shkolakz.ru 1 2 3

"Мал басы туралы мәлімет" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. Осы стандарт мал басы туралы мәлімет беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 
      Мал басын ұстау туралы анықтама жеке тұлғалардың мал басына ие болуы туралы шаруашылық кітабының жазбасына сәйкес жергілікті атқарушы органмен беріледі.

      2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің түрі ішінара автоматтандырылған.

      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 9-1 бабы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 32 бабы және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 164 "Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру туралы" бұйрығының 14, 15-тармақтары негізінде көрсетіледі.

      4. Мемлекеттік қызметті қалалар мен аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі - Бөлімдер) және кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтардың әкімдері көрсетеді. Бөлімдердің, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтар әкімдерінің толық атаулары және олардың мекенжайлары осы стандарттың 1, 2-қосымшаларында көрсетілген.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - мал басы туралы мәлімет беру.

      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушы).

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: 
      1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 24 сағат ішінде; 
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 30 минут; 
      3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 15 минут.

      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету стандарты туралы ақпарат Бөлімдердің ақпарат тағандарында, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының сайтында орналастырылған.


      10. Мемлекеттік қызмет сенбі және жексенбі күнінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзілісімен көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін келесі жағдайлар жасалынған: санитарлы-гигиеналық және өртке қарсы талаптарға жауап беретін күту орны (столдар, орындықтар), өтініштерді, бланкілерді толтыру үшін үлгілер, көрсеткіштер.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыға келесі құжаттарды ұсыну қажет: 
      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорты), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (заңды тұлғалар үшін); 
      2) белгіленген үлгі бойынша өтініш; 
      3) ауыл шаруашылық жануарларының ветеринарлық паспорты.

      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш үлгісін Бөлімдер мен кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтар әкімдері тегін береді.

      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар және өтініш Бөлімнің және кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтар әкімдерінің мамандарына осы стандарттың 1, 2-қосымшаларында көрсетілген мекенжай бойынша тапсырылады.

      15. Барлық қажетті құжаттарды өткізгеннен кейін тұтынушыға мемлекеттік қызмет алу күні көрсетілген, құжаттарды ұсынғанын дәлелдейтін талон беріледі.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін жеткізу тұтынушының жеке келуімен жүзеге асырылады.

      17. Тұтынушы қажетті құжаттарды бермеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Тұтынушыға қатысты мемлекеттік органдар келесі қағидаттары басшылыққа алады: 
      1) сыпайылық; 
      2) кәсібилік; 
      3) шұғылдық; 

      4) ақпаратты жетімді етіп түсіндіру; 

      5) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету; 
      6) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобы бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Бөлімдердің және кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтар әкімдерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібіне түсінік, сондай-ақ шағымды дайындауға көмекті жоғары тұрған мемлекеттік органдарда - қалалар мен аудандар әкімі аппараттарынан алуға болады.

      22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе электронды түрде қалалар мен аудандар әкімдерінің атына беріледі. Қалалар мен аудандар әкімі аппаратының электрондық поштасының мекенжайлары осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген.

      23. Шағымды қабылдауды растайтын құжат өтінішті қабылдау жөніндегі талон болып табылады, онда мемлекеттік органның атауы, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі мен инициалдары, оның қабылдаған күні мен уақыты, телефондар көрсетіледі. Шағым Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңымен көзделген мерзімде қаралады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органдардың және олардың жоғары тұрған органдарының байланыс деректері: 
      1) Бөлімдердің және кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтар әкімдерінің электрондық поштасының мекенжайы, заңды мекенжайы, телефондары осы стандарттың 1, 2-қосымшаларында көрсетілген. 

      2) қалалар мен аудандар әкімдерінің аппаратының веб-сайты, электрондық поштаның мекенжайы, заңды мекенжайы, телефондары, сондай-ақ әкімдер мен олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестелері осы Стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген.


      25. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қосымша ақпаратты тұтынушы "Қарағанды облысының ауыл шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінде мына мекенжай бойынша ала алады: 100008, Қарағанды қаласы, Лобода көшесі, 20, электрондық поштаның мекенжайы: desh_ims@krg.gov.kz, байланыс телефоны: (7212) 56 95 86.

"Мал басы туралы мәлімет" 
мемлекеттік қызмет көрсету 
стандартына 1-қосымша

Қалалар мен аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдерінің байланыс деректері 
 
 
 

Мемлекеттік мекеменің атауы

Заңды мекен жайы, телефон номері

Веб-сайт, электрондық пошта

"Балқаш қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

100300, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы (қ.), Уәлиханов көшесі (көш.), 5 телефон (тел.) (71036) 4-52-57 факс (71036) 4-41-62

www.selxoz.balhkash.кz.

аgro_balhkash@mail.ru

"Жезқазған қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қ., Алаш алаңы, 1  тел. (7102) 73-30-41 факс (7102) 73-52-16

zhez_oselhoz@krg.gov.kz

"Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

100008, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Бұқар Жырау даңғылы, 16 тел. (7212) 42-64-39

 

"Қаражал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

100700, Қарағанды облысы, Қаражал қ., Сайдалы Сары Тоқа көш., 1 тел/факс (71032) 2-70-34


 

"Приозерск қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

101100, Қарағанды облысы, Приозерск қ., Балқаш көш., 7 тел. (71039) 5-32-99 факс (71039) 5-32-99

www.priozersk-selhozotd.kz

prio_so@krg.gov.kz

"Саран қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

101200, Қарағанды облысы, Саран қ., Жамбыл көш., 67 тел. (72137) 2-34-02

aksar-pismo@yandex.ru

"Сәтбаев қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

101301, Қарағанды облысы, Сәтбаев қ., Қ.И. Сәтбаев даңғылы, 111 тел. (71063) 3-65-14

www.satpaev.kz

selhoz-satpaev@mail.ru

"Теміртау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

101406, Қарағанды облысы, Теміртау қ., Независимость бульвары, 12 тел. (7213) 92-38-29 факс (7213) 92-42-16

www.selhoz.temirtau.kz.

selhoz-temirtau @ mail.ru

"Шахтинск қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қ., Қазақстан көш., 101 тел/факс (72156) 5-02-34

www:shahtinsk.kz

selxoz36@yandex.ru

"Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

100100, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қ., Победа даңғылы, 3 тел. (72131) 4-05-29 факс (72131) 4-05-89

www.abay-akimat-karaganda.kz

abay_akimat@mail.ru


"Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеме

100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, Бөкейхан даңғылы, 5 тел. (71037) 2-12-22 факс (71037) 2-12-39

 

"Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

100400, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көш., 39 тел. (72154) 2-14-09 факс (72154) 2-17-87

www.selhoz.bukar-zhirau.kz

bir_osh@mail.krg.gov.kz

"Жаңаарқа ауданының ауылшаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 5 тел (71030) 2-80-12 факс (71030) 2-80-12

www.zhanaarka-akimat.kz

zhanaarka_akimat@mail.ru.

"Қарқаралы ауданының ауылшаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қ., Бөкейханов көш., 40 тел. (72146) 31-7-02 факс (72146) 32-7-57

www.karkaraly.kz

karkar_orgotdel@mail.ru

"Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

100900. Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка кенті, Сейфуллин көш., 34 тел. (72144) 22370

www.nurinsk.kz.

m-ricc_nurinsk@mail.kz.

"Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

101000, Қарағанды облысы Осакаровка кенті. Новая көш., 33 тел. (72149) 4-13-65 факс (72149) 4-22-86

 


"Ұлытау аудандық ауылшаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

101500, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Абай көш., 27 тел. (71035) 2-15-45 факс (71035) 2-11-21

 

"Шет ауданының ауылшаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

101700, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау көш., 69 тел. (71031) 2-14-41 факс (71031) 2-15-11

www.shet-audany.kz

akimshet@mail.ru



следующая страница >>