shkolakz.ru 1 2 3 ... 9 10

1-дәріс.

1. ТМД-ның құрылуы. Тәуелсіз Қазақстан.


  1. Кеңестік мемлекеттің құлауы: себебі және салдары.

  2. Егемен мемлекет құрудың алғышарты.

  3. Қазақстан республикасы- тәуелсіз мемлекет.

1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Онда Ор-талық партия Комитетінің Бас хатшысы М. С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнінде шешім қабылданды. Бірақ бұл шешім тек сөз жүзінде қалды. Іс жүзінде ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті. Оны Қазақстанның партия, кеңес органдары қызметінен байқауға болады.

Тоқырау жылдарында Одақтың барлық ауқымында, оның ішінде Қазақстанда да басқару ісінде жағымпаздык, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген ке-леңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселе-лерінде кептеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы бар-лық кеңес қоғамында бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауы-мен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жер-лестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқ-арды. Бүл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде керініс тап-ть1. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия ко-митеттері ескіше қызмет етті. Казақстан Компартиясының Орталық Комитеті қүрамында сапалық өзгерістер аз бол-ды. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде прин-ципсіздік, түрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз жағдайлар-ды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жо-ғары көтермелеп тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Сол кездегі Республика Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Ә. Назарбаев 1986 жылғы ақпан айында өткен Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяндамасында және съезде шығып сойлеген басқа да делегаттар осындай келең-сіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің дер кезінде шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қала-тынын, күрделі мәселслерді шешуге ескіше қараудың кеңі-нен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді. Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орьш алды. Оларды қызметке жібер-генде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағ-дайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мүндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Ор-талық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевты орны-нан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде 22 жыл Қазақстан Компартиясьш басқарған Д. А. Қонаев қызметі-нен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды.Мүның өзі қайта қүру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазак, жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитеті үйі алдындағы алаңға әздеріңің Плеыум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жүмысшы және студент жастар, оқушылар, т. б. жиналды. Олардың қолдарында үстаған үрандарының арасында «Әр халықтың өз үлттық көсемі болу керек» деген үран болды. Мұндай көсемнің Қазақстанда түратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г. В. Колбин партия Орталық Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С. М. Мүқашев, Н. Ә. Назарбаев, 3. К. Камалиденов, О. С. Мирошхин, М. С. Меңдібаев А. П. Рыбников, Л. Е. Даулетова, В. Н. Лобов, т. б. катына-стьт. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады.


Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшылары-ның, соның ішінде Г. В. Колбиннің ойында қазақ жастары-ның арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыр-тын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін канша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті. Олар жастарға мүздай су ша-шып, алаңнан қуу үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді. Қақтығысудың ба-рысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға ба-сқа жерлерден арнайы әскери болімдер әкелінді.

1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті "Қазақ республикалық партия үйымдарының еңбекшілерге интер-националдық және патриоттық тәрбие беру жүмысы туралы" арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Қазақстандағы үлтшылдықтың көрінісі деп ба-ғаланды. Бірақ кейіннен бүл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта үлтшыл болып корінген емес еді.

Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі үлттық болғанымен үлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағыттал-маған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстра-ция еді, мемлекеттік қүрылысты қүлатуға шақырған жоқ-ты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бю-рократиялық қүрылымы тарапынан ол экстремистік пиғыл-дағы үлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны "Қазақ үлтшылдығы" деп айыптауға дейін барды.

Осыған байланысты 1987 жылғы 14 наурызда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия үйымдарында тазалау басталды. Атап айтқанда, өздерінің жіберген қателіктерін ашык мойындау, номенклатуралық жетекші қызметкерлерге мінездеме беруді жаңарту, бастауыш партия үйымдарында жеке коммунистердің, ал жетскші қызметкерлердің өз қызмет орындарында, түратын жерлердс есептері тыңдалды. Есеп беру барысында, тек 1987 жылы облыстық партия коми-теттерінде істейтін жауапты қызметкерлердің 28 пайызы, ал қалалық және аудандық партия комитеттерінің әрбір үшінші қызметкері жүмыстан босатылды. Олардың әрбір оныншысы қызметте жіберілгеп кемшіліктері үшін деген мінездемемен орнынан алынды. Мүндай тазарту жүмыста-ры сондай-ақ кеңес, кәсіподак, комсомол органдарында да кеңінен жүргізілді.


Желтоқсан оқиғасы бойьшша тергеу барысьшда 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО мүшесіне, 210 партия мүшесіне әр түрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қата-рынан шығарылды. Ішкі істер мииистрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау жәис Колік мииистрліктсрінен 309 адам жүмыстан босатылды, жоғары оку орындарының 12 ректо-ры қызметінен алынды.

Жергілікті кадрларды қуғыпға салған Г. В. Колбин Ор-талық партия Комитеті бюро мүшслсрінің пікірімен санаспады, олардың талаптарын қабылдамады, мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шсшті. 1989 жылы наурыз айында Г. В. Колбин Халықтық бақылау комитетініц төрағасы болып тағайындалып Мәскеуге кетті. Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.

Мәселені әрі қарай тексеру үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы қүрылған, Мүхтар Шаханов баста-ған комиссия егжей-тегжейлі тексерді. Оның барысында, Қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демокра-тия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген талабы мен ескі партиялық ойлау арасын-Дағы қақтығыстың болғандығы ашып корсетілді.

Бір ерекше айтып кететін жәйт, қайта қүру жағдайында бүқаралық хабарлама оргапдары слдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды.

Кеңестер Одағыньщ қүлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы саяси-идеологиялық бірлік пен біртүтас-тық сол сексенінші жылдардың соцы мен тоқсаныншы жыл-дардыц басында-ақ козден ғайып болғанын ерекше атап көрсеткен жөи. Бүл кезде бүрынғы Кеңес Одағы елдерінде бүрын болмаған үлт толқулары күшейді. Ең қауіптісі - олар таза ұлттык сипат ала бастады. Сумгаиттегі, Таулы Кара-бахтағы, Вильнюстегі, Ферғанадағы оқиғалар үлттық мәселелерді шешудің ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын анық-тады. Кеңестік кезеңде қабылданған мәлімдемелер, түжырмнамалар, бағдарламалар ұлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Ел басында отырған басшылар ұлт мәселесінің байыбын терең түсінбеді, оныц теориялық базасы жасалмады. Ақыр соңында үлтаралық қайшылықтар тартысқа, ал тартыс қантөгіске әкеліп тіреді. Бүған мысал ретінде Қазақстанда болғ-ан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын айтуға болады.


Сондықтан бірқатар үлт республикалары Одақтан белініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы женіндегі талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың Қараша - 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары ездерініц егемендігі туралы алғашқы қүжаттарын кабыл-Дады. Сейтіп, олар КСРО қүрамынан шығып, жеке тәу-елсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989-1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады. Сөйтіп, 74 жыл боііы өмір сүрген республикалар Одағы ыдырады.

1992 ж. 4-маусымда ҚР-сын мемлеекттік туы, елтаңбасы, әнұраны бекітілді. Мемлекеттік символдардың тарихтың, мәдениетті бейнесі болып табылады, олар еліміздің қайталанбас өзіндігін паш етеді және оның азаматтарының сана сезімін білдіру еді.ҚР-ның мемлекеттік туы, авторы Ниязбеков Ш., мемлекеттік елтаңба, авторлары Мәлібеков Ж., Уәлиханов Ш., мемлекеттік әнұранның авторлары Нәжімедденов Ж., Назарбаев Н.

1997 ж. еліміздің президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» бүкіл қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және игілік жағдайының жақсаруы Үндеуі жарияланды.Онда ұлттық қаіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды жұмылдыру, экономикалық өрлеу, әлеуметтік даму стратегиясы, инфрақұрылым, транспорт және байланыс, энергетикалық ресурстар, кәсіби Үкімет мәселелерінің даму жайы қарастырылады.

Бекіту сұрақтары:

1. Кеңестік мемлекеттің құлауы Қазақстан үшін не берді?

2.Егемендік алу кездейсоқтық па, әлде, заңдылық па?

3.Егемендікті айшықтайтын құжат қандай? Оның мәні неде?


Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. Алматы.,2003

2.Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). Алматы.,2003

3.Қазақстан тарихы. А., 2009.

4.Омарбеков Т. Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. А., 2001.

2-дәріс.Қазақстан Республикасының Президенті. Президентік сайлау


1.ҚР –ның президентінен үміткерлер, оларға қойылатын талаптар.

2.Тұңғыш президент сайлауы. Референдум.

3.Президенттің билігі және өкілеттігі.


1.ҚР –ның президентінен үміткерлер, оларға қойылатын талаптар.

Қазақстан Республикасы Президентін сайлау еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Соғыс Қазақстан экономикасына да үлкен зардаптарын тигізді. Өнеркәсіп өнімдерінің, әсіресе бүқара халық көп қолдана-тын тауарлар өндіру түрлері қатты қысқарды. Еңбек ресурстарының проблемасы едәуір шиеленісті. Ауыл шаруашы-лығының материалдық-техникалық базасы әбден төмендеді. Сондықтан Кеңес өкіметі, оның жергілікті басшы органдары халық шаруашылығын қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлді, оның қарқынын шапшаңдатуда тиісті шаралар жүзеге асырыла бастады. Елдің шаруашылық қүрылысы мен мәдени саласына мемлекеттік бюджет пен күрделі қаржы қайта бөлінді. Әскери шығындар барынша қысқартылды. Республикада соғыс қажеттерін өтеуге жүмыс істеген жүзде-ген кәсіпорындар азаматтық өнімдер шығару үшін қайта қүрылды.

Республика Президентi

1. Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Республика Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
3. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
4. Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi.
5. Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен қадір-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.

Республика Президентiн сайлау


Республика Президентiн сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Республика Президентiнiң қызметiне кiрiсуi

1. Республика Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Республика Президентi анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтады. 2. Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық бұрынғы Президенттерiнiң қатысуымен өткiзiледi. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күннен бастап бiр айдың iшiнде ант бередi.
3. Республика Президентi Республика Конституциясына ант етедi. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалады. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Президентке Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын қыран" орденiн тапсырады.
4. Егер бiр тұлға Республика Президентi болып екiншi өкiлеттiк мерзiмiне сайланған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын белгiсi, байрағы және "Алтын Қыран" орденi оған қайталап тапсырылмайды.
3.Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi

1. Республика Президенті бес жыл мерзімге сайланады.

Бесжылдық өкілеттік мерзімі 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика Президентінің жеті жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамға қолданылатын болады.2. Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. 3. алып тасталды 4. Бiр тұлға қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды. Республика Президентi лауазымында

болуға байланысты шектеулер

1. Республика Президентiнiң өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға хақы жоқ, алып тасталды Республика Президентiнiң айырым белгiлерi

1. Республика Президентiнiң айырым белгiлерi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын белгiсi мен байрағы болады.
2. Омырауға тағатын белгiнiң сипаттамасын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды. Байрақтың сипаттамасын, омырауға тағатын белгi мен байрақты ресми пайдалану тәртiбiн Республика Президентi белгiлейдi.
3. Республика Президентi қызметi бойынша "Алтын Қыран" орденiнiң иесi болып табылады. 4. "Алтын Қыран" орденiнiң сипаттамасы, аталған ордендi берудiң негiздерi мен тәртiбi Республика заңдарымен белгiленедi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгi 1.Республика Президентiнiң сыртқы саясаттағы өкiлеттiгi 1. Республика Президентi: 1) келiссөздер жүргiзедi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды; 2) келiссөздер жүргiзуге және Республиканың мемлекетаралық шарттарына қол қоюға өкiлеттiк бередi; 3) алып тасталды 4) бекiту грамоталарына қол қояды; 5) Республика жасасқан, бекiтуге жатпайтын халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды; 6) Парламентке Республика жасасқан халықаралық шарттарды денонсациялау туралы ұсыныс енгiзедi. 2. Республика Президентi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады.3. Республика Президентi өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып алу грамоталарын қабылдайды.

<< предыдущая страница   следующая страница >>