shkolakz.ru   1 2 3


6. Механик


16. Лауазымдық мiндеттерi:

барлық жабдықтау жұмыстарының апатсыз және сенімді түрлерін қамтамасыз етеді, оларды дұрыс пайдалануды, уақытында сапалы жөндеудi және техникалық жөндеудi камтамасыз ету, оны модернизациялау және жабдыктарды жөндеуде қызмет көрсетудің үнемділігін арттыру жұмыстарын жүргізеді, механикалық жабдықтардағы, ғимараттар мен цех ғимараттарының қорғаныс қондырғыларының жөнделуiне және жағдайына техникалық байқауды жүзеге асырады, қарау, тексеру және жөндеу жабдықтарының күнтiзбелiк жоспарын (кестесш), күрделi жөндеулерді орталықтандырып орындаyға, жоспарлы -алдын алу және ағымдағы жөндеу үшiн қажет материалдарды, қосалқы бөлшектердi, құрал-жабдықтарды және тағы басқа aлyға арналған өтiнiштердi, жабдыктарға арналған паспорттарды, қосалқы бөлшектердің айрықшалауын және басқа да техникалық құжаттарды құрастыру, жаңа жабдыктарды қабылдауға және орналастырyға, жұмыс орындарын аттестациялау және ұтымды пайдалану жөнiнде жұмыстар жүргiзуге, тиiмдiлiгi аз жабдықтарды модернизациялаyға және өнiмдiлiгi жоғарымен ауыстырyға, ауыр қол және көп еңбек сiңiрудi қажет ететін жұмыстарға механикаландыру құралдарын енгізуге қатысады, жабдықтардың барлық түрлерiне, сонымен қатар амортизациялық мерзімді өтеген және моральді ескіргендерді есепке алуды, оларды есептен шығарyға арналған құжаттарды дайындауды уйымдастырады, жабдыктардың, жекелеген бөлшектер мен түйiндердiң жұмыс жағдайын, уақытынан бұрын қолданыстан шығып қалу себептерiн анықтау мақсатында зерттейдi, жабдықтардың техникалық жағдайына байланысты жұмыстың тоқтап қалуының себептерi мен узақтығын талдауды жузеге асырады, механизмдердiң түйiндерi мен бөлшектерiн жөндеудiң прогрессивтiк тәсiлдерi мен қалпына келтiрудi, сонымен қатар жабдыктардың кызмет мерзiмiн арттыру, оның тоқтап қалуын қысқарту және ауысымдарды көбейту, апат пен өндiрiстiк жарақаттанудың алдын алу, еңбекті көп қажетсіну мен жөндеудiң құндылығын азайту, оның сапасын жақсарту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және енгiзедi, майлау-эммульсия шаруашылығының техникалық баскаруын жүзеге асырады, майлау және ыспа материалдары шығысының прогрессивтiк нормаларын енгiзедi, өнделген майлардың регенерация сын ұйымдастырады, цех жабдықтарын техникалық нактылыққа тексеруге, жабдықтарды тиiмдi пайдалануға ықпал ететін жұмыстардың оңтайлы кестесін белгiлеуге, техникалық пайдалану жөнiнде нұскаулық әзiрлеуге, жабдықтарды майлау мен күтуге, жөндеу жұмыстарын каууіпсіз жүргізу жұмыстарына қатысады, жабдықтарды жөндеу мен модернизациялаyға қатысты оңтайлы ұсыныстар мен өнертабыстарды карастырады, олар жөнiнде қорытынды жазады, қабылданған ұсыныстардың енгiзiлyiн қамтамасыз етедi, жабдықтарды жөндеу және жаңғырту жөнiндегi жұмыстардың орындалу есебiн ұйымдастырады, сапасын, сонымен қатар осы мақсатқа арналған материалдық ресурстардың дұрыс жұмсалуын бакылайды, жөндеу жұмыстары кезiнде экологиялық кауіпсіздік талаптарын, еңбекті қорғау нормалары мен ережелерiн сақтауды қамтамасыз етедi, жабдықгарды жөндеудi және олардың жұмысқа жарамды жағдайда болуын жүзеге асыратын ұйым бөлiмшелерiнiң кызметкерлерне басшылык жасайды.


17. Бiлyi тиiс:

Қазақстан Республикасының заңнамалык және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, жабдықтарды ғимараттар мен құрылыстарды жөндеудi ұйымдастыру жөнiндегi әдicтемелiк және басқа да материалдарды, ұйымдарда жөндеу кызметін ұйымдастыру, техникалық жабдықтарды жоспарлы -алдын ала жөндеу және рационалды пайдалану жүйесiн, ұйымның техникалык даму переспективасын, ұйым жабдыктарының техникалык сипаттарын, сыңдарлы ерекшелiктерiн, тағайындалуын, жұмыс тәртiбi мен пайдалану ережелерiн, жөндеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен технологиясын, жабдықтарды монтаждау, реттеу және жөндеу әдicтерiн, ұйымдар өнiмдерi өндірісі технологиясының негiздерiн, жабдыктардың паспорттарын, пайдалану жөнiнде нұсқаулықтар, ақаулар тiзiмдемесiн, айрықшылықтар және баска да техникалық құжаттарды құрастыру тәртiбiн, жабдықтарды жөндеуге тапсыру және жөндеуден кейiн қабылдап алу ережелерiн, майлау-эмульсиялау шаруашылығын ұйымдастыруды, жабдықтарды пайдалану, жөндеу және модернизациялау кезiнде еңбекті оңтайлы ұйымдастыру талаптарын, ұйымдағы жөндеу қызметінің алғашқы отандық және шетелдiк тәжiрибесiн, экономиканың, өндiрiс, еңбек және басқаруды ұйымдастыру негiздерiн, еңбек туралы заңнаманын негiздерiн, еңбекті қорғау нормалары мен ережесiн.

18. Бiлiктiлiк талаптары:

1) Бiлiктiлiгi жоғары денгейдегі маман:

жоғары санаттағы: кәсiптiк (техникалық) жоғары бiлiм мен бiрiншi санаттағы механик мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл немесе мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс стажы.

бiрiншi санаттағы: жоғары кәсiптiк (техникалық) бiлiм мен екiншi санаттағы механик мамандығы бойынша кемiнде 2 жыл немесе мамандығы бойынша кемінде 4 жыл жұмыс стажы.

екiншi санаттағы: кәсiптiк (техникалық) жоғары бiлiм мен механик мамандығы бойынша кемiнде 1 жыл немесе мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс стажы.

санаты жок: кәсiптiк (техникалық) жоғары бiлiм және жұмыс стажы талап етілмейді.

2) Бiлiктiлiгi орта денгейдегі маман:


жоғары санаттағы: кәсiптiк (техникалық) орта бiлiм мен бiрiншi санаттағы механик мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл немесе мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс стажы;

бiрiншi санаттагы: кәсiптiк (техникалық) орта бiлiм мен екiншi санаттағы механик мамандығы бойынша кемiнде 2 жыл немесе мамандығы бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс стажы;

екiншi санаттағы: кәсiптiк (техникалық) орта бiлiм мен механик мамандығында кемiнде 1 жыл немесе мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс стажы;

санаты жок: кәсiптiк (техникалық) орта бiлiм және жұмыс стажы талап етілмейді.


7. Аудармашы


19. Лауазымдык мiндеттерi.

ғылыми, техникалык ғомдықдық -саяси, экономикалык және баска арнайы әдебиетті, патенттік сипаттамаларды, нормативтік -техникалық және тауар ілеспелі, құжаттарды, шетел ұйымдарымен хат жазысу материалдарын, сонымен қатар конференция, кеңес, семинар және тағы басқа материалдарын аударады;ауызша және жазбаша, толық және қыскартылған аудармаларды белгіленген мерзiмде орындайды, осыган орай аударманын тұпнұсқаға лексикалық стилистикалық және мағыналық сәйкестігін қамтамасыз етедi, пайдаланылатын ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қатысты белгіленген талаптарды сақтайды, аудармаларды редакциялауды жузеге асырады, шетел әдебиетінің және ғылыми -техникалық құжаттардың аннотациялары мен рефераттарын даярлайды, шетелдiк материалдар бойынша тақырыптық шолулар жасауға қатысады, терминдерді бірыңғайлау, экономикалық қызметтің, ғылыми және техниканың тиiстi түрлерi бойынша аударма тақырыптамалары жөніндегі ұғымдар мен анықтамаларды жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізеді.

20. Бiлyi тиiс:

шетел тiлiн; ғылыми-техникалық аударманың әдiсiн, қолданылып жүрген аударманың ұйлесiмдiк жүйесiн, ұйым қызметінің ерекшелiгiн, қазақ (орыс) жене шетел тiлдерiндегi аудармалар тақырыптамалары бойынша терминологияны, сөздiктердi, терминологиялық стандарттарды, жинақтар мен анықтамаларды, ғылыми және әдеби редакциялаудың негiздерiн; қазақ (орыс) жене шетел тідерінің грамматикасы мен стилистикасын, экономиканын, енбек пен басқаруды ұйымдастътрудың және нормалаудың негiздерiн, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заннамасын, iшкi еңбек тертiбiнiң ережесiн, еңбекті қорғау нормалары мен ережесiн.


21. Біліктілік талаптары:

1) Бiлiктiлiгi жоғары денгейдегі маман:

жоғары санаттағы: кәсіптiк жоғары бiлiм мен бiрiншi санаттағы аудармашы мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл немесе мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс стажы.

бiрiншi санаттағы: кәсiптiк жоғары бiлiм және екiншi санаттағы аудармашы мамандығы бойынша кемiнде 2 жыл немесе мамандығы бойынша 4 жылдан кем емес жұмыс стажы.

екiншi санаттағы: кәсiптiк жоғары бiлiм және аудармашы мамандығы бойынша кемiнде 1 жыл немесе мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс стажы.

санаты жоқ,: кәсiптiк жоғары бiлiм және жұмыс стажы талап етілмейді.

2) Бiлiктiлiгi орта денгейдегі маман:

жоғары санаттағы: кәсiптiк орта бiлiм мен бiрiншi санаттағы аудармашы мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл немесе мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс стажы.

бiрiншi санаттағы: кесiптiк орта бiлiм мен екiншi санаттағы аудармашы мамандығында кемiнде 2 жыл немесе мамандығы бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс стажы.

екiншi санаттағы: кәсiптiк орта бiлiм мен аудармашы қызметінде 1 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс стажы.

санаты жоқ: кәсіптік орта бiлiм және жұмыс стажы талап етілмейді.


8. Психолог
(педагог-психологтан басқа)


22. Лауазымдык мiндеттерi:

ұйым қызметкерлерінің еңбек қызметіне өндірістің психологиялық, экономикалық және ұйымдық факторларының әсерін, олардың еңбек жағдайын жақсарту және жұмыс тиімділігін арттыру жөнінде іс- шаралар әзірлеу мақсатында зерттсйш, әлеуметтiк дамудың жоспарларымен бағдарламаларының жобаларын құру, жұмыс icтеп жүргендерге әсер ететін психологиялық факторларды анықтау жөнiндегi жұмыстарды орындайды, физиологпен бiрлесе отырып, қызметкерлердің жеке касиеттерін, әртүрлі кәсіп пен мамандықтағы қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек қызметінің ерекшелiгiмен, сонымен қатар оларды кәсіби іріктеумен, еңбектің психологиялық жағдайларымен, мүдделерi мен бейiмдiлiгiмен, еңбекпен қанағаттануымен байланысты зерттеулер жургiзедi, жұмыс iстеп жүргендердiң психикасына еңбек жагдайының әсерін анықтау жөнiндегi тәжірибелерге қатысады, еңбек процестерi мен қызметкердің жұмыс уақытындағы психологиялық жағдайын талдайды, социологпен және басқа да мамандармен бiрлесе отырып әлеуметтік даму мәселелерін белгiлеуге қатысады, шешiмдi талап ететін өзектi мәселелер мен проблемаларды (кадрлардың тұрақсыздығы, еңбек тәртiбiн бұзу, тиiмдiлiгi аз еңбек) iрiктеудi жүзеге асырады, олардың себептерiн жою жолдарын анықтайды, өндiрiстiк ортаның жұмыс iстеп жүрген адамға жүйке-психикалық әсерімен анықталатын жұмысшылардың кәсiптерi мен қызметкерлердің лауазымдарының профессиограммаларын және шагын психологиялык сипаттамаларын езiрлейдi, адамнын жеке еңбек мумкiндiктерiн, оның кәсіптік қаситеттерін дамыту болашағын ескере отырып, тиiмдi пайдалану жағдайларына қатысты ұсынымдар бередi, жас жұмысшылар мен мамандарды өндiрiстiк және кәсіптік бейiмдеу жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға қатысады, практикаға психологиялық зерттеулердін қорытындыларын енгізу жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды, сонымен қатар тиiмдi еңбек процестерiн ұйымдастыруға, еңбек пен демалыстың оңтайлы тертiбiн белгiлеуге, моральдiқ - психологиялық климатты, еңбек жағдайларын жақсартуға және адамның еңбекке кабiлеттiлiгiн жоғарылатуға ықпал ететін әлеуметтік дамуды басқаруды жетiлдiрудiң нақты бағыттары жөнiнде шаралар әзiрлейдi, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, кадрлар тұраксыздығының себептерiн, еңбекті ұйымдастыру мен өндiрiстi басқару талаптарына қарай оларды іріктеу және орнына қоюды талдайды, кадрлар тұрақтылығын қамтамасыз ету, қызметкерлердi бейiмдеу бойынша қажеттi шаралар қабылдау жөнiнде ұсыныстар әзірлейді, өндiрicтi басқарудың және ұжымды әлеуметтік дамытудың әлеуметтік - психологиялык, проблемалары жөнiнде ұйымның басщыларына, сондай -ақ кадр және еңбек мәселелерімен айналысатын қызметкерлерге консультация бередi, ұжымда күйзелудi жою әдiстерiн, шиеленiстердiң алдын алуды, дәрмендiлiкке және ұжымдағы басқа да әлеуметтік – психологиялық атмосферасының жайлы параметрлерiн ұйымдастыруды ұйретеді.


23. Бiлуi тиiс:

практикалық, психология мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтiк құқықтық зан актiлерiн, еңбек және басқару психологиясын, инженерлік және әлсуметтік психологияны, қызметкерлердің психологиялық еңбек қызметтерінің ерекшелiктерiн оқыту әдістерін, еңбек жағдайын оқыту кезiнде қолданылатын техникалық құралдарды, отандық және шетелдік алғы шептегі психологтардын жұмыс тәжірибесін, технология кәсіпорнының негізін, экономика, кәсіпорын, еңбек және басқарма ұйымдарының негiздерiн, кесiптiк бағдар мен кәсіптік бейiмдеу жұмыстарының негіздерін, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын, iшкi еңбек тәртібінің ережестн, еңбекті қорғау нормалары мен ережесiн.

24. Бiлiктiлiк талаптары:

1) Бiлiктiлiгi жоғары денгейдегі маман:

жоғары санаттағы: кәсiптiк (психология саласында) жоғары бiлiм мен бiрiншi санаттағы психолог мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс стажы.

бiрiншi санаттағы: кәсіпік (психология саласында) жоғары бiлiм мен екiншi санаттағы психолог мамандығы бойынша кемiнде 2 жыл немесе мамандығы бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс стажы.

екiншi санаттағы: кесiптiк (психология саласында) орта бiлiм мен психолог мамандыгы бойынша кемiнде 1 жыл немесе мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс стажы.

санаты жоқ: кәсiптiк (психология саласында) жоғары бiлiм және жұмыс стажы талап етілмейді.


9. Социолог


25. Лауазымдық мiндеттерi:

ұйымда қызметкерлердің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесін және олардың еңбегінің өнiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететін аса қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдайлар жасауға бағытталған ic- шаралар әзірлеу және енгізу мақсатында социологиялық зерттеулер жүргізеді, Экономикалық және әлеуметтiк дамудың келешек және жылдық жоспарларының жобасын әзiрлеуге және әлеуметтiк - мәдени шараларға арналған қаражатты жоспарлауға қатысады ,әлеуметтiк зерттеулер бағдарламасын кұрады және олардың орындалуын бақылайды, өткiзiлген зертеулер негiзiнде еңбектi ұйымдастыру түрлерiн жетiлдiру, олардың бөлiнуi мен кооперациясы, еңбек қызметінің жағдайларын жақсарту жөнiнде ұсынымдар әзірлейді.


26. Бiлyi тиiс: олеуметпк - психологиялык меселерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалык және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, еңбек социологиясын, социологиялық зерттеулер жүргiзудiң әдiстерiн, еңбек психологиясының, инженерлiк және әлеуметтiк психологиялық негiздерiн, кызметкерлерін еңбек кызметтін ерекшелiктерiн зерттеу әдiстерiн, еңбек жағдайларын зерттеген кезде қолданылатын жалакыны ұйымдастырудың нысандары мен жүйелерiн; ұйымныц әлеуметпк дамуын жоспарлауын тәсілдерін, социологтардың отандық және шетелдік озат жұмысыныц тәжiрибесiн, өндiрiс технологиясының негiздерiн, экономика, өндiрiс, еңбек және баскаруды ұйымдастырудың негiздерiн, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын, iшкi еңбек тәртiбiнiң ережесiн, еңбекті қорғау нормалары мен ережесін.

27. Бiлiктiлiк талаптары:

1) Бiлiктiлiгi жогары денгейдегі маман:

жоғары санаттағы: кәсiптiк жоғары бiлiм мен бiрiншi санаттағы социолог мамандыгы бойынша кемiнде 3 жыл немесе мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс стажы;

бiрiншi санаттагы: кесiптiк жогары бiлiм мен екiншi санаттағы социолог мамандығы бойынша кемiнде 2 жыл немесе мамандығы бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс стажы;

екiншi санаттағы: кәсiптiк жоғары бiлiм мен социолог мамандығы бойынша кемiнде 1 жыл немесе мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс стажы;

санаты жок: кәсiптiк жоғары бiлiм жене жұмыс стажы талап етілмейді.


10. Кадр
жөніндегі маман


28. Лауазымдық мiндеттерi:

ұйымда талап етілетін кәсiптегi, мамандықтағы және бiлiктiлiктегi кадрлармен іріктеп жинақтау жөнiндегi жұмысты атқарады, кадрларды іріктеу, орналастыру, тандау жұмыстарына қатысады, ұйым және оның бөлiмшелерi қызметшілерінің лауазымдық және кәсiптiк -бiлiктiлiк құрылымына, қызметкерлерді қабылдаумен, ауыстырумен, еңбек қызметімен және жұмыстан босатумен байланысты кадр есебi жөнiдегi белгіленген кұжаттарға, кадрлардың ағымдағы және болашақтағы қажеттiлiгiн белгілеу, бос лауазымдар орнын басуға және жоғарылатуға арналған резервтер кұру жөніндегі ұсыныстар дайындау мақсатында қызметкерлердің аттестациясының нәтижесі мен іскерлік сапасының бағасына зерттеу мен талдау жүргiзедi, кадрлар қажеттiлiгiн қанағаттандыру көздерiн аныктау, оқу орындарымен тікелей байланыс жасау мен қолдау, ұқсас бейiндегi ұйымдармен байланыс жасау үшiн еңбек рыногын зерттеуге қатысады, ұйым қызметкерлеріне бос орындар туралы ақпарат бередi, еңбек жөнiндегi ағымдағы және келешек жоспарлар әзірлеуге қатысады, жас мамандар мен жас жұмысшыларды оқу орындарында алған кәсіптері мен мамандықтарына қарай орналасуларына, олардың тағылымдамадан өтуіне бақылауды жұзеге асырады, косшорын қызметіне жаңадан қабылданған қызметкерлерді бейімдеу жөнiндегi жұмыстарға қатысады, қызметшілерді дамыту жөнiндегi ұсыныстарды дайындауға, iскерлiк мансабын жоспарлауға, қадрлардың бiлiктiлiгiн жоғарылату және оқытуға, сонымен қатар оқыту тиiмдiлiгiн бағалауға қатысады, жұмысты ұйымдастыруға, бiлiктiлiк, аттестациялық конкурстық комиссияларды әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз етуге, олардың шешімдерін ресімдеуге қатысады, еңбек тәртібінің жағдайын және қызметкерлердің iшкi еңбек тәртiбi ережестін орындауын, кадрлар қозғалысын талдайды, тұраксыздық пен еңбек тәртiбiн жақсарту жөнiнде ic- шаралар әзірлеуге қатысады, қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босатуды уақытында ресiмдеудi, олардын қазiргi және өткен еңбек қызметі жөнiнде анықтамалар берудi, еңбек кiтапшалары мен өзге де құжаттарды толтыру және сақтау ережелерін сақтауды, кадрлар жөнiндегi басқа да белгіленген құжаттарды ресiмдеудi, сондай -ақ ұйым кызметшілері туралы деректер банкiне тиiстi ақпарат енгiзудi бақылайды, белгіленген есептiлiктi жасайды.


29. Бiлyi тиiс:

Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi, қызметшiлердi басқару жөнiндегi әдiстемелiк материалдарды, енбек зандарын, ұйым штаттары мен құрылымын, оның бейiнiн, мамандануы мен даму келешепн, кадр қажеттілігінің ағымдағы және келешектегі тәртiбiн анықтауды, ұйымды кадрлармен қамтамасыз етудің көздерiн, кадрлардың кәсiптiлiк-бiлiктiлiк құрылымдарын талдау әдiстерiн, аттестация өткiзу жөнiндегi ережені, қызмстке iрiктеп алу (қабылдау) тәртiбiн, кадрларға және олардың қозғалысына байланысты құжаттарды жүргiзу мен сактау, ресiмдеу тәртiбiн, ұйым қызмепшілері туралы деректер банкiн қалыптастыру мен жургiзу тәртiбiн, кадрлар бойынша есепплгкп куру торпбш, еңбекті ұйымдастыру психологиясы мен социологиясы негiздерiн, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негiздерiн, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздаидыру туралы, еңбек туралы заңнамасын, есептеу техникасының, коммуникация және байланыс құралдарын, еңбекті қорғау нормалары мен ережесiн;

30. Бiлiктiлiк талаптары:

1) Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамаи:

жоғары санаттағы:

кәсiптiк жоғары бiлiм мен бiрiншi санаттағы кадр жөнiндегi мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес немесемамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс стажы.

бiрiншi санаттағы: кесiптiк жоғары бiлiм мен екiншi санаттағы

кадр жөнiндегi мамандығы бойынша кемiнде 2 жыл немесе мамандыгы бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс стажы;

екiншi санаттағы: жоғары кесiптiк бiлiм және кадрлар бойынша маман лауазымында кемiнде 1 жыл немесе мамаңдық бойынша кемінде 3 жыл еңбек стажының болуы.

санаты жоқ: жоғары кәсiптiк бiлiм, еңбек стажы талап етілмейді.



<< предыдущая страница   следующая страница >>