shkolakz.ru 1 2 ... 19 20


«СЕНІМ-БАНК» АҚ Директорлар кеңесімен

бекітілген

(2013 жылғы 26 наурыздағы №16 хаттама)

Тіркеу №01

(2015ж. «14» қазанннан берілген өзгерістер мен толықтырулармен)




«Qazaq Banki» АҚ

Жалпы операцияларды жүргізу шарттары туралы

ережелер



Алматы облысы
2013 жыл

МАЗМҰНЫ


ҚОСЫМШАЛАР:


  1. Қабылданатын депозиттердің шекті сомалары мен мерзімдері. Депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті көлемдері

  2. Берілетін несиелердің шекті сомалары және мерзімдері. Несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті көлемдері (коммерциялық банктерді есептемегенде заңды және жеке тұлғалар үшін)

  3. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін қызмет тарифтері

  4. Жеке тұлғалар үшін қызмет тарифтері

  5. Бөлшек несиелеу бойынша тарифтер

№ 6 ҚОСЫМША Заңды/жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін қызмет тарифтері.

№ 7 ҚОСЫМША Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары үшін құжаттандырылған және несие операциялары бойынша тарифтер.

№ 8 КОСЫМША Төлем карточкалары бойынша жеке тұлғаларға ұсынылатын қызметтерге «Qazaq Banki» АҚ тарифтері


1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  1. «Qazaq Banki» АҚ Жалпы операцияларды жүргізу шарттары туралы ережелері (бұдан былай – Ережелер) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына, Банктік қызметтер ұсыну, банктік қызметтер ұсыну барысында туындайтын клиенттердің өтініштерін банктердің қарастыру ережелеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, «Qazaq Banki» АҚ Жарғысына, «Qazaq Banki» АҚ басқа да ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленген.


  2. «Qazaq Banki» АҚ (бұдан былай – Банк) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті берген банктік операцияларды және басқа операцияларды жүргізу лицензиясының негізінде қызмет атқаратын, бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын екінші деңгейлі банк болып табылады.

  3. Ережелер банк аралық несиелеу нарығында атқарылатын депозиттік және қарыз операцияларын есептемегенде банктік және басқа операцияларды, бағалы қағаздар нарығында қызметті лицензияның негізінде Банк атқаратын операцияларды жүргізудің жалпы шарттарын, талаптарын, шектеулерін, процедураларын анықтайды. Сонымен қатар Ережелер банктік қызметтер ұсыну барысында туындайтын Клиенттердің өтініштерін қарастыру тәртібін және Клиенттермен жұмыс істеу тәртібін реттейді.

  4. Ережелердің мазмұны ашық ақпарат болып табылады, коммерциялық немесе банктік құпия мәні бола алмайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы тармақтың күші Банк банктік және/немесе коммерциялық құпия санаттарына жататын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тікелей қарастырылған негіздер бойынша жариялануға тиісті нақты бір операцияны атқару шарттарына таралмайды.

  5. Ережелер клиенттердің бірінші талабы бойынша олардың танысуына ұсынылады.

  6. Банктің банктік операцияларды нақты жүргізу шарттары Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен, Банк клиенттермен жасайтын шарттардың талаптарымен белгіленеді.

  7. Банктің Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеңілдікті талаптар бермей аффилиирленген тұлғалармен және Банкпен ерекше қатынаста байланысты тұлғалармен жасалатын барлық мәмілелерді бекітуі керек.

  8. Банктік операциялар жасалғанда Банк пен клиенттің арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен, жасалған шарттардың талаптарымен, сондай-ақ Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен реттеледі.
  9. Ережелерде қолданылатын негізгі түсініктер мен қысқартулар:


Аккредитив – (аккредитив ұсынғанда төлем арқылы орындалса) банк – эмитенттің ұсынылғанда төлеу, мерзімі кейінге қалдырылған төлем міндеттемесін өзіне қабылдау, (аккредитив мерзімі ұзартылған төлем арқылы орындалса) мерзім басталғанда төлеу, бенефициар жазып берген аудару векселін («траттаны») акцептеу, (аккредитив акцепт арқылы орындалса) аккредитив талаптарына сәйкес құжаттарды ұсыну бойынша мерзім басталғанда төлеу міндеттемесі.

Аффилиирленген тұлғалар — шешімдерді тікелей және (немесе) жанама анықтау және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне әсер ету, соның ішінде жасалған мәміле күшінде әсер ету мүмкіндігіне ие жеке немесе заңды тұлғалар (берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын атқаратын мемлекеттік органдарды есептемегенде).

Банктік қызметтер / Банк Қызметтері – Банктің қолданыстағы Лицензиясының негізінде және Банктер туралы заңға сәйкес Банк атқаратын банктік операциялар және операциялардың басқа түрлері.

Салым – талаптары бойынша Салымшы Салым бойынша сыйақының алдын ала келісілген мөлшерімен немесе онсыз тікелей салымшыға немесе оның тапсыруымен үшінші тұлғаларға толығымен немесе бөліп-бөліп белгілі бір мерзімнен кейін номиналды көріністе қайтару талаптарында Салымшы Банкке ақша беретін банктік өнім. Банктік салым шартында тікелей қарастырылса, Салым Клиенттің /үшінші тұлғаның Банк алдындағы міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету әдісі болып табылады.

Салымшы – Банкпен Банктік салым шартын жасаған және салымға өкімдік ету құқығына ие заңды тұлға, жеке тұлға.

Салым бойынша сыйақы – жасалған Банктік салым шартының талаптарына сәйкес Салымның негізгі (номиналды) сомасына пайыз түрінде есептелген, Клиенттің пайдасына Салымды пайдаланғаны үшін Банк төлейтін ақшалай сома.


Несие бойынша сыйақы жасалған Банктік салым шартының талаптарына және төлем кестесіне сәйкес Банкке тиесілі ақшаның жылдық мөлшері есебінен негізгі (номиналды) сомаға пайыз түрінде анықталған, берілген қарыз үшін Банктің пайдасына Клиент төлейтін ақшалай сома.

Вексель – бір тарапты шартсыз ақшалай міндеттемені қамтитын, қатаң белгіленген нысандағы төлем құжаты.

Банктік құпия Салымшылардың, Клиенттердің, Банк корреспонденттерінің банктік шоттарының болуы, иелері, нөмірлері туралы, осы шоттардағы және банктің өз шоттарындағы қалдықтар және ақша қозғалысы туралы, банктік операциялары туралы (жалпы банктік операцияларды жүргізу талаптарын есептемегенде) мәліметтерді, сондай-ақ Банктің сейфтік жәшіктеріндегі, шкафтарындағы, үй-жайларындағы сақтаулы клиенттердің мүлкінің болуы, иелері, сипаты мен құны туралы мәліметтерді қамтиды. Тарату барысында банк берген несиелер туралы мәліметтер Банктік құпияға жатпайды.

ЖТСМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 26.03.2012ж. №137 Қаулысымен бекітілген «Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құн) есептеу қағидаларына сәйкес есептелген қызметтер бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелетін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі.

Банктік салым шарты – ол бойынша Банк Банктік салым шартымен қарастырылған мөлшерде, тәртіпте және талаптарда Салымшыдан ақша қабылдауға, ол бойынша сыйақы төлеуге немесе сыйақы төлемей Салымды қайтаруға міндеттенетін шарт.

Банктік шот шарты – ол бойынша Банк Клиентке ашылған шотқа келіп түскен ақша қаражатын қабылдауға және есепке қосуға, тиісті ақша сомасын клиентке немесе үшінші тұлғаларға аудару (беру) жөніндегі Клиенттің өкімдерін орындауға, Банктік шот шартымен қарастырылған басқа да қызметтерді ұсынуға міндеттенетін шарт.


Банктік қарыз шарты – оған сәйкес Банк банктік қарыз операцияларын атқару шеңберінде қарыз беретін шарт.

Қарыз алушы – Банктік қарыз шартына қол қоятын, қарыз алатын және алынған ақшаны, сондай-ақ сыйақыны, қарыз бойынша басқа да төлемдерді қайтару жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдайтын заңды немесе жеке тұлға.

Банктер туралы заң «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N2444 заңы.

Кепіл – банктік қарыздың қамтамасыз етуі болып табылатын мүлік немесе басқа құндылықтар.

Қамтамасыз етудің кепіл құныкепілді тарату (сату) мақсатында белгіленетін ағымдағы уақыттағы кепіл қамтамасыз етуінің құны. Төмендеу коэффициентіне көбейту арқылы белгілі бір уақытқа кепіл нысанының белгіленген нарық құнының негізінде анықталады. Төмендеу коэффициенті кепіл түріне және/немесе өтімділігіне байланысты белгіленеді.

АПБК – Банктің Активтер мен пассивтерді басқару комитеті.

Қарыз – ақылы, мерзімді болу, қайтару талаптарында, сондай-ақ банктік қарыз шартында қарастырылған талаптарда Қарыз алушыға ақша беру.

Клиент – банктік қызметтердің тұтынушысы болып табылатын немесе банктік қызметтерді пайдалануға ниетті жеке немесе заңды тұлға.


Несие тәуекелі – банктік қарыз және басқа операциялар жүргізу кезінде Клиенттің өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелерін орындау жөніндегі алғашқы шарт талаптарын бұзу салдарынан шығындардың (шығыстардың) туындау тәуекелі.

Капиталдандыру – салым сомасына есептелген сыйақыны аудару.

Банкпен ерекше қатынаста байланысты тұлғалар:

1) Банктің кез келген лауазымды тұлғасы немесе басшы қызметкері, бірінші басшысы және бас бухгалтері, сондай-ақ олардың жұбайлары, жақын туыстары;

2) Банктің ірі қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға немесе Банктің ірі қатысушысының лауазымды тұлғасы, сондай-ақ олардың жұбайлары, жақын туыстары;

3) 1) және 2) тармақшаларда аталған тұлғалар ірі қатысушылар болып табылатын заңды тұлға;

4) оған қатысты Банк осы заңды тұлғаның ірі қатысушысы, лауазымды тұлғалары, жұбайлары, жақын туыстары болып табылатын заңды тұлға;

5) Банктің аффилиирленген тұлғалары.

Жеке шот – Банк Клиентке ашқан және бағалы қағаздар, басқа қаржы құралдары бойынша құқықтарын есепке алу үшін арналған жеке шот.

Банктің лицензиялары – Уәкілетті орган банктік және басқа операцияларды, бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаруға Банкке берген лицензия.

ҚРҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

Қамтамсыз ету – тұрақсыздық айыбы, кепілдік, кепілдеме, мүлік кепілі, заңнамамен және банктік қарыз шартымен қарастырылған, Клиент қабылдаған міндеттемелердің қайтарылуын қамтамасыз ететін басқа әдістер.


Кепілді қамтамасыз етуді бағалау – бағаланған нысанды егжей-тегжейлі зерттеуге негізделген құн туралы әділ пікір. Тиісті біліктілікке ие және мемлекеттік органдардың лицензияларына ие тәуелсіз бағалаушылар иегердің (Кепіл берушінің) мүлкі мен мүліктік құқықтарының құнын бағалайды.

Салымның шекті мерзімі – Банктің уәкілетті органы бекіткен салымның ең қысқа және ең ұзақ мерзімі.

Сыйақының шекті мөлшерлемесі – Банктің уәкілетті органы бекіткен сыйақының ең көп және ең аз мөлшерлемесі.

Қарыздың шекті мерзімі – Банктің уәкілетті органы бекіткен банктік қарыздың ең қысқа және ең ұзақ мерзімі.

Салымның шекті сомасы – Банктің уәкілетті органы бекіткен салымның ең аз және ең көп сомасы.

Қарыздың шекті сомасы – Банктің уәкілетті органы бекіткен банктік қарыздың ең аз және ең көп сомасы.

Мерзімі кешіктірілген берешек – банктік қарыз шартымен және төлем кестесімен қарастырылған негізгі борыш, есептелген сыйақы бойынша мерзімінде өтелмеген берешек.

Принципал – олардың тапсыруымен Банк Принципалдың Бенефициар алдындағы міндеттемелерінің тиісті орындалуын қамтамасыз ететін кепілдік беретін банктің клиенттері.

Банктік шотты тікелей дебеттеу – белгілі бір уақыт кезеңінде және/немесе белгілі бір ақша сомасының шегінде алу туралы ақша жіберушінің алдын ала берген рұқсатының негізінде ақша жіберушіден алынатын және бенефициардың пайдасына берілетін төлем төлеу әдісі.

ҚР – Қазақстан Республикасы.

Жинақ шот – оларға сәйкес Банк Салымшыдан ақша (салым) қабылдауға, Банктік салым шартымен қарастырылған мөлшерде және тәртіпте олар бойынша сыйақы төлеуге, заң актілерімен және Банктік салым шартымен салымның осы түрі үшін қарастырылған талаптарда және тәртіпте салымды қайтаруға міндеттенетін, Банк пен Салымшы арасындағы шарттық қатынастарды көрсету үшін Банк Салымшыға ашатын банктік шот.


Тариф – Клиенттерге ұсынылатын Банктің түрлі қызметтері үшін төлем.

Ағымдағы шот – ол бойынша клиенттің ақшасының болуын қамтамасыз етумен және Банктің оны пайдалануымен; Клиенттің пайдасына Ақшы қабылдаумен (есепке қосумен); Банктік шот шартымен қарастырылған тәртіпте үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы Клиенттің өкімдерін орындаумен; Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) шартпен қарастырылған негіздер бойынша Клиенттің ақшасын алу туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындаумен; Банктік шот шартымен белгіленген тәртіпте Клиенттен қолма-қол ақша қабылдаумен және оған берумен; Банктік шот шартымен анықталған тәртіпте және мөлшерде сыйақы төлеумен; Клиенттің Банктегі ақша сомасы және Банктік шот шартымен қарастырылған тәртіпте жүргізілген операциялар туралы ақпаратты Клиенттің талап етуі бойынша берумен; шартпен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналым әдеттерімен қарастырылған Клиенттің басқа банктік қызметті атқаруымен байланысты операциялар орындалатын банктік шот шартының негізінде Банк Клиентке ашатын банктік шот.

Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе оның құқылы мирасқоры – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Факторинг – төлемеу тәуекелін қабылдап, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемді талап ету құқықтарын клиенттен иелену.


2-ТАРАУ. ҰСЫНЫЛАТЫН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

  1. Банк қызметтері − ақылы. Қызметтерді ұсынудың басты мақсаты ҚР аумағында заңды және жеке тұлғаларға банктік қызметтердің кең спектрін және сапалы қызмет көрсету арқылы табыс табу болып табылады.

  2. ҚР заңнамамен, осы Ережелермен, Банктің басқа ішкі нормативтік құжаттарымен басқаша қарастырылмаса, 18 (он сегіз) жасқа толса, жеке тұлғаларға Банк банктік қызметтер ұсынады.

  3. Банк ұлттық валютада және шетел валютасында келесі операцияларды атқаруға құқылы:

  1. заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

  2. жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

  3. банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

  4. кассалық операциялар: қолма-қол ақша қабылдау және беру, соның ішінде ұсақтау, айырбастау, қайта есептеу, сұрыптау, қаптау, сақтау;

  5. аудару операциялары: заңды және жеке тұлғалардың төлемдер және ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;

  6. есептік операциялар: жеке және заңды тұлғалардың вексельдерін және басқа борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

  7. банктік қарыз операциялары: ақылы, мерзімді болу және қайтару талаптарында ақшалай несиелеу;

  8. шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

  9. аккредитив ашу (ұсыну) және растау, ол бойынша міндеттемелерді орындау,

  10. ақшалай орындауды қарастыратын банктік кепілдіктер беру;

  11. банктік кепілдемелер және ақшалай орындалуын қарастыратын үшінші тұлғалар үшін басқа міндеттемелерді беру.

  1. Банк ұлттық валютада және шетел валютасында басқа операцияларды атқаруға құқылы:

    1. лизингтік қызмет атқару;
    2. меншікті бағалы қағаздарды (акцияларды есептемегенде) шығару;


    3. факторингтік операциялар: төлемеу тәуекелін қабылдап, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемді талап ету құқықтарын иелену;

    4. форфейтингтік операциялар (форфетирлеу): сатушыға айналдырмай вексельді сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін төлеу.

    5. сейфтік операциялар: клиенттердің құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын, құндылықтарын шығаратын бағалы қағаздарды сақтау, соның ішінде сейфтік жәшіктерді, шкафтарды, үй-жайларды жалға беру қызметтері.

  1. Банк бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқаруға құқылы:

    1. клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызмет.

  1. Банк Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес валюталық бақылау агентінің функцияларын атқарады.

  2. Банк Клиенттің тапсырмаларын орындағанда, сондай-ақ Клиентпен жасалған шарттарды орындағанда үшінші тұлғалардың қызметтерін пайдалануға құқылы.



следующая страница >>