shkolakz.ru   1 2 3 4 5

Білім беру мекемелерінің сайты


Мектеп сайтын дайындау – бұл өзінің мән-мағынасы бойынша кешенді мәселе, оны бір мезгілде екі аспектіде қарастыру керек – басқарушылық және технологиялық. Мұнда басқарушылық мәселе маңызды: өйткені сайт мектепті барлық жағынан, барлық күрделігін алуан түрлі бейнелейтін өзіне тән айна болуы тиіс. Одан басқа, сайтты дайындау бойынша жұмыс істеу бірқатар ұйымдастыру мәселелерін шешуді талап етеді. Технологиялық, ақпараттық құраушысы да маңызды: өйткені сайт – бұл ерекше мәселелердің тұтас кешені, егерде теңеуді пайдаланатын болсақ, онда бұл біздің білім беруіміздің тек енді ғана меңгерген жаңа тіл. Және мектеп сайтын дайындау процесінде мәселенің осы екі дөңгелегі үзіліссіз бірлікте – форма мен мазмұн секілді бар болады.

Сайт (ағыл. сөзі, Site – орын; мәндес сөздері – веб торап, веб сайт, ресурс) – бұл өз адресі (URL), өз иесі бар және біртұтас бүтін секілді қабылданатын веб-беттерден тұратын Интернеттегі орын. Веб-бет (ағыл. сөзі – web-page) – бұл (URL) адреспен бірмәнді анықталатын Интернеттің логикалық бірлігі [6]. Ол суреттерді, скриптерді, форматталған мәтінді, дыбысты, бейнені басқа веб-беттерге немнесе Интернет ресурстарына сілтемелерді енгізе алады. Сонымен, веб-сайт – бұл дайындаудың ортақ мәнері бар болуы және өзара біртұтас тақырыппен байланыста болуы тиіс веб-беттер тобы.

Әр түрлі сайттардың арасында айқын шектеу жоқ, өйткені құрылымы және ақпаратты беру тәсілі бойынша олардың алуан түрлілігі аса үлкен. Негізінен сайттарды топқа бөлуге рұқсат енетін жалпы айырмашылықтарды келтіруге болады.

Б.П.Сайков веб-сайттардың келесідей бөлінуін ұсынады:


  • қоғамдық пікірді өзгерту немесе халықтың әлеуметтік белсенділігін қолдау үшін пайдаланылатын үгіт сайттары (саяси партиялардың сайты, әр түрлі қоғамдық ұйымдардың және т.б. сайты);

  • сату үшін тауарлар туралы жарнамалары мен басқа да мәліметтері бар коммерциялық сайттар;
  • статистика, тегі әр түрлі тізімдер, тізбелер, анықтамалар және б. ақпараттық сайттар;


  • әуен, ойындар, анекдоттор, басқатырғыштар, сондай-ақ жаңалықтар мен ойын-сауық индустриясы туралы басқа ақпарат ұсынатын ойын-сауықтар сайты;

  • репетиторлік көмек және т.б. ұсынатын әр түрлі деңгейдегі білім беретін мекемелер туралы мағлұматтары бар білім беру сайттары;

  • қашықтықтан білім беру сайттары;

  • жергілікті, аймақтық, халықаралық маңызы бар оқиғалар туралы хабарлайтын жаңалықтар сайты (жорналдың, газеттердің баспалық нұсқасымен немесе теледидарлық хабарлармен байланысты бола алады);

  • дербес сайттар – сапар кәртішкесі, фотоальбомдар және нақты адам туралы басқа дербес ақпарат [6].

Мектеп сайтының құрылымы ресурсты пайдаланушыға бағдарланып та, мектептің іс-әрекетінің түрлері бойынша да қалыптаса алады. Сайттың пайдаланушыларын анықталық:

Ата-аналар – олар мектеп туралы жеткілікті хабар ала алады: қординаты, мамандану, педагогтық құрам, сабақтар кестесі, мұғалімдер мен психологтардың кеңестері. Егерде ата-аналардың жиналысына баруға уақыт жоқ болса, онда оқытушылармен қатынасуға болады, мысалы форумда. Сайт тек күндізгі оқушылардың ата-аналарымен ғана емес, өз балаларын мектепке беруді ұйғаратын ата-аналармен де жұмыс істеуге есептелген. Бұл ата-аналарға олардың балалары үшін қосымша білім беру қызметі, ата-аналармен келісім-шарт пен өтініш формалары, басқа да пайдалы ақпарат ұсынылады.

Сайт оқушыларға тек соңғы жаңалықтарды, үй тапсырмаларын білуге, сыныптан тыс шаралардың фото есебін көруге, он-лайнмен қатынасуға ғана емес, жиірек өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік туғызады.

Интернет, айталық, өз өлеңдерін, әңгімелерін, суреттерін және т.б. жариялауға мүмкіндік береді. Сайтта оқушылардың қажетті ақпараты пен аспаптары «жататын» өзінің, мысалы, виртуальдық мектеп портфелі бола алады. Мектеп оқушылары өзінің оқу өнімдерін сайтта арнайы бөлінген орындарға орналастыра алады, мысалы, картиналарын – бейнелеу өнері шеберханасына, шығармаларын – әдеби хрестоматияға немесе мектептің электрондық газетіне, жаратылыстану бойынша жұмыстарын – ғылыми оқушылар жорналына және т.б.


Мұғалім өзінің бетінде дербес мәліметтерін, өзі оқыған оқу орнын, өзінде бар оқытушылық тәжірибесін, сондай-ақ оқу материалдарын, тестілерін, фотосуретін, таныстырылымдарын және оқу жоспарына кіретін әрқашан толықтырылатын әдістемелік базасын, бағдарламаларын, сабақтардың конспектілері мен оған кіретін материалдарды көрсете алады. Барлық оқу пәндері бойынша веб-квестіні – мектеп оқушыларымен сабақ уақытында да,өз беттерімен жұмыс істегенде де пайдалана алатын Интернет желісінің ішкі ресурстарына сілтемелері бар сайт беттерін дайындай алады. Мұғалімге күндізгі сабақтың құнды уақытын үй тапсырмалары мен оларға ұсынысты ауызша айтып жатуға шығындамайды, оның барлығын балалар үшін сайтта қалдыруға болады. Онда оқушылар орындаған жұмыстарды да орналастыруға болады,қалағандар үшін олардың көрнекілігін қамтамасыз етеді және бақылау жұмысын тездетеді. Мұғалімнің әрқайсысы сайтта өз блогын аша алады.

Блог —­­­ ағыл. Web (World Wide Web бүкіләлемдік өрмек) және log (компьютерлік жүйенің жұмыс істеуі кезінде болатын оқиғаларды тіркеу жұрналы); Интернетте орналастырылған жорнал немесе күнделік. Блог – бұл веб-сайт, ондағы негізгі мәліметтер жүйелі түрде үстемеленетін жазбалар, кескіндер немесе мультимедиа. Блогтарға кері хронологиялық ретпен (соңғы жазба жоғарыдан) сұрыпталған, маңыздылығы уақытша ұзын емес жазбалар тән. Дәстүрлі күнделіктен блогтың айырмпашылығы ортаға байланысты: блогтар әдетте көпшілікке арналған және автормен (блог-жазбаларда немесе өз блогтарында) ашық пікірсайысқа шыға алатын бөгде оқырмандарды ұйғарады.

Блоггерлер – блогты басқарушы адамдар. Желінің барлық блогтарының жиынтығын блогсфера деп атау қабылданған. Авторлық құрам бойынша блогтар жеке бастық, топтық (бірлестіктік, клубтық …) немесе қоғамдық (ашықтық) бола алады. Мазмұны бойынша – тақырыптық немесе жалпылама.

Әлеуметтік әріптестер. Білім беру мекемелерінің мұндай әріптестері ретінде мәдениет, білім беру, коммерция, халықаралық жобалар өкілдерін қарастыра алады. Әріптестерді, бәрінен бұрын, мәртебелі ақпарат қызықтыра алады: мектептің жетістіктері, мектеппен ынтымақтастық қаншалықты әріптестің өзінің мәртебесін өсіруге мүмкіндік туғызатын болады және т.б.

Басқа мектептердің оқушылары – басқа аудандар мен қалаларда тұратын және басқа мектепке «жазылған» осы мектептен алыстағы оқушылар. Өз мәселделерін шешу үшін алыстағы оқушылар сайтпен өзара әрекеттеседі: мектеп аралық жобаларға немесе олимпиадаларға қатысады, мектеп ұсынған жеке курстарда оқиды, өз құрбыларымен хаттар жазысады.



<< предыдущая страница   следующая страница >>