shkolakz.ru 1 2 3
Диктант түрлері белгілі бір грамматикалық ережеге сай жүргізіледі. Ең алдымен ережені түсіндіріп алып, содан кейін ережеге сай келетін сөйлемдер айтылып, оқушыларға жаздыру керек. Бұл түсіндірме бойынша диктантты есту арқылы және көру арқылы жазатын, теріп жазатын, шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын т.б. түрлері бар.


Қазақ тілі пәнінен білім, білік, дағдыны үнемі есепке алып отыру- бастауыш мектептегі оқу процесінің ең қажетті бөлігі.

ДИКТАНТ - латынның «дикто» деген сөзінен шыққан. Яғни «естіртіп айту» деген мағынаны білдіреді. Диктант оқушылардың сауаттылығын арттырып, сөздік қорларын байытады. Диктантты жаздыру арқылы оқушының білімді қандай деңгейде игергендігін тексеруге болады. Осы жұмысты ала отырып, емлелік, пунктуациялық қателермен жұмыс жасап, оқушының білімін толықтырып отыру қажет.

3

Ұсынылып отырған жинақта диктанттың бірнеше түрлері беріліп отыр:




Терме диктанты - мәтін ішінен өтілген ережеге сай сөздер мен сөз тізбектерін немесе жеке сөйлемдерді теріп жазады. Терме диктант фонетика, грамматиканы пысықтау үшін өте қажет. Оқушының ақыл- ойын дамытуға көмектеседі.

Өзіндік диктант-бұрыннан белгілі бір мәтінді жазу үшін қолданылады. Бұл сын жұмысты жазу оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.


4


Бақылау диктант– үлкен тақырыптарды өткен соң жазылады. Бұл диктант түрі оқу материалын қаншалықты игергендігін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін болғандықтан тоқсан аяғында алынады.

Бақылау диктантының сөз саны стандартқа сай мына кесте бойынша беріледі:



Жұмыс түрлері

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

Тоқсан


I

II

III

IV

I

II

III

IV

I

II

III

IV

I

II

III

IV

Бақылау диктант




1

1

1

1

1

1

2

1

1

1

2

1

1

1

2



5

Сыныптар

I жарты жылдық

II жарты жылдық

2-сынып

30-35

35-40

3-сынып

40-50

50-65

4-сынып

65-70

75-80

Бақылау диктанты әр сыныпта жылына 5 рет алынады. Тоқсан сайын 1 реттен және оқу жылының қорытындысы бойынша 1рет. Диктантқа арнайы дәптер арналады. Мұғалім бақылау диктантын оқығанда бір орында тұрып оқуы керек.


Көру диктанты- оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Диктант мәтіні алдын –ала тақтада жазылады. Оқушылар 2-3 мәрте оқып, естеріне сақтайды. Сосын мәтінді жауып, естеріне сақтап қалғандарын жазады. Жазып болған соң мәтін ашылып, тексеру жұмыс жүргізіледі. Қате кеткен сөздермен дыбыстық, буындық талдау жүргізіледі.

6


Суретті диктант- берілген суретке қарап атын жазу (заттың) немесе суретке байланысты сөйлем құрау.

Сөздік диктант- сабақтың кез келген кезеңіндежүргізіледі. Сөздік диктантына оқушыларға фонетикалық тұрғыда қиындық туғызып жүрген сөздер, не болмаса жыл бойы меңгеруге тиісті термин сөздер, өтілген жаңа сөздер жазылады.

Графикалық диктант- мұнда сөйлемнің не сөздің сызбалары беріледі. Сол сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырылып жазылады.

Шығармашылық диктант- басқа диктанттардан ерекшелігі – оқушыларды ойлауға ұмтылдырады. Бұл диктантты орындау барысында оқушылар шығармашылық еңбекке үйренеді. Мұнда оқушылар сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, тірек сөздер арқылы әңгіме құрау, сұраққа жауап бере отырып сөйлем құрау сияқты жұмыстар жүргізеді.

Конкурстық диктант- бұл диктант түрін тоқсан

7

сайын бір рет өткізуге болады. Оған әр тоқсанда

үйретілген жазылуы қиын сөздер алынады. Конкурстық диктант жарыс түрінде өткізіледі. Жарысқа түсу үшін сынып екі топқа немесе үш топқа бөлінеді.Қай топ диктантты сауатты әрі көркем жазса, сол топ жеңіске жетеді. Бұл диктант түрін алу барысында оқушылардың шапшаңдықтары артып, қызығушылықтары арта түседі.


3 –сыныпта өткенді қайталау.

Сөйлем, дыбыс және әріп.

Сөздік диктант


Қасық, ашудас, қараңғы, құлып, сыйлық, үңгір, қапсырма, бурыл, аспан, шеңбер, әңгелек, дөңгелек.

Тапсырма: Өзің қалаған бес сөзге сөйлем құра, ң әрпінің астын сыз.



8


Терме диктант


Ұшатын жыландар

Құстың ұшатынын бәрі біледі. Ал жыланның ұшатынын кім біледі?

Оңтүстік Азияның тропикалық ормандарында кездеседі. Олар ағаштың басында тіршілік етеді. Ұшу алдында олар бүйір терілерін қампитып, қамданып алады. Содан кейін денесімен тіреп қатты секіріп қалады да, қалықтап барып екінші бұтаққа қонады.


Тапсырма: Етістіктерді теріп жаз.

Шығармашылық диктант

(Қай) жерге су диірмені салынған. (Кім?) қасиетті даланың жұпар иісін мейірлене жұтты. Мұрат қарындаштарын (қайда ?) салды. (Кіммен?) бірге ауылға кетті.

9


Тапсырма: Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі сұраққа жауап беріп, сөйлемді көшіріп жаз.


Бақылау диктант

Қайырымдылық

Жұмыс іздеген екеу келе жатып, елу- алпыс вагон тізбегін көрді. Темір жиекті тақтайды вагонның жиек теміріне іле алмай бір топ адам әбігерленіп жатыр.

-Әй, жұмысшылар, ана тақтайды көтерісіп жіберіңдер!

-Не деп жатырсың, қожайын? Біз саған әзірге жалданғанымыз жоқ.

Бір жағы шала ілініп тұрған ауыр тақтай екінші жағын қозғай бергенде жерге гүрс ете қалды. Қимылы ұшқалақтау біреу: «Ойбай, өлдім!»-деп безек қақты. Жас жұмысшы бір қолымен тақтайды көтеріп, бір қолымен безілдеп жатқанды суырып алды да:


10


-Әттеген-ай... оннан артық адам тақтайдың бір жағын көтере алмайды,ә? Аға, ар жағын сүйеп жіберіңізші, осынысын қойып берейін.

-Таста әрі! Ақша бермесе, қолыңды әуре қып керегі қанша? Тастай алмай жүрген жаның бар ма!

Жолдасының қатыгездігін ұнатпаған бала жігіт тіл қатпастан тақтайдың вагон жақ шетін көтеріп, жарты кездей тақтайды вагонның ішіне кіргізіп жіберді.

Тапсырма: Мәтіндегі қаратпа сөзі бар сөйлемдердің астын сыз. Қожалық сөзіне дыбыстық талдау жаса.



Сөз және оның құрамы

Сөздік диктант


Өлкеге, атауыздың, айдынға, бастықтың, еңбекқор, ауызбіршілік, қасапшыда, ертеңгілік, бауырыма, топырақта, құлыншақты, әлемдегі, дәріхана, еденде.

11

Тапсырма: Жуан қосымшалы сөздердің астын бір сызықпен, жіңішке қосымшалы сөздердің астын екі сызықпен сыз

Терме диктант

Татулық

Біз ең тату сыныппыз. Біз барлық кезде біргеміз, доспыз. Біздің сыныпта білімді де, биші де, әнші де бар. Қандай да бір іс шара ұйымдастырылса, біздер белсенділік танытамыз. Татулықты ту қылып, бірлікті ұранға айналдырған біздің сынып осындай.


Тапсырма: Туынды сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талдау.


Шығармашылық диктант


Өнер, қалам, оқу, сыз, сый, би, жап, бас, қой, орын, дәм, қыс.

12


Тапсырма: Берілген түбір сөздерге жұрнақтардың тиістісін жалғап, туынды сөз жасау және сөйлем құрау

Бақылау диктант

Көкпар

Біздің ауылдың жайлауы таудың үстінде. Тау жоталары шұбатылып кетіп бара жатқан түйе көшіне ұқсайды. Мұнда биік шатқалдар мен жартастар көп. Малшылар бір–біріне таяу орналасады. Ауылда той да болып тұрады. Сондай тойлардың бірінде көкпар тартылды.

Атқа мінген жігіттер лезде дайын болды. Көкпар қызығын көру үшін ел түгел жиналды.

Жайлау жазық емес, сондықтан аттап басқан сайын өрге шығу керек.Көкпаршылар ат үстінде күш сынасып, көкпарға берілген серкені тартысып жүр. Серкені біреу жұлып алып, өңгере қашты. Басқалар оны қуып, қайтадан тартыс басталды.

13

Тапсырма: Малшылар, көкпаршылар сөздерінің тасымалдану жолын көрсету. Сөз құрамына талда

Сөз таптары

Шығармашылық диктант

Аспан, биік, ақын, қашады, Арман, ащы, оныншы, жүгір, алматы, таяз, қасқыр, тон, жабысқақ, асады, қос, аппақ, бұйра, елудей, Нұрзат, секір.


Тапсырма: Сөздерге сұрақ қойып, сөз таптарына топтап жаз.


Көру диктанты

Төбет

Сақ төбетім Жолдыаяқ,

Саңқылдайды қоймай-ақ.

Бөріге қой бермейді,

Ұрыға бой бермейді.


14


Тапсырма: Негізгі зат есім мен тәуелдеулі зат есімнің астын сыз.

Шығармашылық диктант

Аш, сөйлеме, баспа, керме, ора, кездес, ұшпа, орында, көмектес, төкпе, ойлан, айналма, жүгірме, итерме, биле.


Тапсырма: Болымды етістікті бірінші бағанға, болымсыз етістікті екінші бағанға көшіріп жазып, болымсыз етістік жасап тұрған жұрнақтарды бұрышпен белгіле.

Графикалық диктант


Тапсырма: Берілген сызба бойынша сөйлем құрастыр.


15

Бақылау диктант

Панасыздар

Табан мен нәлім балықтарының шабақтарын өсіріп, жеткізу жайында басы да ауырмайды. Уылдырық шашты да жөніне кетті. Ал олардан шығатын шабақтар қалай жетіліп өссе де мейлі. Бір жағынан оларды кіналауға да болмайды. Мыңдаған шабаққа бір аналық қайдан қарап үлгірсін. Бақа да сол сияқты. Бір шашқанда мыңнан артық уылдырық шашады. Әрине, мұндай панасыздардың бәрінің бірдей шығынсыз өсіп жетілуі өте қиын. Су ішінде олардың қаншама жауы бар. Көбісін уылдырық кезінде жұтса, енді біразын кішкене шабақ, итбалық қалпында жейді. Сөйтіп азғана бөлігі есейіп жетіледі.

В. Бианки

Тапсырма: Дыбыстық талдау жасау.


16


Сөз тіркесі

Сөздік диктант

Бүкіл сынып, ағаш қасық, әсем ән, үлкен үй, ақылды күшік, қалың киім, кешкі ұйқы, жаңбырлы күн, ғажайып түс, биік тау, әдемі гүл, жақсы адам.


Тапсырма: Сөз тіркесін сұрақ қою арқылы анықтап, байланысын сызбамен көрсет

Терме диктант

Бұл қай кезде болады?

Өрік, алма,

Шие, алша,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз,

Қияр, сәбіз

Дүкендерге түседі.

Астық пісіп,

Орақ түсіп,

17

Қырман дәнге толады.

Айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?


Тапсырма: Бастауышты тауып, қайсөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.


Шығармашылық диктант


Құстар тойында

Той басталды жаз келіп,

Қазан асты қаз келіп.

Ұзақ отты маздатты,

Тарғақ күріш тазартты.


Тапсырма: Сөз тіркесін сызбамен көрсет.


18


Бақылау диктант

Кірпі

Әлден уақытта жел соға бастады. Ағаштардың ұшар

бастары теңселіп, орман іші шуылдай жөнелді. Осы кезде бір ғажапты байқап қалдық. Тиіндер секіріп жүрген қарағайлардың түбінен бір неше кірпі жорғалап шыға келді. Олар бастарын жоғары көтеріп қатты да қалды. Аспаннан әлдебір нәрсе күткендей телміріп отыр.

Біз кірпілерге қарап тұрмыз. Ағаштың бастарынан кепкен саңырау құлақтар түсе бастады. Кірпілер дайын асты арқасындағы инедей тікендеріне шаншып алады. Осылайша іннің ішіне тасып жүр.


Тапсырма: Екінші азат жолдағы екінші сөйлемдегі сөз тіркестерін сызбамен көрсет.


19

Бақылау диктант

Аққу

Аққу-аса көркем құс. Оның салмағы жетіден он килограмға дейін жетеді. Мойны ұзын келеді. Түсі шымқай, ақ болады. Қара түстілері де кездеседі. Олар су өсімдіктерінің тамырларын және ұсақ жәндіктерді жейді. Аққулардың ең көріктісі және қолға ұстауға көнімдісі- сыбырлауық. Сыбырлауық Қазақстан жерін мекендейді. Бұларды парктер мен жеке су қоймаларында әсемдік үшін өсіреді. Аққу- сирек кездесетін құс. Сондықтан оны аулауға тыйым салынған.



Тапсырма: Бесінші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.

Сөйлем

Шығармашылық диктант

Байлық байлық емес,

Бірлік - байлық.

20


Аттан тай озады,

Атадан бала озады.


Ықылас пен ынтымақ,

Бітер іске болсын тап.


Аттың жүйрігі азаптан құтқарады.


Тапсырма: Берілген мақал мәтелдердің негізгі мағыналарын сақтай отырып, оларды сұраулы сөйлемдерге айналдыру.

Графикалық диктант




21

Тапсырма: Сызбаға сәйкес сөйлем құрап жазу.


Бақылау диктант


Сары уыз

Уыз деген не, білесің бе? Ол –жаңа туған малдың: сиыр, қой, ешкі, түйенің алғашқы сүті. Ол өте қою, тәтті болады.Кейде уыз көженің дәмін келтіру үшін тары мен шекер де араластырады. Сиырдың уызынан уыз көже жасап, бүкіл көрші-қолаңды шақырады. Уыз көже ішкен жұрт «ақ көбейсін» деп бата береді. Малдың төлдері уызға әбден тоюы керек. Уызына тоймаған төл жүдеу болып келеді. Сондықтан да үлкендер мал төлін әбден емізіп, уызына тойдырады.


Тапсырма: Сұраулы, лепті сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдырып жазу.


22


Жай сөйлем және құрмалас сөйлем


Шығармашылық диктант

Бейбітшілік, Отан, достық


Тапсырма: Берілген сөздерді қатыстырып, құрмалас сөйлем құрап жаз.



следующая страница >>