shkolakz.ru 1 2 ... 11 12


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайларды және

өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау комитетінің

2008 жылғы «20» тамыздағы

№ 33 бұйрығымен

келісілген


Газ және газоконденсат кен орындарын

өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар


1-тарау. Жалпы қағидалар


1. Газ және газоконденсат кен орындарын-газды, газоконденсатты және басқа да қосындыларды тиісті экономикалық көрсеткіштерге сай пайдалану үшінгі кешенді шаралар мен технологиялық үрдістерді қолдану деп түсіну қажет.

2. Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу бекітілген жұмыс жобалары және кен орындарын игеру жоспары бойынша жүргізіледі.

3. Өңдеу жобасының негізгі жағдайларын тиісті газодинамикалық және технико-экономикалық есептермен дәлелдеу қажет.

4. Бекітілген өңдеу жобасының негізгі жағдайын принципті өзгертпейтін, бірақ кен орындары өңдеу жағдайын жақсартатын қосымша және шамалы өзгерістерді жобалаған ұйыммен келіскен кезде (тиісті рәсімдеуді) жасауға болады.

5. Бекітілген өңдеу жобасына түбірлі өзгерістер енгізу қажет болғанда, соңғысы қайта жасалынады (нақтылы өңдеу жобасы) және белгіленген тәртіп бойынша бекітіледі.

6. Өңдеу жобасында газды, конденсатты және сол сияқты қосындыларды шығарудағы барынша мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін, сондай-ақ, кен орнын қорғаудың барлық шараларын ескеру қажет.

7. Өңдеу кезінде жинау, тазарту, тасымалдау объектілерін салу жөніндегі құрылысты бастау және газда, конденсатты және ілеспе қосындыларын пайдалануды көздейтін әдістемелік нұсқау-өңдеу жобаларының негізі болып саналады.

8. Газоконденсат орындарын өңдеу кезінде қат қысымдарын бірқалыпты ұстайтын өңдеу жобасында мынадай мәселелерді, пайдаланылатын және айдауыш ұңғалардың саны мен жүйесін анықтау, сондай-ақ, істеп тұрған қат агенттігіндегі толтыру көлемін, қабаттағы қысымды ұстаудың ұзақтығын және кен орнын өңдеудегі жалпы мерзімді, алынған конденсат пен басқа да технологиялық және техникалық-экономикалық көрсеткіштерді шешкен жөн.



2-тарау. Ұңғыларды бұрғылау


1-параграф. Газ ұңғыларын бұрғылауды ұйымдастыру

жөніндегі жалпы қағидалар


9. Пайдаланылатын ұңғыларды бұрғылау «Мұнай, газ және газоконденсат кен орындарындағы ұңғыларды бұрғылау кезінде жүргізілетін жұмыстардың біріңғай техникалық талабына» сәйкес жүргізіледі.

10. Дәлелденген өнімділігі бар газ және газоконденсат кен орындарында барлау ұңғылардың құрамы, бұл ұңғыларды пайдалануға беру мүмкіндігін есепке алғанда қабылданады.


2-параграф. Ұңғыларды пайдалануға беру


11. Газ және газоконденсат ұңғыларын пайдалануға беру құрамында беруші, қабылдаушы жақтардың өкілетті орган және кен орнын пайдалану мен қорғаудағы өкілетті орган өкілдері бар комиссия жүзеге асырады.

12. Барлау ұңғыларын пайдалануға беру төмендегі мәліметтері көрсетілген тиісті акті бойынша рәсімделінеді:

1) ұңғыны бұрғылауды бастау мен аяқтау мерзімі жөніндегі мәліметтер, ұңғы орналасқан жері мен шартты координаты, ұңғы сағасы құрылымының альтитудасы (ротор үстелі көрсетілген содан бұрғылау кезінде тереңдігін өлшеген фонтан арматурасы астындағы бағана ернемегі); орамалы құбырдың маркасы және қалыңдығы көрсетілген тереңдікке бойлау, орамалы және фонтан құбыры, забой жабдығы, ашу ерекшелігі, цемент сақинасының биіктігі мен жағдайы, оны ашудың сипаты;

2) газ қабаты мен сағасының толық химиялық анализі, конденсаттың фракциялық, топтық және химиялық құрамы, сондай-ақ, егер болса, мұнай жиегі, яғни мұнай;

3) лабораториялық (керн бойынша) кәсіпшілігі мен геофизикалық мәліметтері анықталған газды горизонттың жинағыш ерекшелігі;

4) өнімді горизонттардың тұйықталған суының тығыздылығы мен химиялық құрамы;

5) барлық жүргізілген зерттеу жұмыстарын алынған нақты мәліметтермен бірге қоса хаттау;

6) зерттеу мәліметтерін өңдеу нәтижесі;

7) ұңғыдан су мен құм шықса, онда ұңғы жұмысының ерекшелігі көрсетіледі;


8) пайдаланылатын бағананың герметикасы және құбыр аралық кеңістіктің жағдайы туралы акт.

13. Барлау ұңғысын пайдалануға ұңғының паспорты, геофизикалық материалдар мен керндік материалын, газды, конденсатты (мұнайды) және суды талдау нәтижесі, сондай-ақ, ұңғының іс-жағдайы бірге беріледі.

14. Пайдаланылатын газ ұңғысы колонналары мен саға жабдықтарының герметикалық жағдайы дұрыс болса және игергеннен кейін, сондай-ақ, факельде жанғаннан соң 72 сағат ішінде оны бұрғылаудан кейін пайдалануға беріледі. Қажет болған жағдайда ұңғының факельде жану мерзімі аймақтық органның өкілетті өкілінің келісімі бойынша ұзартуға болады. Бағанааралық қысым болған ерекше жағдайда, аймақтық органның өкілетті өкілі дұрыс қорытынды жасағанда ұңғыны пайдалануға беруге болады.

15. Ұңғыны пайдалануға берерде жұмысты орындаушыға ұсыныс беріледі:

1) фонтан арматурасын орнату, сондай-ақ, ұңғыға фонтан құбырын жіберу;

2) бұрғылау мұнарасын, мұнаралық құрылыстар мен бұрғылау жабдықтарын алып тастау, ұңғы маңайындағы алаңды тегістеп, шұңқырлар мен траншеяларды көміп, қауіпсіз техникасы мен өртке қарсы талаптарда көзделген басқа жұмыстарды атқару.

16. Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды орындамайынша, ұңғыларды пайдалануға беруге болмайды.

17. Бұрғыланған ұңғының нақты тереңдігі бұрғылау болғаннан соң, айналдыра оралған колоннаны жібергенше, бұрғылау құбырының ұзындығын болат рулеткамен өлшейді. Оны геологиялық қызметтің өкілі мен бұрғылау шебері актіні жазу арқылы бақылау өлшеуді жүргізеді. Ұңғы тереңдігі каротаж мәліметі бойынша тексеріледі; жасанды забойдың тереңдігі оны игеру алдында анықталынады.


3-тарау. Газ және газоконденсат кен орындарынан кен шығаруға дайындық


1-параграф. Газ және газоконденсат

кен орындары (шоғырлары) жіктемесі

18. Газ және газоконденсат кен орындарының өнімді қабаттарының геологиялық құрылымының күрделілігі жөнінен негізгі екі топқа бөлінеді:


1) күрделі геологиялық құрылымды кен орындары (тектоникалық бұзылымнан бірнеше блоктар мен зоналарға бөлінген, литологиялық құрамы, жинаушы ерекшелігі және басқа да өнімді горизонттың өзгермелі сипаты бар);

2) қарапайым геологиялық құрылымның кен орындары (бұл кен орындарындағы өнімді қаттар литологиялық құрамы салыстырмалы тұрақтылығымен, жинаушы қасиетімен және бүкіл шоғыр алаңы бойынша горизонттары өнімділігімен сипатталады).

19. Горизонттардың (шоғырлар) өнімділік саны бойынша кен орындары бөлінеді:

1) бір қаттылы;

2) көп қаттылы.

20. Кен орындарынан қазба шығару объектілері сан бойынша бөлінеді:

1) біробъектілік, бір шоғыр немесе барлық шоғырлар бір қазу объектісіне бірігеді;

2) көп объектілер, бірнеше қазу объектілері болып бөлінеді.

21. Конденсаттың болуы немесе болмауы бойынша кен орындары бөлінеді:

1) газдық, қысым мен температураның төмендегенінде газдан сұйық көміртегілер шықпайды;

2) газоконденсаттық, қысым мен температураның төмендегенінде газдан сұйық көмірсутегілер шығады.

22. Газоконденсат кен орындары (шоғырлар) газоконденсаттың тұрақты құрамы жөнінен келесі топтарға бөлінеді:

1) 1 топ, құрамында шамалы тұрақты конденсат – 10 см33;

II топ, құрамы шамалы – 10 нан 150 см33;

3) III топ, құрамы жоғары:

III топ, құрамы орташа – 150 ден 300 см33;

IV топ, құрамы жоғары – 300 ден 600 см33;

V топ, құрамы өте жоғары – 600 см33 артатын.

23. Конденсаттың тұрақты құрамына, термодинамикалық сипаты және геологиялық жағдайына байланысты газоконденсат кен орындары қазылады:

1) қат қысымын ұстамай-ақ, (газ кен орны сияқты);

2) қат қысымын ұстай отырып.

24. Қаттағы мұнайдың болуы немесе болмауына байланысты газ және газоконденсат шоғырларын топтарға бөлуге болады:


1) мұнайсыз жиек немесе өндірістік маңызы жоқ мұнайлы жиек шоғыры;

2) өндірістік маңызы бар мұнайлы жиектің шоғыры.

25. Ұңғымалардың шығымы бойынша (барынша ең көп жұмыс шығымы) газ және газоконденсат кен орындарын (шоғырлар, қазу объектілері) келесі топтарға жатқызуға болады:

1) шығымы төмен – сөткесіне 25 мың м3;

2) шығымы шағын – сөткесіне 25-100 мың м3;

3) шығымы орташа – сөткесіне 100- 500 мың м3;

4) шығымы жоғары – сөткесіне 500 – 1000 мың м3;

5) шығымы өте жоғары – сөткесіне 1000 мыңнан аса м3.

26. Қат қысымының бастапқы мөлшері бойынша шоғырлар бөлінеді:

1) қысымы төмен – 60 кг/см2 дейін;

2) қысымы орташа – 60 тан 100 кг/см дейін;

3) қысымы жоғары – 100 ден 300 кг/см2 дейін;

4) қысымы өте жоғары – 300 кг/см2 артық.


2-параграф. Газ және газоконденсат кен орындарын барлау кезінде қойылатын негізгі талаптар


27. Барлау ұйымдары, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, газ және газоконденсат кен орындарын барлаған кезде, газ бен газоконденсат запастарына баға бергенде оның дұрыс дәрежесін, оны қазу немесе тәжірибелік-өндірістік пайдалануға беру үшін және қолданыстағы қағидаға байланысты барлау жұмысын жүргізу кезінде тәжірибелік-өндірістік жобалау мен қолайлы экономикалық көрсеткіштерге байланысты кен және кен орындарын қазу үшін және басқа бастапқы деректерді алуды қамтамасыз етуі қажет.

28. Газ және газоконденсат кен орындарының запасын есептеу көлемді әдіспен немесе тәжірибелік-өндірістік пайдаланудың деректері бойынша қысымы төмендегенде жүргізіледі.

29. Өндірістік игеру және тәжірибелік-өндірістік пайдалануға жататын газ және газоконденсат кен орындарының барланған дәрежесін қолданыстағы нұсқаулар мен қағидалар көздеген запасын есептеу кезіндегі газ бен газоконденсат запасының қатынасына байланысты қанағаттандыру қажет.


30. Газ және газоконденсат кен орындарын (шоғырлар) барлаған және оларды қазуға дайындаған кезде келесі мәліметтерді алуды қамтамасыз ету керек:

1) өндірістік маңызы бар мұнай жиегінің болуы немесе жоғы дәлелденуі;

2) шоғырдың негізгі параметрін алу мақсатымен біренеше ұңғалар бойынша толық сынамалау және зерттеу жүргізілуі;

3) өнімді горизонттардың, соның ішінде қима және алаң бойынша толық сипаттайтын жинауыштың негізгі параметрін анықтау;

4) газ және мұнайдың – газ шоғырлары жапсарының жағдайын анықтау;

5) шоғыр құрамының құрылымдық және геометрикалық сипаттарын анықтау.

31. Газ және газоконденсат кен орындарын барлау кезінде, қойылатын талап-ол барлау мерзімін мейлінше қысқарту, тәжірибелік-өндірістік пайдалануға дайындау үшін тиісті көрсеткішті алу және одан әрі оны қазуға беру мыналарды қамтамасыз етеді:

1) барлау кезеңдері мен қазуды жобалауды қатар жүргізу; бұл іздеу ұңғыларындағы өндірістік газдың ағынын алған соң, іздестіру ұңғыларын терең орналастыру барлау жобасы бойынша немесе болашақта пайдаланылатын ұңғылардың орналасу мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі;

2) оның пайдалану талабына сай келетін ұңғы құрылымын таңдау;

3) көп қатты кен орындарын қазуды есептей отырып, барлау кезеңдерін бөлу;

4) есептеу жолымен газ-судың араласуын анықтау;

5) өндірістік маңызды мұнай жиегі барын дәлелдеу үшін ұңғыларды бұрғылауды жүргізу;

6) тиісті параметрлерді алуды қамтамасыз ететін тәжірибелік-өндірістік пайдалану және газ және газоконденсат кен орындарын қазу үшін ұңғыларды зерттеуде ең ұтымды өндірістік және геологиялық – геофизикалық кешендерді қолдану.


3-параграф. Барлау ұңғыларындағы геологиялық-кәсіптік зерттеулер, бастапқы деректерді алу үшін газ және газоконденсат кен орындарын тәжірибелік-өндірістік пайдалануды жобалау

32. Барлау ұңғылары бойынша жүргізіледі:


1) бүйірлік топырақ қазғыш және геологиялық-геофизикалық зерттеумен алынған литологиялы-стратиграфикалық разрезді керн мен шлам үлгілері бойынша зерттеу;

2) қимада өнімді горизонттарды табу;

3) өнімді горизонттардың негізгі сипатын анықтау: қуатын, коллекторлардың физикалық қасиеттері-кеуектілігін, өтімділігін, сумен байланысын, мұнайды және басқа да кәсіптік-геофизикалық, лабораториялық пен гидродинамикалық зерттеулерді;

4) жапқыштарды зерттеу;

5) сулыгаз бен мұнайлыгаз жапсарының (мұнай-газ шоғырлары) бастапқы жағдайын анықтау;

6) ұңғылардың өнімділігін анықтау.

33. Зерттеу мақсатымен газдың сапасын есептеу және кен орындарын қазуды жобалау үшін жобада көзделген ұңғыларды барлағанда өнімді горизонттардан тұтастай немесе алынған кернді іріктегенде шығарылатын кернмен өнімді қаттардың және олардың түзімділер сыйымдылығының физикалық қасиетінің сипаты толық қамтамасыз етілсін.

34. Барлық барлау ұңғаларында кәсіптік геофизикалық зерттеулер, ұңғы оқпанының қисаюы мен азимутын бірге қоса толық кешенді зерттеулер жүргізіледі.

Каротажсыз ұңғыма жасауға, қисаюы мен азимутын өлшегенде 200 м асыруға тыйым салынады.

35. Барлау ұңғымаларын бұрғылаған кездегі геологиялық-кәсіптік зерттеудің көлемі мен түрлерін барлау және кен орындарын тәжірибелік-өндірістік пайдаланудың жобасына сәйкес бекітілген геологиялы-техникалық наряд белгілейді.

36. Барлық жағдайларда, бағананы цементтегеннен кейін, бағананың сыртындағы цементтің биіктігін, сондай-ақ, цементтің сапасын цемент өлшеуішпен немесе басқа әдіспен анықтау қажет.

37. Әр барлау алаңында арнайы дайындалған сол ұңғылар үшін геотермикалық градиентін анықтауы тиіс.

38. Газбен бірге су ағыны алынған жағдайда, электротермометрдің, резистивиметрдің немесе басқа әдістермен ағынның қайдан шығып жатқанын анықтау керек.

39. Газ шыққан ұңғаларда жүргізіледі:

1) сағалардағы статикалық қысымды өлшеу (манометрлердің үлгілерімен) және қаттағы қысымды анықтау (міндетті түрде тереңдік өлшейтін манометрлермен, ерекше жағдайда есептеумен) анықтау;


2) газ бен конденсаттың ұңғыманың ең аз дегенде 5-7 режимдегі дебитін анықтау;

3) ұңғыманның әртүрлі режимдегі жұмысында сағадағы динамикалық қысымды өлшеу (манометрлердің үлгілерімен) забойдағы қысымды анықтау (тереңдік өлшейтін манометрлермен немесе есептеумен);

4) қысым тұрақтанғандағы қисықты және қысым күшейгендегі қисықты жою;

5) газдың әртүрлі дебитіндегі забойдағы және ұңғы оқпаны бойынша температураны өлшеу;

6) газдың әртүрлі дебитіндегі шығатын судың және қатты қоспалардың сапасы мен құрамын анықтау;

7) газ бен конденсаттың химиялық құрамын анықтау үшін үлгісін алу, конденсаттың түсу жағдайын зерттеу, сондай-ақ, компоненттердегі коррозияның барын (газдағы күкірсутегіні, көмірқышқылын, сұйық фазадағы органикалық қышқылдарды) анықтау;

8) ұңғыдағы дебитті ұлғайту жөніндегі (интенсификациялау) жұмыс қажет болған жағдайда.

40. Су шыққан ұңғаларда (контурлардың және ішкі контурлардың) жүргізіледі:

1) химиялық құрамы тұрақтанғанша суды сорғызу;

2) қат қысымын (тереңдік манометрімен), статикалық деңгейіді өлшеу, индикаторлық қисықты және қысым қалпына келгендегі қисықты жою;

3) химиялық анализ және еріген газдың саны мен құрамын анықтау үшін тереңдегі судың үлгісін алу.

41. Мұнай белгісі бар немесе мұнай берген ұңғыларда мұнай кен орындарын қазу талаптарында көзделген кешенді зерттеулер жүргізіледі.

42. Барлау ұңғылары бойынша зерттеулер жүргізудің жоспары мен мерзімі Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің төтенше жағдайлар және өндірістік қауіпсіздіктің мемлекеттік бақылауы жөніндегі Комитеттің аймақтық бөлімшелерімен келісіледі.



следующая страница >>