shkolakz.ru 1 2 3 ... 11 12

4-параграф. Газ және газоконденсат ұңғыларын игеру және зерттеу


43. Барлау бұрғылауын жүргізген кезде табылған және болашағы бар барлық қаттарды (горизонттар) бөлек байқаудан өткізуді қамтамасыз ету қажет.

44. Газ ұңғыларын игеруді, тек қана тиісті қысымы бар фонтан темір арқауын қойғанда және ұңғылардың лақтырмалы манифольдісін орағанда қажетті үлгілерді алуды, қысымы мен температурасын өлшегенде жүргізуге болады. Фонтанды темір арқауды және манифольд жүйелерін бекіту, сөйтіп, сағалық қысымды біржарым есеге баспақтау қажет.

45. Өнімді қаттар әлсіз цементтелген породалармен немесе ұңғалар жапсар аймағына тақау орнатылса, ұңғыларды игеру үрдісін өте сақ, қаттағы қысымды күрт төмендетпей жүргізу қажет.

46. Забой төңірегіндегі жұмсақ коллектордың бүліну қаупін ең төменгі деңгейге жеткізу үшін немесе жарылған коллектордағы шектес аймақтағы қаттардың флюидасын тарту арқылы, ұңғаларды игеруді екі кезеңмен жүргізу қажет:

1) 1-кезең- шағын депрессиядағы ұңғыларды игеру;

2) II – кезең – ұңғыларды игерудегі жоғарғы қарқын (көп депрессия).

47. Ұңғыларды зерттеу кезінде:

1) қат газының, конденсаттың газдағы құрамын, қаттағы конденсаттың түсу жағдайын, айырылу мүмкіндігі және басқаларын лабораториялық зерттеуден өткізу үшін газ бен конденсаттың үлгілерін алу;

2) газда конденсат болған жағдайда әртүрлі қысымдар мен температуралар кезінде сеператордағы конденсаттың жағдайын зерттеу;

3) ұңғы оқпанындағы және ұңғыға әртүрлі дебиттегі сеператорлардағы газ температурасын анықтау;

4) конденсациялық судың шығу жағдайы мен ұңғылар оқпанындағы және забой төңірегіндегі аймақтағы гидраттың пайда болуын зерттеу;

5) газдың басқа қаттарға өту мүмкіндігін, сондай-ақ, оқпан арасында газдың пайда болуын зерттеу;

6) ашылған қат қуатының нақты жұмыс істеу аралығын және жеке қаттар бойынша дебиттің бөлінуін анықтау;

7) забой төңірегіндегі қат аймағында болатын бүліну себебін табу;


8) ұңғыларға құйылудың интенсивті әдістерді қолданудың тиімділігін зерттеу және қатты ашудағы ең оңтайлы жағдайды табу;

9) сұйық газ ағынының коррозиялық жемірлігін (агрессивность), онымен күресу әдісін таңдау үшін коррозия ерекшелігін зерттеу;

10) оңтайлы дебитті және ұңғыларды пайдалану мен шоғырды (кен орнын) қазу жағдайын бекіту.

48. Зерттелетін ұңғылар сағасында, шлейфте, сеператорда және бұрылыс газ құбырында тиісті қысымға шақталған үлгілі манометр қоюды көздеген және термометр астында қалта жасалғаны жөн.

49. Таужынысы мен сұйықты шығару жиілілігін зерттеу, олардың құмұстағыштағы санын өлшеу жолымен жүргізіледі. Бұл деректерді ұңғылардың әр жұмыс режимінде тіркеу қажет. Әсіресе, пайдаланудың алғашқы күнінде түскен санын өте ұқыптылықпен өлшеген жөн.

50. Забой ұңғыларын әлсін-әлсін өлшеп, оның тазалығын қадағалау қажет.

51. Шыққан құмның санын, дебиттің тұрақтылығын және басқаларын нақты анықтау үшін, кейбір жағдайларда ұңғыларды арнаулы (ұзақ мерзімді) сынақтан өткізеді.

52. Ұңғылардың конденсатқа ұшырауын зерттеу кезінде жылжымалы немесе кәсіптік сепарациялық қондырғы болуы қажет, онымен сұйықтың санын өлшеуге және газ бен конденсаттың үлгісін алуға болады.

53. Өнімді ұңғыларды алғашқы барлағанда газоконденсаттың болуын зерттеу міндетті түрде жүргізілуі тиіс, содан соң тәжірибелік-өндірістік пайдалану және қазу кезінде ол пысықталынады, оған келесі анықтамаларды қосу қажет:

1) сепараторлардан бөлінетін конденсаттың санын, (ішкі және тұрақты), әртүрлі қысым мен температурадағы газдың см3 м3 және оның құрамын;

2) газда ерітінді күйінде қалатын пропан, бутандардың және сұйық көмірсутегінің (С5+жоғар.), сепаратордан шығатын, сепаратордағы температура мен қысымға байланысты санын;

3) қат газы үшін конденсация изотерімдері;

4) конденсацияның барынша қысымы;

5) қат газының құрамы және ондағы сұйық көмірсутегінің (С5+жоғар.) болу әлеуеті;


6) қаттағы газоконденсат жүйесінің фазалық жағдайы;

7) қаттағы конденсация басталуының қысымы;

8) газдың забойдан сағаға жылжу кезіндегі шығатын конденсаттың саны;

9) газ құбырындағы температура мен қысымдағы сүзілген сеператордан шыққан газдың сұйық фазасының саны.

54. Тәжірибелік-өндірістік пайдалану барысында табиғи газдың химиялық құрамын бөлудегі бағаны белгілеу үшін дөңес және зерттелген шоғырдың қанаттарында орналасқан бірнеше ұңғылардан үлгілерді іріктеп алу қажет.

55. Еркін және еріген газдарды - метан және С6 –ға дейінгі гомологтарын қоса, сутегі, азот, гелий, аргон, сондай-ақ, көміртегі газы мен күкіртсутегіні анализден өткізген кезде, мазмұнын анықтау қажет. Міндетті түрде көміртегінің қалыпты және изомерлік құрылысы құрамын анықтау керек.

56. Табиғи газдағы күкіртсутегінің құрамын және СО2 анықтау тікелей ұңғыда көлемі бойынша тиімді құрамын дәлдікпен 0,0001 ден 0,01 % дейін анықталады.


5-параграф. Гидрогеологиялық зерттеулер


57. Барлау кезінде газ және газоконденсат шоғырларының байланысы бар сусақтағыш горизонттарды зерттеу және оның гидрогеологиялық параметрлерін анықтау керек.

58. Өнімді горизонттардың ең маңызды гидрогеологиялық параметрлеріне, гидрогеологиялық зерттеу кезінде анықтауға жататындар:

1) жерасты сулардың статикалық деңгейі, оның алаң бойынша – өзгеру заңдылығы:

2) жеке ұңғылар бойынша индикаторлық сипаттамалары;

3) гидрохимиялық көрсеткіштер-еріген тұздыион жиынтықтары, олардың жиналған көмірсутегімен, су сиғызатын таужынысы мен гидродинамикалық литологофациальды ерекшеліктердің өзара байланысы;

4) жерасты сулар газының қоюлығы және газ құрамы;

5) температуралық сипаттамасы.

59. Ұңғаларды дайындау, белгіленген параметрлерді анықтау үшін тиісті зерттеулерді жүргізу және түсіндіруді ғылыми-зерттеу жобалау институты жасаған гидрогеологиялық зерттеу әдістемесі бойынша жүзеге асырады.


60. Гидрогеологиялық зерттеулердің негізгі объектісі болып сынақ кезінде су шыққан өнімді ұңғылардың сутұтқыш аралығы, контурланған ұңғылар, сондай-ақ, шоғырларды пайдалану кезінде суланған ұңғылар (егер қатқа су тарту жүргізілмесе).

61. Барланған барлық ұңғыларды, ең соңғы сынақтан өткен сутұтқыш аралығын, онда арнайы гидрогеологиялық сынақтар өткізу үшін арнайы шоғырбас тетікпен жабдықтау керек. Ұңғыларды жоюға болмайды.


6-параграф. Геологиялық барлау жұмысының нәтижесі бойынша өндірістік запастарды ҚР ПМК бекітуі


62. Кен орнындағы газ запасы, сондай-ақ, шығарылған газдың деңгейі мемлекеттік сараптамаға және Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар запасы жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының бекітілуіне жатады.

63. Геологиялық барлау жұмысының нәтижесі бойынша, пайдаланғаннан кейінгі кеңейтіп бұрғыланған кен орнын алғашқы жобалық құжат бойынша қазу керек (мұнай кен орнын технологиялық схема бойынша қазу және газ кен орнын тәжірибелік-өндірістік жобамен пайдалану) және бұрын бекітілген запас 20 % аса өзгерген жағдайда запасты бекітуге мемлекеттік сараптама жүргізеді.

64. Өндірістік маңызы бар ерітілген газдың, конденсаттың және сондағы болатын компоненттердің шығарылатын запастары және шығару коэффициенттері технологиялық және техникалық-экономикалық есептердің негізінде анықталады, мұнайды шығару коэффициентінің техникалық-экономикалық нұсқасын жасағандағы дәлел, мемлекеттік сараптамаға ұсынылады.

65. Мемлекеттік сараптама, салалық ведомостволардың қорытындысын есептей келе технологиялық, экономикалық және экологиялық талаптарға толық жауап беретін нұсқа бойынша газ шығару коэффициентін бекітеді.

66. Мұнайдың, газдың және газоконденсаттың запасын бекіту тәртібі қағидалармен және нұсқаулармен реттеледі.


7-параграф. Газ және газоконденсат кен орындарын (шоғырлар) тәжірибелі-өндірістік пайдалану

67. Істеп жатқан газ құбырлары аумағында орналасқан газ және газоконденсат кен орындарында барлауды тездету және кен орнын игеру үшін тәжірибелі-өндірістік пайдалану, газ, конденсат және басқа компоненттердің запасы есептелінеді және қазу мен кәсіпшілікті игеру жобаларын жасау үшін жүргізіледі.


68. Газ және газоконденсат кен орындарында тәжірибелі-өндірістік пайдалануды жүргізу үшін бастапқы деректерді алуды қамтамасыз ететін, тәжірибелі-өндірістік пайдалану жобасын жасау үшін саны шамалы қажетті ұңғыларды бұрғылау керек.

Осы ұңғылар бойынша:

1) барлау ұңғылары бойынша геологиялы-өндірістік және геофизикалық жұмыстар толық өткізіледі және өнімді горизонттардың негізгі физикалық-литологиялық сипаттамасы алынады;

2) газ ұңғыларын зерттеу бойынша нұсқаулыққа тиісті барлау ұңғыларын сынау бойынша зерттеудің толық кешенді жұмысы орындалады;

3) газ және газоконденсат құрамбөлігі зерттеледі;

4) өнімді горизонттардың газоконденсаттық сипаты анықталады;

5) өндірістік мұнай жиегінің жоқтығы белгіленеді;

6) газдың, конденсаттың және басқа компоненттердің жедел бағасы жүргізіледі.

69. Газ және газоконденсат кен орындарын тәжірибелі-өндірістік пайдалануға беруге болады, егер:

1) өндірістік мұнай жиегінің жоқтығы анықталса;

2) қат қысымын қолдамай-ақ, қордың таусылуы газоконденсат кен орындарын (шоғырларды) қазу мақсаты дәлелденсе;

3) тәжірибелі-өндірістік пайдалану жобасы жасалынады және бекітіледі;

4) қолданыстағы қағидалар мен нұсқауларға тиісті жұмысты жүргізуге өкілетті органның аумақтық бөлімшесінен жерді айналып өтуі рәсімделеді және рұқсат алынады;

5) кәсіпшілікті игеру жобасы жасалынады және бекітіледі, газды, конденсатты және басқа компоненттерді пайдалануды қамтамасыз ететін қажетті өндірістік және басқа құрылыстар салынады;

6) өндірістік сарқынды суды ағызу мәселесі шешіледі.

70. Газдық және газоконденсаттық кен орындарын (шоғырлар) тәжірибелі-өндірістік пайдалану газдық және газоконденсаттық кен орындарын қазу бірінші кезең болып саналады.

71. Тәжірибелі-өндірістік пайдаланудың мерзімі жобаны жасау сәтіндегі қолданыстағы жобалар-қағидалар және нұсқаулармен анықталады.


72. Кен орындарын тәжірибелі-өндірістік пайдалану, барлауы және пайдаланатын ұңғылармен жүзеге асады. Соңғысының орналасу жерін болашақ қазу кестесін ескере отырып таңдаған жөн.


8-параграф. ТӨП нәтижесі бойынша көміртегі шикізатының қорын (запасын) қайта есептеу


73. Тәжірибелі-өндірістік пайдаланудың нәтижесі бойынша газ бен газоконденсаттың запасын (қорын) қайта есептеу өндірістік қазуға кен орындарын (шоғырлар) қазу мен іске қосу жобасын жасау үшін негіз болады, мемлекеттік сараптама бұрын бекіткен запасы өзгеріп, ол 20 % асатын болса, запас категориясы арақатынасын қолданыстағы қағидалар және нұсқаулармен өзгерту қажет.

74. Кен орындарын (шоғырлар) қазу кезінде пайдалану бұрғылауының деректерін есептей келе және жеке жағдайларда қосымша бұрғыланған барлау ұңғыларын газ және газоконденсат запастарын қайта есептеу мен дәлдеу запастарды өте жоғары категорияларға ауыстыру мақсатымен жүргізіледі.

75. Кәсіптік және лабораториялық зерттеулерді запас категорияларын дәлелдеу үшін қажет геологиябарлау жұмыстарының көлемін газ және газоконденсат запастарын қайта есептеу жөніндегі материалдардың ұсыну тәртібі мазмұны мен рәсімделуі запасты есептеу кезіндегі қолданыстағы нұсқаулар бойынша анықталады.

76. Қайта есептеуді тексеру үшін қажет газ және газоконденсат запастарын қайта есептеу жөніндегі материалдарда барлық бастапқы деректерді сақтау керек.

77. Газоконденсаттық кен орындары үшін қат газында сақталатын тұрақты конденсаттың (пентандар + жоғарылары), запастары да есептелінеді. Тұрақты конденсаттың баланстық запасын есептеу үшін бастапқы деректер болып газдың баланстық запасы және ондағы С5 + жоғары көмірсутегі болып саналады.

78. Тұрақты конденсатты шығару коэффициентін ғылыми-зерттеу институттары анықтайды.

79. Өндірістік маңызы бар газ және газоконденсат запастарын қайта есептеу және есепке алу, зерттеудің барлық стадиясында, айырықша көлемді әдістерді қажет болғанда және мүмкіндігінше басқа белгілі және жасалынатын әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі.


80. Шағын көлемді газ шоғырларын тексеріп пайдаланудың деректері болса, барлау стадиясындағы газ запасын бағалау зерттелінетін шоғырлар запасының көлемін анықтау мақсатымен қат қысымын төмендету әдісімен жүргізіледі.

81. Газдың геологиялық запасын қайта есептеу мен есепке алу, қазудағы алғашқы құжаттың жобасы бойынша, шоғырларды кеңейтіп бұрғылаудан кейін зоналар бойынша әртүрлі қоюлығымен, әртүрлі өнімді учаскелердің шығаруымен және әр қаттың қатшалары бойынша түрлі зоналардың шеңберінде жүргізіледі.

82. Конденсаттың, этанның, пропанның және бутанның запастары мың тонна деп есептелінеді, еркін газдың-млн.м3, гелий және аргонның-мың м3, (0,1 МПа және 200С) стандарттық жағдайға сай.

83. Газ және газоконденсат запастарын қайта есепке алу, қарау және бекіту тәртібі қағидалар және нұсқаулармен реттелінеді.


9-параграф. Газ және газоконденсат кен орындарын өндірістік қазуға енгізу. Ұңғыларды пайдалануға беру


84. Газ және газоконденсат кен орындарын (шоғырлар) өндірістік қазуға беруге болады, егер:

1) барлау жобасы бойынша анықталған геологиялық барлау кешені аяқталса;

2) алынуға жататын шикізаттың жиынтық құрамы зерттелсе, мазмұны мен саны анықталса;

3) газ қаттарында мұнай шоғырларының жоқтығы анықталса, запасы және экономикалық маңызы жағынан мұнай бөлігінің алдын ала қазуын қажет ететін және шоғырдың газ бөлігі уақытша консервацияланса;

4) барлау ұңғыларын зерттеу жүргізілсе;

5) барлау бұрғылануының нәтижесі туралы есеп жасалынса;

6) запастар бекітілсе;

7) кен орындарын (шоғырлар) өндірістік қазу жобасы жасалынып, бекітілсе;

8) таулық және жерлік бұрылыстық құрылысы рәсімделсе;

9) өндірістік кәсіпорын құрылысын салуды көздейтін игеру жобасы жасалынса;

10) қажетті құрылыстың жобасына сәйкес, ұңғыдан алынатын газды, конденсатты және басқа да ілеспе компоненттерді толық пайдалануды қамтамасыз ететін құрылыс аяқталса;


11) іздестіру жүргізіледі және ағын лайланған судың лықсыма жері анықталады.

85. Газ және газоконденсат кен орындарынан (шоғырлар) кен шығаруға болмайды, егер ұңғыны пайдаланғаннан бастап конденсатты және басқа ілеспе компоненттерді пайдалану қамтамасыз етілмесе.

86. Газ және газоконденсат кен орындарынан кен алуға кірісуді рәсімдеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 745 1996 жылдың 18 маусымындағы қаулысымен бекіген Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ кен орындарын қазудың бірегей Талаптарына сәйкес жүргізіледі.

87. Таулы бұрылыстар құрылысына рұқсат алу үшін газ өндіру ұйымдары жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі өкілетті органға газөндіруші кәсіпорынның бірінші басшысы қол қойған өтінімді ұсынады.

88. Өтінімге қоса түсініктемеде таулық бұрылыс құрылысын алу үшін, көрсетіледі:

1) газөндіруші басқарманың атауы мен мекен-жайы;

2) жобалық өндірістік бірліктің атауы, оның өндірістік қуаты және қызмет ету мерзімі;

3) кенорнының атауы;

4) таулы бұрылыстың тұрған жері және оның көлемі;

5) таулы бұрылыстың геологиялық сипаттамасы, өнімдік горизонты, түрлері және газ шоғырының көлемі, пайдалы кеннің өндірістік сипаттамасы;

6) горизонт бойынша көзделген шамадағы газ, конденсат және мұнай қорының жағдайы;

7) бұрылыстың және талап етілген бұрылыстың қажеттілік шегін дәлелдеу;

8) бұрылу жобасындағы жер учаскесі кімнің қарамағында екенін көрсету;

9) аралас кәсіпорындардың таулы бұрылыстар жөніндегі мәліметтері;

10) өндірістік маңызы бар басқа да пайдалы қазбалар және таулы бұрылыстар қойнауындағы кен туралы мәліметтер;

11) нақты пайдалы қазбаларды жиынтық өндіру жөніндегі пікірі.

89. Мұнай жиегі болғанда газ және газоконденсат шоғырларын қазуды енгізу, сол кен орнының нақты жағдайын ескере және келісімнің негізінде қаралады.

90. Кен орнын қазуға беру үшін беруші және қабылдаушы жақтардың өкілдерінен сонымен бірге өкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрылады, ол барланған кен орындары жөнінде берген және қабылдаған актіні рәсімдейді.

91. Құзырлы орган талап қоя алмайды, ал мердігер табиғи газ өндіруді бастай алмайды, табылған кен орындарынан табиғи газды жеткізу жөніндегі келісім жасалмайынша.


<< предыдущая страница   следующая страница >>