shkolakz.ru 1

Балабақшаның атауы: №5 сәбилер бақшасы



Педагогтың аты-жөні: Хақия Антайқызы Хожаева


Лауазымы: Тәрбиеші


Жұмыс өтілі: 18


Санаты: ІІ-ші санаты


Тақырыбы: Үй жануарлары


Жас шамалық тобы: Ортаңғы


Білім саласы: Таным саласы


Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу


Тақырыбы: Үй жануарлары


Мақсаты: Төрт түлік мал туралы білім беру;

Міндеттері:


  • Ата-бабаларымыздың малды қалай қастерлеп баққаны туралы айтып, балалардың ой-өрісін дамыту;

  • Балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту;

  • Шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбексүйгіштікке баулу;

  • Төрт түлік малды қастерлеп, қамқорлық жасауға үйрету.


Көрнекілігі: Суреттер, таратпалы суреттер.


Мал өнімдері: Сүт, айран, қаймақ, май, жүндері, ұршық пен жіп, үнтаспа, дайын қамыр, қора көрінісі құралдары, тоқыма киімдер.


Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, Д/о ойнату, еңбек шарттарын түсіндіру.


Алдын-ала жұмыс: Жұмбақтар жасыру.


  1. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)



  1. Кішкене ғана тоны бар,

Айналдырып киге,н тоны бар. (Қой)


  1. Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар. (Ешкі)






Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Баланың іс-әрекеті:

Қызығушылықты ояту.


Үнтаспа үні естіледі.

Таныстыру кезеңі: Схема арқылы көрсету.



3 топқа бөлінеді:

1 топ – қошақандар,

2 топ – құлыншақтар,

3 топ – ботақандар.


Төрт түлік малдың өнімдерімен таныстыру.


Сергіту сәті:


Д/о:


Қорыту:


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін бір-біріне сыйлайды.

  • Балалар төрт түлік малды көріп, одан әрі танысу үшін қораға барамыз ба?

  • Балалар ненің дауысы?

  • Жақындап қалдық па?

1. Қой – төрт түліктің ішіндегі момыны. – еті, жүні, майы.

2. Сиыр – адамға үйір, біздің барлық ішіп-жейтін тағамымыз: құрт, май, сүт, ірімшік, айран, қаймақ, ет.

3. Түйе – төрт түлік төресі. Сүтінен шұбат ашытып, сусын дайындайды, еті мен майы мол, жүні сапалы – көрпе, киімдер.

4. Жылқы – жер жүзіне тараған. Етінен қазы-қарта, жал-жая, сүтінен қымыз-сусыны.

5. Ешкінің – еті, сүті, түбіті.

Зерттеу орталығында:

  1. Тапсырма: Д/о «Өз орнын тап».

Мақсаты: Ауысып кеткен төот түлік малдың дене мүшелерін орнына қою, білу.

  1. Тапсырма: «Төлдерін тап».

Мақсаты: Сызып төлдерін енесіне қосу.


Сүт, айран, қаймақ, қымыз, шұбат, жүндерінен жасалған – киімдер, тоқыма.


«Шөп жинау».

Мақсаты: Балалардың еңбектену арқылы төрт түлікті қалай – баптау, күту жөнінде білуі.


«Дәміне қарай ажырат».

Мақсаты: Әр баланың өздері ажырата білуі.


«Жүн түту».

Мақсаты: Әжелеріміхдің жүн түту тәсілі мен есуін үйрену.


  • Балалар, бүгін қайда бардық?

  • Нелермен таныстық?

  • Немен шұғылдандық?

  • Тиым сөздер айтайықшы:

  1. Ақты төкпе!

  2. Малдың басынан ұрма!

  3. Малды теппе!

Шеңберге тұрады. Жылы лебіз білдіреді.



Балалар ненің дыбыстарын естігегін айтады.


Суық жел, боран, малдардың дауысы.

Балалардың төлдерді шақыруы.


2 топ – құлыншақтар зерттеу орталығында.


1 топ – қошақандар шығармашылық орталығында. Тапсырма: құрт жасау.


3 топ – ботақандар құрастыру орталығында. Тапсырма: қойдің жүнін желіммен жабыстыру жұмыстарымен шұғылданады.


Стол үстіндегі өнімдерді көреді.


Науаларға жинап келген шөптерін салады.


Әр бала қасықпен ішіп көріп білуі, айтуы тиіс.


Жүнді түтіп, есіп көреді.