shkolakz.ru 1 2 ... 5 6



«Гигасепт Инстру АФ» құралын қолдану жөнінде әдістемелік нұсқау «Шюльке және Майер» фирмасы, Германия


2007ж. Астана


Бұл әдістемелік нұсқау Республикалық санитариялық-эпидемиологиялық стансасында әзірленген (бас дәрігері - м.ғ.к. К.С. Оспанов. Орындаушы – профилактикалық және ошақтық зарарсыздандыру, дезинсекция, дератизация бөлімінің меңгерушісі О.А. Хасенова).

«ГИГАСЕПТ ИНСТРУ АФ» зарарсыздандыру дәрмегін тексерудің «Физикалық-химиялық және аналитикалық әдістерің туралы бөлімді өндіруші фирма дайындаған

Бұл әдістемелік нұсқау емдеу-профилактикалау ұйымдарының, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерінің (басқармаларының), санитарлық – эпидемиологиялық сараптау орталықтарының, зарарсыздандыру стансаларының және басқа да зарарсыздандыру жүмыстармен шұғылдануға құқығы бар мекемелердің қызметкелеріне арналған.


    1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ.

1.1. Зарарсыздандырғыш «ГИГАСЕПТ ИНСТРУ АФ» дәрмегі қолдануға дайын өзіне тән иісі бар мөлдір жасыл түсті сұйықтық, оның құрамында әсер ететін зат ретінде 14,0% деңгейінде кокоспропиллендиамингуанидинадинацетаты, 35% феноксипропанол және 2,5% бензалконикумхлориді, тотықтандырудан қорғайтын құрамдармен ионсыз тензидтер, хошиістендіруші заттар бар. Дәрмектің рН- 8,4+ 0,3.

Бұл дәрмектер сыйымдыдығы 1л, 5л, 50л болатын болатын пластмассадан жасалған құтыларда, канистраларда және бөшкелерде шығарылады.

Сақтау температурасы – -50С-тан +400С градустан төмен болмағанда, өндіргіш фирманың жабық құтысында сақталған қанықпаның жарамдылық мерзімі- 3 жыл. Ал жұмысшы ерітіндісінің жарамдылық мерзімі -7 күн.

1.2. Зарарсыздандырғыш дәрмек вирустерге, бактерияларға (оның ішінде туберкулез бактериялары да бар) қарсы әсер етіп және үшін фунгицидті белсенділік танытады. Металдан жасалған ыдыстарды тотықтырмайды.


1.3. «Гигасепт Инстру АФ-тың 12. 1. 007 -76 МЕМСТ бойынша асқазан арқылы енгізгенде жедел уыттылық беретін параметрі жағынан онша қауіпті емес - 3 сыныпқа, ал теріге жанасып және тыныс жолдары арқылы ингаляциялық жолмен әсер еткенде ұшатын құрамдарының (буы) уыттылығы шамалы 4-ші сыныпқа жатады; Теріге тигенде шамалы түрде жергілікті тітіркендіреді де, көздің шырышты қабатын қызартады; сенсибилизациялық әсері жоқ.

Жұмысшы ертіндісі көп рет қайталай әсер еткенде теріні құрғатады.


    1. ЖҰМЫСШЫ ЕРІТІНДІСІН ДАЙЫНДАУ

Дәрмектің жүмысшы ерітіндісін шыныдан жасалған, эмальданған (эмалы бұзылмаған) ыдыста, пластмассадан жасалған сыйымдылық-та бөлме температурасында ауыз суға дәрмекті қосу арқылы дайындайды (1-ші кесте).


Жұмысшы ерітіндіні дайындау

  1. кесте

Дәрмектің жұмысшы ерітіндісінің қанығу деңгейі (%) мыналар

Ерітінді дайындауға керекті құрамның мөлшері (мл)

Препарат бойынша

әсер ететін зат бойынша

1 л жұмысшы ерітіндіге

10 л жұмысшы ерітіндіге

Кокоспро

пилен

диамин

гуанидин

диацетаты

Фенокси

пропанол

Бензал

коний

Дәрмек

су

Дәр-мек

су

4


0,56

1,40

0,10

40

960

400

9600

5

0,70

1,75

0,13

50

950

500

9500


3. ДӘРМЕКТІ ҚОЛДАНУ АУМАҒЫ

3.1. Дәрмек, емдеу-профилактикалау мекемелерінде, сондай-ақультрадыбысты пайдалана отырып механикаландырылған жолмен металлдан, резеңкеден, шыныдан, пластмассадан жасалған медициналық бұйымдарды (бұған майысқақ эндоскоптарға керекті құралдар да кіреді) стерилизация алдындағы тазалаумен ұштастырғанда вирустық, бактериальдық (туберкулезді қоса алғанда) жұқпаларды және зеңдік (кандидоздарда, дерматофитяларда) этиологиялы ауруларда зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуге арналған.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Дәрмек эндоскоптардың өзін стерилизация алдындағы тазалаудан өткізу және зарарсыздандыру үшін қолдануға арналмаған.

3.2. Медициналық бұйымдарды зарарсыздандырғанда, оның ішінде стерилизация алдындағы тазалау жұмыстармен ұштастырылғанда, ондай жұмыстар қақпақпен жабылатын пластмассалық немесе эмалданған (эмалі бүлінбеген) ыдыстарда, 2-4 кестелерде көрсетілген тәртіпке сай жүргізілуі керек.
    1. Медициналық бұйымдардың ластанған жерлері құрғамай тұрғанда дәрмектің жұмысшы ерітіндісіне толық батырады. Бұйымдардағы каналдар мен қуыстарды қосымша құралдардың (тамшуырлар мен еккіштің) көмегімен ауа жиналатын кеңістіктерді қалдырмай ерітіндімен толтырады; ажыратылатын бұйымдарды бір-бірінен ажыратып, ерітіндіге ажыратылған күйде батырады. Құлыпталынатын құралдардың құлпын ашып, оларды ашық күйінде дәрмектің ерітіндісңне батырады; құлыпталынған жерге, ерітіндінің кіруі және жақсы жанасуы үшін ерітіндінің ішінде әрлі -берлі қозғау керек, бұйымдардың үстіндегі ерітіндінің қалыңдығы 1см кем болмауы керек.


    2. Майысқақ эндоскоптарға керекті медициналық құралдарды зарарсыздандырғанда ҚР Денсауминінің 09.05. 1999 ж №053 бұйрығына сай « Майысқақ эндоскоптарға керекті медициналық құралдарды стерилизациялау, стерилзация алдындағы тазалаудан өткізу және зарасыздандыру туралы әдістемелік нұсқаулыққа сай технологияны пайдаланады.

    3. Зарарсыздандыру уақыты біткеннен кейін бұйымдарды дәрмектің ерітіндісінен алып, ағынды жылы ауыз суда 1мин. кем емес уақыт бойы немесе екі сыйымдылықтыңәр қайсысында 2,5 мин. бойы жылы суда жуады.

    4. Медициналық бұйымдарды зарарсыздандырғанда, оның ішінде стерилизация алдындағы тазалумен үштастырғанда пайдаланылатын жұмысшы ерітіндісін егер түсі өзгермесе, бірнеше рет пайдалануға (жарамдылық мерзімі ішінде) болады. Егер ерітіндінің түсі өзгертіндей алғашқы белгілері (түсі өзгерсе, ерітіндінің мөлдірлігі азайса ж.б.) пайда болса, ерітіндіні ауыстыру керек.

3.7. Стерилизация алдында жүргізілетін тазалаудың сапасын анықтау үшін қан қалдығын анытау үшін амидопирин немесе азопирам, ал сілтілік компоненттердің барлығын фенолфталейн сынамаларын қою арқылы анықтайды.


«Гигасепт Инстру АФ» дәрмегінің ерітіндісі мен медициналық бұйымдарды зарарсыздандыру тәртібі

2-кесте

Залалсыздандырылатын нысан

Жұмысшы ерітіндінің қанығу мөлшері

(препарат бойынша), %

Вирустық, бактериальдық

(туберкулезді қоса) зең жұқпаларын залалсыз дадандыру уақыты (мин)

Майысқақ эндоскоптарға керекті құралдарды қоса алғандағы медициналық бұйымдар

4


30

5

15

Ескерту: ультрадыбыспен өңдейтін ыдыстарды пайдаланғанда залалсыздандыру уақыты 5 минуттан аспауы керек, мұндайда ерітіндінің температурасы 40 0 С аспауы керек.


«Гигасепт Инстру АФ» дәрмегін медициналық бұйымдарды (жұмсақ эндоскоптарға керекті құралдардан басқасы) стерилизация алдындағы тазалаумен ұштастырғандағы зарарсыздандырудың тәртібі

3-кесте
Өңдеу кезеңдері

Өңдеу тәртібі

Жұмысшы ерітіндінің қанығу мөлшері

(препарат бойынша), %

Жұмысшы ерітіндісінің температурасы

0С

Өңдеуге жұмсалатын уақыт, мин

Бұйымдарды қуыстары мен өзекшелерін жұмысшы ерітіндіге толық батыра отырып шылау*



4

5
18-ден кем емс





30

15

Әрбір бүйымды шылау жұмыстары жүргізілген ерітіндіде қылдүрпінің, мақта-дәкеден жасалған тампонның немесе сүрткіштің көмегімен жуып, өзекшелерін еккіштің көмегімен

• қуысы, , өзекшелері, құлпы жоқ бұйымдарды;


• қуысы, , өзекшелері, құлпы бұйымдарды


Шылау кезеңінде қолданған жұмысшы ерітіндінің қанығу деңгейіне сай
Не менее 1 8



0,5


1,0

Ағынды ауыз сумен шаю (өзекшелерін еккіштің немесе электросорғыштың көмегімен жуады)
Нормаланбайды

1,0

Ағынды ауыз сумен шаю (өзекшелерін еккіштің немесе электросорғыштың көмегімен жуады)
Нормаланбайды

0,5



следующая страница >>