shkolakz.ru   1 2

ХАЛҚЫ

Аф­рикада халықтың ұдайы өсуі бүкіл дүние жүзінде ең жоғары қарқынға жеткенін біздер білеміз. Бұл едәуір дәрежеде көп балалы болуды қолдайтын ежелгі дәстүрлерге байланысты. Африкада "Ақшаң жоқ болса – ­кедейлігің. Ал балаларың жоқ болса – сорың" дейді. Оның үстіне, континенттегі елдердің көпшілігі белсенді демографиялық саясат жүргізбейді, соңдықтaн мұнда бала туу көрсеткіші ең жоғары дәрежеде болып отыр. Кенияда, Бенинде, Угандада, Нигерияда, Нигерде, Танзавияда ба­ла туу 1 мың тұрғынға 50 нәрестеден асады, яғни ол Еуропадағыдан төрт-бес есе жоғары.

Африка әлі де халықтың өлімі ең жоғары аймақ болып отырғанымен, оның халқы өте тез өсуде және болжам бойынша 2000 ж. қарай ол 900 млн. адамға жетпек. Бұл балалар үлесінің өте жоғары болатынын, жұмысқа орна­ласу; білім беру, дeнcayлық сақтау проблемаларының одан әрі шиеленісетінін көрсетеді. Буған қоса, Африкадағы халықтың "сапасы" да ең төменгі дәрежеде, өйткені ересектердің жартысынан астамы сауатсыз, СПИД – пен ауыратындар да көбейіп барады.

Аса ала-қулалығымен көзге түсетін Африка халқының этникалық құрамына байланысты бірқатар проблемалар бар. Этнограф – ­ғалымдар континенттен 300-500 этносты бөліп көрсетеді. Олардың кейбіреулері, әсіресе Солтүстік Африкада қазірдің өзінде ірі ұлттарға айналған, бірақ көпшілігі әлі де ұлыстар деңгейінде қалған; рулық-тайпалық құрылыстың қалдықтары сақталуда.

Африканың азаттық алған елдері бір кезде этникалық ерекшеліктерді ес­керместен жүргізілген отарлық шекараны мұра етіп алған. Оcының нәтижесінде көптеген біртұтас халықтар шекараның түрлі жағыңда қалып қойған. Мұның өзі осы уақытқа дейін этникааралық жанжалдар мен жер дауын туғызып отыр, бұл кейде әскери қақтығыстарға (Африка Мүйісі) , "этни­калық босқындар" санының артуына ұласуда. Әлі күнге дейін Африка елдерінің көпшілігінің мемлекеттік (ресми) тілі бурынғы метрополиялардың тілі - ағылшын, француз, португал тілдері болуы да өткеннің мұрасы екені айқын.

Африкада халықтың орташа орналасу тығыздығы (1 км-ге 22 адам) шетелдік Еуропа мен Азиядағыға қарағанда бірнеше есе кем. Азиядағы секілді, Африкада да халық өте әркелкі орналасқан. Сахарада адам мүлде қоныстанбаған дүние жүзіндегі ең үлкен территория бар. Ылғалды тропик ор­мандары зонасында да халық сирек орналасқан. Алайда халықтың айтар­лықтай шоғырланған жерлері де бар, бұл әсіресе жағалауға қатысты. Кейбір елдерде халықтың орналасуы тіпті өзгеше болып келеді. Египет осы айтылғанға жарқын мысал болады. Іс жүзінде оның бүкіл халқы дерлік (55 млн. адам) Нілдің атырауы мен аңғарларында тұра­ды, ал бұл территория оның жалпы жер көлемінің не бары 4 %-ін құрайды. Бұл осында 1 км-ге 1300-1400 адамнан келетінін, ал шөлде - 1 адамға да жетпейтінін көpcедi.

Урбандалу деңгейі жөнінен Африка басқа аймақтан әлі де көп артта қалып отыр. Мұның қала халқының үлесіне де, үлкен қалалар мен "миллио­нер" қалалардың санына да (олардың барлығы 20) қатысы бар. Африкада қала агломерациялары жаңадан қалыптаса бастады. Алайда мұндағы урбанда­лу қарқыны дүние жүзінде ең жoғары дәрежеде; кейбір қалалардың халқы әрбір 10 жыл сайын екі есе өсуде. Бірақ қалалық жарылыстың мұндай көрінісінің бірқатар теріс зардаптары да бар. Өйткені негізінен астаналық қалалар мен "экономикалық астаналар" өседі, оның өзінде күнкөріс қаржысы жоқ қыстақ тұрғыңдары шеткі лас аудандар қатарына ұдайы келіп қосылуынан өсіп отыр.

ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Тәуелсіздікті жеңіп алғаннан кейін Африка елдері ғасырлық мешеулікті жоюға күш-жігер жұмсай бастады. Табиғат байлығын мемлекет меншігіне айналдырудың, аграрлық ре­форманы жүзеге асырудың, экономикалық жоспарлаудың, ұлт кадрларын дай­ындаудың ерекше зор маңызы болды. Осының нәтижесінде даму қарқыны жеделдеді. Шаруашылықтың салалық және территориялық құрылымы қайта құрыла бастады.

Бұл жолда тау – кен өнеркәсібінде зор табыстарға қол жетті. Қазір пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін өңдіру жөнінен Африка ше­телдік дүниеде маңызды, кейде ерекше орын алады. Өндірілетін отын мен шикізаттың негізгі бөлігі дүниежүзілік рынокқа шығарылатындықтан, нақ өндіруші өнеркәсіп ең алдымен Африканың ха­лықаралық географиялық еңбек 6өлінісіндегі орнын айқындайды.


Африканың дүниежүзілік шаруашылықтағы opнын айқындайтын экономика­ның екінші саласы – тропиктік және субтропиктік егінші­лік. Оның да айқын байқалатын экспорттық бағыты бар.

Бірақ, тұтас алғанда, Африка өзінің дамуында өте артта қалып ке­леді. Ол индустрияландыру деңгейі, аyылшaруашылық дақылдарының түсімі жөнінен дүние жүзі аймақтарының ішiнде coңғы орын алады.

Елдердің көпшілігінде әлі күнге дейін шаруашылықтың салалық құрылы­мының отарлық түрі сақталуда. Оның айырым белгілері: 1) аз тауарлы, өнімділігі төмен ауыл шаруашылығының басым болуы, 2) өңдеyші өнеркәсіптің нашар дамуы, 3) көліктің өте артта қалуы, 4) өңдірістік емес саланың негізінен саудамен және қызмет көрсетумен шектелуі.

Шаруашылықтың территориялық құрылымына өткен отарлық дәуірден сақталған жалпы артта қалушылық пен өте сәйкессіздік тән. Аймақтың эко­номикалық картасынан өнеркәсіп (негізінен астаналық аудандар) пен жоғары тауарлы ауыл шаруашылығының жекелеген ошақтары ғана көзге түседі.

80-жылдары Африканың әлеуметтік-экономикалық жағдайы ерекше на­шарлап, терең дағдарысқа ұласты. Даму қарқыны баяулады. Азық-түлік өндіру (жылдық өсімі 2 % шамасында) мен халықтың тұтынуы (3 % -ке өскен) арасындағы алшақтық артты; осының нәтижесінде астық импорты өсті. Оның үстіне, Африканы бұрын болып көрмеген құрғақшылық жайлады, ол конти­нент елдерінің жартысынан астамын қамтып, тікелей 200 млн. адамды шар­пыды. Африка сондай-ақ Батыс елдеріне борышқорлық қыспағында қалды. Сондықтан оны барған сайын "апат континенті" деп атай бастады.

Африканың көптеген елдері экономикасының біржақты аграрлық–шикізаттық дамуы олардың көпшілігінің әлеуметтік-экономикалық артта қалушылығының басты себептерінің бірі болды. Көптеген елдерде бұл біржақтылық бір дақыл (монокультура) деңгейіне жетті. Бір дaқыл өндіруге (бір тауарға) мамандану дегеніміз - бұл елдегі шаруашылықтың бір, әдетте, негізінен экспортқа арналған шикізаттық немесе азық-түлік тау­арын өндіруге бір жақты мамандануы.


Бір дақыл дегеніміз - бұл табиғи ғана емес, сонымен бірге тарихи, әлеуметтік құбылыс. Ол Африка елдеріне отарлау кезеңінде-ақ таңылған бо­латын. Қазір де осындай бір жақты халықаралық маманданудың нәтижесінде ондаған елдердің бүкіл тіршілігі олар экспорттайтын бір-екі тауарға дуние–жүзілік сұранымға тәуелді болып қалуда. Бір дақылды елдер көп салалы эко­номика құруға тырысуда, бірақ әзірше бұл жолда аздаған елдер ғана табысқа жетті.

Оңтүстік Африкада тұңғыш алмасты 1869 ж. бақташы бала тапқан. Бір жылдан кейін осында Кимберли қаласының негізі қаланады да, кейін құpaмындa ал­мас кездесетін байырғы жыныс ким­берлит деп атала бастады. Кимберлиттегі алмастың мөлшері өте аз - 0,0000073%-тен аспайды, бұл әрбір 3 т кимберлитте 0,2 г немесе 1 карат. алмас бар деген сөз. Қазір алмас өңдірушілер қазған тереңдігі 400 м алып қазан­шұңқыр Кимберлидегі көрікті орыңдардың бірі.

Амазонкаға қарағанда Конго өзені суды мұхитқа бес есе кем жеткізгенімен, оның су энергетика­лық қуаты едәуір жоғары. Бұл оның 32 сарқырама мен тік құздар кездесетін төменгі aғыcының 300 километрлік кесіндісінде өзеннің құламасы 275 м болатынына байла­нысты. Мұнда қуаты 80-90 млн. кВт су электр станциясын тұрғызуға болады, бұл шамамен АҚШ су электр станцияларының бүкіл қуатына тең келеді. Осы жер­де орасан зор бөгет пен Инга СЭС-ін салу жобасы бар.


ЖAНУАРЛАР ДҮНИЕСІ

Материктің солтүстік бөлігі Сахарамен бірге Голарктика зоо­географиялық облысының Жерорта теңіздік кіші облысына, қалған бөлігі фаунасының ерекше байлығымен ерекшеленетін Эфиоп облысына кіреді. Дегенмен материкте айқын зоогеографиялық шекаралар білінбейді және Африканың жеке аудандарының фауналарындағы айырмашылығы негізінен қәзіргі ла ндшафтық айырмашылықтарға байланысты болады. Материктің солтүстік бөлігі­нің фаунасы көп жағдайда Оңтүстік Европа мен Батыс Азияның фаунасына жақын келеді. Атластың қуаң аудандары мен Сахараны суды көп қажет етпейтін немесе суды жәнетамақты ұланғайыр алыс жерлерден іздеп табатын жануарлар мекендейді. Бұлар-әр түрлі бөкендер: бубал, мендес және басқалар. Сондай-ақ солтүстік Африка бұғысы, мapaл, ал жыртқыштардан – жолақ қорқау, шие бөрі, шөл түлкісі фенек, жабайы мысық­тар мекендейді. Саваннадан шөлге арыстандар келеді. Атлас тауларында маимылдың Оңтүстік Испанияда да мекен­дейтін сол кішкентай түрі (құйрықсыз мaнaн) тіршілік етеді. Кемірушілер көп (қоян­дар, қосаяқтар), жабайы кро­ликтер, жайранның бip түрі кездеседі. Бауырымен жорғалаушылар, әсіресе кесірткелер: шөл ешкіемері, геккондар, ті­кен қүйрық қаптап жүреді. Бұл өңірге жыландардан құм әбжыланы, сұр жыланның түр­лері, Африка кобрасы тән.


Өзен жағасындағы қаулар мен өзендерде крокодил, тасбақа, улы ніл жыланы мекендейді.

Cолтүстік Африканың шөлі мен шөлейтін африка түйеқұсы, дуадақ, бозторғай, ал Атлас тауларын - тау құры, қара күшіген, қарақұс, акбас сип, қозықұмай (бұл кұстар оңтүстік Епропада да кең тараған) мекендейді. Өзендері мен көлдерінде қоқи қаз, бірқазан, ләйлек, құтан тіршілік етеді. Cолтүстік Африканың сипатты кұсы - ақсары сандуғаш , ол ормандар мен бақтарға, сондай-ақ тауларда айтарлықтай биікте ұялайды.

Жepгiліктi халыққа көкқасқa шегіртке көп зиян келтіреді, олардың жиі-жиі қаптап кетуінен Солтүстік Африка елдерінің ауыл шаруашылығы зиян шегеді. Қоңыздар, көбінесе ашық түсті көбелсктер көп. Адамдарға бүйі, шаян үлкен қауіп туғызады.

Эфиоп облысының фаунасы материк алабында барынша біркелкілігімен ерекшеленеді, тек мекендеген жер жағдайына қарай кeйбiр өзгешектері болады, ол кіші oблыстардың

бөлінуінен айқын аңғарылады. Мадагаскар фаунасының өзіндік ерекшелігі бірден көзге түседі.

Жемшөп қоры орасан мол, саванналарда көптеген шөп қоректі жануарлар, әсіресе бөкендер көп, олардың 40-тан астам түрі бар. Қазірге дейін кебір жерлерде ең ірі бөкендер - гнулардың та­бындары кездеседі. Олар күлте жалды, сабау құйрықты келеді және мүйіздері төмен карай иіліп тұрады, сондай-ақ әдемі иір мүйізді куду бөкендері , канндар және басқалар көп тараған. Тұрқы жарты метрден аз-ақ асатын ергежейлі бөкендер де бар.

Африка саванналары мен шөлейттерінің көркі және құрып бі­туге aйнaлғaн жануары – жираф.Олардың ұзын мойын ағаштардың жапырақтары мен өскіндерін емін-еркін жұлып жеуіне мүмкіндік береді, ал жылдам жүгіруге бейімділігі - қуғыншылардан құтылудың бір­ден-бір ғана айласы.

Көптеген аудандарда, әсіресе экватордан шығыста және оңтүс­тікте саванналар мен далаларда африканың жабайы жылқысы – зебр т.б. тараған. Оны әр түрлі бұйымдар жасауға пайдаланатын мықты, әрі сұлу терісі үшін аулайды. Кейбір жерлерде қoлғa үйретілген зебр жылқы орнына күш көлік ретінде жүреді, өйткені оларға цеце шы6ыны ешқандай зиян келтіре алмайды.


Кей жерлерде африка пілдері сақталган. шынтуайтқа келгенде бұл жануарларды бағалы азуы үшін ғана жойып жіберген, ал көптеген aудaндаpда олар мүлде құрып кет­кен. Казіргі кезде бүкіл Африка жерінде пілдерді аулауға тыйым салынған, бірақ бұл тыйымды көбінесе шетелдік туристер – ­аңшылық экзотикасын жақсы көретіндер жиі бұзады. Қазір піл­дер адам аз тұратын таулы облыстарды мекендейді, әсіресе Эфиоп тау қыратында көптеп кездеседі. Пілдер бұдан басқа, Шығыс және Оңтүстік Африка қорықтарының тирриторияларында тірші­лік етеді.

Кұрып бітуге айналған жануарлардың қатарына бір кездері материктің шығыс және оңтүстік бөліктерін мекендеген мүйіз­тұмсықтар жатады. Африка мүйізтұмсығы қос мүйізді болады және ол екі түрге - ақ пен қараға бөлінеді. Ақ мүйізтұмсық қазіргі осы тектестердің ішіндегі ең ірісі, ұзындығы 4 м дейін жетеді. Бұл күнде олар тек қорықтарда ғана сақталған.

Африканың әр түрлі бөліктеріндегі өзендep мен көлдердің жағаларын мекендейтін бегемоттар барынша кең тараған . Осы жануарларды, сондай-ақ жабайы шошқаларды еті мен терісі үшін аулайды.

Шөп қоректі жануарлар көптеген жыртқыштарға жем болып табылады. Африканың саванналары мен шөлейттерінде арыстан­дар мекендейді. Олар екі түрге - берберлік және сенегалдық болып бөлінеді. Берберлік арыстандар экватордан сол­түстікке қapайғы аймақта, ал сeнегалдық, apыстандаp материктің оңтүстік бөлігін мекендейді. Мұның алғашқысы түгелдей дерлік құрып бiткен. Арыстандар ашық жерлерді қалайды да ормандарға кіриейді десе де болады. Мұнда қорқау қасқыр, шие бөрі, қа­былан, гепард, қарақал, сервал кең тараған. Виверра тұқымдары­ның бірнеше өкілдері кездеседі.

Tаулы және жазық өңірлерде павиан тобына жататын май­мылдар көп. Олар нағыз павиандар, геладтар, мандриллалар. Жіңішке денелі маймылдардан гверецылар бар. Олардың көптеген түрлері қоңыр салқын тау климатына бейімделген, ал ойпаттардың жоға­ры темпеpaтypаcын көтере алмайды.

Кемірушілердің, тышқандар мен тиындардың бірнеше түрін атауға болады.


Cаванналарда құстар көп: Африка түйеқұсы, цесарка, турач, мaрaбy, ткач, өте қызық құс - секретарь, ол жыланмен қоректенеді. Су алқаптары маңында қызғыш, көкқұтан, бірқазан ұя салады.

Мұнда бауырымен жорғалаушылар солтүстік шөлдеріндегіден аз емес; олаp көбінесе

сол ттыстар мен түрлерден тұрады. Әр түрлі кесірткелер, жыландар, құрлық тасбақалары көп. Бұл өңip­ге хамелеонның бірнеше түрі тән. Өзендерінде крокодил жүреді.

Насекомдардың фаунасы бай және сан алуан. Олардың ішінде әсіресе ландшафта теpмиттep үлкен роль атқарады; олардың өзіндік өзгешеліктері бар биік жер үйлеpi савннада жиі кездесе­ді. Қиыр солтүстіктегідей мұнда да көк қасқа шегірткелер көп зиян кетіреді. Цеце шыбыны қауіптi, ол адамда ұйқы ауруын және малда нагана ауруын қоздыратын трипаносом паразиттерін таратады. Сондықтан да Африканың кейбір облыстарында (негі­зінен батысында) ірі қара мен жылқы өсіру мүмкіншілігі жоқ.

Ылғалды тропиктік ормандардың Африканың ашық кеңістік­теріндегідей бай болмағанымен өзінше ерекше фауналары бар. Ормандарда қоректілер анағұрлым аз, демек онда жыртқыш­тар да көп емес. Opман тұяқтыларының ішінен мұнда жираф туыстас окапи мекендейді. Бұл жануар өте қорқақ әpi сақ, ол ормандардың қалың нуларында тығылып күн көреді. Сндай-ақ орман бөкені, қабан, буйвол, бегемот бар. Жыртқыштардан жабайы мысық, қабылан, шие бөрі , және виверралар кездеседі.

Кемірушілерден шашау құйрық жайра мен тікен құйрық ұшар кең тараған.

Oрмандардағы маймылдар сан аалуан, әpi олардың көбі ағашта жүріп күнелтеді. Мартышка, павиан, мандриллалар көп-ақ. 10с.е. пен 10о.е. арасындағы Африка қазіргі кездегі адам тәрізді маймылдардың екі туысының - шимпанзе мен горилалардың мекені болып табылады. Олардың әркайсысының екі-үш түрі кездеседі.

Батыс рифті зонасының тауларында сирек кездесетін және аз зсрттелген тау горилалары тұрады.

Материктің ормандары фаунасының құрамында сондай-ақ лемурдың екі түрі бар.


Ормандардың орнитофауналарының сипатты өкілдері - тоты­ның бірнеше түрі, банан жегіштер, әдемi қауырсынды және ашық түсті орман сасық көкектері, құртқандай нектарналар, африка тотысы тағы басқалар.

Кесірткелер мен жыландар көп, өзендерде талпақтұмсық, крокодилдер мекендейді. Қос мекенділердің ішінде әсipecе бaқaлардың түрі сан алyaн.

Оңтүстік Африканың шөл және шөлейт кеңістіктері оның ішін­де Солтүстік Африка шөлдері де фауна жағына келгенде, материк­тiң басқа бөліктеріне қарағанда анағұрлым кедей. Тұяқтылардан онда кафр буйволы , зебраның бір түрі (квагта), бөкеннің кейбір түрлері мекендейді. Жыртқыштардан ол жерге кама түлкісі, дала бөрісі, вивераның бірнеше түрлеpi тән. Арыс­тандар түгелімен құрып біткен десе де болады. Кеміргіштер мен насеком қоректілер, кейбір эндемик түрлері, соңғылардың ішінде әсіресе сарғыш көртышқан қызықты.

Мадагаскар фаунасында эндемик формалары көп, Африкада жы­ландар сиақты жануарлар тобы мүлде жоқ өзінше бір ерекше дү­ние. Мадагаскарға лемурлар тән, оның мұнда көптеген туыстары мен түрлері кездеседі және oлap бүкіл аралға кең тараған, өйткені жергілікті халық оларға тимейді, ал кeйбipeулepiн қолғa үйре­теді. Жыртқыштардан тек вивера бар. Насеком қоректілер, олар­дың ішінде эндемик тенректер көп.





<< предыдущая страница