shkolakz.ru 1 ... 9 10 11 12

5-параграф. Газ және газоконденсат ұңғыларын күрделі жөндеу кезінде жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау


582. Газды қаттарды пайдаланғанда ең басты қауіп төнеді:

1) бөтен сулардың (жоғарғы немесе төменгі) қатты реттелмейтін су басуы, ақаулы немесе дұрыс өткізілмеген тығындау (цементтеу) және пайдаланылатын бағаналар бұзылуынан ұңғылар арқылы қатқа өтуі;

2) бағаналарды сапасыз цементтеу және орам құбырларының герметикасына байланысты жерасты газ кемуі және басқарылмайтын қатаралық газдың ағыны;

3) қатаралық ағын газдың зор шығынына ұшыратады және апатты газ пайда болуына әкеп соқтырады. Ағын елеулі мөлшерде кен орындарын пайдалануға дейін болуы мүмкін. Сондықтан, оларды болдырмау жөніндегі қажетті барлық шараларды барлау және алғашқы бұрғылау кезінде өткізу керек.

583. Су горизонттарын жан-жақты зерттеу үшін, пайдаланылатын ұңғыларда пайда болған суларды бақылаудан басқа, жөндеу жұмыстары кезінде дәл анықтау мақсатымен ұңғыларда арнаулы зерттеулер жүргізу керек:

1) су келіп жатқан жерлерде химиялық талдау, суды талдау үшін арнайы бақылау жолымен алып шығу;

2) бағана арқылы резистометр және басқа құралдардың көмегімен су құйылуын;

3) құйылуды беретін қаттың жатыс жерін, электротермометр және басқа құралдар көмегімен;

4) сіңіргіш қаттардың жатыс жерлері және басқалары.

584. Кен орындарын пайдалану үрдісі кезінде жерасты шығыны немесе қатаралық газ ағыны белгілері пайда болса, онда кәсіпорын қай қаттан және қандай себеппен басқаруға келмейтін газ жылжуы болып жатқанын анықтауға міндетті. Осылармен бірге газдың құрамы мен қасиетін, қайбір өнімді горизонтқа жататынын, шығын дебитін және жеке ағын бағытын анықтау қажет.

585. Қатаралық газ ағынының күшейуі сипатын, қарқын дәрежесін және дамудың беталасын егжей-текжейлі анықтау үшін кәсіпорын ұңғылардағы газпайдаболуының барлық түрлеріне және газ, газоконденсат кен орындарын қазу үрдісінде кәсіпшілік территориясында бақылау орнатады.


586. Егер ұңғыда жерасты шығыны мен қатаралық газ ағыны болуы сөзсіз дәлелденсе, ол газдың зор шығынына және апатты газшығуы қаупін төндіреді, онда ұңғыда жөндеу-оқшаулау немесе оқшаулау-жою жұмыстарын жүргізу қажет.

587. Осылармен бірге аталған ұңғының көрші ұңғыларға және қоршалған кәсіпшілік территориясына әсер ету дәрежесін анықтау керек, әсіресе соңғысының газдалғанын ескере отырып.

588. Әртүрлі өнімді қаттарды пайдаланатын ұңғылар арасындағы өзара әсерді анықтағанда, өзара қимыл жасайтын қаттарды оқшаулау үшін техникалық шараларды жүргізу қажет.

589. Егер ұңғыдағы тіркелген қатаралық ағынының төмен қарқынының зиянды әсер ету мүмкіндігі дәлелденбесе, ондағы сауықтыру жұмыстарының сипаты мен жоспар мәселелері пайда болған газдың даму бет алысын қосымша зерттегеннен кейін шешіледі.

590. Ұңғы-суландыру жүйесінің басқа көрші ұңғыларға тигізген әсері және қатаралық газ ағыны анықталған және қарқыны артып келе жатқан ұңғылар туралы кәсіпорын-өкілетті органның территориялық бөлімшесіне хабарлауы тиіс және олармен профилактикалық шараларды (қысыммен құюды жүзеге асыру немесе басқа бір шараларды өткізу) жүзеге асыруы келісілуі қажет.

591. Апатты себептер бойынша бұрғылау кезінде қалып қойған ұңғы үшін, бекітілмеген бағана және онда судың ашық фонтандануы немесе қайбір қарқында газ шығуы.

592. Газ және газоконденсат кен орындарын барлау және қазу кезінде жер қойнауын қорғау талаптарын бұзған адамдар белгіленген заң тәртібімен жауапқа тартылады.


Қабылданған қысқартулар


ДЭГ-диэтиленгликоль;

КФҚ-конденсатты-фракцияланатын қондырғы;

БӨА-бақылау-өлшеу аппараты.


Газ және газоконденсат кен

қазу кезіндегі әдістемелік

нұсқауға

қосымша


Терминдер және анықтамалар

1. Өкілетті орган-өнеркәсіп қауіпсіздігі аумағындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын-мемлекеттік орган.


2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі өкілетті орган-өнеркәсіп қауіпсіздігі аумағындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын-мемлекеттік орган. (ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің жер қойнауын пайдалану жөніндегі Департамент).

3. Өкілетті органның аумақтық бөлімшелері-мемлекеттік бақылау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі аудандық, қалалық, облыстық басқармалары.

4. Құзіретті орган-Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген және Қазақстан Республикасы атынан келісім-шарттарға отыру және орындауға байланысты құқықтарды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

5. Келісім-шарт-мұнай операциясын жүргізудегі мердігер мен құзырлы орган арасындағы келісім.

6. Мердігерші-жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны жүргізудегі құзырлы органмен келісім-шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға.

7. Жер қойнауын пайдалану операциясы-жер қойнауын, барлауды және шығаруды мемлекеттік геологиялық зерттеуге жататын жұмыстар, соның ішінде жерасты суларын, емдік саздарды, ағын суды ығыстыру үшін жер қойнауын барлауға байланысты барлау және шығару, сондай-ақ, барлау және шығарумен (өндіру) байланысты емес жұмыстар-құрылыс салу және жерасты құрылыстарын пайдалану.

8. Мұнай операциясын жұргізу жөніндегі Ұлттық компания (одан әрі-ұлттық компания)-Қазақстан Республикасының «Мұнай туралы» Заңы белгілеген жағдайлардағы мұнай операцияларын жүзеге асыру үшін құрылған, оның жарғы капиталына мемлекеттің жүз пайыздық қатысушы заңды тұлға.

9. Кен орны-территория бойынша бір алаңға қосылған және қолайлы тектоникалық құрылыммен байланысқан немесе басқа ұстаушы нобайдағы бір немесе бірнеше шоғырлар.

10. Шоғыр-бұл табиғи біртұтас гидрогазодинамикалық резервуарда жиналған, бір қат-коллекторға, разрездің екі-үш және одан көп қатынасатын қат-коллекторларына тұстастырылған көмірсутегінің жиындысы. Кен орнының геологиялық қимадағы шоғырлар саны өнімді қаттардың санына сай келуі немесе одан кем болуы мүмкін.


11. Ұңғыны қышқылмен өңдеу-ұңғының орам бағанасымен сүзгі арқылы әсер ету немесе забой төңірегіндегі қаттың өткізгіштігін арттыру арқылы ұңғының өнімділігін қөбейте отырып, жағалата орамдалмаған ұңғының тікелей забойында тау жыныстарындағы карбонат қосындысын қирату.

12. Қатты гидравликалық ажырату-шығарушы ұңғылар дебитін және өнімді қаттың тау жыныстарын жасанды ажырату көмегімен ұңғыдан ондаған метрге созылып жататын забой төңірегіндегі жарықшақтың пайда болу мүмкіндігін ойластыру, сөйтіп, нығыздау ұңғыларының қабылдағыштығын арттыру әдісін қолдану.

13. Перфорация-орам бағанада, цемент сақинасында тесік жасау және алдын ала белгіленген тереңдік интервалындағы ұңғы қабырғасында.

14. Инклинометрия-ұңғы бағанасының қисайуы мен азимутын анықтау.


___________________



Тарау, параграф

Мазмұны

Беті

1-тарау

Жалпы қағидалары




2-тарау

Ұңғаларды бұрғылау




1-параграф

Газ ұңғаларын бұрғылауды ұйымдастыру жөніндегі жалпы қағидалар




2-параграф

Ұңғаларды пайдалануға беру




3-тарау

Газ және газоконденсат кен орындарын қазуға дайындау


1-параграф


Газ және газоконденсат кен орындарын (шоғыр) жіктеу (классификация)




2-параграф

Газ және газоконденсат кен орындарын барлауға қойылатын негізгі талаптар




3-параграф

Барлау ұңғыларындағы геологиялық-кәсіптік зерттеулер, бастапқы деректерді алу үшін газ және газоконденсат кен орындарын тәжірибелік-өндірістік пайдалануды жобалау




4-параграф

Газ және газоконденсат кен орындарын игеру және зерттеу




5-параграф

Гидрогеологиялық зерттеулер




6-параграф

Геологиябарлау жұмыстарының нәтижесі бойынша өндірістік запастарды ҚР ЗМК бекітуі




7-параграф

Газ және газоконденсат кен орындарын (шоғырлар) тәжірибелік-өндірістік зерттеулер




8-параграф

Тәжірибелік-өндірістік зерттеу нәтижелері бойынша көмірсутегі шикізаттар запасын қайта есептеу




9-параграф

Газ және газоконденсат кен орындарын өндірістік қазуға қосу. Ұңғаларды пайдалануға беру




4-тарау

Газ және газоконденсат кен орындарын қазу





1-параграф

Газ және газоконденсат кен орындарының қазу жобасын жасау тәртібін бекіту және түзеу




2-параграф

Тәжірибелі-өндірістік пайдаланудың жобасы




3-параграф

Газ және газоконденсат кен орындарының өндірістік қазу жобасының негізгі қағидасы (мазмұны)




4-параграф

Газ және газоконденсат кен орындарында бірнеше қаттарды бірлесіп пайдалану үшін объектілерді бөлу




5-параграф

Газоконденсат кен орындарын қазу әдісін таңдау




6-параграф

Газ және газоконденсат кен орындарын қазудың негізгі кезеңдері




7-параграф

Бастапқы және күнделікті дебиттер, газды таңдау талабын қамтамасыз ету үшін ұңғалардың қажет саны мен орналасуы




8-параграф

Газ және газоконденсат кен орындарын күнделікті қазуына бақылау




9-параграф

Газоконденсат кен орындарын қазу кезіндегі бақылаудың ерекшелігі


10-параграф


Кен орындарын қазу кезінде газды горизонттарды қосу




5-тарау

Газ және газоконденсат кен орындарында газ шығаруды қарқындату




1-параграф

Газды қаттарды ашу




2-параграф

Ұңғаларды қышқылмен өңдеу




3-параграф

Газ қабатын гидравликалық ажырату




4-параграф

Гидроқұмсорғалау перфрациясы




5-параграф

Забой төңірегіндегі іркілдек газ коллекторларын шайырмен бекіту




6-тарау

Газ және газоконденсат кен орындарын пайдалану




1-параграф

Газ және газоконденсат ұңғаларын пайдаланудың жағдайы мен тәсілдері




2-параграф

Газ және газоконденсат кен орындарында технологиялық режим жұмысын орнату




3-параграф

Ұңғалардың жерүсті және жерасты жабдықтары, оған қойылатын талаптар және осы жабдықтарға қызмет көрсету





4-параграф

Газ және газоконденсат кен орындарынлағы пайдаланылатын, байқайтын және пьезометрикалық ұңғалардың жұмысын тез (оперативті) басқару




5-параграф

Ұңғалар бойынша газды, конденсатты және қазудың өлшеуі мен есебі, судың мөлшері




6-параграф

Гидратпайдаболуымен күрес




7-параграф

Жерасты және жерүсті жабдықтарының ішкі бетіндегі коррозиямен күрес




8-параграф

Газ және газоконденсат кен орындарын күрделі жөндеу. Ұңғаларды жоғары орналасқан горизонттарға көшіру




9-параграф

Газ және газоконденсат кен орындарындағы ұңғаларды консервациялау және жою




10-параграф

Газ және газоконденсат кен орындарын пайдалану кезіндегі техникалық құжаттарды жүргізу




7-тарау

Газөндірукәсіпшілігін абаттандыру, газ және конденсатты таңдау және өндірістік өңдеу




1-параграф

Кәсіпшіліктің газ және газоконденсат кен орындарын абаттандыру жобасының негізгі қағидасы (мазмұны)




2-параграф

Газды газ кен орындарында жию жүйесі




3-параграф

Газ және газоконденсат кәсіпшілігінде газды жинау және алғашқы өңдеудің технологиялық қондырғылары




4-параграф

Газоконденсат кен орындарында конденсатты жинау, тасымалдау және өңдеу




5-параграф

Газды кептіру және оны күкіртсутегі мен көмірқышқылынан тазарту




6-параграф

Газ және газоконденсат кәсіпшілігін автоматтандыру




8-тарау

Газ және газоконденсат кен орындарында жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау




1-параграф

Газ және газоконденсат кен орындарындағы жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғаудың жалпы қағидасы




2-параграф

Газ және газоконденсат кен орындарында барлау және пайдаланатын ұңғаларды бұрғылау кезінде жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау




3-параграф

Газ және газоконденсат кен орындарын қазу кезінде жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау


4-параграф


Газды шығару қарқыны кезінде жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау




5-параграф

Газ және газоконденсат кен орындарын кұрделі жөндеу кезінде жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау




қосымша

Терминдер мен анықтауыштар







Мазмұны






____________________



<< предыдущая страница