shkolakz.ru 1 2 3
«Жедел лейкоздар» тақырыбы бойынша тест сұрақтары:



Бiлімін тексеру үшін


1. Гемобластоздар - бұл келесi тіндерден шығатын iсiк :

А) қан жасаушы

В) дәнекер тін

С) мезенхималды

D ) лимфоидтық

Е ) ретикулярлы

1 дұрыс жауап


2. Лейкозды дамытудағы негiзгi этиологиялық факторлардың бiрi болып табылады :

А) тамыр iшiндегi гемолиз

В) өткерген инфекциялары

С) ұзақ интоксикациялар

D ) иондаушы радиация

Е ) инсоляция

1 дұрыс жауап


3. Миелобласты лейкоздың морфологиялық субстраты болып табылады :

А) гранулоциттер

В) тромбоциттер

С) типтiк емес жасушалар

D ) плазмалық жасушалар

Е ) ретукилоциттер

1 дұрыс жауап


4. Сүйек кемігінде мына заттардың анықталуы жедел лейкоз диагнозын коюдың критериі болып табылады :

А) бласты жасушалар 30% және одан көп

В) мегалоциттер, мегалобласттар

С) майлы инфильтрация

D ) нормобласттардың санының жоғарылауы

Е ) эритропоэтикалық тіннің гиперплазиясы

1 дұрыс жауап


5. Жедел лейкозға күмән болғанда міндетті зерттеу әдісі болып табылады:

А) көк бауырдың биопсиясы

В) бауырдың биопсиясы

С) лимфа түйiндерiнiң биопсиясы

D ) жұлындық пункция

Е ) төс пункциясы

1 дұрыс жауап


6. Шеткi қандағы мына жасушаның анықталуы жедел миелобласты лейкоз диагнозын коюға мүмкіндік береді:

А) миелоциттер

В) промиелоциттер

С) метамиелоциттер

D ) миелобласттар

Е ) монобласттар

1 дұрыс жауап


7. Жедел миелобласты лейкозға басты тән белгі :

А) тромбоциттердiң санының жоғарылауы

В) лейкемиялық үңiрею

С) мегалобласттардың бар болу


D ) гиперэозинофилия

Е ) ретикулоцитоз

1 дұрыс жауап


8. Миелоидты лейкоздағы лейкемиялық құлауға тән шеткі қандағы клеткалар:

А) бласттар және гранулоциттердің жетілген формалары

В) эозинофилдiк - базофилдік қауымдастық

С) тек қана гранулоциттердiң жас формалары

D ) гранулоциттердiң аралық формалары

Е ) гранулоциттердiң аралық және жетілген формалары

1 дұрыс жауап


9. Жедел миелоидты лейкоз кезіндегі қызыл иектің қанауы, қызыл иектің кез келген жерінен қан кету көрінеді :

А) ретикулоцитозбен

В) Тромбопитопениямен

С) VIII, IX, X-шi қан ұю факторларының кемшiлiгiмен

D ) тамыр қабырғасының қабынуымен

Е ) Гранулоцитопениямен

1 дұрыс жауап


10. Лейкоз кезіндегі қызбаға тән :

А) толқын тәрiздi сипатта болады

В) инфекциялық асқынуда пайда болады

С) антибиотиктер тағайындағаннаннан кейiн жоғалады

D ) химиотерапия тағайындауынан кейiн жоғалады

Е ) нейролейкемиямен байланысты

1 дұрыс жауап


11.Жедел миелоидты лейкоз кезіндегі гиперпластикалық синдромға тән белгі :

А) көк бауырдың, лимфа түйiндерiнің ұлғаюы

В) терi iшiндегi қан құйылулар

С) ұзақ қызба, қалтыраулар

D ) дененiң массасының төмендеуі, бұлшықет атрофиясы

Е ) инфекциялық -қабынулық аурулар

1 дұрыс жауап


12. Жедел лейкоз диагнозын қойғандағы міндетті зерттеу әдiсi болып табылады :

А) миелограмма

В) иммунологикалық тесттер

С) биохимиялық әдiстер

D ) цитогенетикалық әдiстер

Е ) морфологиялық әдiстер

1 дұрыс жауап


13. Жедел лейкоздың диагностикасында маңызды орын алады :

А) некротикалық баспаның дамуы


В) терінің лейкемиялық инфильтрациясы

С) сүйек-бұлшық еттiк жүйенiң зақымдалуы

D ) қанның жалпы анализін зерттеу

Е ) геморрагиялық синдром

1 дұрыс жауап


14. Мықын сүйегі қанатының трепанобиопсиясы көбiнесе жүргiзiледi :

А) айқын анемияда

В) лейкоздың алейкемиялық формасында

С) төс пункциясының нәтижесіздігінде

D) нейролейкемияға күдiк болғанда

Е) инфекциялық асқынуларда

1 дұрыс жауап


15. Созылмалы миелойдты лейкоз кезіндегі шеткері қанға тән негізгі белгі:

А) «құлау(провал)» феноменнiң жоқтығы

В) жиi тромбоцитопения

С) лимфоциттердiң абсолюттi санының жоғарылауы

D ) анемияның ауыр дәрежесi

Е ) базофилдер мен эозинофилдердің жоқтығы

1 дұрыс жауап


16. Лимфобластық лейкоз кезінде шеткері қанға тән өзгеріс:

А) лимфоциттердiң абсолюттi санының жоғарылауы

В) Нейтрофилдердің абсолюттi санының жоғарылауы

С) тромбоциттердiң санының жоғарылауы

D ) лимфоциттердiң санының кенет азаюы

Е ) миелобластардың бар болу

1 дұрыс жауап


17. Лейкоздың емделгендiгінің белгiсi болып табылады :

А) бласты жасушалардың санының 50% ке азаюы

В ) бласты жасушалардың санының 70-90% ке азаюы

С ) тромбоциттердiң санының 50-80 мыңға дейiн жетуі

D ) ЭТЖ қалыпты болуы

Е ) миелограммадағы 5% аспайтын бласты жасушалардың болуы

1 дұрыс жауап


18. Лейкоз кезіндегі полихимиотерапияның қолданылуы байланысты :

А) клеткалы цикл фазасына ықпалымен

В) иммуномодульдейтiн әсерімен

С) усыздандыратын әсерімен

D ) қабынуға қарсы әсерімен

Е ) жiлiк майының трансплантациясына әзiрлеуiмен

1 дұрыс жауап



19. Жiлiк майының трансплантациясына негізгі көрсеткіш болып табылады :

А) полихимиотерапияға төзімді формасы

В) лейкоздың алейкемиялық формасы

С) анемиялық синдромның айқындығы

D ) инфекциялық асқынулардың пайда болуы

Е ) нейролейкемияның бар болуы

1 дұрыс жауап


20. Жiлiк майының трансплантациясының асқынуы :

А) «бласты» лизистің дамуы

В) трансплантанттың сәйкес келмеуі

С) гиперлейкоцитоздың пайда болуы

D) айқын тромбопитопения

Е) агранулоцитоз

1 дұрыс жауап


21. Жедел лейкоздың морфологиялық субстраты болып табылады :

A ) Бласты жасушалар

B ) Жетілген лимфоциттер

C ) жетілуші және жетілген гранулоциттердiң формалары

D ) плазмалық жасушалар

E ) ретукилоциттер

1 дұрыс жауап


22. Жедел лейкоз кезіндегі сүйек-буын жүйесінің зақымдануы байланысты :

A ) Субпериосталды лейкемиялық инфильтрацияға

B ) Екiншілік деформациялық остеоартрозға

C ) остеохондропатияға

D ) панникулитке

E ) гемартроздарға

1 дұрыс жауап


23. Ересектерде жиі кездесетін жедел лейкоздың қай нұсқасы :

A ) лимфобласты

B ) миелобласты

C ) промиелоцитарлы

D ) эритромиелоз

E ) мегакариобласты

1 дұрыс жауап


24. Жедел лейкоздағы миелограммаға өте тән :

A ) бласты жасушалардың 30%тен көбiрек жоғарылауы

B ) бласты жасушалардың 5%тен кем жоғарылауы

C ) жетілген лимфоциттердiң 30%көп жоғарылауы

D ) мегалобластардың санының көп болуы

E ) плазмалық жасушалардың саны 15% жоғары

1 дұрыс жауап

25. Жедел лейкоз диагнозы мына белгілер бар болғанда анықталады :


A ) анемиялық синдром

B ) Геморрагиялық синдром

C ) Гиперпластикалық синдром

D ) Жiлiк майында бласты жасушалар 30% көп

E ) Улану синдромы

1 дұрыс жауап


26. Жедел лейкоздың қай сатысында программалық емдеудi бастайды ?

A ) ремиссияның консолидациясы

B ) ремиссияның индукциясы

C ) қолдайтын терапия

D ) реиндукцияда

E ) нейролейкемия профилактикасында

1 дұрыс жауап


27. Шеткi қан анализіндегі лейкемиялық үңiрею (лейкемиялық құлау ) қандай ауруға тән белгі:

A ) Созылмалы миелолейкоз

B ) жедел лейкоз

C ) Созылмалы лимфолейкоз

D ) лимфогранулематоз

E ) Миеломды ауру

1 дұрыс жауап


28. Қай ауруға мына белгілер тән : 60%ке дейiн бластары бар лейкоцитоз, айқын нормохромды анемия, бластары бар жасушаға бай құрамды жілік майы?

A ) Созылмалы миелолейкоз

B ) Жедел лейкоз

C ) Созылмалы лимфолейкоз

D ) лимфогранулематоз

E ) Миеломды ауру

1 дұрыс жауап


29. Лейкоздың қай нұсқасында қоюлау жіліктік пунктат алынады:

A ) Созылмалы лимфолейкоз

B ) Жедел алейкемиялық лейкоз

C ) эритремия

D ) Миеломды ауру

E ) Созылмалы миелолейкоз

1 дұрыс жауап

1. 42 жастағы ер кісі температураның 38-390 ге дейiн жоғарылауына, қалтырауға, терлегіштікке, жұтынғандағы тамақтағы ауру сезіміне, жалпы әлсiздiкке, бiлектер, сирақтардың ауруына шағымданады. Тексеруде: жағдайы ауыр, 390С, қызыл иектің қануы, бадамша бездері ұлғайған, кiр-боз жабынды, жаралы - некротикалық стоматит. Жақ асты лимфа түйiндерi ұлғайған, ауырмайтын консистенциялы. Соғуда - бiлектер, сирақтардың ауруы байқалады. Жалпы қан анализінде: эр.-3,2х1012/л, Нв-85г/л, тр.-110х109/л, лейк.-22х109/л, миелобласт-22%, сегментояд.-50%, лимф.-15%, мон.-3%, ЭТЖ-45 мм/час. Болжама диагнозды таңдаңыз:


А) Жедел миелобласты лейкоз, бастапқы кезең, 1 шабуыл, гиперпластикалық синдром, уланған синдром, 2 дәрежелі анемия.

В) Жедел миелобласты лейкоз, развернутый кезең, 1 шабуыл, гиперпластикалық синдром, уланған синдром, 2 дәрежелі анемия.

С) Жедел лимфобластық лейкоз, развернутый кезең, 1 шабуыл, гиперпластикалық синдром, уланған синдром, 2 дәрежелі анемия.

D ) Созылмалы лимфобластық лейкоз. развернутый кезең, 1 шабуыл, гиперпластикалық синдром, уланған синдром, 2 дәрежелі анемия.

Е ) Созылмалы миелобластық лейкоз. развернутый кезең, 1 шабуыл, гиперпластикалық синдром, улану синдромы, 2 дәрежелі анемия.

1 дұрыс жауап


2. Ер кісі, 42 жаста, температураның 38-39 0 С ге дейiн жоғарылауына, қалтырауға, терлегіштікке, жұтынғандағы тамақтағы ауру сезіміне, жалпы әлсiздiкке, бiлектер, сирақтардың ауруына шағымданады. Тексеруде: жағдайы ауыр, 390С, қызыл иектің қануы, бадамша бездері ұлғайған, кiр-боз жабынды, жаралы - некротикалық стоматит. Жақ асты лимфа түйiндерi ұлғайған, ауыртпайтын консистенциялы. Соғуда - бiлектер, сирақтардың ауруы. Жалпы қан анализінде: эр.-3,2х1012/л, Нв-85г/л, тр.-110х109/л, лейк.-22х109/л, миелобласты-22%, сегментояд.-50%, лимф.-15%, мон.-3%, ЭТЖ-45 мм/с. Түтікті сүйектерді ұрғанда жасағанда ауру сезімі неліктен пайда болады?

А) бұлшықетке метастаз есебiнен

В) сүйекүстіне метастаз есебiнен

С) қаңқа бұлшық етіне метастаз есебiненнен

D ) iшкi ағзаға метастаз есебiнен

Е ) буын қаптарына метастаз есебiнен

1 дұрыс жауап

3. Әйел, 35 жаста, әлсiздiк, шаршағыштық, жүрек соғу, ентiкпеге шағымданады. Тексеруде : тері жабындысы бозғылт, балтыр терісінде геморрагиялық бөртулер бар. Жүрек тондары естілмейді, экстрасистолия, пульс 115рет мин, АҚ 90/60 мм.сын.бағ. Жақ асты, қолтық асты лимфа түйiндерi үлғайған, жылжымалы, ауырмайды. бауырдың 8-10 см үлкею, көк бауыр - 10-12см ұлғайған. ЖҚА: эр.-1,8х1012/л, Нв-58 г/л, тр.-90х109/л, лейк.-2,2х109/л, сегментояд.-25%, лимф.-30%, мон.-10%, ЭТЖ-42мм/с. Миелограммада : миелобласт 70%. Қызыл және тромбоциттердің қан жасауының қысқаруы. Болжам дианозыңыз :


А) Жедел миелобласты лейкоз, сублейкемиялық форма. развернутый кезең, 1 шабуыл, гиперпластикалық синдром, уланған синдром, 2 дәрежелі анемия.

В) Жедел миелобласты лейкоз, алейкемиялық форма. развернутый кезең, 1 шабуыл, гиперпластикалық синдром, уланған синдром, 2 дәрежелі анемия.

С) Жедел лимфобластық лейкоз, развернутый кезең, 1 шабуыл, гиперпластикалық синдром, уланған синдром, 2 дәрежелі анемия.

D ) Созылмалы лимфобластық лейкоз. развернутый кезең, 1 шабуыл, гиперпластикалық синдром, уланған синдром, 2 дәрежелі анемия.

E ) Созылмалы миелобластық лейкоз. развернутый кезең, 1 шабуыл, гиперпластикалық синдром, уланған синдром, 2 дәрежелі анемия.


1 дұрыс жауап


4. Әйел, 35 жаста, әлсiздiк, шаршағыштық, жүрек соғу, ентiкпеге шағымданады. Тексеруде : тері жабындысы бозғылт, балтыр терісінде геморрагиялық бөртулер бар. Жүрек тондары естілмейді, экстрасистолия, пульс 115рет мин, АҚ 90/60 мм.сын.бағ. Жақ асты, қолтық асты лимфа түйiндерi ұлғайған, жылжымалы, ауырмайды. бауырдың 8-10 см үлкею, көк бауыр - 10-12см ұлғайған. ЖҚА: эр.-1,8х1012/л, Нв-58 г/л, тр.-90х109/л, лейк.-2,2х109/л, сегментояд.-25%, лимф.-30%, мон.-10%, ЭТЖ-42мм/с. Миелограммада : миелобласт 70%. Қызыл және тромбоциттердің қан жасауының қысқаруы. Қай аурумен дифференциалды диагноз жүргізу қажет ?

А) апластикалық анемиямен

В) темiр тапшылықты анемиямен

С) гемолитикалық анемиямен

D ) постгеморрагиялық анемиямен

Е ) мегалобласты анемиямен

1 дұрыс жауап

5. Ер кісі, 40 жаста, күштi бас ауыруына, ұйқышылдыққа, температураның 390С ге дейiн жоғарылауына, қалтыраулар, жүдеуге шағымданады. Тексеруде : бөгелген, терісінде жалғыздан орналасқан геморрагиялар, бауырдың қабырға доғасынан 5-7см үлкеюi, көкбауырдың-6-8см, тығыз, ауырады. Бiр жұмадан кейiндi ауруда оң жақты гемипарез дамыды. ЖҚА: эр.-2,2х1012/л, Нв-72г/л, тр.-95х109/л, лейк.- 3,0х109/л, миелобласт -54%, сегментояд. -28%, лимф.-12%, мон.-2%, ЭТЖ -57 мм/с. Сіздің болжама диагнозыныз :


А) Жедел миелобласты лейкоз, алейкемиялық форма, развернутый кезең, 1 шабуыл, гиперпластикалық синдром, улану синдромы, анемиялық синдром, нейролейкемия.

В) Жедел миелобласты лейкоз, алейкемиялық форма. развернутый кезең, 1 шабуыл, гиперпластикалық синдром, улану синдромы, 3 дәрежелі анемия.

С) Жедел лимфобластық лейкоз, развернутый кезең, 1 шабуыл, гиперпластикалық синдром, улану синдромы, 2 дәрежелі анемия.

D ) Созылмалы лимфобластық лейкоз. развернутый кезең, 1 шабуыл, гиперпластикалық синдром, улану синдром, 1 дәрежелі анемия.

E ) Созылмалы миелобластық лейкоз. развернутый кезең, 1 шабуыл, гиперпластикалық синдром, улану синдромы, 2 дәрежелі анемия.


1 дұрыс жауап


6. Ер кісі, 54 жаста, қызыл иектердiң қанауына шағымданады. Емделмеген, дәрiгерлерге қаралмаған. Тексеруде : ЖҚА : эритроциттер - 3, 3 х1012/ л, гемоглобин - 92 г/л, тромбоциттер - 100 х109/ л, лейкоциттер - 7, 9 х109/ л, миелобласт-10%, сегменттi ядролы - 45%, лимфоциттер - 25%, моноциттер - 15%, ЭТЖ - 40 мм/сағ. Миелограммада : миелобласттар саны 25%. Құрсақ қуысының органдарына УДЗ жасағанда көк бауырдың ауданының 62 кв.см.үлкеюi айқындалған. Болжам диагнозыңыз:

А) Жедел миелобласты лейкоз, алейкемиялық форма, развернутый кезең, 1 шабуыл, гиперпластикалық синдром, уланған синдром, анемиялық синдром, нейролейкемия.

В) Жедел миелобласты лейкоз, алейкемиялық форма. развернутый кезең, 1 шабуыл, гиперпластикалық синдром, уланған синдром, 3 дәрежелі анемия.



следующая страница >>