректену тізбегіндегі заттардың биотикалық зат айналымны мен энергияның трансфармациясы ретінде көрінетін қызметін зерттейді.

Биосфера туралы ілім. Тірі ағзалардың және осы ағзалармен үздіксіз алмасуда болатын планета барлық затының және оның қызметінің жиынтығынан тұратын жердің қабықшасы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, Ғылым.1997ж.

2.Е.Мамбетказиев. Қ.Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Аматы Қайнар.1990ж.

3. Жамалбеков Е. Ү., Білдебаев Р. М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А. Қазақ университеті 2001 ж.

Қосымша:

4.А.Б.Бигалиев, Е.У.Джамалбеков. Қазақстан топырақ экологиясы. Алматы. 1998ж.

5.Г.К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж.

6.И.А.Шилов. Экология. Москва. Высшая школа. 2000ж.

7. А.А.Грелова. Экология. Москва. 1997ж.

8.В.И.Фурсов.Экологические проблемы окружающей среды. Алматы. 1991ж.

9.Ю.М.Одум. Экология в 2-х томах. Москва. Мир, 1986ж.

10.В.А.Радкевич. Экология. Минск. Высшая школа.1997ж.

1. А.В.Чигаркин. Геоэкология Казақстан. Алматы. Санат. 1995ж.

2.А.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева, Экология. Алматы. Ғылым. 2001ж.

3. А.К.Саданов, З.С.Сванбаева. Экология. Алматы.1999ж.

4. В.А.Алексеенко. Экологическая геохимия. Учебник. М. Логос. 2000ж.

5. Ф.И.Гиренок. Экология. Цивилизация. Ноосфера. М. 1987ж.

6.М.И.Будько. Глобальная экология. М. Мисль. 1997ж.


7.Л. А.Муравей. Экология и безопасность жизнедеятельности. М. ЮНИТИ, 2000ж.

8.Э.В. Гирусов. Экология и экономика природопользования. М. ЮНИТИ, 1998ж.

9. Г.С.Оспанова, Г.Т. Бозшатаева.Экология.Алматы .Экономика.2002ж.


Лекция № 2

Тақырыбы: Жалпы экология негіздері. Организм және орта.

Жоспар:


1. Биосфера түсінігі, шекаралары.


  1. Биосфера және комос.

  2. Ноосфера.


Жердегі бірде-бір тірі ағза еркін күйде болмайды. Барлық ағзалар оларды қоршаған материалдық-энергетикалық ортамен, ең алдымен қоректену мен тыныс алу арқылы, үздіксіз және тығыз байланысты болады.

“Биосфера” түсінігін ғылымға XIX ғасырдың басында француз жаратылыстанушысы Ж.Б.Ламарк (1744-1829) енгізді.



<< предыдущая страница   следующая страница >>