shkolakz.ru 1
«Тіс емдеу» факультеті


Дәрістік кешен


Дәріс тақырыбы: Анатомия туралы түсініктеме, оның биологиялық ғылымдардың арасындағы орны. Адам эмбриогенезінің бастапқы сатылары.


Дәрістің мақсаты: анатомиялық анықтамасын, оның мазмұны мен зерттеу методтарын беріп, адам организімінің құрылыс элементтерімен (тін, ағза, жүйе аппарат) таныстырып, онтогенез кезеңдері мен эмбриогенез сатыларын түсіндіру.


Дәріс тезистері: адам анатомиясы – организмнің формасы мен құрылысын, шығу тегі мен дамуын зерттейтін ғылым. Дененің ағзалары (органдары) мен бөліктерінің формасын, құрылысын, орналасуын және олардың топографиялық арақатынасын жас, жыныс, жеке дара ерекшеліктерін ескеріп баяндау.

Анатомия пән ретінде медициналық білмнің негізін құрайды. Сондықтан оның анықтамасы, мазмұны, мақсаты және зерттеу методтарымен таныстыру.

Анатомия адам денесінің құрылысы, оны құраушы элементтер: тін, ағза, жүйе және аппараттар анықтамасын, олардың жалпы сипаттамасын беру.

Анатомия қазіргі адам құрылысын оқытуымен қоса, адам организмінің тарихи қалыптасуын зерттейді. Сондықтан онтогеноз кезендері мен эмбриогенез сатыларын толық сипаттап, ұрықтың кезеңде пайда болатын ұрық жапырақшаларын, оның туындыларын, білікті ағзалардың пайда болуын толық түсіндіру.


Көрнекі материал:


  1. Адам қаңқасы

  2. Сүйектер құрылысы

  3. Таблицалар мен схемалар


Әдебиеттер тізімі:

  1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 1994-95 жыл.

  2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 2004 жыл.

  3. Жумабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Адам анатомиясы, атлас І том. Астана 2004 жыл.


Тексеру сұрақтары:

  1. Анатомияның анықтамасын бер?

  2. Анатомияны мақсаты қандай?

  3. Анатомияның мазмұны деген не?
  4. Анатомияның зерттеу методтары қандай?


  5. Адам денесінің құрылымды элементтерін атаңыз?

  6. Ұлпа мен ағза анықтамасын бер, олардың құрылысы қандай?

  7. Ағзалар жүйесі мен аппараттар қалай түзеледі?

  8. Эмбриогенездерді ұрық дамуының сатыларын атаңыз?

  9. Ұрық жапырақшалары қандай, олардың туындылары не?



«Тіс емдеу» факультеті

Дәрістік кешен


Дәріс тақырыбы: Бассүйектің құрылысы, қызметі, дамуы. Бассүйектің жастық, жыныстық, типтік ерекшеліктері.


Дәрістің мақсаты: бас қаңқасы – бассүйектің құрылысы мен қызметін байланыстырып, оның дамуын және жасқа, жынысқа, жеке типтік ерекшеліктерімен танысу.


Дәріс тезистері: Бас қаңқасы, бассүйек, cranium деп аталады. Ол ең алдымен ми және мимен байланысқан сезім мүшелері жайғасатын орын қызметін атқарады. Екіден бассүйек асқорту және тыныс алу жүйелерінің бастапқы бөлігін қоршап тұрады. Осы екі қызметіне сәйкес ал екі, ми сауыты және висцералды сауыты, бөлікке бөлінеді. Ми сауытының күбезі мен негізін ажыратады. Олардың шекарасын арнаулы сызықпен бөлді. Ми сауытының құрамына жұп және тақ 8 сүйек кіреді. Олар жабық бассүйек қорабын түзеді. Қораптың негізінде үлкен шүйде тесігі болады.

Бас қаңқасының висцералды немесе бет бөлігі ми сауытының алдыңғы және астыңғы жағын алып жатады. Бет бөлігінің негізін шайнау аппаратты құрайды. Бұл аппаратқа жақ сүйектері кіреді, ал төменгі жақсүйек самай сүйегімен буын арқылы байланысады.

Бассүйектің құрылыс ерекшеліктері:

  1. Оның күмбезі жалпақ сүйектерден құрылып, олар үш қабатты [сыртқы табақша, қосарлы зат (диплоэ), ішкі табақша] болып келеді;

  2. Қосарлы зат (диплоэ) кемікті затқа жатады және дипоэ арқылы вена тамырлары өтеді;

  3. Кейбір сүйектерде ауамен толған қуыстар болады. Олар шырышты қабығы бар қатпарлар (синус) деп аталады.

Бассүйектің екі бөлігі (ми сауыты, бет бөлігі) екі ұрықшық бастаудан дамиды.


Ми сауыты ми және сезім мүшелерімен байланыста дамиды. Оның дамуының негізгі мезенхима. Ол ми бастамасын қоршап жататын қабық. Кейіннен ол ішкі және сыртқы қабатқа бөлініп, ішкі қабатына мидың жұмсақ қабығы, ал сыртқы қабаттан мидың қатты қабығы және дәнекер тінін түзеді.

Бұл саты жорғақты саты деп аталады. Бассүйектің күнбезі дамуына екі, жорғақты және сүйекті, саты ажыратады. Бассүйек негізі дамуында үш саты (жорғақты, шеміршекті, сүйекті) болады.

Висцералды бассүйек желбезек доғалары материалынан дамиды. Эмбриогенезде І доға материалынан жоғарғы және төменгі жақсүйектері, ІІ доғадан – үш есту сүйекшелері, ІІІ доғадан – тіласты сүйегі, ІV доғадан – көмекей шеміршектері дамиды.

Бассүйектің жасқа байланысты ерекшеліктері:


  1. Жаңа туған баланың (нәресте) ми сауыты бет бөлігіне қарағанда үлкен (8:1), ересек адамда бұл қатынас 4:1.

  2. Жаңа туған баланың бассүйегінде - еңбектері болады, жіктері болмайды.

  3. Жаңа туған баланың нашар дамыған, төменгі жақ сүйек бітіспеген екі жартыдан тұрады.

  4. Ересек адамда күмбез сүйектері арасындағы дәкенер тін жойылып, жіктер көрінеді.

  5. Қартайған адамда сүйектер біршама жұқарып, тістер түсіп, тіс ұяшықтарының семуі (артериясы) басталады.

Бассүйектің жыныстық ерекшеліктері ер адам мен әйелдің дене пропориясына байланысты. Әйел бассүйегі кішілеу, сүйектің беті тегістеу, қосүсті доғалары нашарлау болып келеді.

Бассүйектің типтік ерекшеліктері: Ол бассүйек көрсеткішіне, яғни көлденең диаметірінің бойлық диаметіріне, пайыздық қатынасына байланысты. Бұл көрсеткіш бойынша ми сауытының үш формасын ажыратады: 1). Қысқа-брахикранды (көрсеткіш 80-нен жоғары); 2). Орташа-мезокранды (79-76); 3). Ұзын-долихокранды (75-тен төмен).


Көрнекі материал:

  1. Тұтас бассүйек

  2. Таблицалар, схемалар


Әдебиеттер тізімі:

  1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 1994-95 жыл.


  2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 2004 жыл.

  3. Жумабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Адам анатомиясы, атлас І том. Астана 2004 жыл.


Тексеру сұрақтары:

  1. Бассүйек бөліктері қандай?

  2. Ми саутының сүйектері қандай?

  3. Бет бөлігінің (висцералды бассүйек) сүйектері қандай?

  4. Бассүйектің типтік ерекшеліктері не?

  5. Бассүйектің жыныстық ерекшеліктері не?



«Тіс емдеу» факультеті

Дәрістік кешен


Дәріс тақырыбы: Сүйек қосылстарының түрлері. Бассүйек қосылыстары.


Дәрістің мақсаты: Сүйек қосылыстарының жіктелуімен және түрлерімен таныстыру. Буын құрылысын, оның негізгі элементтерін түсіндіріп буындардың жіктелуін беру. Бассүйектегі қосылыстар түрлерін анықтау.


Дәріс тезистері: Сүйектердің қосылыстарын екіге топтастырады: 1). Үзіліссіз қосылыстар – синатроздар және 2). Үзілісті қосылыстар – диартроздар. Синатроздар ұлпалар арқылы байланыстар. Олардың үш түрін ажыратады: синдесмоз, синхомдроз және синостоз.

Синдесмоз – дегеніміз сүйектердің дәнекер тін арқылы үзіліссіз қосылуы. Синдесмоздың өзін үш топқа бөледі: жіктер, жарғақтар, байламдар. Сүйектердің шеміршек тіні арқылы үзіліссіз қосылуын, синхондрозды, гиалинді, эластикалық (серпінді), фиброзды түрлерге бөледі. Синхондрохдар серпінді және қозғалғыш келеді, бірақ синдосмозға қарағанда мықтылығы, біріктігі осалдау келеді. Уақытша синхондроз синостозға ауысады. Синостоз – сүйектердің сүйек тіні арқылы бітісуі. Диартроз буын – дегеніміз үзілісті, қуысты және қозғалмалы қосылу немесе буындасу. Әрбір буында буындық беттері, буын қапшығы және буын қуысы болады. Буындық беттер гиалинді шеміршекпен жабылған. Дөңес буын беті буын басы, ал ойыс беті – буын шұңқыры деп аталады. Буын қапшығы буын қуысын қоршап жатады және буындық беттерінің жиегіне бекиді. Буын қапшығы фиброзды және синовиялды қабаттан (жарғақтан) тұрады. Буын қуысы дегеніміз буындық беттермен және синовиялды жарғақпен шектелген тұйық кеңістік. Буын қуысы синовия деп аталатан сұйыққа толған және онда теріс қысым. Бұл буын беттерінің ажырасып кетпеуіне кедергі жасап, олардың іліктесуіне көмектеседі. Буын қапшығын бекітуде байламдар, сіңірлер, дән тәрізді сүйектер маңызды. Біршама буындарда буындық беттерді сәйкестендіретін қосымша тетіктер болады. Олар буын ішіндегі шеміршектер, буын ернеулері, дискі және менискілер.


Буындарды үш ұстаным (принцип) бойынша жіктелді:


  1. буын беттерінің саны;

  2. буын беттерінің геометриялық формасы;

  3. білік саны;

Буын беттерінің саны бойынша қарапайым, күрделі, кешенді және үйлесімді буындар, формасы бойынша-циндр, шығыршық (блок), эмипс, шар, жалпа, ершік тәрізді, ал біктер саны бойынша бір, екі және үш білікті буындар.


Көрнекі материал:

  1. Адам қаңқасы

  2. Таблицалар, схемалар


Әдебиеттер тізімі:

  1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 1994-95 жыл.

  2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 2004 жыл.

  3. Жумабаев У., Әубәуіров Ә.Б., Адам анатомиясы, атлас І том. Астана 2004 жыл.


Тексеру сұрақтары:

  1. Үзіліссіз қосылыстардың түрлері қандай?

  2. Синдосмоз деген не, оның түрлері қандай?

  3. Синхондроз түрлерін атаңыз?

  4. Буындардың құрылыс элементтерін атаңыз?

  5. Буындардың жіктелуі қандай?

«Тіс емдеу» факультеті

Дәрістік кешен


Дәріс тақырыбы: Жалпы миология. Бұлшықет – мүше ретінде, оның дамуы, құрылысы, қызметі, топографиясы, жіктелуі. Шайнау аппараты.


Дәрістің мақсаты: Бұлшықеттер туралы жалпы түсінік, олардың дамуы, құрылысы, қызметі және орналасуы мен жіктелуі туралы мәліметтер беру.


Дәріс тезистері: Адамның қимыл-қозғалыстарындағы ең негізгі органдар – бұлшықеттер. Қимыл-қозғалыс әрекетін бұлшықет жүйесі орындайды. Дене мүшелерінің, ағзалардаң және қаңқалық тұтас дененің қозғалысы бұлшықеттердің жиырылуына байланысты. Олардың жиырылуы элементтері (жасуша, талшық) миофиламент және миофибрилдан тұрады. Осыларға байланысты бұлшықет ұлпасының екі түрі болады: біріңғай салалы және көлденең жолақты.

Адам денесіндегі бүкіл бұлшықет жүйесі висцералды және сомалық болып бөлінеді. Сомалық бұлшықеттің жиыны дененің тірек-қимыл аппаратының активті бөлігі. Сомалық немесе қаңқа бұлшықеті көлденең жолақты талшықтардан құрылып, олар эндомизи арқылы 1-реттен шоғырға (будаға) бірігеді. Бірнеше 1-реттік будалар қосылып 2-реттік, олардан 3-реттік және оларданда жоғары будалар және тұтас бұлшықет қарыншасын түзеді. Будалар перимизи мен бірігеді. Будалар арасындағы дәнекер тін қарынша ұштарында сіңірге айналады. Сіңірі сүйекке бекиді. Қаңқа бұлшықеті тек көлденең жолақты бұлшықет тінімен ғана емес, әр түрлі құрылымнан (эндо, примизим, сіңір), нервтен, қантамырларынан тұрады.


Бұлшықеттердің қосымша аппаратына жатады: шандыр, (фасция), синовиялық қынаптар мен қаптар, шығырлар, сіңірлі доғалар, сүйек-фиброзды каналдар. Бұл аппарат бұлшықет жұмысын жеңілдететін болып келеді.

Бұлшықеттердің жіктелуін мына ұстамын (принцип) бойынша:


  1. формасы (пішіні): ұзын, қысқа, жалпақ;

  2. талшықтар бағыты: қиғаш, көлденең, ұзыны бойы, сақиналы

  3. бастары мен қарыншаларының саны: 1, 2, 3, 4-басты.

  4. функциалары бойынша: бүккіш-жазғыш, әкелуші-әкетуші, бұраушы;

  5. геометриялық формасы: шаршы, үшбұрышты, пирамида, дельта;

  6. Құрылысы бойынша: жарғақты, сіңірі, қауырсынды.


Көрнекі материал: таблицалар, схемалар


Әдебиеттер тізімі:

  1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 1994-95 жыл.

  2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 2004 жыл.

  3. Жумабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Адам анатомиясы, атлас І том. Астана 2004 жыл.


Тексеру сұрақтары:

  1. Бұлшықет жүйесінің функциясы қандай?

  2. Бұлшықет құрылысы қандай?

  3. Бұлшықеттің қосымша элементтері не?

  4. Бұлшықеттердің жіктелуінің принциптері?

  5. Бұлшықеттердің құрылысы бойынша жіктелуі?



«Тіс емдеу» факультеті

Дәрістік кешен


Дәріс тақырыбы: Нерв жүйесі туралы жалпы түсінік. Рефлекторлық доғалар. Жұлын мен мидың ақ, сұр заттарының құрылысы. Анализатор туралы түсінік.


Дәрістің мақсаты: Нерв жүйесінің жалпы функциясын, ұйымдасу принциптерін, құрылымдық және функцианалдық элементтерін беріп, жұлын мен мидың сұр және ақ заты құрылысын түсіндіру.

Дәріс тезистері: Нерв жүйесі адам организмін қоршаған ортамен байланыстырады. Ол дене мүшелерін, ішкі ағзалар қызметін реттеп, зат алмасу, қан айналысы, басқа да процестерді басқарады. Нерв жүйесі организм бөліктерін байланыстырып, оның ағзалар қызметін реттеп (регулиция) және үлестіріп (координация) тұратын аса күрделі және өте нәзік түзіліс. Нерв жүйесі тармақтарымен ағза, тіндер өтіп біріктіреді. Бұл оның интегрециялық функциясы.


Нерв жүйесінің ұйымдасу принціпі – оның құрылымдық элементтері: нерв ұлпысы, нетроцит, нейрон, нетройдық теория. Рефлекстің морфологиялық (құрылымдық) негізі – рефлекторлық доға. Бүкіл нерв жүйесі нейтрондар кешені, яғни оның органдары нетролдық құрылым. Сондықтан нерв жүйесі орандарының құрылысын, дамуын, функциаларын зерттеп білу теориясы – ол нетроидық теория.

Нерв жүйесі қызметі – рефлекстің морфологиялық негізі-рефлекторлық доға. Ол нейрондар тізбегі болып келеді. Рефлекторлық доғалар нейтрондар саны және функциясы бойынша жіктеледі.

Нерв жүйесі қызметінің маңызды нервтік механисзмі – ол анализатор. «Анализатор дегеніміз сыртқы қабылдаушы аппараттан басталып, мида аяқталатын күрделі нервтік механизм» (И.П. Павлов). Сезім туу үшін қажет нервтік аппарат анализатор деп аталады.


Көрнекі материал: таблицалар мен схемалар


Әдебиеттер тізімі:


  1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 1994-95 жыл.

  2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 2004 жыл.

  3. Жумабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Адам анатомиясы, атлас І том. Астана 2004 жыл.


Тексеру сұрақтары:

  1. Нерв жүйесінің функциялары қандай?

  2. Нерв жүйесінің құрылымдық элементтері не?

  3. Нейрон деген не, ол неден тұрады?

  4. Рефлекторлық доға құрылысы қандай?

  5. Анализатор дегеніміз не?



«Тіс емдеу» факультеті

Дәрістік кешен


Дәріс тақырыбы: Нерв жүйесінің морфологиялық сипаттамасы, маңызы. Орталық және шеткі бөліктерге бөлінуі туралы принциптер.


Дәрістің мақсаты: Нерв жүйесінің орталық және шеткі (перифериялық) бөліктері құрамы, құрылысы және функцияларын түсіндіру.

Дәріс тезистері: Орталық нерв жүйесінің жоғарғы бөлімі – ол ми. Ми бассүйек қуысында (ми сауытында) орналасады. Мидың формасы жалпы қарағанда бассүйек қуысы пішініне сәйкес келеді. Мидың үш ең ірі бөлігін ажыратады: үлкен ми, кіші мишық және ми сабауын. Үлкен ми екі ми сыңарларынан тұрады, олар мидың көп бөлігін алып жатады.


Ми сыңарлары бойлық саңылау арқылы бөлініп, сүйелді дене арқылы және оның астындағы құрылымдармен өзара байланысады. Мидың төменгі бетінен ми сыңарларын, мишықты, ми сабауын және мидан шығатын бассүйек нервтерін көруге болады. Ми сыңарларының беті (жоғарғы, төменгі, медиалды) түрлі бағытта өтетін жүлгелерден, олардың арасындағы қатпарлардан тұрады. Тұрақты жүлгелер (орталық, лотералды, шеке-шүйде) ми сыңарын үлестерге бөледі. Үлестер өз кезегінде қатарлардан тұрады.

Ми сыңары бес үлеске бөлінеді (маңдай, самай, шеке, шиде, аралша). Ми сыңарларының беті қолыңдағы 1,5-4,5 мм біркелкі сұр зат қабатынан тұрады. Ол ми қыртысы немесе жамылғы деп аталады. Ми қыртысы нерв жасушалары әртүрлі алты қабаттан тұрады.

Ми сыңары бетіндегі сұр заттан басқа, оның төменгі бетіне жақын орналасқан базалды немесе қыртысасты ядролары (жолақ дене, шарбақ, бадамша тәрізді дене) болады.

Мидың бөліктері; дамуы бойынша артқы жағынан бастап, рет-ретпен орналасқан бөліктері: 1). Ромб тәрізді немесе артқы ми. Ол сопақша және меншікті артқы мидан тұрады; 2). Ортаңғы ми және 3). Алдыңғы ми. Ол өз кезегінде аралық мидан және соңғы мидан тұрады.


Көрнекі материал: таблицалар мен схемалар


Әдебиеттер тізімі:


  1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 1994-95 жыл.

  2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 2004 жыл.

  3. Жумабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Адам анатомиясы, атлас І том. Астана 2004 жыл.


Тексеру сұрақтары:

  1. Орталық нерв жүйесінің құрамы қандай?

  2. Мидың жеке бөліктері қандай?

  3. Ми сыңарларының беттерінде қандай түзілістер болады?

  4. Ми қыртысының құрылысы қандай?

  5. Мидың сұр заты қандай құрылым түзеді?



«Тіс емдеу» факультеті

Дәрістік кешен

Дәріс тақырыбы: Вегетативтік нерв жүйесінің жалпы морфологиясы. Симпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйесі туралы түсінік.



Дәрістің мақсаты: Вегетативтік нерв жүйесінің жалпы құрылысы, қызметі, орталық және шеткі бөлімдерін, симпатикалық, парасимпатикалық нерв жүйесінің морфологиясын түсіндіру.


Дәріс тезистері: Біртұтас нерв жүйесі организмнің ішкі және жандар бөлігіне сәйкес екі бөлімге ажыратылады:

І. барлық ішкі ағзаларды , экзо-эндокриндік бездерді, жүрек пен тамырларды нервтендіретін вегетативтік нерв жүйесі;

ІІ. қаңқа бұлшықеттерді, біраз ішкі ағзаларда (тіл, жұтқыншақ, көмекей), сезім мүшелерін, яғни жануар тіршілігі ағзаларын нервтендіретін анималды нерв жүйесі.

Вегетативтік нерв жүйесі организмнің өсімдік қызметтерін (қоректену, тынысалу, несеп шығару, көбею, қан айналысы) іске асырады. Осы іске қатысатын ағзалардың функциясын басқарып, трофикалық нервтендіруді қамтамасыз етеді. Бұл жүйе ағзалардың функциясын күшейтеді немесе әлсіретеді. Сондықтан вегетативтік нерв жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерге бөлінеді.

Симпатикалық бөліктің негізгі қызметі – трофикалық. Бұл қызмет тотығу процесін күшейтіп, қоректік заттардаң жұмсалуын, тынысалуды, жүрек қызметін, бұлшықеттерге оттегінің келуін жоғарлатады.

Парасимпатикалық бөліктің қызметі – қорғаныштық. Бұл жүйе жүрек жұмысын бежейді, қуысты ағзаларды босаңсытып тазаланды, көз қарашығын мол жарықта тарылтады.

Вегетативтік нерв жүйенің анималды жүйемен салыстырғанда біршама морфологиялық ерекшеліктері болады. Анималдық жүйенің нервтері жұлын мен ми сабауымен сегментаралы шықса, вегетативтік нервтер төрт ошақ түрінде шығады: 1). Ортаңғы мидан – мезэнцдралдық бөлім; 2). Сопақша ми мен көпірден – бұлбарлық бөлім; 3). Жұлыннан – кеуде-бел бөлімі; 4). Сегізкөздік (сакралды) бөлім. Кеуде-бел бөлімі симпатикалық нерв жүйесінің орталығы, ал краниалды және сакралды бөлімдері парасимпатикалық жүйенің орталығы. Вегетативтік жүйенің шеткі бөліміне вегетативтік нервтер, түйін, өрімдер жатады. Вегетативтік нерв жүйесінің басқа елеулі айырмашылығына симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерінің құрылысы, қызметі, рефлекторлық доғасы, нервтерінің таралуы мен түйіндерінің орналасуы жатады.



Көрнекі материал: таблицалар мен схемалар


Әдебиеттер тізімі:


  1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 1994-95 жыл.

  2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 2004 жыл.

  3. Жумабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Адам анатомиясы, атлас І том. Астана 2004 жыл.


Тексеру сұрақтары:

  1. Вегетативтік нерв жүйесінің қызметі қандай?

  2. Вегетативтік нерв жүйесінің орталығы қайда орналасқан?

  3. Вегетативтік нерв жүйесінің айырмашылығы неде?

  4. Симпатикалық нерв жүйесінің құрылысы қандай?

  5. Парасимпатикалық нерв жүйесінің құрылысы қандай?


«Тіс емдеу» факультеті

Дәрістік кешен


Дәріс тақырыбы: Ангиологияға кіріспе. Қан тамырларының құрылысының, тарамдалуының, жіктелуінің негізгі принциптері.


Дәрістің мақсаты: Қантамыр жүйесінің құрылысы, тамырлардың тармақталуы және жіктеліу туралы жалпы заңдылықтарды түсіндіріп, жүрек құрылысы мен дамуын, даму ақауларын беру.


Дәріс тезистері: Гумаралдық реттеудің мордюлогиялық негізін тамырлар жүйесі немесе жүрек-тамырлар жүйесі құрады. Бұл жүйе арқылы биологиялық сұйықтар (қан, лимфа) бүкіл организмге тарайды. Жүрек тамыр жүйесін қантамыр және лимфа жүйесіне бөледі. Қантамыр жүйесі артерия, вена микроағын тамырларынан және жүректер тұрады. Лимфа жүйесі лимфа ағатын түтікшелерден (лимфакопиляр, лимфа тамырлары, сабаулары) және лимфа түйіндерінен құрылған.

Жүрек-қантамыр жүйесінің құрылыс заңдылықтары: архитектуралық принципі – түтікті жйне жабық, тұйықталған қантамыр жүйесі – артериялық және веналық жүйеге жіктелуі. Тамырлар құрылысы гемодинамикалық, орналасу жеріне және функциясына байланысты болады. Қан тамырлары органмен біртұтастықта болып, онымен генетикалық, морфологиялық және функционалдық байланыста дамып жетіледі.

Тамыр (артерия, вена) орган ретінде жалпы жоспаремен құрылған: ішкі қабығы-интима, ортаңғы қабығы медиа, сыртқы қабығы адвентация. Әрбір қабық тін құрамына байланысты 2-3 қабаттан тұрады.


Қан тамырларының жіктелуі әртүрлі белгілері бойынша жасалады: диаметрі (ірі, орташа, ұсақ), гистоструктурасы (бұлшықеттік, эластикалық, аралас); орналасуы мен қызметі бойынша (жүрек жанындағы, магистралды, органдық), заттар алмасуына байланысты (капилярлар), анастомоз бен жанама (коллатераль) түзуші тамырлар.

Қан тамырларының денеде таралу заңдылықтары:


  1. нерв жүйесі айналасында топтасуы қолқа, алдыңғы және артқы жұлын артериялары;

  2. Тамырлардың париеталды және висцералды тармақтарға бөлінуі организмнің анималдық және вегетативтік бөліктері сәйкестенуі;

  3. Тұлғаның сигментаралық (метамерлік) құрылысына сәйкес тамырлардың сигментаралық тарамдалуы;

  4. Екі жақты симметрияға сәйкес тамырлардың көбі жұп болуы;

  5. Әрбір қол-аяқ бір негізгі тамыр сабауынан қан алады;

  6. Мүшелерге қан тамыры ең қысқа жолмен таралады.


Көрнекі материал: таблицалар мен схемалар


Әдебиеттер тізімі:

  1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 1994-95 жыл.

  2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 2004 жыл.

  3. Жумабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Адам анатомиясы, атлас І том. Астана 2004 жыл.


Тексеру сұрақтары:

  1. Жүрек қантамыр жүйесінің құрамы қандай?

  2. Қантамыр жүйесінің бөліктері қандай?

  3. Тамырлардың қабырғасы қандай қабықтардан, қабаттардан тұрады?

  4. Тамырлардың жіктелуі қандай ұстанымдар бойынша өткізеді?

  5. Қан тамырларының таралу заңдылықтары қандай?

«Тіс емдеу» факультеті

Дәрістік кешен


Дәріс тақырыбы: Бассүйек нервтерінің функцоналдық анатомиясы үшкіл, бет, тіл-жұтқыншақ нервтері: тармақтары, топографиясы, вегетативтік түйіндермен байланысы.

Дәрістің мақсаты: Бассүйек (ми) нервтерінің белгіленуі мен аталымын, мидан басталуы мен бассүйектің шығуын, топографиясы мен жіктелуін түсіндірк.



Дәріс тезистері: Ми сабауынан белгілі ретпен шығатын нерв түбірлердің жиынтығын бассүйек (ми) нервтері деп атайды. Ми нервтері 12 жұп, олардың реттік саны римдік цифрларымен белгіленеді. Бассүйек нервтерінің мүшенің түріне және таралу жолына байланысты.

Бассүйек нервтерінің жіктелуі:

І топ мидан тікелей дамыған нервтер – иіс сезу, көру нерві;

ІІ топ – миотомнан дамыған көз алмасы мен тіл бұлшық еттерін нервтендіреді: бұлар көз-қимыл, шығыр, әкеткіш, тіласты нервтері.

ІІІ топ – желбезек доғасынан дамыған бұлшық еттерді нервтендіреді: үшкіл, бет, тіл-жұтқыншақ, кезбе, қосымша нервтер.

Желбезек доғасының дамуын бұлшық еттерді нервпен жабдықтайтын бассүйек нервтерінің (ІІІ топ) ерекшеліктері:

1. олар үш түбірлі болып мидан шығады, түбірлері: сезімтал, қозғалтқыш, вегетативтік. Сондықтан бұл нервтердің құрамында үш түрлі нерв талшықтары болады.

2. Бассүйек нервтері ми сабауынан түбірлерімен басталып, белгілі бір бағытта бассүйектен шығады.

3. Сезімтал түбірдің бойында сезгіш түйіндер болады. Олар жалған бір полярлы (псевдоуниполярлы) жасушалардан тұрады.

4. Вегетативтік (парасимпатикалық) талшықтар вегетативтік түйіндерде үзіліп, бас мойындағы бездерді, ауыз және мұрын қуысы шырышты қабығын нервтендіреді.


Көрнекі материал: таблицалар мен схемалар


Әдебиеттер тізімі:


  1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 1994-95 жыл.

  2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 2004 жыл.

  3. Жумабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Адам анатомиясы, атлас І том. Астана 2004 жыл.


Тексеру сұрақтары:

  1. Бассүйек нервтері нешеу, олар қалай аталады?

  2. Бассүйек нервтері мидың қандай бөлігінен басталады?

  3. Нервтер бассүйектен қалай шығады?
  4. Бассүйек нервтерінің жіктелуін атаңыз?


  5. Желбезек доғасынан дамитын бұлшық еттер нервтерінің құрылыс ерекшеліктері қандай?



«Тіс емдеу» факультеті

Дәрістік кешен


Дәріс тақырыбы: Эндокринді аппарат ағзаларының морфо-функционалдық мінездемесі, эндокринді бездердің топографиясы, организмнің ағза, жүйе қызметін реттеуі.


Дәрістің мақсаты: Эндокринді аппарат құрамын, жалпы функциясын, эндокринді бездердің жіктелуін, құрылысы өзгешелігі мен ағза, жүйе қызметін реттеудегі маңызын түсіндіру.


Дәріс тезистері: Эволюция үрдісінде ерекше дамыған басқарушы және реттеуші жүйе – ол эндокринді аппарат. Бұл аппарат ағзалары организм функциясын гормондар арқылы реттеп нерв жүйесімен бірге бір тұтастықты қамтамасыз етеді. Эндокринді аппарат құрамына эндокринді немесе ішкі секреция бездері және ішкі ағзаларда шашырамды орналасқан эндокринді жүйе жатады.

Эндокриндік бездер жете маманданған ағзалар, биологиялық активті заттар-гормондар синтездеп, оларды қанға бөліп шығарады. Эндокринді бездер жіктелуін дамуы және топографиясы бойынша өткізеді.

Дамуы бойынша барлық эндокринді бездерді бес топқа жіктейді:

1. брангиогендік топ – желбезек эпитениімен қалталарымен дамитын. Энтодермалық бездер (қалқанша, айырша, аденогипофиз);

2. энтодермалық бездер – алғашқы ішек дамуы (ұйқыбез аралшалары);

3. нейрогендік топ – аралық мидан дамитын эктодермалық бездер (нейрогипофиз, эпифиз);

4. мезодермалық бездер (бүйрекүсті бездің қыртыс заты, жыныс бездері);

5. эктодермалық бездер – адреналдық жүйе тобы симпатикалық элементтерден туындайды (бүйрекүсті бездің милық заты, хромаффондік денешіктер). Эндокриндік бездерді функциясы мен топографиясы бойынша мына топтарға жіктеледі:

І. Эндокринді аппараттың орталық құрылымдары: гипоталамус, гипофиз, эпифиз;

ІІ. Перифериялық эндокринді бездер (қалқанша, айырша, бүйрекүсті бездер)


ІІІ. Эндокринді функциясы бар органдар (ұйқыбез, жыныс бездері, плацента)

ІV. Жекеленген гормон синтезделуші жасушалар тобы – диффузды эндокринді жүйе.


Көрнекі материал: таблицалар мен схемалар


Әдебиеттер тізімі:


  1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 1994-95 жыл.

  2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 2004 жыл.

  3. Жумабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Адам анатомиясы, атлас І том. Астана 2004 жыл.


Тексеру сұрақтары:

  1. Эндокринді аппарат құрамы қандай?

  2. Эндокринді бездердің жіктелуі?

  3. Дамуы бойынша неше, қандай топтар болады?

  4. Топографиясы бойынша қандай бөліктері бар?

  5. Қан тамырларының таралу заңдылықтары қандай?



«Тіс емдеу» факультеті

Дәрістік кешен


Дәріс тақырыбы: Спланхнологияға кіріспе. Асқорыту жүйесі ағзаларының жалпы анатомиясы, олардың дамуы және даму ақаулары.


Дәрістің мақсаты: Сома мен ішкі ағзалар туралы түсінік, ішкі ағзалардың құрылысы заңдылықтарын түсіну; асқорыту жүйесінің функциялары, құрылысы, дамуы мен ақаулары.


Дәріс тезистері: Анықтамасы: ішкі ағзалар дегеніміз тұлға қуыстарында (кеуде, іш, жамбас атауы) ораналасқан органдар жиындығы. Оларға асқорыту, тынысалу және несеп-жыныс жүйелері жатады. Ішкі ағзаларды вегетативтік, яғни өсімдік тіршілігі мүшелері деп те атайды. Адам организмінде вегетативтік мүшелер кіретін және шығатын тесіктері арқылы қоршаған ортамен қатысатын төрт түтіктен (асқорыту, тынысалу, несеп және жыныс) тұрады. Ішкі ағза түтіктері ұрықтың (эмбриондық) кезеңде пайда болады. Әр түтіктің бөліктері әркелкі өсуіне байланысты, формасы жағынан күрделенеді. Күрделену нәтижесінде жеке орган бастамалары пайда болып, ағзалар дамуы (органогенез) әрі жалғасады.

Ішкі ағзалар екі типті органдардан тұрады. Олардың көбі түтікті немесе қуысты болса, біразы ұлпалы (паренхималы) болып келеді. Қуысты ағзаларға ортақ құрылыс заңдылығы: құрылымдық элементтері ортаңғы түтіктің сыртында қабықтар және қабаттар түзіп орналасады. Барлық қуысты органдардың қабырғасы төрт қабықтан (шырышты, шырышасты негіз, бұлшықетті және сірлі (серозды)), ал қабықтар 2-3 қабаттан немесе табақшадан тұрады. Асқорыту ағзаларының жалпы қызметтері: 1. организмді энергиямен қамтамасыз ету; 2. құрылымдарды түзу үшін «құрылыс» материалдарымен жабдықтау; 3. энергиялық қор жинау. Бұлар мен қоса асқорыту ағзаларының өзіне тән қызметтері болады (саты механикалық өңдеу, дәм сезу, асты қорыту, сіңіру, шырын болу (секреция) және тағы басқалар). Көп түрлі қызметтерге байланысты асқорыту органдары көп және әрбір орган өзінше құрылыс жүрделігімен өзгеше. Морфологиялық ерекшелігі бойынша асқорыту жүйесін екі топқа бөледі: 1. асқорыту каналы немесе асқазан-ішек жолы; 2. ұлпалы (паренхималы) органдары. Бірінші бөлікке жататындар: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішектер. Ұлпалы ағзалар: тіл, тістер, сілекей бездері, бауыр, ұйқыбезі. Ұрықтың дамуы және атқаратын ерекше қызметі (функциялық өзгешелігі) бойынша асқорыту каналын үш бөлімде (алдыңғы ішек, ортаңғы ішек, артқы ішек туындылары) жіктейді. Асқорыту органдарын архитектуралық құрылысы бойынша қуысты және ұлпалы ағзаларға да жіктейді.



Көрнекі материал: таблицалар мен схемалар


Әдебиеттер тізімі:


  1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 1994-95 жыл.

  2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 2004 жыл.

  3. Жумабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Адам анатомиясы, атлас І том. Астана 2004 жыл.


Тексеру сұрақтары:

  1. Ішкі ағзалардың анықтамасы қандай?

  2. Ішкі ағзалар қандай жүйелерден тұрады?

  3. Ішкі ағзалар құрылысының типтері?

  4. Асқорыту жүйесінің жалпы қызметтері?

  5. Асқорыту ағзаларының ұрықтың дамуына байланысты жіктелуі?

  6. Асқорыту каналының бөліктері?