shkolakz.ru   1 ... 5 6 7 8 9 10
Ежелгі Русьте білім беру және тәрбиелеу мәдениеті қалыптаса бастады. Прокопий Кесарийскийдің (VI ғ.) шығармаларында славяндарға тән тұлғалық мынадай сапалар аталады: көпшілдік және әділдік, жоғары құдыретті күштің бар екендігін мойындау, сиқырлыққа сену, қайырымды болу, жауынгерлік, еркіндікті сүйетін, батыр, денесі шымыр, күшті болу.

Ежелгі славяндардың тыныс-тіршілігінде алғашқы қауымдық құрылыстағы білім беру мен тәрбиелеу дәстүрлері сақталды, олар:


  • балаларды балалық шақтан бастап түрлі істерге араластыру көзделді;

  • ер және қыз балаларды тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктерінің болуы;

  • түрлі ғұрыптарды сақтауды ұстану.

Алғашқы қауымдағы экономикалық үдерістердің дамуынан шаруашылықтың түр-түрі пайда болды. Ол отбасының жіктелуіне, сөйтіп, түрлі әлеуметтік топтардың, яғни жер иеленушілер, қолөнершілер, ақсүйектер, дін иелері, т.б. пайда болуына ықпал етті. Осыған орай әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүддесіне қажетті тәрбие ерекшеліктері қалыптасты.

Бала тәрбиесі қашанда отбасынан басталады. Онда әсіресе ана тәрбиесі басым еді. Балаларды жас ерекшеліктеріне қарай былайша бөлген: “ сәби”- емшек еметіндер; “балдырған”- 3-6 жастағы ана тәрбиесіндегілер; “жеткіншек”- 7-12 жас аралықтарындағылар (сауат ашуға тартылғандар); “бозбала” –12-15 жасар балалар отбасының түрлі кәсіби шаруашылық дағдыларын меңгеріп, тайпадағы ересектер қатарына қосылғандар.

Экономикалық жағынан дамыған қауым “бозбалалардан” дайындықтан өткен жауынгерлер жасақтарын құрды.

Қауымдағы алуан түрлі кәсіптердің дамуына байланысты, кәсіби дайындықты меңгеру үрдісі біртіндеп күрделене түсті. Соған байланысты VI – IX ғ. ғ. шығыс славяндар арасында шәкірттік - оқыту формасы пайда болды. Қолөнерші шәкіртіне нақты кәсіби дағдыларды меңгертумен бірге, шеберліктің құпия сырын түсінуге және оның түрлі рәсімдерін орындауға да баулыды. Шығыс славяндар арасында шеберлер ерекше киелі қасиетке ие деген ұғым қалыптасты.

Ежелгі славяндардың тәрбиесі көптәңірлі дүниетанымға байланысты болды. Тәңірлердің дәрежесі әр түрлі еді. Мәселен, жер, найзағай, жануарлар, байлық, т.б. тәңірлер көптеп саналды. Сонымен қатар, олар жоғары құдыретті күшке де сыйынды.

Түйіндей келе, ежелгі славяндар табиғаттың тылсым сырын қайырымды және жауыз күштермен байланыстырды. Қауымдағы көптәңірлі дүниетаным бала тәрбиесіне жан-жақты ықпал жасады. Осы күнге дейін орыс деревняларында сақталған тұрмыстық салттар (нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, адамды жерлеу, жыл мезгіліндегі түрлі мерекелер - масленица, Иван Купала, т.б.) сол дүниетанымның нышаны болып табылады.


Шығыс славяндарда тәрбие балаларды әрекетке араластырумен іске асқан.

Отбасы тәрбиесі:


  • туғаннан 3-4 жасқа дейін - анасының қамқорлығы, қарапайым тәжірибе беру;

  • 3-4 жастан 7 жасқа дейін - баланың шамасы келетін жұмыс, анасына көмек;

  • 7 жастан 14 жасқа дейін жыныстық ерекшелігіне байланысты жұмыстармен айналысу.



8-тақырып В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық идеялары

Жоспар:

  1. В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық қызметі мен көзқарастары.

  2. Балаға жүрек жылуы еңбегінің педагогикалық мәні.




  1. В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық қызметі мен көзқарастары.

1918 жылы 28 қыркүйекте УССР Кировоград обл, Онуфриев ауданы Васильевка селосында туылған. В. А. Сухомлинский – кеңес педагогы.

СССР пед. ғылым академиясыныњ корр. м‰шесі (1957), УССР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім. Социалистік Еңбек Ері (1968).

1939 жылы Полтава мемлекеттік педагогикалық институттың тіл және әдебиет факультетін бітірді. Педагогикалық қызметі 1935 жылы басталды. 1947 жылдан Кировоград обл, Павлыш орта мектебінің директоры болды.

В. А. Сухомлинский тәрбие және оның ішінде еңбек тәрбиесі проблемасын зерттеді. Бастауыш мектептің оқу – тәрбие жұмысының методикасымен шұғылданды. В. А. Сухомлинский – дарынды мұғалім, талантты ғалым, әрі публицист. Оның мектепке басшылық етудегі және мұғалімдік жұмысындағы құнды тәжірибесі “Павлыш орта мектебі” (1969) атты кітабында жан – жақты баяндалды.

В. А. Сухомлинскийге “Балаға жүрек жылуы” атты кітабы үшін УССР – ң мемлекеттік сыйлығы берілді (1974). В. А. Сухомлинский екі рет Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз ордені, К. Д. Ушинский, А.С. Макаренко медальдарымен марапатталған.

Шығармалары: Воспитание коллективизма у школьников, М ,1956

Трудовое воспитание в средней школе. М. ,1957


Педагогический коллектив средней школы. М., 1958

Воспитание коммунистического отношения к труду М.,1959

Воспитание советского патриотизма у школьников. М., 1959

В. А. Сухомлинский “ Жастарды адамгершілікке” тәрбиелеудің проблемаларын зерттеді. Сухомлинскийдің еңбектері басты да күрделі міндеттерді шешу –барлық жастарға орта білім беруге арналған. Педогогиканың мұндай күрделі де маңызды міндеттері- комплекс түрде, мектеп практикасы арқылы, мектептің қазіргі жағдайына байланысты шешіліп, нәтижесі тез арада тарап кетті. Ол халықтық педагогиканың үлгісіне сүйенді. Ол халықты нағыз тірі құрал ретінде педагогикалық даналықтың көзіне айналдыра отырып зерттеді.


  1. Балаға жүрек жылуы еңбегінің педагогикалық мәні.

Білім беру мен оқыту органикалық талдаудың көзі, дамыған сезім мен ақылдың бірлігі, халық пен адамның үзіліссіз білім алуының қалыптасқан сұранысы Сухомлинскийдіњ көптеген еңбектерін ең маңызды ой- пікірі педагогтың мынадай екі мәселені шешуіне арналады. Біріншіден, оқушыларға білім қорын жинақтауға мүмкіндік беру. Екіншіден, оқушыларды ұдайы ,барлық өмір бойы өз білімін толықтырып отыруға әсіресе , адамзат мәдениетінің қазынасын тиімді пайдалануға үйрету. Оның айтуынша, білім беру творчестволық процесс-адамның, жеке тұлғаның қалыптасуы өмірлік толастамайтын ағынды, тасқынды процесс. Оқыту, білім беру, тәрбие бір бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып, кезекпе-кезек жалғасып отыратын тарихи процесс. Сухомлинский: “ Адамныњ білім арқылы жұмыс істеуге үйренуі –адамгершіліктің ең жоғарғы мұраты”-деп тұжырымдады.

Қазіргі Россияда кәсіптік даярлыққа асқан қызығушылық пен талаптар қойылуда. Жаңа типті оқу орындары ашылып, оған жаңа оқу құралдары жасалуда, гимназиялар, колледждер, лицейлер, жоғарғы кәсіптік училищлер, жекелей кәсіптік автролық мектептер ашылып өз концепциясын жасау үстінде. Инженерлік - педагогикалық институттар, индустриалдық – педагогикалық техникуцмдар, педыгогикалық колледждер көптеп ашылуда. Кәсіптік білім беру ұдайы дамуда. Бұл басқа ғылымдармен ұдайы байланысты дамып, білім берудің комплексті жүйесін іске асыруда, жаңа теория мен концепция жасауда мұның барлығы практикада сыналу үстінде.



РЕФЕРАТ


  1. Алғашқы қоғам жағдайында тәрбиенің пайда болуы және дамуы.

  2. Алғашқы қауымдастықтың даму кезеңдеріндегі тәрбиені ұйымдастыру формалары.

  1. Алғашқы қоғамның ыдырау себептері және тәрбиенің даралануы.

  2. Сақ империясы кезiндегi тәлiм-тәрбие жүйесi.

  3. Ғұн империясындағы тәрбие ерекшелiктерi және мазмұндық бағыт-бағдары

  4. Үйсiн-Қаңлы империясы тұсындағы тәлiм-тәрбие

  5. Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі ерлік тәрбиесі.

  6. Қосөзен (Месопотамия) мектептерiндегi бiлiм мен тәрбие.

  7. Ежелгi Египет мектептерiндегi бiлiм мен тәрбие.

  8. Ежелгi Үндістандағы мектеп пен тәрбие.

  9. Ежелгi Қытайдағы мектеп және педагогикалық ойдың пайда болуы.

  10. Таяу және Орта Шығыстағы (VII-XVII ғ.ғ.) бiлiм беру мен педагогикалық ойлар.

  11. Араб халифатындағы көрнектi философтардың педагогикалық идеяларын жүйелеу.

  12. Орта ғасырдағы Үндістанда тәрбие мен бiлiм беру.

  13. Орта ғасырдағы Қытайда тәрбие мен бiлiм беру.

  14. Ертедегi Грециядағы тәрбие мен мектептерге сипаттама.

  15. Ертедегi Греция философтарының тәрбие жайлы педагогикалық идеялары.

  16. Эллиндік дәуiрдегi тәрбие мен бiлiм берудiң айрықша ерекшелiктерi.

  17. Ерте Римдегi тәрбие мен мектеп және олардың Таяу Шығыс мәдениетiмен сабақтастығы.

  18. Византиядағы мәдениет пен ағарту істерінің басты даму кезеңдері.

  19. Византиядағы тәрбие және педагогикалық ойлар.

  20. Ағарту ісін дамытудағы Византияның ықпалы.

  21. Батыс Еуропадағы бiлiм берудi дамытуға шiркеу мәдениетiнiң ықпалы.

  22. Қайта өрлеу дәуiрiндегi мектеп пен педагогикалық ойлар.

  23. Бiлiм және тәрбиеге реформация өкiлдерiнiң ықпалы.

9-тақырып ХІХ ғасырдың 90-жылдары неміс педагог еңбектері


Жоспар:


  1. Неміс педагогы Вильгельм Август Лай

  2. Неміс педагогы Эрнест Мейман




  1. Неміс педагогы Вильгельм Август Лай

ХІХ ғасырдың 90-жылдары неміс педагогы Вильгельм Август Лай (1862-1926) “Іс-әрекет педагогикасы” идеясын негіздеді. Оның дәлелдеуінше кез-келген организмнің ең қарапайым түрінен бастап, адамға дейінгі барлық даму эволюциясын жалаң биологизаторлық теориямен, яғни схема, қабылдау, қайта өңдеу, әрекет жасау арқылы танымдық үрдіс құруға тырысты. Осындай жалаң схемада үшінші негізгі кезеңге, былайша айтқанда, суреттеуге, бейнелеуге немесе әрекетке бөліп қарастырады. Сол себептен де Лайдың бұл теориясын “Іс-әрекет педагогикасы” деп атады. Оқушыларды оқытуда сурет салу, өрнектеу, сызу, модельдеу, кескіндеу, ән, музыка, драма, т.б. “іс-әрекеттің” негізгі құралдары болып саналады. Оқушылардың бейнелеу әрекеттерін Лайдың ерекше дәріптеуінен оқыту үрдісін екінші қатарға қою зор қателік еді. Вильгельм Август Лай экспериментальды педагогиканың өкілі болды. Педагогикалық үдеріс қабылдау, өңдеу, көрсету арқылы іске асады да, бақылау- заттың оқыту мен бейнелі оқытуды жүргізу керек деп санады: табиғат өмірін химия, физика, география, табиғи тану арқылы, адам өмірін халық шаруашылығы туралы ілім, азаматтану, педагогика, тарих, философия, мораль арқылы үйретуге тырысты. Бейнелі оқытуды сөз, көркем бейне, эксперименттер, дене көрінісі, математикалық көрініс, жануарды күту, мораль саласындағы шығармашылық арқылы жүргізді.

  1. Неміс педагогы Эрнест Мейман

Немістің тағы да бір белгілі педагогы Эрнест Мейман (1862-1915) оқу мен тәрбие мәселелерін эксперименттік зерттеу арқылы жүргізуге бағыт алды. Арнайы өлшеу приборлары көмегімен және арнайы ұйымдастырылған байқаулар негізінде балалардың дене дамуын және оның заңдылықтарын анықтады. Олардың қабылдау ерекшеліктері, ой-қисындарын дамытудағы шығармашылық еңбектің маңызы зерттелді.


Бірақ, Э.Мейман және оның қолдаушылары оқушының дамуындағы әлеуметтік жағдайларды ескермей, биологиялық құбылыс ретінде қарастырады. Америка педагогтары С.Холл, Д.Торнайк пен француз психологы А.Бине еңбектеріндегі эксперименталдық педагогика педологияға барып ұласты.


10-тақырып ХІХ ғасырдың 90-жылдары орыс педагог еңбектері

Жоспар:


  1. М.В.Ломоносовтың педагогикалық идеясы.

  2. А. Н. Радищев педагогикалық ойдың көрнекті өкілі.




  1. М.В.Ломоносовтың педагогикалық идеясы.

Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) – орыстың алғашқы жаратылыстанушы ғалымы, ақын, философ, суретші, тарихшы, ағартушы, әлемдік ғылымда аты қалған орыстың алғашқы академигі. Ол Ресейдің ғылымы мен мәдениетінің барлық саласының негізін қалаған біртуар ғалым: әдебиетші, ақын, түрлі тілдерді меңгерген тарихшы, жағрафияны жетік білген, кен зерттеуші, темір қорытушы, физик, химик, суретші, ұстаз болды. Ол барлық ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуді, мемлекеттің байлығын арттыруды көздеді. М.В.Ломоносов ағартушы ретінде Ресей мемлекетінің мүддесіне, ғылым және оқу-ағарту саласында қажырлы еңбек етті.

Мәскеу университетінің (1755) құрылуы М.В.Ломоносов атымен тығыз байланысты. Ол қазіргі кезеңдегі әлемдегі жетекші университеттердің бірі болып саналады. Ломоносов осы университетті құру жобасы мен оқу бағдарламасын жасады. Ғалымның ұсынысы бойынша университет қабырғасында гимназия ұйымдастырылып, ол 1812 жылға дейін өз қызметін жалғастырып келді.

Университеттің жанынан екі гимназия ашылды. Бірі дворян балалары үшін, екіншісі - крепостной шаруалардың балаларынан өзге, әр түрлі шендегі сословиелердің балаларына арналды. Бұдан кейін Мәскеу гимназиясының үлгісімен Қазанда да гимназия ашылды.

Мәскеу университетінің жанында орыс архитекторлары Казаков пен Баженовтың мектептері жұмыс істеді. Бұл университеттің профессорлары ірі педагогикалық зерттеулермен айналысты. Олар оқыту әдістемелерін зерттеді. Жеке пәндерді оқыту туралы бағалы құрал жасап ұсынды. Ол құрал “Университетке түсушілерді оқытудың әдістері” (1771) орыс, латын, неміс, француз тілінде шықты.


Мәскеу университетінің жанында Ресейдегі алғашқы оқытушылар семинариясы жұмыс істей бастады. Бұл семинария гимназиялар мен басқа мектептер үшін мұғалімдер даярлады.

Мәскеу университетінің ашылуы М.В.Ломоносовтың жоғары демократиялық мектеп жайлы арманын іске асырды. Онда барлық сословиенің өкілдері оқуға мүмкіндік алды.

Мәскеу университеті қиындықтарға қарамастан өз қызметінің аясын кеңейте бастады. Онда әдеби және ғылыми бірлестіктер құрылды. Сонымен бірге “Баспаханалық бірлестік” те бой көтеріп, баспадан кітаптар шығарып, оны сататын дүкендер ашты.

60-жылдары М.В.Ломоносов Санкт-Петербугтегі академиялық гимназия мен университетті басқарды. Ол жалпы жұмыс жоспары, оқу жоспары, ондағы жұмыс тәртібі жайлы “Академиялық гимназия регламентін” жасады. Ломоносов алғаш рет Санкт-Петербург университетінде дәрісті орыс тілінде оқыды, бұрынғы ғылым тілі Еуропа мен Ресейде латын тілі еді.

М.В.Ломоносовтың ағартушылық қызметінің бірі - орыс тілінде қажетті оқулықтар мен әдістемелік құралдар жазуы. Мәселен, оның “Риторика” (1748) және “Орыс тілінің грамматикасы” (1758) жарты ғасыр бойындағы ең жақсы оқулық болып саналды. Тарихқа байланысты кітаппен бірге “Кен ғылымын алғашқы негіздеу” кітабын жазды. “Студенттерге арналған физика кітабын” латын тілінен орыс тіліне аударды.

М.В.Ломоносовтың ең ірі педагогикалық жетістігі - чех педагогы Ян Амос Коменскийдің “Суретті әлем” деген шығармасын мейілінше насихаттап, гимназия оқулығы ретінде пайдалануға ұсынуы.

М.В.Ломоносовтың педагогикалық жетістігінің екінші бір қыры - Ресейде ең алғаш рет академия мен университеттерге сыныптық-сабақ жүйесін енгізуі, кейіннен сол үлгі бойынша, кадет корпустарына да сыныптық-сабақ жүйесі енгізілді.

М.В.Ломоносовтың біліктілігі мен парасаты оның жасаған бағдарламалары мен ғылыми еңбектерінде көрініс тапты.

Сондай-ақ, І-Петр тұсындағы мектепті ұйымдастыру ұстанымдары: мектептердің мемлекеттілігі, кәсібиліктің энциклопедиялық біліммен ұштасуы, оқу жоспарларында математика, навигация және теңіз ғылымдарына ерекше орын берілді, зорлықпен оқыту және қатаң режим орнатылды.


XVII ғасырдағы білім беру мекемелері жүйесіне жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары (математика және навигация ғылымдары мектебі (1701) .математика, астрономия, география, геодезия, теңізде жүзу; Теңіз академиясы (1715); цифирлік училищелер (1714 жылдан бастап шаруалар үшін басқа оқу, жазу, арифметика).

Арнайы оқу орындары: таукен - заводтық мектебі, инженерлік мектеп; артиллериялық мектеп; қарапайым бұқара халық үшін халық училищелер жүйесі; кіші- 2 курстық, негізгі-4 курстық; Петербургтік басты халық училищесі - мұғалімдік семинария және жабық сословиелік оқу орындары (шетелдік пансиондар, теңіздік кадеттік корпус (1752), артиллериялық дворяндық корпус, бастауыш архиерей мектептері, рухани семинарлар мен рухани академия, Смольныйдағы ізгілікті қыздар институты) және ғалымдар Академиясы (1725), Мәскеудегі университет (1755) т.б.бүкіл білім беру жүйесінің негізгі белгісі - анық көрініп тұратын сословиелік болды.


  1. А. Н. Радищев педагогикалық ойдың көрнекті өкілі.

Александр Николаевич Радищев (1749-1802) – ХVIII ғ. екінші жартысындағы Ресейдегі революцияшыл педагогикалық ойдың көрнекті өкілі болды. Ол крепостнойлық тәртіптің күшті кезінде халықты қанауға батыл қарсы шыққан орыс дворяндарының бірі еді.

А.Н.Радищев табиғат, адамның пайда болуы және оның санасы жөнінде орыстың философиялық материализмінің алдыңғы қатарлы идеяларын жақтады.

А.Н.Радищев тәрбиенің негізгі міндеті азаматтық санасы және жоғары моральдық қасиеттері бар, мейлінше Отанын сүйетін патриот адамды қалыптастыру деп санады. Ол шын мәніндегі патриот деп қаналушы халықтың мүддесі үшін патшамен белсенді күрес жүргізген адамды ғана санауға болады дегенді айтты. Бұл пікір оның “Отанының шын ұлы кім екендігі туралы әңгіме” деген еңбегінде көрініс тапты.

Оның “Петербургтен Мәскеуге саяхат” атты негізгі шығармасында шаруа балаларының помещиктің қанауынан тартып отырған азабын ашып көрсетті. Шаруа балаларының рухани дамуына крепостнойлық тәртіптің кедергі жасап отырғанын, олардың табиғи қабілеттерінің дамуына үкімет тарапынан қамқорлықтың жоқтығын сынады. Жас ұрпақтың тиісті тәрбие алуы мемлекеттің міндеті деп атап көрсетті, тәрбие беру арқылы жас ұрпақтан Отанының азаматын, шын мәніндегі патриотты тәрбиелеу қажет деп санады.

Отбасы тәрбиесіне байланысты балаларды қатаң тәртіппен бағындыруға болмайды, отбасындағы ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы олардың жеке басының ғана ісі емес, ол қоғамдық мәселе деп көрсетті.



<< предыдущая страница   следующая страница >>