shkolakz.ru   1 2 3

Сумен қамту және су тарту

2010 жылға сумен қамтамасыз ету объектілерін қайта құруға республика бюджетінен 216252 мың теңге және жергілікті бюджет есебінен 20000 мың теңге игеру жоспарланған.

«2005-2010 жылдарға Ауыз су» бағдарламасы бойынша ауданда 2007 жылы басталған Бородулиха ауылының (екінші кезек) сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта құру жүргізіліп жатыр, құрылыстың сметалық құны 227100 мың теңге, конкурс бойынша 222583 мың теңге. 2007 жылы 100000 мың теңге, 2008 жылы 103083 мың теңге, 2009 жылы 19500 мың теңге игерілді. Пайдалануға беру 2009 жылдың 1 шілдесіне жоспарланған, бірақ мердігер келісім шарт міндеттерін орындаған жоқ және пайдалануға енгізу мерзімі тоқтатылды. 2009 жылдың 28 желтоқсанында объектіні мемлекеттік комиссияға беру дайындығын анықтау бойынша жұмыс комиссиясы өткізілді. Комиссия объекті мемлекеттік комиссияға беруге дайын еместігін анықтады. Осы негізде «Бородулиха ауылының (екінші кезек) сумен қамту жүйесін қайта құру» объектісі бойынша «Семмелиорация» ЖШС АТП мердігерлік ұйымына айып пұл санкциясын салу туралы ШҚО бойынша Мамандандырылған Аудан аралық экономикалық сотққа талап арыз берілді. Сот 2010 жылдың 10 наурызындағы №2-387 шешімімен талап арыз қанағаттандырылды және мердігерден 1048973 теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын өндіріп алды. «Семмелиорация» ЖШС АТП мердігерлік ұйымымен қосымша келісім шарт жасалды, онда объектіні беру 2010 жылдың 1 маусымына дейін ұзартылған. Кезекті объектіні беру тағыда тоқтатылды.

Дмитриевка ауылының сумен қамту жүйесін қайта құру 2008 жылы басталды, сметалық құны 121980 мың теңге, конкурс бойынша 120145 мың теңге. Жоспар бойынша объекті 2009 жылдың 1 қарашасында енгізілуі тиіс. Қайта құруды Семей қаласының «Казсельбурводстрой» ЖШС жүргізіп жатыр. Объекті пайдалануға енгізілген жоқ. Келісім шарт міндеттерін орындамағаны үшін экономикалық соттың №2-4255/09 шешімімен мердігерден 296908 теңге көлемінде айып пұл санкциясы салынды. 2010 жылдың 1 маусымында енгізу мерзімімен қосымша келісім шарт жасалды.. Объектіні егізу тоқтатылды. Құжаттары сотқа жіберілді .


2010 жылы Петропавловка (сметалық құны – 121297 мың теңге)
және Белағаш (сметалық құны – 94955 мың теңге) ауылдарының сумен қамту жүйесін қайта құру бойынша жұмыстар басталды. 1 шілде айында Петропавловка ауылы – 59167,366 мың теңге немесе 49 пайыз, Белағаш ауылы – 55819,773 мың теңге немесе 59 пайыз игерілді. Жұмыс техникалық қадағалау, тапсырысшы және жергілікті тұрғындар бақылауымен кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

«2011-2015 жылдарға арналған ауыз су» бағдарламасын орындау мақсатында Камышенка, Шелехово, Аул, Березовка шипажай, Ивановка және Сосновка ауылдарының және Бородулиха ауылының үшінші кезек сумен қамту жүйесін қайта құруға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. 2010 жылдың 1 сәуірінде қабылданған ҚН және Е өзгерістерге байланысты бұл жобалар жобаны әзірлеуші «Семпроект» ЖШС және «ОблDORкомхоз» ЖШС түзетуге берілді.

Ағымдағы жылға жергілікті бюджет есебінен Бородулиха ауылының (екінші кезекгін) сумен қамту және су тарту жүйесін қайта құру бойынша көлеміне 20000 мың теңге игеру жоспарланған. Екінші кезектің сумен қамту және су тарту жүйесін қайта құру кезінде инженерлік құрылыспен алаң сүзгісі қайта құру, бес қабатты тұрғын үй кәрізін қайта құру қарастырылады, яғни жұмыс тізілімінсіз 2008 жылы орындалған бірінші кезек кәрізін пайдалануға беру мүмкін емес. Жұмыс сапалы және уақытында жүргізіліп жатыр. 15541 мың теңге игерілді.


Тұрғын үй-комуналды шаруашылығы,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту

Аудан әкімдігінің «Аудан елді мекендерін абаттандыру мен санитарлық тазалаудың екі айлығын өткізу туралы» 2010 жылғы 1 сәуірдегі N639 қауылысына сәйкес 10 сәуірден 10 маусымға дейін елді мекендердің тазалануы, көше жабыны, жол, аяқжол жағдайы тиісті дәрежеде қалыпқа келтіріліп, көлік аялдамалары, ғимараттар мен мекеме үйлерінің сырттары ретке келтірілу жұмыстары жүргізілді. Елді мекендерде көктемгі уақытта ағаш және бұта көшеттері отырғызылды. Барлығы 4680 ағаш өскіні, 450 а.м. бұтақтар, 150ш/м-ге гүлдер отырғызылды. Екі саябақ өмірге келді. Бірі – Новопокрокада, екіншісі – Михайличенково ауылындағы Жеңіс сквері, ал, Бородулихадағы Абай ат. о/м Жеңіс аллеясының іргетасы қаланды. 228 км.көше, 43,1 га.саябақ, сквер, алаңдар, 56 білім беру, балабақша, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерінің аумағы тазаланып, 12900 м/куб қоқыс тасылынды.


«Жол картасы» бағдарламасының аясында жалпы құны 14911 мың теңге болатын Пролетарка ауылындағы ұзындығы 4,5 шақырымдық су құбыры желісіне және жалпы құны 21060 мың теңге болатын Буркотово ауылындағы 7,02 шақырымдық су құбыры желісіне ағымдағы жөндеу жасалды.

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 25 мамырдағы N705 қаулысына сәйкес «2010-2011 жылдардағы қыс айларында аудандағы нысандардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуінің» мәселері бойынша штаб құрылды. Осыған сәйкес аудандағы әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-шаруашылық саласындағы нысандарды 2010-2011 жылдардағы қыс айларына дайындаудың нақты жоспары жасалынды.

«Жол картасы» бағдарламасының аясында аудандағы 9 мектепке жөндеу жүргізіліп, Камышенка о/м шатыры жабылды. Бородулиха ауылындағы АОА қазандығына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық маңыздағы МҚК N9 ПДУ автожолдарды күтіп ұстауға, абаттандыруға және ағымдағы жөндеу жасауға 2010 жылы «Шығысжол» ПВХ-ға 57112 мың теңге бөлінді. Оның 38254 мың теңгесі ағымдағы жөндеуге, ал қалған 10042 мың теңгесі көктемгі-жазғы-қысқы кезеңде жолды ұстауға, 8816 мың теңгесі көгалдандыруға жұмсалады. Жоспар бойынша: 7695м2 - шұңқырды жабу, 4250м 2 - жол жиегін реттеу, 2500м 2 - қатпарлар мен дөңбешіктерді жөнге келтіру, 349 дана жол белгісін орнату көзделінді.

2010 жылдың 26 шілдесіне дейінгі жағдай бойынша 28 шақырымдық «Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха», 38 шақырымдық «Бородулиха-Жезкент» трассасында жол жиегі реттеліп, соңғы трассаның 8 шақырымдық жеріне төсеніш жасалынды. Ал шақырымдық «Дмитриевка –Бородулиха-Шемонаиха» трассасында 1600 ш/м жердің шұңқыры жабылып, 542 ш/м шытынаған жері қалыпқа келтірілді. Тап осындай жұмыс Жаңа Шүлбі ауылы мен Шүлбі СЭС аралығында жолға жасалып, 1536 ш/м жердің шұңқыры жабылып, 171 ш/м шытынаған жері қалыпқа келтірілді. Жол бойына 64 жол белгісі қойылды. «Дмитриевка –Бородулиха-Шемонаиха» жолының 44 км ретке келтірілді.

Республикалық маңыздағы «Семей –РФ шекарасы» автожолдарды күтіп ұстауға және ағымдағы жөндеу жасауға 2010 жылы ай сайын 1500 мың теңге бөлініп отырады. Мамыр айында шұқанаққа қара жабын жабу 720м2-ге, ал маусым айында жол жиегін реттеу мен жол сызығын салу орындалды, шілде айында жол жағдайын (жол белгісі, бояу, аялдаманы сырлау) қолға алынуда.


Ауданымызда жергілікті маңыздағы 273 шақырымға созылатын жолдардың қапысыз қызмет етуі үшін 2010 жылы 107 млн. 274 мың теңге қарастырылып, олардың ішінде 14 млн.250 мыңы қыс кезінде жолды ұстауға және 1 млн.600 мыңы қыс айларында аудан көшелерін ұстап тұруға бөлінді.

Ауданымызда жергілікті маңыздағы автожолдарды қысқы уақытта ұстап тұру қаржысы 13 ауылдық округке бөлініп беріліп, олардан бағалы ұсыныстар түсті. Қыс айларында жолды ұстап тұру «Лазарев және К» ЖШС, «АвтосервисСемей» ЖШС, «Коростели» ЖШС, «Комшар» КМҚК, «Татьяна», «Роща», «Ернар», «Казахстанская правда», «Красный Яр» сияқты ш/қ арқылы жүзеге асырылды. Аудандық маңыздағы жолдар қардан дер кезінде аршылып, елді мекендермен байланыс үнемі болып тұрды. Қардың қалыптағы жағдайдан артық түсуі Уба-Форпост, Жерновка, Новошульба, Таврия және Ленин а/о сияқты елді мекендерді қиын жағдайда қалдырғанымен ортадан шығарылған ақшаға жолды тазалау бірде толастамады. Осы аталған шараға қосымша 3746 мың теңге бөлінді. Аудандық маңыздағы жолды қыс кезінде ұстап тұруға 15 млн. 756 мың теңге ақша жұмсалды. «Комшар» МҚКК қыс айларында аудан көшелерін қардан тазартуды іске асырды. Қыс айларында аудан көшелерін ұстап тұруға 1450 мың теңге жұмсалды.

Ауданымызда жергілікті маңыздағы жолдарды «Жол картасы» бағдарламасы аясында ұстап тұру мен жөндеуге 75 млн. 815 мың теңге бөлінді, оның 50 млн.558 мыңы трансферт арқылы республикалық бюджеттен, ал, 25 млн. 257 мыңы аудандық бюджеттің қаржыландыруы негізінде жүзеге асады.

Мердігер «Семей жолдары» ЖШС өз жұмысын 2010 жылдың 27 мамырында бастап, 76 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етті. Оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 36 адам жұмыс тапты. «Семей жолдары» ЖШС қосарласы (субподрядчикгі) болып табылатын «Семей жолдары» ЖШС мен «Семейқұрылыскомплекті» ЖШС «Новодворовка-Переменовка-Ремки» және 12 шақырымдық «Березовка санаторийіне кіре беріс» автожолдарының ағымдағы жөндеуін толықтай аяқтап, жалпы көлемі 20992м2 болатын аумақтың шұқанағын жапты. «Новодворовка-Переменовка-Ремки» жолының телімі бұдырлы үстіңгі жабын (БҰЖ/ШПО) технологиясын жасауға дайын етіліп, тамыз айының үшінші онкүндігінде толық бітетін болады. Осы бағытта Ивановка, Переменовка және Березовка санаторийінің 22 тұрғынын аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамамен жіберіп, жұмысқа орналастырды. Қазіргі уақытта БҰЖ орнатудың жұмысына дайындық «Красный Яр ауылына кіре берісіне» жүргізіліп жатыр. 26 шілдеге дейін 610 ш/м аумаққа шұқанақты тегістеу жасалынды. Бұнымен бірге шұқанақты тегістеуден өзге жол жиегін реттеу, қатпарлар мен дөңбешіктерді жөнге келтіру жұмыстары да жасалынады. БҰЖ орнатудың жұмысын бітіру қыркүйек айының бірінші онкүндігіне қарай көзделініп отыр. Аудандық жұмыспен қамту бөлімінің мәліметі бойынша аталған ауылда жұмыссыздар жоқ, сондықтан Краснояр ауылының 10 тұрғыны келісімшартпен жұмысқа алынып отыр. Қалған нысандарға қиыршық тас жеткізіліп, БҰЖ үшін дайындық жасалынуда. Өскемен қаласының «Бергштейн» ЖШС «Бородулиха-Жерновка» жолының бойындағы 12 суағар құбырды жасап беруге тапсырыс алды. Жұмыс кестеден қалмай жүзеге асуда.


Аудан көшелеріне ағымдағы жөндеу жасау мен ұстап тұруға 29 млн. 922 мың теңге бөліну көзделінді. Оның ішінде «Жол картасы» бағдарламасы аясында ауданның бас көшесіне ағымдағы жөндеу жасауға 27 млн. 922 мың теңге оның 18 млн. 635 мың теңгесі республикалық бюджеттен, қалған 9 млн. 297 мыңы аудандық бюджеттен бөлінді. Бородулиха ауылы бойынша конкурсты «Dakar Group» ЖШС ұтып алды. Бұл жобаны жүзеге асыруда орта жалақысы 30 теңге көлемінде болатын жұмысқа 22 адам тартылды, оның 18 жергілікті тұрғындар. 22 шілдеге дейінгі жағдай бойынша жиек жолға төсеу 1500 м-ге жасалынып, жұмыс көлемі 100%-ға, аяқжол жабыны 932 ш/м төселініп, 100%-ға, 700 м темір қоршау жасалынып, 70%-ға орындалып отыр. Біз жоспарлаған екі аялдаманың бірі жасалып, 380 ш/м асфальт-бетондық жабындау ғана қалып отыр. 20 млн. 241 мың теңгенің ақшасы игерілді. Осы жұмысты 21 тамызға тақау аяқтау жоспарлануда.

Ауданнан бөлінген 2 млн.теңгеге аудан көшелеріне қиыршық тас жауып, көше шұқанақтарын қара жабынмен бітеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан жолдарына төлқұжат алуына 800 мың теңге ақша бөлініп, РМҚК «ШҚО жылжымайтын мүліктер Орталығымен» осы қаржыға келісімшарт жасалынды.


Азаматтардың жүгінуі бойынша

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес, аудан әкімі азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қолданады, азаматтардың өтініштерін уақытында қарастырады және қабылдауды қамтамасыз етеді.

2010 жылға бекітілген көшпелі қабылдаулар кестесіне сәйкес бірінші жарты жылдығында 8 қабылдау өткізілді, 27 жеке тұлғалар қабылданды. Бұдан басқа, көшпелі қабылдау кезінде азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бекітілді. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап шілде айына дейін азаматтарды қабылдау 14 ауылдық округте өтті: Новошульба, Андреевка, Новопокровка, Белағаш, Дмитриевка, Петропавловка, Зубаир, Ленин, Таврия, Уба-Форпост, Красный Яр, Бақы, Подборный.


24 жеке тұлға қабылданды, 37 сұрақ қойылды. Азаматтармен әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй-тұрмыстық сипаттағы, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, білім, жер және жерді пайдалану сұрақтары көтерілді. Барлық өтініштер жұмыс бақылауына алынды. Берілген сұрақтарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді, жауапты тұлғалар бекітілді.


Ішкі саясат мәселелері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жылсайынғы «Жаңа онжылдық– жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы Бородулиха ауданының тұрғындары үшін маңызды бағдарламалық құжат болып табылады, себебі Жолдауда Президент Қазақстан халқына нық сеніммен болашаққа қадам басудың бағытын айқындап берді.

Ауданның кенттік және ауылдық округтарында тұрғындарға ҚР Президентінің Жолдауын жеткізіп, оның басымдықтарын кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында, мемлекеттік ұйымдарда, мекемелерде түсіндіретін 14 аудандық (46 адам) және 33 ауылдық (161 адам) ақпараттық-насихаттық топтар белсенді жұмыстар атқарады. Кездесулер аудандық мәдениет үйінің әртістерінің концерттік бағдарламаларымен өтеді.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында тұрғындардың барлық өкілдері - «Нұр Отан» партиясының, «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшылары, ауылдық Ардагерлер Кеңестерінің, Әйелдер Кеңестері, Ақсақалдар Кеңестерінің төрағалары, ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілері, мұғалімдер, дәрігерлер және жастар қатыстырылады.

2010 жылдың 30 қаңтарында Жолдаудың мәтіні жарияланған «Аудан тынысы/Пульс района» газетінің арнайы шығарылымы жарық көрді. Аудандық газеттерде «Қазақстан халқына Жолдау» («Послание народу Казахстана»), «Ұлы Жеңске 65 жыл» («Великой Победе 65 лет»), «Қазақстан 2030» («Казахстан 2030»), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» («Против коррупции»), «Өзекті сұхбат» («Актуальное интервью»), «Елбасы Жолдауы» («За строкой Послания»), «Ақорда» («Акорда»), «Әлеуметтік қолдау» («Социальная поддержка») және т.б. үнемі жарияланатын айдарлар бар.


Мемлекет саясатын көрнекі-идеологиялық сүйемелдеумен қамтуға үлкен көңіл бөлінеді. Барлық баннерлік өнімдер мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен өткен оқиғалар легіне сәйкес орналастырылады. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында ауданның барлық мектептерінде, әр кабинетте плакаттық өнімдер орналасқан. Әр мектепте 2030 Стратегиясы, Мемлекет басшысының жылсайынғы Қазақстан халқына Жолдауы бойынша стендтер орнатылған. Үнемі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мерекелеріне арнаған стендтер орналастырылады.

Ауданда «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ауданның ауылдық елді мекендері мен әлеуметтік сала нысандарына кадрларды тарту бойынша біріккен іс-шаралардың медиа-жоспары әзірленіп бекітілген. 2010 жылы жас мамандарды тартуға жалпы көлемі 8,9 млн. теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда ауданда жастардың саяси білімдерін көтеру мақсатында жастардың ақпараттық-насихаттық топтарын құру бойынша жұмыстар атқарылуда.

2020 Стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың берік іргетасы есебінде ішкі саяси тұрақтылықты күшейту, Мемлекет басшысының Жылсайынғы Жолдауын жүзеге асырудың маңызды шарты болып табылады. Ұлтаралық және дінаралық келісімді күшейту мақсатымен мерекелік іс-шаралар болып өтті. Қазақстан халқының бірлігі күнінде аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаңда түрлі ұлттың салт-дәстүрлері көрсетіп, ұлттық дастарханнан дәм татқызған ұлттар қалашығы құрылды. «Бір шаңырақ астында» аудандық фестивалі өтіп, мерекелік шеруге ұлттық-мәдени орталықтар, аудандық ұйымдар мен мекемелер қызметкерлері, жастар мен аудан мектептері қатысты.

Жолдауды жүзеге асыру мақсатында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге үлкен көңіл бөлінді. Жеңістің 65 жылдығы құрметіне аудан орталығы Бородулиха ауылының бір көшесіне Кеңес одағының батыры Федор Серединнің аты берілді. 7 мамыр күні аудан әкімінің ардагерлермен және ауылдық округтардың Ардагерлер Кеңестерінің төрағаларымен кездесу-қабылдауы болып өтті. 9 мамыр күні Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мерекелік құттықтау, «Жауынгер ботқасы» («Солдатская каша»), «Жеңіс шырағын жақ» атты жастардың патриоттық акциясы, мемлекеттік қызметшілер арасында әскери-патриоттық әндер байқауы болды.


4 маусым күні «Бірлігіміз жарасқан!» - «Мы одна команда!» ұранымен Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған іс-шаралар – мерекелік шеру, митинг, мерекелік концерт, «Графити» стилінде мемлекеттік рәміздерді насихаттайтын «Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері» атты жастардың баннер салу байқауы, Мемлекеттік гимнді орындау болды.

«Мемлекеттің басты байлығы – адам» ұранын қолдап, ауданның ауылдық округтарында қорытынды Гала-концерті Конституцияның 15 жылдығында болатын «Туған жер – алтын бесігім!» фестивалі өткізілуде.

Ақпараттық-насихаттық жұмыстың келесі маңызды кезеңі - жылсайығы Жолдаудың жүзеге асу нәтижелерін түсіндіру.



<< предыдущая страница   следующая страница >>