shkolakz.ru   1 2 3 4 5

Гельминтоспориоз ауруларының даму динамикасы

Жапырақтардың теңбілдену ауруларының даму динамикасын анықтау үшін 2004-2006 жж. «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» ҒӨО-ның тұрақты тәжірибе учаскесінде және Өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе базасында егілген арпа сорттарында негізгі өсу кезеңдері бойынша бақылау жүргізілді.

2004 жылы арпаның түптену кезеңінде қара-қоңыр дақтың таралуы 36%, жолақты дақ - 12,5%, ал дәннің сүттеніп-балауызданып пісу мезгілінде бірінші ауру 62%, екіншісі 31,0% дейін жетті. 2005-2006 жж. қара-қоңыр дақтың таралуы өте төмен (17-27,6%) болып, жапырақтың ауруға шалдығу дәрежесі 5% дан аспады. 2005 және 2006 жылдары жолақты дақтың таралуы мен дамуы төменірек болды: түптену кезеңінде оның көрсеткіші 5,5-8,0%, ал сүттеніп-балауызданып пісу кезеңінде – 14,5-15,0% аспады (2-сурет).


%

2-сурет - ЕжӨШ ҒӨО тұрақты учаскесінде арпаның өсу кезеңдеріне байланысты жапырақтың теңбілдену ауруларының таралу динамикасы


Тау етегінде орналасқан Өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе базасында жүргізілген зерттеулер төмендегідей нәтиже көрсетті (3-сурет).


%

3-сурет - Гельминтоспориоз ауруларының тау етегіндегі арпа егісінде таралу динамикасы

2004 жылы дәннің сүттеніп-балауызданып пісу мерзімінде қара-қоңыр дақтың таралуы 92% дейін жеткенімен, жапырақтың ауруға шалдығу дәрежесі 8,6% аспады. 2005 жылы арпаның аурудың таралуы өте төмен болды, ол сүттеніп-балауызданып пісу кезеңінде 12% аспады. Жолақты дақ 2004 жылы мүлдем байқалмаса, 2005 жылы оның таралуы түптену кезеңінде 4,3%, ал дән сүттеніп-балауызданып піскен шақта 8% ғана құрады.

ЕжӨШ ҒӨО-ның тұрақты тәжірибе телімінде жапырақтың гельминтоспориоз ауруларының таралуының жоғары болуының бір себебі, шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталатын аурулардың инфекция қоры ауа толқындары немесе жаңбыр тамшылары арқылы таралуында.



Жапырақтың теңбілдену ауруларының зияндылығы

Жолақты дақ ауруының арпаның өсуіне және оның түсімділігіне тигізетін әсерін анықтау үшін, тұқымға Drechslera graminea саңырауқұлағының таза себіндісі қолдан жұқтырылды. Зерттеу барысында алынған деректер мынаны көрсетті. Бақылауда өсімдіктердің түптену коэффициенті арнайы залалданған нұсқамен салыстырғанда жоғары болды. Тәжірибе нұсқасында Асыл, Бәйшешек, Береке 54, Ілек 1, Целинный 91, ЮК-43 және Яссы сорттарының сабақтарының ұзындығы 3,5-8,1 см аралығында төменірек болды. Масақтың ұзындығы, бір масақтағы масақшалар санының көрсеткіштері де осылай болды. Инфекция қолданған фонда Бәйшешек, Медикум 85 және Тұран 2 сорттарының 1000 дәннің салмағы бақылаумен салыстырғанда 1,9-3,4 г дейін төмен екені байқалды (1-кесте).

Сонымен қорыта айтқанда, арпа тұқымына D. graminea саңырауқұлағының таза себіндісін қолдан жұқтырғанда ол өсімдіктің өсіп-өнуіне, түптенуіне және түсімділігіне біраз кері әсер ететіні анықталды.

Bipolaris sorokiniana саңырауқұлағы арпа жапырағының қара-қоңыр дақ ауруының қоздырғышы екенін ескере отырып, оның зияндылығын анықтау үшін танаптық тәжірибелер қойылды. Дақылдың 8 сортының тұқымын B. sorokiniana саңырауқұлағының таза себіндісімен қолдан залалдап 1 м2 мөлдектерге себілді. Тәжірибе мен бақылау нұсқаларындағы өніп шыққан өсімдіктер тығыздығын салыстырғанда, бірінші нұсқада өнген өсімдіктер тығыздығы мен түптену коэффициенті төменірек, аласа, масақтары кішілеу және тамыр шірігі ауруына көбірек шалдыққаны анықталды.

Сонымен қатар, арпаның жолақты гельминтоспориозының зияндылық коэффициентін анықтау үшін сау және оған әртүрлі дәрежеде шалдыққан 50 өсімдік белгіленіп, олардың сабағы мен масақтарының ұзындығы және де дәннің саны мен салмағы анықталды. Осы көрсеткіштерді және егісте аурудың таралу мөлшерін еске ала отырып, аурудан келетін шығынды есептедік. Жолақты дақ ауруы арпаның биометриялық көрсеткіштеріне кері әсер етті. Өсімдіктердің түптену коэффициенті, сабақ пен масақтың ұзындығы, онда түзілген дән саны және оның салмағы кеміді. Ауруға қатты шалдыққан өсімдіктерде оның зияндылық коэффициенті 28,6%, ал орташа залалданғандарда – 14,3% құрады.



1-кесте - Әртүрлі фонда жолақты дақтың таралуы және ауру қоздырғышын тұқымға жұқтырудың арпа сорттарының биометриялық көрсеткіштері мен түсімділік құрамына әсері (Өсімдік қорғау ҒЗИ, 2005-2006 жж.)



Сорттар

Тұқымға D. graminea жұқтырылған

Бақылау

жолақты дақтың таралуы, %

түптену коэф-

фициен-ті

сабақтың ұзынды-ғы,см

масақтың ұзындығы, см

масақша-лар саны, дана

1000 дәннің салмағы, г

жолақты

дақтың

таралуы, %

түптену коэф-

фициен-ті

сабақтың ұзындығы, см

масақтың ұзындығы, см

масақша-лар саны, дана

1000 дәннің салмағы, г

Асыл

43,3

2,7

46,0±2,6

7,5±0,8

23,2±1,2

48,8

26,0

3,1

50,5±1,1

8,3±0,3

29,5±0,7

49,8

Арна


14,2

2,1

53,0±2,0

8,1±0,6

22,5±1,4

50,2

0

2,3

55,3±1,5

8,1±1,9

22,9±0,9

50,8

Ақжол

9,0

2,8

56,1±2,4

8,6±0,4

22,0±1,0

52,2

0

3,4

58,5±1,5

8,8±0,4

23,8±1,0

52,8

Әсем

15,0

3,4

49,5±1,5

7,9±0,3

22,0±0,9

50,0

10,0

3,5

52,0±1,4

8,0±0,3

23,6±0,9

50,8

Бәйшешек

22,5

2,2

42,5±2,4

6,0±0,2

12,0±0,8

64,4

0

2,9

46,0±2,1

6,8±0,3

16,0±0,8


67,2

Береке 54

50,0

1,5

30,4±1,6

4,2±0,2

32,1±1,6

46,4

30,0

1,8

34,2±1,7

4,6±0,4

36,8±5,0

46,6

Ілек 1

20,5

2,6

56,0±2,0

8,0±0,5

23,0±1,2

46,0

0

2,9

59,4±1,4

8,9±0,3

28,1±0,8

48,4

Қарабалық 150

16,5

2,7

59,4±1,7

8,1±0,3

23,1±0,9

56,2

6,0

3,7

61,4±1,6

8,5±0,3

24,0±0,6

57,3

Мереке 150

0

2,6

57,2±2,5

9,4±0,4

25,0±1,0

50,4

0

2,9


58,6±1,4

9,5±0,3

25,6±1,0

50,6

Медикум 85

16,0

3,9

72,3±1,6

9,8±0,4

24,5±1,0

56,9

0

4,5

73,4±2,9

10,0±0,3

26,7±0,7

58,8

Сәуле

11,5

2,6

64,0±1,8

8,8±0,3

21,8±1,1

50,2

0

2,9

65,4±1,6

9,3±0,3

24,0±0,8

50,8

Тұран 2

16,0

3,5

65,8±1,6

8,4±0,4

25,2±1,3

50,0

0

4,2

67,0±1,8

9,0±0,3

26,0±0,9

53,4

Целинный 91

52,5

1,5

42,0±1,8

5,3±0,6

33,0±0,9


45,4

22,5

2,2

50,1±1,3

6,3±0,4

36,3±2,8

48,4

ЮК 43

20,0

2,6

59,5±2,1

6,0±0,3

17,5±0,9

66,6

0

3,5

65,7±1,4

7,0±0,3

19,5±1,3

68,8

Яссы

55,0

2,4

52,4±1,9

6,3±0,5

16,8±1,3

59,8

17,3

3,8

57,4±1,6

7,0±0,3

19,0±0,7

62,0

Ауру қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктері

Гельминтоспориоз ауруларының таралуында тұқымның атқаратын рөлін анықтау үшін жүргізілген бірнеше зертханалық тәжірибелер қара-қоңыр және жолақты дақты қоздыратын B. sorokiniana мен D. graminea саңырауқұлақтары тұқымда сақталатынын көрсетті. Сонымен қатар, онда Alternaria туысына жататын некротрофты саңырауқұлақ жиі кездесетіні анықталды.

Қара-қоңыр дақтың қоздырғышы B. sorokiniana саңырауқұлағының морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері Ауру қоздырғышының таза себіндісі алғашында селдірлеу ақшыл келеді, өскен сайын реңі біртіндеп зәйтүн, қоңырқай-жасыл тартады, субстраттан көтеріліп, нығыздала түседі. 10-15 тәулікте олар бүкіл Петри табақшасына жайылып кетеді, көп мөлшерде споралар түзілетіндіктен саңырауқұлақ колониялары барқыт тәріздес келеді. Конидиялардың түсі қоңырқай немесе сарғыштау, пішіні эллипс тәріздес, тұрқы тік немесе сәл иілген, ұзындығы 17,5-87,5, ені 10,5-24,5 мкм, пернелер саны 1-10 дейін ауытқыйды.


B. sorokiniana-ның өсуіне ең қолайлы температура 22-300С аралығында екені, ал 410С температурада саңырауқұлақ мүлдем өспейтіні анықталды.

B. sorokiniana саңырауқұлағы көптеген астық тұқымдас шөптесін өсімдіктердің жапырақтарының теңбілденуі мен тамыр шірігі және дән ұрығының қараюы ауруларының қоздырғышы ретінде белгілі екенін ескере отырып, арпа, қара бидай және бидайық өсімдіктерінен бөлінген саңырауқұлақ штаммдарының морфологиялық ерекшеліктері мен патогендік қасиеттерін анықтадық (4-сурет).








1ҚБ 2Б 3А


4-сурет - Қара бидай (1ҚБ), бидайық (2Б) және Арпа (3А) дақылдарынан бөлініп алынған B. sorokiniana штаммдарының конидиялары


20 тәулік бойы қоректік ортада өсірілген саңырауқұлақтың таза себінділері арпаның Арна сортының тұқымына қолдан жұқтырылды. Арпадан бөлінген штамммен залалдалған тұқымның өнгіштігі 50% аспады немесе, 40% өсімдіктер ауруға шалдықты. Қара бидай және бидайықтан бөлінген штаммдарды жұқтырғанда арпа өскіндері тамыр шірігі ауруына 63,3% шалдықты.

Сонымен зертханалық тәжірибелер арпа және қара бидай мен бидайық дақылдарынан бөлінген B. sorokiniana штаммдарының бір–бірінен себінділік, морфологиялық және патогендік қасиеттері бойынша айырмашылықтары бар екені анықталды. Арпаның қара-қоңыр теңбілі мен тамыр шірігі қарабидайдан арпаға немесе бидайықтан осы екі дақылға және керісінше бір-біріне жұға береді.

Арпаның жолақты дағының қоздырғышы Drechslera graminea саңырауқұлағының биологиялық ерекшеліктері Ауа райы ылғалды болған жағдайда жапырақ бетінде конидиялар мен конидия сағақтарынан тұратын жұқа өңез түзілетіні анықталды. Конидиялар цилиндр тәріздес, ұштары аздап домаланған, реңі түссіз, ақшыл сары немесе ашық-қоңыр. Конидия сағақтарының ұзындығы 45,5 тен 147 мкм, ал ені 10,5-12,2, конидиялар - 17,5-70 және 7-17,5 мкм, пернелер саны 1-5 аралығында екені анықталды (5-сурет).


Ауа-райы құрғақ болған жағдайда жолақты даққа шалдыққан жапырақтарда ауру қоздырғышының споралану органдары түзілмейді. Оларды Петри табақшаларында ылғалды ортада бір аптадай ұстағанда саңырауқұлақ 0,3 мм жалған жеміс денесін түзеді.





5-сурет - Drechslera graminea саңырауқұлағының

конидиялары мен конидия сағақтары


D. graminea саңырауқұлағының өсуіне аса қолайлы температура 20-300С аралығында екені анықталды.

Оның табиғи ортада қыстап шығу мүмкіндігін анықтау үшін, аңызда қалған арпа қалдықтарын наурыз-сәуір айларында жинап алып, ылғалды камерада ұстадық. Үлгілердің бір бөлігі терезе алдына, ал екіншілері термостат пен Флора қондырғысында ұсталды. 7 тәуліктен кейін оларды микроскоп арқылы тексергенімізде, тек қана терезе алдына қойылған нұсқада саңырауқұлақтың қалталары және қалташықтары түзілгені байқалды.

Республиканың оңтүстік-шығыс аймағында жолақты дақ ауруының инфекциясы тұқым арқылы таралуын және оның тамыр шірігін қоздыруы немесе қоздырмауын анықтау үшін бума қағаз әдісін пайдаланып, зертханалық тәжірибе жүргіздік. Екі жапырақ толық шыққан кезде тұқымның өнгіштігі және өскіндердің гельминтоспориоз ауруына шалдығуы анықталды. Арна сортында тұқымның зертханалық өнгіштігі табиғи фонда 85,0%, ауру қолдан жұқтырылғанда 79,0%, ал Асыл сортында 82,5 және 75,7% құрады. Демек ауру қоздырғышының салдарынан тұқымның өнгіштігі 6-7% кеміді.

Жапырақтың теңбілдену ауруларына сыналған сорттар табиғи фонда 2,5-5% аралығында шалдықса, тұқымды қолдан залалдаған нұсқаларда оның мөлшері Асыл сортында 38,2%, Арнада - 24% жетті. Тамыр шірігіне шалдыққан өскіндер бақылауда 7,5% аспаса, инфекция қолдан жұқтырылған нұсқада бұл көрсеткіш 34-40% жетті. Ауруға шалдыққан тұқым себілгенде жүйке-талшық өткізгіш түтікшелері арқылы саңырауқұлақ жіпшумағы өсімдіктің барлық органдарына жүйелі түрде таралды.

Тәжірибе нәтижелерін қорыта келе, жолақты дақ ауруының инфекциясы тұқым арқылы таралатыны, оның өнгіштігін біраз төмендететіні және ауру белгілері тамыр шірігі ретінде байқалатыны анықталды.



<< предыдущая страница   следующая страница >>