shkolakz.ru 1
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы»

екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2008 жылғы ақпан


Ұлттық Банк 2008 жылғы қаңтарда жүргізген «Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» тұрақты зерттеу нәтижесі бойынша 2007 жылдың екінші жартысында банктердің кредит саясаты айтарлықтай қатаңдатылды. Шетел капиталы ағынының төмендеуі және банктердің сыртқы қорландыру перспективаларының айқындалмауы аясында кредит саясатын айтарлықтай қатаңдату қаржылық емес ұйымдарға қатысты және сол сияқты жеке тұлғаларға қатысты жүргізілді. Атап айтқанда пікіртерім жүргізілген банктердің арасында респонденттердің жартысынан көбі саясаттың қаржылық емес ұйымдарға қатысты, 68%-ы ипотекалық және 63% тұтынушылық кредиттеуге қатысты қатаңдатылғанын атады. Осы үрдіс активтер бойынша алғашқы бестікті құрайтын, активтердің 78% тиесілі болатын және кредиттеудің осы сегменттерінде көшбасшы позицияны алатын банктерде байқалды.



  1. Корпоративтік сектор заемдарының нарығы


1. 2007 жылдың екінші жартыжылдығында банктер ресурстарды кредиттеуге сұраныстың өсуін атап өтті, әсіресе ірі кәсіпкерлік субъектілері тарапынан. Сонымен қатар диффузия индексінің1 мәні 2007 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 0,32-мен салыстырғанда екінші жартыжылдықта 0,25 құрады (болжамдық күтілген әлдеқайда төмен), бұл сұраныс динамикасының кейбір бәсеңдеуін көрсетеді. Бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда екінші жартыжылдықта қажеттілікпен туындаған неғұрлым белсенді сұраныс байқалды, ең алдымен, негізгі құрал-жабдықтар сатып алу мақсатында кредиттік ресурстарды тартуға қарағанда, айналым қаражаттарын қаржыландыруда байқалды. Сонымен қатар, шетел валютасындағы заемдарға сұраныстың бесеңдеуінің неғұрлым көрсетілген сипаты болды.


1-диаграмма. Кредиттік ресурстарға

сұраныстың өзгеруі (диффузия индексі)

2007 ж.шілдеге болжам

2008 ж. қаңтардағы бағалау


Банктердің кредит саясатын қайта қарауы жағдайында клиенттердің заемдық қаражаттарды неғұрлым белсенді іздестіруі салдарынан екінші жартыжылдықта банктердің бірінші бестігінде сұраныстың неғұрлым көрсетілген өсуі байқалды – 0,40 болжаммен салыстырғанда диффузия индексінің мәні 0,50 құрады (2-диаграмма). Бұл ретте кредит нарығының даму перспективаларына қатысты, ең алдымен банктердің кредиттеу талаптардың айқындалмауы заемшыларды кредит нарығындағы жағдайдың тұрақтануын күту кезінде қысқа мерзімді заемдарға үлкен басымдық беруді талап етті. Сонымен қатар, банктердің осы тобының арасында қорландыру дефициті жағдайында кәсіпкерлікті барлық субъектілері бойынша кредит ресурстарын беру ниетінің неғұрлым көрсетілген төмендеуі байқалады.


2-диаграмма. Ірі банктердің 5-гі бойынша кредит ресурстарына

сұраныстың өзгеруі (диффузия индексі)


2007 ж.шілдеге болжам

2008 ж. қаңтардағы бағалау


2. Кредит ресурстарына сұранысқа әсер еткен негізгі себептер кредиттеу талаптарының өзгеруі, атап айтқанда пайыздық ставкалардың өсуі, сондай-ақ ірі банктердің 5-нің кредиттеу мерзімінің неғұрлым көрсетілген қатаңдатылуы болып табылады. Банктердің 2/3 неғұрлым тәуекелді кредиттер бойынша, ал банктердің жартысынан астамы стандарттық кредиттер бойынша кепілдік талаптарды қатаңдатты және маржаны өсірді.

Қаржылық емес ұйымдарға қатысты кредит саясатын қатаңдатуға әсер еткен негізгі факторлар:

1) сыртқы капитал нарықтарындағы қаржы ресурстарына қол жеткізудің төмендеуі және құнының өсуі;

2) өтімділік талаптарының өзгеруі;

3) несие портфеліндегі тәуекелі жоғары заемдардың өсуі аясында салалық тәуекелдердің ұлғаюы;


4) жылжымайтын мүлік нарығындағы теріс үрдістер жағдайында кепілмен қамтамасыз ету құнының өзгеру тәуекелінің өсуі;

5) тұтастай алғанда елдің экономикалық дамуы қарқынының бәсеңдеуін күту болып табылды.

Ірі банктердің осы факторлардың әсер етуіне неғұрлым осал болғандықтан кредит саясатын түзету (қатаңдату) тереңдігі оларда айтарлықтай болып отыр (3-диаграмма).


3-диаграмма. Банктердің кредит саясатын өзгертуі (диффузия индексі2)


2007 ж.шілдеге болжам


2008 ж. қаңтардағы бағалау




3. 2008 жылдың 2-ші жартыжылдығында барлық банк коммерциялық жылжымайтын мүлікке заемдар беру талаптарын қатаңдатты. Қатаңдатуға арналған ықтимал себептердің ішінен банктер коммерциялық жылжымайтын мүлікке кредиттер бойынша портфель сапасының нашарлағанын, тәуекелге «тәбет» деңгейінің төмендегенін және басқа кредит институттары тарапынан бәсекенің төмендегенін атап өтті. 5 ірі банктер үшін бәсекенің төмендеуі неғұрлым маңызды себеп болды, бұл оларға кредит беру талаптарын неғұрлым икемді қою мүмкіндігін береді.


4. Банктердің басым көпшілігі экономиканың неғұрлым тәуекелді салалары ретінде құрылыс саласын және жылжымайтын мүлікпен операцияларды атады.

5. 2007 жылғы шілдеде өткен жылдың екінші жартыжылдығына жасалған болжаммен салыстырғанда, жарты жыл бұрынғы 77%-ан қарағанда респонденттердің 69%-ы банктердің жақын арадағы 6 айдағы сұраныстың өсуіне сенімі аз деп жауап берді. Бұл ретте бастапқы бестіктің банктері осы топқа кірмейтін банктерге қатысты сұраныстың неғұрлым баяу қалпына келетінін күтеді.


Нақты сектордың іскерлік белсенділігі үшін теріс үрдістің 2008 жылғы бірінші жартыжылдықта да дамуы жалғасты – респонденттердің 1/3 кредит саясатын одан әрі қатаңдатуға, ал жартысынан көбінің оны өзгеріссіз қалдыруға ниеті бар.

Кредиттеу талаптарының арасынан 2008 жылғы 1 жартыжылдықта тәуекелді және стандартты кредиттер бойынша маржа, сондай-ақ кепілдік талаптар неғұрлым қатаңдатуға ұшырайды. Сонымен қатар, қалған банктер баға талаптарын қатаңдауға бейім болған кезде, ірі банктердің 5-гі кредиттеудің бағаға жатпайтын талаптарын қатаңдатуға айтарлықтай мән береді.

Шетел валютасындағы активтердің өтімділік, пайдалылық және жеткіліктілік көрсеткіштері мәнінің сақталуына қарамастан, банктер кредиттеудің баға және бағаға жатпайтын талаптарының одан әрі қатаңдатылуы салдарынан заемшыларда 2008 жылдың бірінші жартысында заемдарға қызмет көрсетуге байланысты кейбір қиындықтар туындайды деп санауға бейім. Атап айтқанда кредиттер бойынша мерзімі өткен төлемдердің мерзімдерін ұзартудың өсуі және заемшылардың ішкі және сыртқы рейтингтерінің төмендеуі күтіледі.


II. Жеке тұлғаларға берілетін заемдар нарығы


1. 2007 жылдың екінші жартысында банктер жеке тұлғалар тарапынан кредит ресурстарына сұраныстың айтарлықтай төмендегенін атап өтті. Ипотекалық кредиттеуде сұраныс төмендеді, онда диффузия индексінің мәні бірінші жартыжылдықтағы 0,23 салыстырғанда -0,21 болды (4-диаграмма) және тұтынушылық кредиттеуде бірінші жартыжылдықтағы 0,41 салыстырғанда -0,03 болды (5-диаграмма). Бұл ретте жеке тұлғаларға берілетін заемдар нарығындағы ипотекалық және тұтынушылық кредиттеу өнімдеріне сұраныстың айтарлықтай төмендеуі шетел валютасында байқалды (респонденттердің 55% – ипотекалық кредиттеу бойынша, респонденттердің 41% – тұтынушылық кредиттеу бойынша).


4-диаграмма. Ипотекалық кредиттеу бойынша сұраныстың өзгеруі

(диффузия индексі)


2007 ж.шілдеге болжам


2008 ж. қаңтардағы бағалау



5-диаграмма. Тұтынушылық кредиттеу бойынша сұраныстың өзгеруі

(диффузия индексі)


2007 ж.шілдеге болжам

2008 ж. қаңтардағы бағалау


2. Ипотекалық және тұтынушылық кредиттеуге сұраныстың төмендеуіне пайыздық ставкалардың өзгеруі, сондай-ақ жылжымайтын мүлік нарығы дамуының айқындалмаған перспективалары айтарлықтай әсер етті. Корпоративтік сектормен салыстырғанда жеке тұлғаларға заем беру ниетінің төмендеуі айтарлықтай болды, әсіресе ірі банктерде (6-диаграмма).


6-диаграмма. Ірі банктердің 5-гінің кредиттік ресурстар беру ниеті

(диффузия индексі)



3. Банктер кепілмен қамтамасыз ету құнының, қорландыру ресурстарына және капитал тартуға қол жеткізудің, жылжымайтын мүлік нарығының даму перспективаларының, сондай-ақ жалпы экономикалық перспективалардың өзгеру тәуекелінің нәтижесінде ипотекалық және тұтынушылық кредиттеуге қатысты өзінің кредит саясатын қатаңдатты; респонденттердің үштен бір ғана кредит саясатын бұрынғы деңгейде қалдырды.


7-диаграмма. Банктердің ипотекалық кредиттеу бойынша кредит саясатын өзгертуі

(
2008 ж. қаңтардағы бағалау
диффузия индексі)



2007 ж.шілдеге болжам

8-диаграмма. Банктердің тұтынушылық кредиттеу бойынша кредит саясатын өзгертуі


(диффузия индексі)


2007 ж.шілдеге болжам

2008 ж. қаңтардағы бағалау


4. Кредиттеу шарттарының ішінде тәуекелді кредиттер бойынша маржа, кепілдік талаптар жөніндегі шарттар және заемдарды кепіл мүлкімен қамтамасыз ету айтарлықтай өзгеріске ұшырады.

5. Банктердің сұраныстарға қатысты күтулерінің оңтайлылығы жақын арадағы 6 айда 2007 жылғы екінші жартыжылдықпен салыстырғанда төмен болды: ипотекалық кредиттеу жөніндегі респонденттердің 41% ғана және тұтынушылық кредиттеу жөніндегі респонденттердің 52% оның өсуін болжайды.

Бұл ретте ипотекалық кредиттеу бойынша кредит саясатын банктердің 50% жуығы және тұтынушылық кредиттеу бойынша 42% қатаңдатуға ниеті бар. Ірі банктердің 5-гі де ипотекалық және тұтынушылық кредиттеу кредит саясатын қатаңдату үрдістерінің басым болуын қадағалайды. Кредиттің тәуекелді түрлері бойынша маржа, кепілдік талаптар, бастапқы бестікте де ипотекаға қатысты жарнаның және пайыздық ставкаға байланысты емес комиссиялардың мөлшері неғұрлым айтарлықтай қаралатын болады.


III. Тәуекелдер картасы

Банктер үшін кредит тәуекелінің маңыздылығын арттыру кезінде кредит саясатын және кредиттеу талаптарын қатаңдату үрдісінің дамуы 2008 жылдың бірінші жартыжылдығында да жалғаса береді. Осы жағдайларда банктер, әсіресе ірі банктердің 5-гі 2008 жылғы 1 жартыжылдықта проблемалық кредиттер бойынша кепіл мүлкін өндіріп алу жөніндегі операциялар санының өсуін күтеді. Бастапқы 5-тің сондай-ақ жақын арадағы жартыжылдықтағы несие портфелінің сапасына қатысты оптимистігі де төмен. Жылжымайтын мүлік бағасының одан әрі төмендеуін күту (респонденттердің 80% жуығы жылжымайтын мүліктің орташа құнының төмендеуін күтеді), өз кезегінде, банктердің кредиттік тәуекелінің өсуіне қосымша әсер ететін болады.


Төмендеу тәуекелі маңыздылығы бойынша кредиттік тәуекелден кейін екінші орында тұратын өзінің өтімділігін және тепе-тең қорландыруды ұстап тұру мақсатында банктердің алынған пайданы қайта инвестициялауға, жұмыс істеп тұрған акционерлер есебінен капиталды ұлғайтуға және қаржыландыру көзі ретінде депозиттерге басымдық беруге ниеті бар. Халықаралық және ішкі капитал нарығының, стратегиялық инвесторлардың және мемлекеттік қолдаудың ролі аса маңызды емес.

Осылайша, банктер өтімділікті ұстап тұру міндетін орындай алған жағдайда, банктердің кредит нарығының неғұрлым қатаң өлшемдері жағдайында капиталдың жеткіліктілігін ұстап тұру мәселесі аса маңызға ие болады.


1 «Диффузия индексі» = («айтарлықтай ұлғайды» деп жауап берген респонденттер пайызы + «шамалы ұлғайды» деп жауап берген респонденттер пайызы *0,5) - («айтарлықтай азайды» деп жауап берген респонденттер пайызы + «шамалы азайды» деп жауап берген респонденттер пайызы *0,5). Оң мән сұраныстың өсуін белгілеген респонденттер пайызының оның төмендеуін көрсеткен респонденттер пайызынан асатынын көрсетеді.



2 «Диффузия индексі» = («айтарлықтай жұмсарды» деп жауап берген респонденттер пайызы + «шамалы жұмсарды» деп жауап берген респонденттер пайызы *0,5) - («айтарлықтай қатаңдады» деп жауап берген респонденттер пайызы + «шамалы қатаңдады» деп жауап берген респонденттер пайызы *0,5). Теріс мән кредит саясатының қатаңдауын белгілеген респонденттер пайызының оның жұмсаруын көрсеткен респонденттер пайызынан асатынын көрсетеді.