shkolakz.ru   1 2 3 ... 5 6


ҚМ-1 нысанын толтыру бойынша түсініктеме

 

ҚМ -1 нысаны мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылады.

Қағаз тасығышта жасалған кезде ҚМ-1 нысаны шарикті қаламмен, қара немесе көк сиямен, бас баспа рәміздерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады.

Баспа құрылғысын пайдалану кезінде ҚМ-1нысаны кемінде № 10 мөлшердегі «Times New Roman» қаріптерімен толтырылады.

Тазартылған, түзетілген жері және түзетулері бар ҚМ-1 нысаны өңдеуге қабылданбайды.

 

 

1 «ҚМ-1 нысаны туралы мәліметтер»

 

1.1 «ҚМ-1 нысанының нөмірі» деген деректемеде қаржы мониторингіне жататын операция туралы хабарламаның реттік сандық нөмірі көрсетіледі, ол туралы ақпарат уәкілетті органға ұсынылады. Қаржы мониторингіне жататын операцияның реттік сандық нөмірін қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау рәсімдерін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі өсу тәртібімен, «1» нөмірінен бастап сандық форматта, хабарларламамен ұсынылатын бір күнтізбелік жылдың ішінде қалыптастырады:

«1. Нөмір» - ҚМ-1 нысанының нөмірі көрсетіледі;

«2. ҚМ-1 өзге нысанымен байланыс (бар болса)» - «1. Нөмір» жолағына қосымша ақпарат көрсетіледі:

«2.1. ҚМ-1 байланыс нысанының нөмірі» және «2.2. ҚМ-1 байланыс нысанының күні» - қаржылық мониторнигке жататын басқа операциямен байланысты ҚМ-1 нысанының нөмірі мен күні көрсетіледі. Күні цифрлық форматта жылы (төрт белгі)/күні (екі белгі)/айы (екі белгі) көрсетіледі.

1.2 «ҚМ-1 нысанының күні» деген деректемеде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция туралы хабарды беру (жіберу) күні көрсетіледі. Хабардың күні цифрлық форматта күні (екі белгі)/айы (екі белгі)/жылы (төрт белгі) көрсетіледі.


1.1 және 1.2 деректемелері қаржы мониторингі субъектілерінің уәкілетті органға ұсынатын хабарларының әрбірі үшін бірегей болып табылады және қаржы мониторингі субъектісінің қателер табылған және ақпарат ұсыну туралы уәкілетті орган сұратулар жіберген жағдайда хабарды сәйкестендіру үшін пайдаланылады. Хабардың нөмірі мен күні операция туралы хабар уәкілетті органға алғаш рет жіберілген кезде анықталады.

1.3 «Құжат түрі» деген деректеме мынадай мәндерге ие болады:

«1. Жаңа хабар» - уәкілетті органға әрбір жаңа хабар жіберілген жағдайда көрсетіледі;

 «2. Қабылданбаған хабарды түзету» - уәкілетті органнан ҚМ-1 нысанының қабылданбағаны туралы хабарлама алынған жағдайда көрсетіледі, қаржы мониторингі субъектісі хабарды қабылдамаудың хабарламада көрсетілген себептерін жою бойынша шараларды қабылдайды, хабарламада көрсетілген ескертулерді түзетеді және сұрату алынған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде нысанды түзетілген түрде қайта жібереді. Бұл ретте хабардың нөмірі мен күні деректемелерінің алғашқы жұп мәндері көрсетіледі.

«3. Хабарды ауыстыруды сұрату - қаржы мониторингі субъектісі бастамашылық тәртіппен бұрын ұсынылған және уәкілетті орган қабылдаған ҚМ-1 нысанына өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда көрсетіледі, мысалы хабарда операция сомасы, валюта коды, операция жасауға негіз, қатысушылардың мекенжайы немесе басқасы дұрыс көрсетілмеген. Осы ретте қаржы мониторингінің субъектісі бастапқы хабарламадағыдай сол нөмірі мен күні бар барлық деректемелерді толтыра отырып, хабарламаны ауыстыратын уәкілетті органға жібереді және 3.14-деректемеде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар көрсетіледі;

1.4 «Операцияның жай-күйі» деген деректемеде мынадай мәндер болады:

«1. Жасалған» - жүргізіліп жатқан операцияның жай-күйі аяқталған болып табылған жағдайда көрсетіледі;


«2. Жалғасып жатыр» - операцияның жай-күйі оны жүргізу басталғаннан кейін хабар қалыптастырылған сәтте аяқталмаған болып табылса көрсетіледі;

«3. Тоқтатылған» - қаржы мониторингі субъектісінде операция күдікті операцияларды анықтау критерийлеріне сәйкес деп ұйғаруға негіз туындап, қаржы мониторингі субъектісі жүргізіліп жатқан операцияны тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетіледі;

«4. Жасалмаған» -операцияны өткізуден бас тарту туралы шешім қабылданған болса көрсетіледі. Бұл ретте 4.25 - деректемеде операцияны өткізуден бас тарту себептерін көрсету қажет;

Уақыт цифрлық форматта: сағаты (екі белгі)/минуты (екі белгі), күні (екі белгі)/айы (екі белгі)/жылы (төрт белгі) көрсетіледі.

1.5 «Хабарлама беру үшін негіздеме» деген деректемеде мынадай мәндер болады:

«1. Шектелген сомаға тең немесе одан асады» - егер «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының 4-бабы 1-тармағына сәйкес операцияның сомасы шектелген сомаға тең немесе одан асатын болса көрсетіледі;

«2. Күдікті операция» - Заңның 4-бабы 4-тармағының 1) - 6) тармақшаларына сәйкес көрсетіледі, мұнда «2.1 айқын экономикалық мәні жоқ мәміле жасау», «2.2 қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-қимыл жасау», «2.3 терроризмді және (немесе) экстремизмді қаржыландыру», «2.4 заңсыз жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру», «2.5 резиденттің тауарларды (жұмыстарды, көрсететін қызметтерді, қорғалатын ақпаратты, зияткерлік қызметінің нәтижелеріне айрықша құқықтарды, мүліктік жалдауға (жалға) берілетін мүлікті) импорттауын (экспорттауын) көздейтін шарт бойынша тарап болып табылмайтын резидент емес ақшаны не тауарларды (жұмыстарды, көрсететін қызметтерді,қорғалатын ақпаратты, зияткерлік қызметінің нәтижелеріне айрықша құқықтарды, мүліктік жалдауға (жалға) берілетін мүлікті) алушы болып табылатын операциялар» және «6.тараптардың бірі терроризмді және (немесе) экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар болып табылатын операциялар».


 

 

2 «ҚМ-1 нысанын жіберген қаржы мониторингі субъектісі туралы мәліметтер»

 

2.1 «Қаржы мониторингі субъектісінің коды» деген деректемеде Қаржы мониторингі субъектілері түрлерінің кодтары анықтамалығына сәйкес уәкілетті органға ҚМ-1 нысанын ұсынған қаржы мониторингі субъектісінің коды көрсетіледі.

2.2 «Қаржы мониторингі субъектісінің атауы» деген деректемеде:

«1.1 Ұйымдастырылған нысан:» - мәселен, АҚ (акционерлік қоғам), ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік), ДК (дара кәсіпкер) немесе қаржы мониторингі субъектісінің өзге де ұйымдастырушылық құқықтық нысаны көрсетіледі. Егер жеке тұлға қаржылық мониторинг субъектісі болған жағдайда бұл жолақ толтырылмайды;

«1.2 Атауы:» - тырнақшасыз қаржы мониторингі субъектісінің атауы немесе Т.А.Ә. (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

2.3 «СТН» деген деректемеде 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚМ-1 нысанын беретін қаржы мониторингі субъектісінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.

2.4 «ЖСН/БСН» деген деректемеде ҚМ-1 нысанын жіберетін қаржы мониторингі субъектісінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

2.5 «Орналасқан жерінің мекенжайы» деген деректемеде қаржы мониторингі субъектісінің заңды мекенжайы облыс пішімінде (оның ішінде Астана және Алматы қалалары), аудан, елді мекен (қала/кент/ауыл)Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, көшенің/даңғылдың/ шағын ауданның атауы, үйдің нөмірі, пәтердің/офистің нөмірі (бар болса), пошталық индексі көрсетіледі.

2.6 «Жеке басты куәландыратын құжат» деген деректемеде жеке басты куәландыратын құжат түрлерінің кодтары анықтамалығына сәйкес адамның жеке басын куәландыратын құжат түрінің цифрлық коды көрсетіледі. Деректеме тек жеке тұлғалар үшін толтырылады.


2.6.1 «Жеке бастыкуәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы» деген деректемеде жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы (бар болса) көрсетіледі. Деректеме жеке тұлғалар үшін ғана толтырылады.

2.6.2 «Жеке басты куәландыратын құжатты кім берген» деген деректемеде адамның жеке басынкуәландыратын құжатты берген мекеменің атауы көрсетіледі. Деректеме тек жеке тұлғалар үшін толтырылады.

2.6.3. «Жеке басты куәландыратын құжат қашан берілген» деген деректемеде адамның жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні жылы (төрт белгі)/күні (екі белгі)/айы (екі белгі) форматында көрсетіледі. Деректеме жеке тұлғалар үшін ғана толтырылады.

2.7 «Жауапты лауазымды тұлға» деген деректемеде ішкі бақылау ережесін сақтауға жауапты байланыс тұлғасының деректері көрсетіледі:

«а. Тегі:» - тегі,

«б. Аты:» - аты,

«в. Әкесінің аты:» - әкесінің аты (бар болса).

2.7.1. «Жауапты лауазымды тұлғаның лауазымы» деген деректемеде ішкі бақылау ережелерінің сақталуына жауапты лауазымды тұлғаның атқаратын қызметі көрсетіледі.

2.8. «Байланыс телефондары» деген деректемеде ішкі бақылау ережелерінің сақталуына жауапты лауазымды тұлғаның телефон нөмірлері қала/телефон нөмірі/ішкі телефон нөмірі форматында (бар болса) көрсетіледі.

2.9. «Электрондық пошта» деген деректемеде ішкі бақылау ережелерінің сақталуына жауапты байланыс тұлғасының электрондық поштасы көрсетіледі.

 

 

3 «Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат»

 

3.1. «Операцияның нөмірі» деген деректемеде операцияның ҚМ-1 нысанын жіберетін қаржы мониторингі субъектісінің ішкі тізілімінде тіркелген нөмірі көрсетіледі.


3.2. «Операция түрінің коды» деген деректемеде қаржы мониторингіне жататын операциялар түрлері кодтарының анықтамалығына сәйкес операция түрінің цифрлық коды көрсетіледі.

611-ден 634 аралығындағы код көрсетілген және оффшорлық аймақта (аймақтан) операция жүргізілген жағдайда 4.7 «Операция қатысушысының банкі» деген деректеменің «Банктің/филиалдың орналасқан елі» 4-тармағы «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығына сәйкес толтырылады.

1811 немесе 1821 кодтары көрсетілген жағдайда мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік туралы ақпарат «2.1. Мүлік түрі» жолақтарында, мәселен, пәтер, жер учаскесі, автомобиль немесе басқасы және «2.2 Мүліктің тіркеу нөмірі» көрсетіледі.

3.3 «Төлеудi тағайындаукоды» деген деректемеде қаржылық мониторингке жататын операциялар төлемінің тағайындалу коды көрсетіледі. Деректеме 2.1-деректемесінде 011, 012 немесе 101 қаржылық мониторинг субъектісінің коды көрсетілген жағдайда толтыру үшін міндетті. «Белгілеу мүмкін емес» - егер төлемдi тағайындау кодын белгілеу мүмкін болмаған жағдайда көрсетіледі.

3.4 «Операцияға қатысушылар саны» деген деректемеде қаржы мониторингі субьектісін қоспағандағы операцияға қатысушылардың саны көрсетіледі. Осы деректемеде көрсетілген қатысушылардың санына байланысты әрбір қатысушыға осындай 4 бөлім саны толтырылады.

3.5 «Операция валютасының коды» деген деректемеде Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген «Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын валюта сыныптаушысының» 23-қосымшасына сәйкес операцияның жасалу валютасының коды көрсетіледі.


3.6 «Операцияның оны өткізу валютасындағы сомасы» деген деректемеде операцияның оны өткізу валютасындағы сомасы көрсетіледі. Қағаз тасығышта толтырылған кезде сома жақшаның ішінде таратып жазылады.

3.7 «Операцияның теңгедегі сомасы» деген деректемеде операцияның сомасы операция жасалған күнге нарықтық валюта бағамы бойынша теңгелік баламада көрсетіледі. 3.5-деректемесінде «Теңге (қазақша)» валюта кодын көрсеткен кезде 3.6-деректемесінде көрсетілген операция сомасы қайталанады. Қағаз тасығышта толтырылған кезде сома жақшаның ішінде таратып жазылады.

3.8. «Операцияны жасаудың негіздемесі» деген деректемеде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен мәмілелер жасау мен қатысушылар түрлері кодтарының анықтамалығына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасалатын негіздегі мәміле түрінің коды көрсетіледі.

3.9 «Операцияны жүзеге асыруға негіз болған құжаттың күні мен нөмірі» деген деректеме сол құжат бар болса толтырылады, операцияны жүзеге асыруғанегіз болған құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі. Хабардың күнін көрсету күні/айы/жылы форматында көрсетіледі.

3.10 «Күдікті операциялар белгілерінің коды» деген деректемеде осы қаулымен бекітілген қаржылық операцияның күдіктілік белгілері кодтарының анықтамалығына сәйкес қаржылық операцияның негізгі күдіктілік белгісінің цифрлық коды көрсетіледі. Деректеме 1.5-деректемесінің 2-тармағы көрсетілген жағдайда толтыру үшін міндетті.

3.11 «Операцияның күдіктілік белгісінің 1-коды» деген деректемеде осы қаулымен бекітілген қаржылық операцияның күдіктілік белгілері кодтарының анықтамалығына сәйкес қаржылық операцияның бірінші қосымша күдіктілік белгісінің цифрлық коды көрсетіледі. Деректеме ішкі бақылау шараларын іске асыру нәтижесіндегі күдікті қаржылық операциялардың қосымша белгісі анықталған жағдайда толтырылады.


3.12 «Операцияның күдіктілік белгісінің 2-коды» деген деректемеде осы қаулымен бекітілген қаржылық операцияның күдіктілік белгілері кодтарының анықтамалығына сәйкес қаржылық операцияның екінші қосымша күдіктілік белгісінің цифрлық коды көрсетіледі. Деректеме ішкі бақылау шараларын іске асыру нәтижесіндегі күдікті қаржылық операциялардың қосымша белгісі анықталған жағдайда толтырылады.

3.13 «Операция ныкүдікті ретінде жіктеуде туындаған қиыншылықтарды сипаттау» деген деректемеде күдікті операцияны жіктеуде туындаған қиындықтардың сипаттамасы ғана көрсетіледі.

3.14 «Операция жөнінде қосымша ақпарат» деген деректемеде 3-бөлімнің деректемелерінде толтырылғандарға жататын ақпараттан басқа, ішкі бақылау шараларын іске асыру кезінде оған қатысты, оның заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылғаны туралы күдік туындаған операциялар жөніндегі ақпарат көрсетіледі.

Орнын ауыстыратын хабар ұсынылған жағдайда бұл деректемеде түзетілген деректемелер ақпараты, мысалы, операцияның сомасы өзгертілген, төлемді тағайындау және басқасы көрсетіледі.

 

 



<< предыдущая страница   следующая страница >>