shkolakz.ru 1


«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның

электрондық сауда алаңы көлемінде

тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға,

қызмет көрсетуге тапсырыстарды орналастыру Ережелеріне

Қосымша №4


«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-тің электрондық сауда алаңының клиенттерінің бағдарламалық-аппараттық қамсыздандыруына қойылатын талаптар


«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-тің электрондық сауда алаңы жүйесімен жұмыс жасау үшін келесідей аппараттық және бағдарламалық талаптарды орындау қажет:


Орнатылған операциялық жүйе үшін Microsoft кеңес беретінінен кем емес көлемдегі ОЕСҚ-мен (оперативті есте сақтау құралғысы) жабдықталған, Microsoft Windows 2000 немесе одан да соңғы нұсқасындағы (Windows XP, Windows Server 2003, Windows Vista) операциялық жүйесі орнатылған дербес компьютер (ДК);


– экранның шешімі 1024 х 768 нүктеден кем емес;


– 50 кбит/cек төмен емес Ғаламтор каналы;


– Cookies, JavaScript, Flash файлдарын қолдау қосылған және қалқып шығатын терезелерге рұқсат етілген 8.0 немесе одан да жоғары нұсқасындағы MS Internet Explorer браузері;


– «АКИГ электрондық сауда жүйелері» ЖШС-тің электрондық сауда алаңы сайтында орналастырылған құжаттарды қарау үшін – Microsoft Office 2003;


– Жеке электрондық пошта жәшігі және HTML форматындағы хаттарды қарауға мүмкіндігі бар пошталық клиент;


– Клиенттің ұйымының серверінде ets-online.kz аумағының сайттарынан файлдарды жүктеу мен жіберу көлемі жағынан шектеулер болмау керек;


http://www. ets-online.kz серверіне(нен) «doc» кеңейтуі бар файлдарды жүктеуге шектеулер болмау керек.