shkolakz.ru 1
«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының облыстық сырттай оқу олимпиадаға дайындық мектебінің тапсырмалары


Задания областной заочной школы олимпийского резерва

регионального научно-практического центра «Ертіс дарыны»


2012-2013 учебный год


Қазақ тілі (орыс тілінде оқытылатын мектептер)


I тур


8-9- сыныптар



1. Мына фразеологизмдердің мағынасын түсіндір (қазақша).


Қолы босады, дәм татты, көргенді жер, қолын қақпады, жерге кіріп кете жаздады, қара мысық өтті, жер соқты, көзі айтты, қасын түйді, қолынан келмеді, ісі өнді, үш мүйіз болды, орын тепті, тіл алды, құлан таза.


15 ұпай


2. Берілген сөздер қай сөздерден жасалатынын көрсет.


Сезгіш, одақтас, рәсімдеу, нәтижелі, қысылыс, пайдалану, теңдес, тірілу, ұстамды, опасыздық, сүйекті (сын есім), тәртіпсіздік, мұрындық, міндеттеу, негізсіз.

Үлгі: әзірлік (подготовка) – әзір (готов, готовый)

1
5 ұпай


3. Синтаксистік талдау жаса.


«Ана тілін құрметтемеу – ештемені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеруі керек»

Ғабит Мүсірепов


10 ұпай



4.
Берілген мәтін бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастыр.

10 ұпай

Бұқар Қалқаманұлы


Бұқар Қалқаманұлы – қазақтың аса көрнекті жырауы, мемлекет қайраткері. Ұзақ ғұмыр сүрген ол көптеген тарихи оқиғалардың куәгері. Тәуке хан тұсында беделді билердің бірі болған. Материалдық-тұрмыстық қиындықтарды басынан кешіріп, «Ақтабан шұбырынды» жылдарында өз билігінен айрылған Бұқар жырау билік басына Абылай хан келгенде мемлекеттік істерге қайта араласады. Ханның бас кеңесшісі және ең беделді билерінің бірі бола отырып, жырау қазақ халқының өміріндегі күрделі мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарды.

Өз заманында Бұқар жырау білімдар адам болған және араб тілінде жазған. Оның поэтикалық мұрасынан бізге 1200 жолға жуығы жетті. Олар XIX-XX ғасырларда ел аузынан жиналып алынған болатын. Өз дәуірінің тұрақсыз және құбылмалы сипатын Бұқар жырау заңды құбылыс ретінде қабылдайды. Оның айтуынша, әлемде ешбір зат мәңгілік емес, адам өмірі мен табиғат та өзгереді.


Бұқар жырау бір орталыққа бағынатын біртұтас мемлекетке үш жүздің бірігуін аңсады. Сондықтан да бұл арманын жүзеге асыратын Абылай хан деп санап, Бұқар жырау өзінің іс-әрекеті мен өлеңдері арқылы оны қолдап, хандық билікті нығайтып, дамыту жолында күрес жүргізді. Ол орыс патшалығының басты мақсаты қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге асыру екенін жақсы түсінді.

Өз туындыларында өзекті мәселелерді көтерген абыз ақын халықты бірлікке, достыққа және батылдыққа үндейді. Абылайдың кейбір іс-әрекеттерін қатты сынаған ол айбарлы ханның ақылшысы ғана емес, мемлекеттік саясат істеріне ықпал етіп отырған қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналды.

Бұқар жырау қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында, Далба тауының баурайында қайтыс болған.


10-11- сыныптар

1. Берілген фразеологизмдердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құрастыр.


Көңілі қалды, қасын түйді, сапар шекті, жөн сұрады, қаны бір, күні жетті, инемен құдық қазғандай.

15 ұпай


2. Келесі үлгімен жасалған сөздерді жазып, сөйлем құрастыр.


а) түбір, есімше жұрнағы, көптік жалғау, септік жалғау.

ә) түбір, етіс жұрнағы, шақтың жұрнағы, жіктік жалғау.

б) түбір, сөз тудырушы жұрнақ, көптік жалғау, тәуелдік жалғау.

в) түбір, сөз тудырушы жұрнақ, тәуелдік жалғау, септік жалғау.

г)
түбір, сөз тудырушы жұрнақ, сөз тудырушы жұрнақ, септік жалғау.


10 ұпай


3. Синтаксистік талдау жаса.


Жақсылық жасау, біреуге қол ұшын беру, махаббат, құрмет көрсету –бұлардың барлығы да адамдық құндылықтар.

10 ұпай


4. Берілген мәтелді қалай түсінесің? Өз пікіріңді 7-8 сөйлеммен білдір.

Ғасыр жасасаң,

Ғасыр бойы үйрең.

15 ұпай



Тапсырмаларды берілген ретімен орындауларыңды сұраймыз.


Жұмыстары бірдей орындалған оқушылардың ұпайлары төмендетіледі


Берілген тапсырмаларды ұқыпты, таза және бір тор арқылы жазуларыңды сұраймыз.


Әр тапсырма дәптердің жаңа бетінде жазылу керек.


II тур



8-9- сыныптар



1. Орысша берілген мәтелдердің қазақша баламасын тап.

10 ұпай


Дуракам закон не писан – ... .

У каждого свой конек – ... .

Одна голова хорошо, а две лучше – ... .

Волков бояться, в лес не ходить – ... .

Сапожник без сапог – ... .

Всяк кулик свое болото хвалит – ... .

Хочешь есть калачи, не лежи на печи – ... .

Тише едешь, дальше будешь – ... .

У семи нянек дитя без глазу – ... .

За двумя зайцами погонишься, ни одного не поймаешь – ... .


2.

Қазақ халқының дәстүрлі әуені


Қазақ халқының дәстүрлі әуені – рухани мұраның ең бай қазынасы. Ғасырлар бойғы сынақтан өтіп, халық дарындылығы мен даналығын көрсете білген ол, үшінші мыңжылдықта ерекше тарихи маңызға, көркемдік те, мәдени де бағалылыққа ие болды.

Қазақ даласы ғасырлар бойы шабытты поэзиямен, орынды шешендікпен, жалынды күйлермен және шын жүректен шыққан әндермен өмір сүрген. Әуенмен қазақтың бүкіл өмірі байланысты – ол тойларда, салт-дәстүрлер мен ырымда, күнделікті еңбекте және басқа жерлерде айтылады. Қазақ халқы таң қаларлық музыкалық дарындылығымен ерекшеленеді, әр отбасында дерлік жақсы ән айтатын немесе халық аспаптарында дарынды ойнайтын ең болмағанда бір адам табылады. Халық арасында мынадай сөз бар: «Құдай әрбір қазақты жаратқанда жүрегіне күйдің бір бөлігін сіңірген».

Ғасырлар бойы музыкалық мәдениеттің сақтаушысы болған да, оны көтере білген де халықтың өзі. Оны ұқыпты сақтап және жақсы дамыта келе ол ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған.


XVIII- XIX ғасырларда қазақтардың  өмірі мен тіршілігін зерттеген көптеген ғалым-фольклористер, өздері басқа ұлт пен мәдениет өкілдері болса да, қазақ халқының ерекше ақындық, прозалық және музыкалық таланттарына, халықтың шығармашылыққа, қарқынды музыкалық-ақындық импровизацияға қабілеттілігіне, халықтың музыкалық өнерге молынан қатысуына таң қалуын қоймаған. Қазақ халқының ән дәстүрлеріне таң болған танымал орыс ғалымы Г. Потанин: «Мен үшін бүкіл қазақ даласы әндетіп тұрғандай»,- деген екен.


2.1 Берілген мәтін бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастыр.


10 ұпай

2.2 Мәтіннен берілген келесі сөздермен сөйлем құрастыр.


Бүкіл, зерттеген, күнделікті, шығармашылық, шын жүректен, қабілеттілік, ерекшелену, өкіл, танымал, көрсете білген.


Ескерту: Құралған сөйлемдер мәтіннен тыс болуы тиіс.

10 ұпай


2.3 Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгіле.

10 ұпай

Ескерту: Сын есімдер мәтіннің ретімен алынуы тиіс.


2.4 Мәтіндегі келесі зат есімдерге сын есімдерді тап.


Еңбек, дарындылық, әуен, бөлік, аспап, дала, қабілеттілік, мұра, өкіл, өнер.


10 ұпай



10-11- сыныптар


1. Биыл өткен XXX жазғы олимпиада туралы диалог құрастыр. 15 сөйлемнен (сұрақ-жауап) кем болмауы тиіс.


15 ұпай


2. Қазақстанның атақты спортшыларының бірінің өмір деректері туралы баянда. 15-18 сөйлемнен кем болмауы тиіс.


Ескерту:

а) қолданылған әдебиетті және интернеттегі сайтты көрсету міндетті

ә) бір мектептің оқушыларының орындаған материалдары әртүрлі болуы тиіс

б) сөйлемдерді нөмерлеу керек


20 ұпай

3. «Еңбек» тақырыбы бойынша сөздік құрастыр. (15-20 сөз аудармасыз).



15 ұпай

Тапсырмаларды берілген ретімен орындауларыңды сұраймыз.


Жұмыстары бірдей орындалған оқушылардың ұпайлары төмендетіледі


Берілген тапсырмаларды ұқыпты, таза және бір тор арқылы жазуларыңды сұраймыз.


Әр тапсырма дәптердің жаңа бетінде жазылу керек.


III тур



8-9- сыныптар



1. Абайдың «Қара сөзіндегі» пікірімен келісесің бе? Толық жауап бер. Көлемі – 10-15 сөйлем.


Егер ісім өнсін десең, ретін тап.

(отыз жетінші сөз)


20 ұпай

2. Келесі үлгімен жасалған сөздерді жазып, сөйлем құрастыр.


а) түбір, сөз тудырушы жұрнақ.


ә) түбір, сөз тудырушы жұрнақ, көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау.


б) түбір, етіс жұрнағы, шақтың жұрнағы, жіктік жалғау.


в) түбір, шақтың жұрнағы, жіктік жалғау.


г) түбір, сөз тудырушы жұрнақ, тәуелдік жалғау, септік жалғау.


10 ұпай


3. Берілген мәтелді қалай түсінесің? Өз пікіріңді 7-8 сөйлеммен білдір.

Сақ жүрсең, сау жүресін

10 ұпай


4. «Табиғатты қорғау» тақырыбы бойынша сөздік құрастыр (15-20 сөз аудармасыз).

10 ұпай


10-11- сыныптар

1. «Қазақстан киносы» тақырыбына досыңмен пікірталас жүргіз (пікірталас екі адамның сұхбаты түрінде болуы тиіс). Көлемі әр жақтан 5-6 сөйлем болуы қажет.

15 ұпай


2. Сен шетелде саяхатта жүрсің. Басқа елдің өкілдері сенен Қазақстан туралы сұрап жатыр. Сен не дейсің? Осы тақырыпқа монолог құр. 10-12 сөйлем.

25 ұпай

Ескерту: монолог бейресми тілде болу керек.

3. Естай Беркімбайұлының өмірбаяны бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастыр.


10 ұпай


Тапсырмаларды берілген ретімен орындауларыңды сұраймыз.


Жұмыстары бірдей орындалған оқушылардың ұпайлары төмендетіледі


Берілген тапсырмаларды ұқыпты, таза және бір тор арқылы жазуларыңды сұраймыз.


Әр тапсырма дәптердің жаңа бетінде жазылу керек.