shkolakz.ru 1 ... 8 9 10 11 12

3-параграф. Газ және газоконденсат кен орындарын қазу кезіндегі жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау


524. Газ және газоконденсат кен орындарын қазу инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, геоэкологиялық және басқа да зерттеулер нәтижесінің негізінде өткізіледі. Қосымша зерттеулер жүргізудің қажеттігін табиғатқорғау нормативті құжаттар талабына сәйкес жобалаушы ұйым анықтайды.

525. Газ және газоконденсат кен орындарын қазу өнімді қаттардың сулылығын анық ажыратқан жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін. Өнімді қаттардың және бұрғыланған ұңғының бағана сыртындағы кеңістігі сулануы салдарынан немесе газ-су контактыларының біркелкі емес жылжу себебінен оның одан әрі сулануына қарсы шаралар қабылдау керек. Қолданыстағы бағаналар және бос тұрған газ ұңғылары бойынша қатаралық газдың өтіп кету салдарынан өнімді қаттардан газдың шығып кетуін болдырмауға ерекше көңіл бөлу керек. Кәсіпшілікте бұрғылаудан шыққан жоғарыарынды газ ұңғыларының ұзақ уақыт бос тұруын болдырмау қажет. Егер пайдалану қорындағы ұңғы уақытша бос тұрса, онда ұңғыларды консервациялау қағидасына сәйкес оны өшіріп тастау керек.

526. Ұңғадан шыққан газды таңдау және пайдалану кезінде депрессияны қолдану қат энергиясын тиімді пайдалану жағдайында забой төңірегіндегі қат аумағын сақтауды газды тасымалдаудың компессорсыз кезеңін барынша ұзартуды қамтамасыз етумен жүзеге асада.

527. Газоконденсат кен орындарын пайдалану үрдістерін жүргізгенде пайдаланылатын ұңғылар аумағындағы қат қысымы конденсация басындағы өте қиын жағдайдағы қысымнан жоғары болуын есте сақтау керек.

528. Кері үрлеудің бүкіл кезеңінде пайдаланылатын ұңғыдан газ таңдаудың белгіленген дәрежесіне бақылау орнатылады, сондай-ақ, алынатын газдың тығыздылығы және фракциялық құрамына үнемі бақылау жүргізіледі.

529. Газ және газоконденсат кен орындарын қазуда қоршаған орта мен кен қазбаларына келесі техногендік әсер етумен бірге жүреді:

1) ауылшаруашылық пайдалануынан елеулі жер ресурстары шығарылады;


2) қат суын апатты су басып кетуі;

3) жер бедеріне түсіру және сіңіретін горизонттарға газбен бірге шығатын жоғарыминералданған қат суларын көму.

530. Пайдаланылатын ұңғының шеткі қатарына, сондай-ақ, газ кен орнының әрбір объектісіне санитарлық сақтау аумағы орнатылады, оның көлемін қолданыстағы санитарлық нормалармен анықтайды. Күкіртсутегісі бар газ және газоконденсат кен орындары үшін санитарлық сақтау аумағы мүмкін болатын апатты шығарындылар көлеміне және күкіртсутегісінің шашырау жағдайына байланысты анықталады.

531. Сейсмикалық белсенді нақты ошақтарды және олардың кеңістік-уақыт көшкінінің заңдылығын зерттеу, жерсілкінісі механизмін анықтау, сейсмикалы белсенді аймақтарды сенімді трассалау, сондай-ақ, жердің сыртқы қабатының отыру мүмкіндігін анықтау мақсатымен кен орындарын қазу аумағындағы сейсмикалық және геодинамикалық режимдерге бақылау жүргізіледі.

532. Газ кен орындарын өндірістік қазуға, тек шығарылған газ өндірістік және коммуналды-тұрмыстық мақсат үшін пайдаланғанда немесе уақытша сақтау мақсатымен арнаулы жерасты қоймасына нығыздалынады.

533. Газ кен орындарын өндірістік қазу кезеңінде шығарылған газ, конденсат және бірге болатын бағалы компоненттер мен суды жинау мен пайдалану, бекітілген технологиялық жоба құжатында көзделген мөлшер бойынша қамтамасыз етіледі.

534. Газды шырақпен жағуға болмайды, тек ол апатты жағдайда және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төнгенде ғана мүмкін болады.

535. Газды меркаптандар құрамын анықтау жөнінде және меркаптандардан газды тиімді тазалау қамтамасыз етіледі.

536. Өндіретін және сығып толтыратын ұңғыларды игеру мен пайдалану шығарындылар мүмкіндігін және ашық фонтандауын болдырмайтын ұңғылар тиісті жабдықтармен жасақталғанда жүзеге асырылады.

537. Пайдаланылатын бағаналардың герметикасы бұзылса, бағана сыртындағы цемент тасы орнатылмаса және фланецпен жалғанған жерден газ шығып жатса және одан әрісі болса, өндірістік және нығыздайтын ұңғыларды пайдалануға болмайды.


538. Ақауы бар ұңғыларды пайдалануға өкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің рұқсаты қажет. Ондай рұқсатты берумен бірге осы ұңғыларды пайдалану арнайы режимі, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жоспары бекітіледі, сондай-ақ, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен, олардың жұмысына тұрақты бақылау орнатылады.

539. Ұңғылар қорын ретке келтіру жөніндегі шаралар орындалады, оған ұңғылардың ақау бөліктерін жою бағана сыртындағы көтерілмеген цемент немесе жаңа сенімді құрылымды ұңғы-дублерін кондукторымен бұрғылау жатады. Бұрғыланған ұңғы қорын ретке келтіру ең алдымен санитарлық-қорғау аймақтарында орналасқан ақауы бар ұңғыларда жүзеге асады.

540. Ұңғыларды бұрғылағаннан және жерасты күрделі жөндеуінен кейінгі игеруде сұйықтың төгілуін, ашық фонтандауын болдырмайтын ұңғы саласын герметикалық құрылғымен жабдықтағанда жүргізу керек.

541. Пайдаланатын (өндіретін) ұңғыларды су басқанда оның өнімдерін субасуын бақылаудан басқа бағана арқылы ұңғыға судың ағу жерін, су басу көзі және оның тереңдігін анықтау мақсатымен арнайы геофизикалық және гидрогеологиялық зерттеулер жүргізіледі.

542. Егер кен орнын қазу үрдісі кезінде жерасты шығыны немесе қатаралық газ және судың кеміп қалу белгілері пайда болса, олар жер қойнауындағы газдың өтелімсіз жоғалуына әкеп соқтыруы мүмкін, онда ұйым қат флюидасының басқаруға келмейтін себептерін анықтау және жоюы керек.

543. Кешенді газ дайындау қондырғысына жалғанған пайдаланылатын ұңға, шығарындыларсыз және газды атмосфераға жақпай бақылау сепараторын пайдаланумен зерттелінеді.

544. Күкіртсутегі әсерімен эксплуатацияда болатын технологиялық, ішкіұңғылы жабдықтарды, пайдаланатын және лифтілі бағаналарды коррозиядан қорғау үшін, коррозиялы-берік маркалы болат және коррозияның ингибиторлары қолданылады, сондай-ақ, коррозия ингибиторын қолданбай-ақ, тот баспайтын коррозиялы-берік болатты, арнайы қапталған және өнімнің коррозиялық белсенділігін азайтатын технологиялық әдістер пайдаланылады.


545. Коррозиялық белсенді ортада қолданылатын, ішкіұңғылық жабдықтар, технологиялық апараттар, орам құбырлары және басқа да жабдықтар, сульфидтік шытынауға берік болуы қажет. Жабдықтардың коррозиялық жағдайына бақылау жүргізіледі.

546. Қондырғыларда, бөлмелерде және өндірістік алаңшаларда, жұмыс аумағына күкіртсутегінің тарау мүмкіндігі болғанда, ауа кеңістігін автоматты стационарлық газсигналберумен, сондай-ақ, күкірсутегі жиналу мүмкіндігі бар жерлерде-кезең сайын қолды газосигналберушілермен немесе газоанализаторлармен бақылау жүргізіледі.

547. Қат қысымын ұстау жүйесінің сенімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылданады. Мерзімінен аса қолданыста болған ағын судың су жеткізгіштерін ауыстыруды қамтамасыз ету және ағын суды тартуды жүзеге асыратын барлық су жеткізгіштерді ингибиторлық қорғау, сондай-ақ, су жеткізгішті тартатын электрохимиялық қорғаныс.

548. Өндірісті ағындарды жерасты көму, оларды жерасты сулары болмайтын олар шаруашылық-ауызсу және бальнеологиялық мақсат үшін пайдаланылуы мүмкін, нығыздайтын ұңғыларға, сенімді оқшауланған сіңіргіш горизонттарға толтырумен жүзеге асады.

549. Сіңіретін горизонттарға өндірістік ағындарды жерасты көму тек ерекше жағдайларда рұқсат етіледі, онда:

1) қойнаумен қоршаусыз шоғырларды қазу;

2) қазудың алғашқы кезінде су қоршау жүйесін салғанға дейін, шамалы өндірістік қойнауды салу;

3) жоба қажеттілігімен салыстырғанда өндірістік ағынның артық мөлшері және оларды басқа кен орындарына тасымалдаудың мақсатсыздығы;

4) қат суын гидроминаралдық шикізат ретінде пайдалану;

5) мұнайлы кешенді дайындау қондырғысында пайда болатын кейбір өндірістік ағындарды себепсіз күрделі техникалық тазарту.

550. Өндірістік ағындарды терең көмуді жүргізу үшін арнайы объект құрылады (полигон), оның территориясында жерүсті және жерасты құрылыстар кешені орналасады, қалдықтарды жинау мен жою, оның жағдайы мен жер қойнауы көшкінін бақылау үшін.


551. Сұйық қалдықтардың шамалы көлемі үшін және геологиялық қолайлы жағдайлар туып тұрғанда, қатты гидравликалық айырылыммен терең көму әдісі қолданылуы мүмкін, әлсізөткізгіш жыныс массивінде қолдан жасалынған жарықшақ пайда болады, ол нығыздау үрдісінде қалдықтармен толтырылады.

552. Терең көму қауіпсіздігі анықталады: геологиялық кеңістіктің қасиетімен, жер қойнауындағы геохимиялық және физика-химиялық сипаттарымен, сондай-ақ, оларға толтырылған қалдықтардың техногендік әсерімен; тау жыныстарындағы коллекторларды немесе жасанды сыйымдылықтарды өндірістік қалдықтармен технологиялық толтыру; инженерлік құрылыстар мен бақылау жүйелері.

553. Өндірістің сұйық қалдықтарын көму, ағын суларды ағызу Қазақстан Республикасының тиісті «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» және «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңдарымен регламеттеледі.

554. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес ұңғының техникалық жағдайын үнемі зерттеп тұру керек.

555. Ұйым объектінің пайдалану, консервациялау және жою кезіндегі сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің толық жауапкершілігін алады.

556. Ұйым инженерлік ұңғылардың жүйесі арқылы топырақты судың жағдайын (орналасқан жерінің периметрі бойынша) бақылауды жүзеге асырады.

557. Газ және газоконденсат кен орындарының өндіріліп болған жер учаскелері белгіленген заң тәртібі бойынша жерпайдаланушыларға беріледі.

558. Жарылысөртқаупі бар объектілерде мүмкін болатын апаттарды жою жоспарлары жасалынады, онда ерекше жағдайларды ескере отырып, апаттар мен апаттық жағдайларды болдырмау жөніндегі персоналдың оперативті іс-әрекеттері көзделуі тиіс.

559. Көп қабатты кен орындарында дербес істейтін қаттарды немесе пайдаланылатын объектілерді қазған кезде кейбір қатты кеңейтіп бұрғылағанда кеңейтіп бұрғылау үшін белгіленген басқа қаттарға зиян келтірмеген жөн.

560. Ең алдымен төменгі қаттарды кеңейткенде әлі де қазылмаған қаттардын ұңғының кепілмен жеңіл өтуі үшін барлық техникалық шаралар көзделінеді: қарқынды газдың белгісі білінуін болдырмайтын, залалды заттың шығарылуы және фонтанданудың ашылуы; сазға айналуды болдырмау шаралары және жоғары өнімді қаттардың жуатын сұйықты сіңіруі.


Егер жоғары жатқан қаттар қазылса, онда ұңғыны төмен жатқан қаттарға қарай бұрғылауды, жуатын сұйықтың қазылып жатқан қаттарға (объект) сіңіп кетуін болдырмайтын барлық қажетті шараларды жүзеге асыру керек.

561. Газоконденсат кен орындарын қазуда конденсат шығынын болдырмау үшін кен орындарын (шоғырлар) конденсатты барынша толық шығаруды қамтамасыз ететін жағдайлар тудырылады.

562. Мұнай жиегі бар газды қаттың газ және мұнай бөліктерін бірдей қазу мәселесі белгіленген тәртіппен бекітілген қазу жобасымен шешіледі.

563. Газды алу және қаттағы депрессияны таңдау қат қаңқасын сақтауды сөзсіз қамтамасыз ету жағдайымен, қаттағы конденсаттың түсуіне жол бермеу және істеп тұрған ұңғының шоғырына судың тілі мен конустарын тарту.

564. Газ және газоконденсат кен орындарын дұрыс пайдаланудың бақылауы қазу талабына сәйкес жиі өткізілетін мониторингтеріне негізделінеді.

565. Пайдалану үрдісі кезінде газ ұңғысының бағанаралық кеңістегінде газдың артық қысымын немесе газдалған сұйықты анықтағанда, сондай-ақ, ұңғы жанындағы грифондарды тапқанда, онда аталған құбылыстардың себебін анықтау және оларды жою үшін шаралар қолдану керек.

566. Жерасты шығуын немесе газ ұңғысын пайдалану кезінде ағыны анықталған кезде, ұңғыға суды немесе сазды ерітіндіні жіберу қажет, бұл одан әрі сауықтыру жұмыстарын жандандыруға толық мүмкіндік береді.

567. Елеулі жерасты шығындарын және қатаралық газ ағынын қалпына келтіру мүмкін болмағанада ұңғы жойылуы тиіс, онда газды горизонттарды оқшаулау жағдайы сақталуы тиіс. Мұндай ұңғыны жою ұңғыларды жою жөніндегі қағидаға сәйкес жүргізіледі.

568. Газ және газоконденсат кен орындарын қазу үрдісінде жоғарғы қаттарда екінші сипаттағы газдың үйіндісі мен шоғыр пайда болғанда, жерасты шығуы мен газдың қатаралық ағыны салдарында, онда осындай үйінділер мен шоғырлардың қуат алу көздерін анықтау керек және тұмшалау, ондағы газ запасының артуын болдырмау керек.


569. Қазылған кен орындарындағы екінші сипаттағы үйінділер мен шоғырларды жою үшін, онда бұл үйінділер мен шоғырлар газкәсіпшілігінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндірсе, оларды газсыздандыруды бақылау-сорғытулық (дренаж) газсыздандыру ұңғысы арқылы, газды солар арқылы шығарып, аталған үйінділер мен шоғырларды толық сарқылғанға дейін жалғастыру керек.

570. Шоғырларды газсыздандыру ғылыми-зерттеу ұйымының рекомендациясы негізінде жүзеге асады, өкілетті органдармен келісіледі және жоғарғы газөндіруші ұйым бекітеді.

571. Жерасты шығыны мен қатаралық ағынын бақылау және дер кезінде анықтау үшін, алғашқы кезеңнен бастап істеп тұрған, ірі және жоғары нығыздаушы газ бен газоконденсат кен орындарын қазуды бастағаннан бері, қат қысымын өлшеуді жүргізумен бірге:

1) сулы горизонттардың жоғары дөңесті бөлігінде орналасқан арнаулы кеңейтетін бұрғыланған немесе осы мақсатқа қажет үшін ұңғылардың мониторингі;

2) газшығуын анықтау үшін кен орнының барлық алаңын зерттеу.

572. Соңғыларын анықтағанда жерасты кемуі мен қатаралық газдың ағын көздерін табу мен жою үшін шаралар қабылдау керек.

573. Істеп тұрған газ ұңғыларындағы баған кеңістігіндегі қатаралық газ ағыны қарқынын азайту үшін немесе апатты газ ұңғыларындағы белсенді газ пайда болуын азайту үшін жақын жерден түсіретін эксплуатациялық ұңғылардың негізі қалануы мүмкін. Бұл ұңғылардың негізгі міндеті-газсыздандыратын ақауы бар ұңғымен қатқа барынша депрессияны уақытша жасау. Түсіретін ұңғы өзінің міндетін атқарғаннан кейін ол пайдаланудың жылдамдату режимінен оңтайлы режиміне ауыстырылады немесе газөндіруші кәсіпорынның шешімі бойынша консервацияланады.

574. Барлық пайдаланылатын ұңғылар бойынша, олар газбен бірге конденсатты және суды береді, газ, конденсат және су өндірудің сөткелік есебін жүргізу керек. Соңғысын үнемі талдап отыру қажет және әр ұңғы бойынша химиялық талдаудың нәтижесі арнайы құжатталуы тиіс.

575. Су құйылуы анықталған әр ұңғыға қатысты, оның қандай бір өнімді қатқа зиянды әсер ету дәрежесінің мүмкіндігі нықталады, ондай ұңғыны ерекше есепке алу керек.


Ондай ұңғыға жатады:

1) пайдалану үрдісінде әртүрлі жағдайда су басқан ұңғылар, яғни қат суын тартатын;

2) ұңғыны бұрғылау немесе жөндегеннен кейін байқау кезінде, оның жоғары немесе төменгі суды көрсететіні.

576. Ұңғылардағы өнімді қаттарға судың келуі тікелей байқаумен дәлелденсе, оның зиянды әсерін анықтағаннан кейін жөндеу-оқшаулау, ал өте ауыр жағдайда оқшаулау-жою жұмыстарын жүргізу қажет.


4-параграф. Газ өндіру қарқыны кезінде жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау


577. Өнімді қаттың забой төңірегіне әсер ету жолымен газ ұңғыларының өнімділігін арттыруды қандай бір әдісін қолданудағы жер қойнауын қорғаудың негізгі критерий болып саналады:

1) орам құбырларының бағанасы мен өнімді қат шетінен тыс цементтік сақинаны сақтау кепілділігі;

2) газ немесе газоконденсат пластағы (қат) газ-су сұлбасының тез жылжуына және газды қаттағы газ-мұнай жиегінің уақытынан бұрын су (мұнай) тілі мен конустары пайда болу қаупіне жол бермеу.

578. Ұңғыларда газды өндіруді қарқындату жөнінде қандай бір шараларды өткізуге болмайды, әсіресе техникалық ақауы бар, жекелегенде, бағана сыртындағы цементтік сақина істен шықса, әсіресе, газды ұңғылардағы бағана сыртындағы кеңістікте қатаралық газ ағыны жағдайының пайда болу қаупі болса.

579. Газ өндіруді қарқындату жөнінде шараларды өткізуге болады:

1) газ-су (жиегі бар газды қабаттағы газ-мұнай) түйісулері жақын жерде орналасқан ұңғыларда;

2) газжинағыш және сулы газжинағыш және газжинағыш пен мұнайлы қаттардағы айырығы шамалы ұңғыларда.

580. Егер забой төңірегіндегі аумақты өңдегенге дейін тау жынысы мен қат қаңқасының қиратылуы байқалмаса, ал өңдегеннен кейін қат тау жынысы ұңғыға түсе бастаса, ұңғыдан газды таңдап шығаруды тоқтату немесе шектеу керек және ұңғы забойына қат тау жынысының жетуін тоқтату үшін техникалық шараларды жүзеге асыру қажет.

581. Әрбір жаңа газ газоконденсат кен орындарында газ өндіруді қарқындатудың қай бір әдісін тәжірибеде жүзеге асырудан бұрын болып өткен негізгі параметрлер үрдістерін алу мақсатымен (қысым, сұйық мөлшері, операция шапшаңдығы және одан басқалары) қарқынды процестің экспериментті зерттеулері жүргізілуі тиіс, оны сақтау ұңғыларындағы бағана сыртындағы кеңістіктегі өнімді қат шеңберінен тыс бағаналар мен цементтік сақинаны қорғауды қамтамасыз етеді.



<< предыдущая страница   следующая страница >>