shkolakz.ru 1 ... 2 3 4 5

Ауа толқындары арқылы таралатын аурулардың дамуын тежеуде фунгицидтердің тиімділігі

Ауа толқындары арқылы таралатын ауруларға қарсы фунгицидтердің тиімділігі республиканның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы арпа егістерінде бұрын жете зерттелмеген. Осыны ескере отырып, 2005-2007 жж. аталған дақылдың жапырақ пен сабақтың теңбілдену және басқа саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларын шектеуде фунгицидтердің тиімділігі анықталды. Триазол тобына жататын менара, рекс С, танго дуо және фоликур фунгицидтері Жамбыл ауданындағы «Светлана» ЖШС-де Шынар сортында сыналды. Фунгицидтермен бапталған мөлдектерде 10-20 тәуліктен кейін жүргізілген есептеулер арпа жапырақтарының қара-қоңыр дақ ауруына шалдығуы бақылаумен салыстырғанда тәжірибе мөлдектерінде әлде қайда төмен (2,1%) екенін көрсетті. Ауруға қарсы жоғарғы (74,5-77,0%) биологиялық тиімділікті фоликур, рекс-С, менара және альто-супер фунгицидтері көрсетті (5-кесте).


5-кесте - Ауа толқындары арқылы таралатын ауруларға қарсы фунгицидтердің биологиялық, шаруашылық тиімділігі және олардың арпа өнімінің құрылымына әсері


Нұсқа

Жұм-салу мөл-шері, л/га

Жапырақ-тың қара-қоңыр дақ ауруына шалды-ғуы, %

Биоло-гиялық тиімділі-гі, %

Масақ-тың ұзын-дығы, см

Масақ-шалар саны, дана

1000 дәннің салма-ғы, г

Өнім, ц/га

орта-ша

сақ-тал-ған

2005 ж., «Светлана» ЖШС, Шынар сорты


Фоликур, 22,5%, э.к.

0,5

5,1

56,4

8,8±0,2

23,2±0,4

51,5

23,1

2,5

Фоликур, 22,5%, э.к.

0,7

2,7

77,0

8,9±0,2

23,7±0,4

51,5

24,2

3,6

Танго дуо, 33,4%,э.с

0,6

3,7

68,3

8,6±0,3

22,6±0,7

51,9

23,0

2,4

Танго дуо, 33,4%,э.с

0,7

4,0

65,8

8,6±0,2

22,9±0,4

51,3

22,8

2,2

Рекс С, 12,5%, с.к.

0,5

4,9

58,1

8,7±0,1

22,0±0,5

51,5

23,8

3,2


Рекс С, 12,5%, с.к.

0,75

2,7

77,0

9,3±0,2

23,2±0,3

52,7

24,6

4,0

Бақылау

-

11,7

-

8,1±0,1

21,8±0,5

50,6

20,6

-

НСР05

1,03 ц/га

2005-2006 жж., ЕжӨШ ҒЗИ, Бәйшешек сорты

Менара 41%

0,4

5,3

68,6

8,4±0,2

20,2±0,5

70,5

26,8

1,6

Менара, 41%

0,5

4,3

74,5

8,5±0,1

20,6±0,4

70,7

27,2

2,0

Альто-супер, 33%

0,5

3,9

76,9

8,4±0,2


20,1±0,4

70,7

27,1

1,9

Бақылау




16,9

-

8,0±0,1

19,3±0,5

69,4

25,2

-

НСР05

0,8 ц/га


Олар арпа масағының ұзындығы мен масақта дән байлануына және 1000 дәннің салмағына оң әсер ететіні анықталды. Мысалы, фоликур, рекс С және менара фунгицидтері қолданылған мөлдектерде масақшалар саны 1,2-1,9 данаға артты 1000 дәннің салмағы 0,7-2,1 г жоғары болды. Осының нәтижесінде тәжірибе нұсқаларында арпа өнімділігі бақылаумен салыстырғанда 3,6-4,0 ц/га жоғары болды.

Қорыта келе, арпа егістерін ауа толқындары және тамшы-ылғал арқылы таралатын аурулардан қорғау үшін фоликур (0,7 л/га), рекс С (0,5-0,75 л/га) және менара (0,5 л/га) сияқты жаңа жүйелі фунгицидтер қолдану ұсынылады. Олармен егісті арпа масақтана бастағанда бір рет баптау жеткілікті.


Арпаның пайдалануға тіркелген және болашағы бар сорттарының гельминтоспориоз және ринхоспориоз ауруларына беріктігі

2004-2005 жылдары Өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе базасында арпаның өндірісте пайдалануға тіркелген және болашағы бар 25 сорттар жапырақтың гельминтоспориоз ауруларына беріктігі табиғи жағдайда сыналды.

Сыналған сорттардың ішінен теңбілдену ауруларына кешенді берік сорттары кездеспеді. Қара-қоңыр дақ ауруына Бәйшешек, Тұран 2, Целинный 91, Жұлдыз, ЮК-43 және Яссы сорттары аса бейімділік көрсетті. Ал, Одесский 100, Север 1, Целинный 5, Арна, Медикум 85 және Қарабалық 150 сорттары орташа беріктік көрсетті. Жолақты даққа Асыл, Береке 54 және Целинный 91 (32-58%) сорттары бейімірек екені белгілі болды. Асыл сорты қара-қоңыр және жолақты дақпен сонымен қатар тозаңды қара күйеге бейімділік көрсетті.


2004-2006 жылдары «Егіншілік және өсімдік шаруашылық» ҒӨО-ның арпа селекциясы бөлімінде осы дақылдан жарыспалы (конкурстық) сынақтан өтіп жатқан 106 будандарының жапырақтың теңбілдену ауруларына беріктігі анықталды. Эталон ретінде Арна сорты алынды. Зерттеу нәтижесінде 33/85-2 мен 49/86-1 будандары қара-қоңыр дақ ауруына бейім, ал Арна сорты мен 6/98-20, 3/95-12, 10/93-3 және 3/12-01 будандары берік келді. Жолақты дақ ауруына 53/86-20, 92/80-12, 88/86-16 5/161 және 3/24-01 будандары аса бейім екені анықталды. Торлы дақ кеселіне 3/24-01, 108/3, 5/161, 23/99-3 және 83/84-6 будандары бейім, Арна сорты мен 33/85-2, 92/80-12 және 6/98-20 будандары ауруға берік екені анықталды. Жиектелген дақ немесе ринхоспориоз ауруына тоқталсақ, 3/95-14, 26/98-8, 164/99-6 және 5/161 будандары оған бейімділігімен, Арна сорты мен 53/86-20, Un-1 және 93/80-16 будандары беріктігімен ерекшеленді.

Табиғи жағдайда аурулардың дамуы ауа-райы жағдайына және алғы дақылға байланысты біраз ауытқып отыратындықтан сорттардың беріктігі жайлы нақты тұжырым жасау қиындау. Сол себептен сорттар мен үлгілердің гельминтоспориоз ауруларына беріктігін сынаудың зертханалық әдісін жетілдіру өзекті мәселе болып табылады.


Арпа сорттарының гельминтоспориоз ауруларына беріктігін сынаудың танаптық және зертханалық әдістемелерін жетілдіру

Bipolaris sorokiniana саңырауқұлағы арпа жапырағының қара-қоңыр дағымен қатар тамыр шірігі ауруының қоздырғышы екенін ескере отырып, сорттардың соңғы ауруға беріктігін сынау үшін 2005 жылы Өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе базасында танаптық тәжірибелер қойылды.

Ауру тұқымға қолдан жұқтырылғанда Бәйшешек сортында тамыр шірігі ауруының таралуы 49,0%, дамуы 18,4% дейін жетті, ал бақылауда бұл көрсеткіштер 11,6 және 4,4% аспады. Осы тәріздес нәтижелер сыналған басқа сорттарда да байқалды (6-кесте).

Зертхана жағдайында О.С. Афанасенко [2005] ұсынған әдістеме бойынша арпаның пайдалануға рұқсат етілген және болашағы бар 15 сортының қара-қоңыр дақ ауруына беріктігін анықтадық. Сорттардың қара-қоңыр даққа шалдығу дәрежесі 14 тәуліктен кейін тексерілді. Нәтижесінде, Бәйшешек, Береке 54, Целинный 91, Сәуле, ЮК-43 және Яссы сорттары ауруға өте бейім (24,0-33,2%) екені белгілі болды. Танаптық тәжірибелерде де олар қара-қоңыр даққа өте бейім болған, 2004 жылы аурудың таралуы 68-100% аралығында, даму дәрежесі 16,4-26,2% құраған. Арна, Медикум 85 және Қарабалық 150 сорттары бұл ауруға орташа беріктік көрсетті (7-кесте).



6-кесте - Арпа сорттарының тамыр шірігіне шалдығу көрсеткіштері (Өсімдік қорғау ҒЗИ-ның тәжірибе базасы, 2006 ж.)


Сорт

Тұқымға B. sorokiniana қолдан жұқтырылған

Бақылау

таралуы

дамуы

өскіндер саны, м2/дана

таралуы

дамуы

өскіндер саны, м2/дана

Арна

25,0

9,4

122

10,0

3,7

136

Асыл

39,3

14,7

117

12,6

4,7

139

Бәйшешек

49,0

18,4

90

11,6

4,4

109

Ілек 1

42,6

16,0

132

13,6

5,1

158

Жұлдыз


42,0

15,7

104

13,3

5,0

118

Жайлау

40,6

15,2

112

12,3

4,6

125

ЮК -43

32,6

12,2

90

13,3

5,0

111

Яссы

32,3

12,1

107

13,0

4,8

127


7-кесте - Арпа сорттарының қара-қоңыр даққа беріктігін бензимидазол әдісімен анықтау


Сорттар

Жапырақ кесінділерінің ауруға шалдығуы

Сорттар


Жапырақ кесінділерінің ауруға шалдығуы

балл

%

балл

%

Асыл

1,2

9,2

Мереке 150


1,3

11,7

Арна

0,9

6,2

Медикум 85

0,5

3,0

Ақжол

1,4

14,2

Сәуле

1,9

19,2

Әсем

1,2

10,0

Тұран 2

1,8

17,2

Бәйшешек

2,1

24,0

Целинный 91

2,5

25,0

Береке 54

2,1

18,5

ЮК 43

2,5

29,3

Ілек 1

1,1

11,2

Яссы

2,7

33,2

Қарабалық 150

1,2

7,2










Жоғарыда алынған деректерді қорытындылай келе, арпа сорттарының ауруларға беріктігін анықтау үшін табиғи және жасанды фондар мен танаптық және зертханалық әдістерді пайдаланып, алынған нәтижелерді салыстыру арқылы нақты қорытынды жасауға болатыны анықталды.



<< предыдущая страница   следующая страница >>