shkolakz.ru 1

Баспасөз-баяны


17 ақпан 2010 ж. сағ. 12.00 Қазақ Ұлттық Университеті, журналистика факультеті 230 аудиторияда «Қазақстандағы ұлттық идея: проблемаларды шешу жолдары» атты оқу құралының тұсаукесер салтанаты болады.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің тапсырысы аясында 2007 – 2009 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғалымдар ұжымы мемлекеттің ұлттық идеясы жөнінде күрделі зерттеу жүргізді. Зерттеу аясында әлем мемлекеттерінің әртүрлі кезеңдегі ұлттық идеясы мен идеологиясы зерттеліп, Қазақстанның барлық аймағына жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесінің сараптамасы ұсынылды. Аталмыш проблеманың теориясы мен тәжірибесі көрсетіліп, ұсыныстардың қортындысы жарияланған. Оқу құралы журналистерге, гуманитарлы факультеттің студентеріне және саясаттану, тарих, философия, әлеуметтану, масс-медиа сұрақтары қызықтыратын көпшілікке арналған.

ХХI ғасырда Қазақстандағы Ұлттық идея өзекті мәселенің бірі. Бұқаралық ақпарат құралдарында бұл тақырып жөнінде пікірталас ешқашан толастаған емес.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ғалымдарының яғни саясаттанушы, журналистер, әлеуметтанушылардың көзқарастары осы оқу құралында ұсынылып отыр.


Байланыстар:

Әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

журналистика факультеті, ЮНЕСКО кафедрасы,

Сидикова Даурия – тел. 8 (727) 377-34-43,

e-mail: dauletiar_dauria@mail.ru