shkolakz.ru 1

Баспасөз-баяны


15 наурыз 2010 ж. сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультеті 230-аудиторияда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша 2009 жылғы әлеуметтік маңызы бар лот «журналистерге мемлекеттік ақпараттық саясатты оқыту семинарларын өткізу» тендері аясында «Қазақстанның мемлекеттік ақпараттық саясаты: болашаққа көзқарас» атты әдістемелік оқу құралының тұсаукесер салтанаты өтеді.

Бұл қоғамдық ұйымдар мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ЮНЕСКО кафедрасының бірлескен алғашқы тәжірибесі. ҮЕҰ мүшелері аз ғана уақыт ішінде яғни 2009 жылдың екінші маусымында бірнеше мәселелерді қарастырды:


  • «Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты» тақырыбында презентация әзірлеу.

  • Аталмыш тақырып бойынша Астана, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Тараз, Орал қалаларында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларымен ҮЕҰ бірлесіп сынып-шеберлігін өткізу.

  • Ақпараттық кеңістіктің даму динамикасын зерттеп электронды презентация дайындау.

  • БАҚ-та мемлекеттік саясаттың болашағын насихаттау мақсатында оқыту модулі мен әдістемелік ұсыныстар даярлау.

  • Мемлекет бойынша тәжірибе бөлісу мақсатында оқыту-әдістемелік оқу құралын шығару.

Әдістемелік оқу құралында әртүрлі мемлекеттегі ақпараттық саясаттың даму тарихы мен жұмыс тәжірибесі туралы айтылған. Ғалымдармен әлеуметтік зерттеу жүргізіліп, осы сала бойынша сарапшылар арасында сауалнама жүргізілді. Кітап студенттерге, педагогтарға, журналистерге, саясаткерлерге, әлеуметтанушыларға және қоғамдық өмір мен масс-медианың модернизациялануы қызықтыратын адамдарға арналған.


Байланыстар:

Әл-
Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

журналистика
факультеті, ЮНЕСКО кафедрасы

Гауха
р Тасбулатова, Сидикова Даурия – тел. 8 (727) 377-34-43,

e-mail: dauletiar_dauria@mail.ru