shkolakz.ru 1
Біржан ауылдық округ әкімінің аппараты бойынша 2012 жылдың I – ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар



Ауылдық округ әкімінің аппаратына 2012 жылдың 1 қаңтарынан есептік кезеңге дейін мемлекеттік мекемелер мен ведомоствалардан 112 қатынас хат, аудан әкімінің 19 хаттамалық тапсырмалары, сондай-ақ Зайсан аудандық мәслихатының 2 шешімі мен Зайсан ауданының әкімдігінің 7 қаулысы келіп түсті. Келіп түскен 3 қаулы бойынша ауылдық округінде су тасқынына, дала өрттеріне қарсы және округ елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту туралы 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасалып, ауылдық округ әкімінің бақылауына алынды.

Аудандағы мемлекеттік мекемелер мен ведомостваларға, жеке тұлғаларға 116 қатынас-хат жолданса, 54 өкім шығарылды.

Біржан ауылдық округ әкімінің аппаратының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасы бекітілді.

2012 жылдың I - ші жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардан округ әкімінің аппаратына 19 өтініштер тіркелді және өтініш иелеріне тиісті жауаптары берілді.

Ауылдық округ әкімінің 12 әкімдік мәжілісі өткізіліп, хаттамалары толтырылды.

9 918 теңгенің 119 нотариаттық іс-әрекеттері атқарылды.

2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын насихаттау мен түсіндіру жұмыстары бойынша іс – шаралар жоспары жасалып, 2 ақпараттық хабардар топтары құрылды және ауылдық округіне қарасты елді мекендердің тұрғындарымен кездесулер өткізді.

Округте халықтың күнделікті тұтынатын азық-түліктің бағасын тұрақты ұстау мақсатында 2 дүкен иесімен, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында ауылдық округ әкімі және 13 шаруа қожалықтары жетекшілері арасында құны 2 200 000 теңгені құрайтын екіжақты серіктестік меморандумдарына қол қойылып, жартыжылдық мерзімде 570 000 теңгенің демеушілік, қайырымдылық көмектері көрсетілді.

Сондай-ақ ауыл тұрғындарының демеушілік көмегі аясында Біржан ауылындағы мәдени шаралар өтетін орын 110 000 теңгеге ыдыс-аяқтармен жабдықталды.



1. Ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстар бойынша:

Ауылдық округі 2011 жылы 1785 га егістік алқабы игерсе, 2012 жылы егістік көлемі – 1835 га құрап, өткен жылмен салыстырғанда 50 га немесе 3%-ға артты. Мұның ішінде: - 255 га бидай, 300 га арпа, 10 га тары, сұлы

5 га, 95 га картоп, 666 га күнбағыс, соя 4га, 10 га бақша өнімдері, 40 га көкөніс және 350/100 га көпжылдық шөп.

2012 жылдың 01 шілдесіне округтегі елді мекендердегі тұрғындар мен шаруа қожалықтарының мал-құстарының санағы жүргізілді, санақ қортындысы бойынша: ірі-қара – 6361 бас, қой-ешкі – 9835 бас, жылқы – 1449 бас және құстар 2224 басты құрап, өткен 2011 жылғы 01 шілдемен салыстырғанда ірі-қара 2,4 %-ға қой-ешкі 0,2 %-ға, жылқы 22,4 %-ға және құстар 49 %-ға өсті.

Мал шаруашылығы өнімдері бойынша 2012 жылғы 6 айлық қортындыға сай 218 тонна ет, 1418 тонна сүт, 34 000 дана жұмыртқа, 56 тонна жүн өндірілді.

Округте сарып ауруының ошағын жою және таралып кетпеуіне байланысты барлық профилактикалық шаралар атқарылды. Ірі-қараны сібір жарасы, пастереллез, қарасанға, қой-ешкіні - сібір жарасы, қара сүйелге, ал жылқыларды сібір жарасы, САП - қа (маңқа) және үй құстарын жоғары зардапты құс тұмауына қарсы екпе жұмыстары жүргізілді.

2012 жылғы 01 наурыздан бастап ауылдық округ бойынша малдарды емдеу, профилактикалық шараларды атқару мақсатында 2 аға мал дәрігері, 3 кіші мал дәрігері жұмысқа алынды.

Ауылдық округ әкімінің аппаратының штаттық құрамы кеңейіп, 2 ауылшаруашылығы қызметшілері – агроном және көркейту-көгалдандыру маманы жұмысқа қабылданды.

2. Округ бойынша атаулы әлеуметтік көмек және 18-жасқа дейіңгі балалар жәрдемақысын алған жанұялар туралы мәліметтер:

2012 жылғы 6 ай көлемінде:

5 жанұядағы – 22 адамға берілген атаулы көмек - 261 800 теңге,

30 жанұядағы - 93 балаға төленген жәрдемақы - 651 800 теңге.

3. Салық төлемдері бойынша:



2012 жылғы 6 ай көлемінде бюджетке өткізілген барлық салық төлемдері


- жеке тұлғалардың жер салығы 20 493 теңге

- мүлік салығы 17 886 теңге

- көлік салығы 190 840 теңге

- біржолғы алым 13 090 теңге


4. Елді мекендерді көркейту – көгалдандыру жұмыстары бойынша:


Округтегі Біржан ауылдық емханасы ғимаратының ауласына 43 түп сирень ағаштарының көшеттері, 19 Мамыр көшесіндегі «Аналар аллеясы» саябағына 157 түп, «Ә.Дүйсежанов» атындағы саябаққа қурап қалған ағаштар орнына 21 түп өскінді, Аманкелді атындағы орта мектебі 62 түп, Біржан ауылындағы кіреберіс трасса бойына 248 түп және ауыл тұрғындары аулалары мен үйлерінің көше беткейіне 985 түп ағаштар отырғызды. Жалпы жиыны – 1516 түп ағаш көшеттері.

2012 жылы Біржан ауылының 19 Мамыр көшесі бойына округтегі Әйелдер Кеңесінің төрайымы Күлжауар Айтмұханбетованың ұйымдастыруымен көлемі – 1428 ш.метр «Аналар аллеясы» саябағы кәсіпкерлер Марат Досбаев пен Жанболат Бошаевтың демеушіліктерімен қоршалып, ағаштар мен гүлдер егілді. Саябақты қоршауға жұмсалған материалдардың жалпы құны – 150 мың теңге.


5. Спорт саласы бойынша:


2012 жылғы 8 наурыз «Халықаралық Әйелдер күні» және 22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекелеріне орай волейболдан ауыл біріншілігі, сондай-ақ арқан тарту, гир көтеру, стол теннисі және армреслингтен жарыстар өткізілді.

Ал 9 мамыр «Ұлы Жеңіске - 67 жыл» мерекесіне орай мини футболдан, волейболдан ауыларалық жарыс ұйымдастырылды. Жарыстар жеңімпаздар ауылдық округ әкімі мен жергілікті кәсіпкерлер тарапынан ақшалай, заттай сыйлықтармен марапатталды.

1-маусым Балаларды қорғау күні мерекесіне байланысты «Спорт денсаулық кепілі» атты балалар арасында эстафеталық ойындар өткізілді.

5. Мәдени көпшілік жұмыстар:


Округ бойынша 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі және

22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекелері аталып өтілді.


8 наурыз күні Біржан ауылдық округіне қарасты Қуаныш ауылында «Алтын анам», Біржан ауылында «Әке – асқар тау» атты мерекелік шаралар өткізілді. Ауылдық округ әкімінің және жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жетекшілерінің тарапынан көп балалы аналарға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар тапсырылды.

22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекесі округке қарасты Біржан, Қуаныш, Ақарал ауылдарында өтті. Барлық елді мекендерде киіз үйлер тігіліп, мерекелік халықтық шара өткізілді, халыққа наурыз көже таратылып, ұлттық ойындар (арқан тарту, қол тіресі,т.б ) ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

1 Мамыр «Қазақстан халықтарының ынтымақ күні» мерекесі мен 9 мамыр Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді.

1 Маусым «Балалар күні» мерекесіне «Бала біздің болашағымыз» атты әнші балапан байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан және көрермен балалардың барлығына да ауылдық кәсіпкерлер мен ауылдық округ әкімінің аппараты мамандары мен қызметкерлерінің демеушіліктерімен сыйлықтар табыс етілді.