shkolakz.ru 1 2
ЕСІМДІКТІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ


  1. Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты.

  2. Есімдіктердің қалыптасуы.

  3. Есімдіктердің мағыналық түрлері.

  4. Есімдіктердің септелу ерекшеліктері.

  5. Есімдіктердің басқа сөз таптарына ауысуы және прономиналдану – есімдікке айналу процесі.

  6. Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі.


Проблемалық сұрақтар:


  1. Есімдіктердің мағыналық ерекшеліктері неде?

  2. Есімдіктерді заттық және сындық мәндегі есімдіктер деп бөлудің себебі неде?

  3. Жіктеу есімдктерінің жаққа қатысы қандай?

  4. Есімдіктердің грамматикалық категориялары бар ма, неге?


Есімдік – лексика-грамматикалық (семантикалық) сипаты жағынан не затты, не оның сынын я санын нақты атамай, солардың орнына жүретін сөз табы. Сондықтан кейде оны орынбасар сөз табы деп те атайды.

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашкы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні. Бір шалдың төрт ұлы болыпты, Бірде шал сол ұлдарын жинапты (Ертегілер) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты. Кімді айтса, сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам деген заттың атауының орнына қолданылған.

Сөйтіп, есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдік заттың өз атауын да, белгісінің, санының да атын білдірмейді, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына колданылады. Сондықтан да кейде есімдікті орынбасар сөздөр деп те атайды.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сүрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздык есімдігі; .7) белгісіздік есімдігі.


ЖІКТЕУ ЕСІМДІГІ.

Бслгілі бір жақтық ұғыммен байланысты колданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар. Олар мынадай:



жак.

жекеше түрі

Көпше түрі

/

II

сыпайы

III

мен сен

сіз

ол

біз, біздер

сендер, сіздер

олар


Бірінші жақ— айтушы, сөйлеуші жақ, екінші жақ — тыңдаушы жақ. Бұлар — адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? деген сүраққа жауап береді. Үшінші жақ бөгде жақ. Ол — адамға, адамнан басқа да затқа байланысты бола береді. Сондықтан кім немесе не? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бір ағашта екі алма, мен (кім?) де алмайын, сен (кім?) де алма (халық әні). Ол (кім?)— оқыған азамат. Ол (не?)— биік тау т. б.

Жіктеу есімдіктері тәуелденбейді. Тәуелденетін ол (оным, оның, оныңыз, онысы), олар (оларым, оларың, оларыңыз, олары) дегендер — жіктеу есімдігі емес, сілтеу есімдігі.

Жіктеу есімдіктері септеледі. Біз, сіз, біздер, сендер, сіздер, олар деген жіктеу есімдіктері зат есімдерше септеледі, ал мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде ерекшеліктер бар.

Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі.


Септік

Мен

сен

Ол

біз

сіз

А. 1.

мен ме-нің

сен се-ніқ

Ол

о-ның і

біз

біз-дің

сіз

сіз-діңдіңдідің дің ддіңддіңдіқ

Б.

Т.

Ж.

Ш.

К.

ма-ған

ме-ні

мен-де

ме-нен

мені-мен

са-ған

се-ні

сен-де

се-нен

сені-мен

о-ған

о-ны

о-нда

о-дан

оны-мен\

біз-ге

біз-ді

біз-де

біз-ден

біз-бен


сіз-ге

сіз-ді

сіз-де

сіз-ден


сіз-бен

Септік

сендер

сіздер

олар

А.

I.

Б.

Т.

Ж.

Ш.

К.

сендер

сендер-дің

сендер-ге

сендер-ді

сендер-де

сендер-ден

сендер-мен

Сіздер

сіздер-дің

сіздер-ге

сіздер-ді

сіздер-де

сіздер-ден

сіздер-мен

олар

олар-дың

олар-ға

олар-ды

олар-да

олар-дан

олар-мен

Мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады: 1) ілік, табыс} шығыс септіктерде түбірдегі л, ң дыбыстары түсіп қалады; 2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н-ға айналады; 3) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында -'ы, -і дәнекері пайда болады, дұрысында түбірдегі ң дыбысы түсіп қалып, кемектес септік жалғауы ілік септіктің дыбыстық өзгеріске түскен -ны (ң), -ні (ң) тұлғасының үстіне жалғанады; 4) барыс септік жалғауы жуанданып; л, н түсіп қалған түбірге -ған түрінде жалғанады.


Жіктеу есімдіктері өз жағында ғана жіктеледі, яғни жіктеу есімдігі қай жақты білдірсе, оған сол жактың жіктік жалғауы жалғанып жіктеледі.

Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі.

жак.

Мен, біз

сен, сіз сендер, сіздер

ол, олар

І


ІІ


ІІІ

мен-мін біз-біз

-

-

сен-сің, сіз-сіз

сендер-сіңдер

сіздер-сіздер

-



-


олар, ол



Жіктеу есімдіктері сөйлемде атау септікте тұрып бастауыш, ілік септікте тұрып аныктауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес ссптіктерде тұрып толықтауыш, жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады.

СІЛТЕУ ЕСІМДІГІ.

Сілтеу есімдіктсрі меңзеу, нұскау, көрсету мағыналарын білдіреді. Сілтсу есімдіктеріне бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, мынау, тонау, әне, міне, деген сөздер жатады. Әдетте сілтеу есімдіктері сілтеу, меңзеу, мәнін білдіріп, сын есімнің орнына жұмсалып, қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш кызметін атқарып түрады. Мысалы: Самғай бер асқардан-асқарға мынау қырандай (Ә. Ә). Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті (М. Ғ.) деген сөйлемдерде мынау, бұл есімдіктсрі к,ай? (қырандай, ұрыста)? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш болып түр.


Сілтеу есімдіктеріне кейде көптік, тәуелдік жалгаулары жалғанады, анау, мынау, сонау, осынау дегендерден басқасы септелініп те қолданылады. Мысалы: бұл - бұлар, сол - солар, осы - осы-лар, анау - анауым-анауың-анаулары т. б.


Сілтеу есімдіктерінің. тәуелдену үлгісі.






Жақ

бұл

сол

Ол




I менің

II сенің
сіздің


III оның

бұным бұның бұныңыз бұнысы

соным соның соныңыз сонысы

оным оның оныңыз онысы




I біздің

IІ сендердің
сіздердің


III олардың

бұнымыз

бұларымыз

бұларың

бұларыңыз

бұлары

сонымыз

соларымыз

соларың

соларыңыз

солары

онымыз


оларымыз

оларың

оларыңыз

олары





Жақ

Осы

мынау (мына)

анау (ана)




I менің

II сенің


Сіздің

III оның

осым

осыным

осың

осының


осыңыз

осысы

Мынауым


Мынауың


мынауы

ңыз

мынауы

Анауым


Анауың


анауыңыз


анауы


Сілтеу есімдіктері септелгенде, заттанып, зат есімнің орнына жұмсалады. Олардың септелгенде мынадай ерекшеліктері байқалады: 1) бұл, сол, ол деген сілтеу есімдіктері мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктері сияқты септеледі: а) ілік, табыс, шығыс септіктерде түбірдегі л дыбысы түсіп қалады; ә) жатыс септікте түбірде л дыбысы н-ға айналады; б) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында -ы дәнекері пайда болады (дұрысында түбірдегі л дыбысы түсіп калып, кемектес септік жалғауы ілік септіктің дыбыстық өзгеріске түскен -ны (ң) тұлғасының үстіне жалғанады; е) барыс септік жалғауы түбірдегі л дыбысы түсіп қалған түбірге -ған түрінде жалғанады; 2) барыс септік жалғауы -ған түрінде осы, мына, ана деген сілтеу есімдіктеріне де жалғанады: 3) жатыс септікте осы сілтеу есімдігіне -нда жалғауы жалғанады; 4) бұл сілтеу есімдігінің түбірі ілік, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде мұ түрінде де қолданылады.



Сілтеу есімдіктері сөйлемде толықтауыш қызметтерін де атқарады. Сілтеу есімдіктері сөйлемде атау септікте тұрып бастауыш болғанда, одан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Бұлар — станцияның маңдай алды құрылысшылары (Ө. Нұрш.). Бұл — аңыраған ана Наталья. (Ғ. М.)


Сұрау есімдігі.

Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі болады. Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы? Зат есімге және зат есім орнына қолданыла алатын (заттанған) сөздерге қойылатын сұрақтарға көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар қосыла алады. Мысалы: кім? кімім? кімдер? кімі? кімдерің? кімге? неге? қайсысы? нешеуі? кіммін? т. б.

Кейбір сұрау есімдіктерінің, тәуелдену үлгісі.

Тәуелдіктің жақтары

кім

не

қайсы

Нешеу

І менің

біздің

ІІ сенің

сіздің

сендердің

сіздердің


ІІІ. оның

олардың

кімім?

кіміміз?

кімің?

кіміңіз?

кімдерің?

кімдері-

ңіз?

кімі?

кіміі?

кімдері?

Нем?

неміз?

нең?

неңіз?

нелерің?

нелері-

ңіз?

несі?


несі?

нелері?


қайсым?

қайсымыз?

қайсың?

қайсыңыз?

қайсыларың?

қайсылары-

ңыз?

қайсысы?

қайсысы?

қайсылары?

нешеуім?

нешеуіміз?

нешеуің?

нешеуіңіз?

нешеулерің?

нешеулеріңіз?


нешеуі?

нешеуі?



Сұрау есімдіктерінің адамға қатыстылары ғана I, II жақтарда жіктеледі. Себебі I және II жақ яғни айтушы (мен, біз) және тыңдаушы (сен, сендер, сіз, сіздер) адам ғана болады. III жақ адамнан баска да бөгде эатқа катысты бола береді.

Сұрау есімдіктерінің. жіктелу үлгісі.



Жіктіктің жақтары

кім?

Кайсы?

нешеу?

қандай?

не?

I мен
біз


II сен
сендер


Сіз

кіммін? кімбіз? кімсің? кімсіңдер?

кімсіз?

қайсымын?

қайсымыз?

қайсысың?

қайсысың

дар?

қайсы-

сыз?

нешеумін? нешеуміз? нешеусің? нешеусіңдер?

нешеусіз?


қандаймын?

қандаймыз?

қандайсың?

қандайсың-

дар?

қандайсыз?




-


-

сіздер

III ол олар

кімсіздер?

кім? кімдер?

қайсы-сыздар? қайсы? қайсы?

нешеусіз-дер? нешеу? нешеу?

қандайсыз-дар? қандай? қандай?

Не? нелер?




Өздік есімдігі

Өздік есімдігіне әр тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады. өз есімдігі тәуелдеулі, көптеулі, септеулә түрде қолданылады да, жіктеу есімдіктерінің немесе зат есімнің орнына қолданылады. Мысалы: менің өзім, сенің өзің, баланың (Асқардың) өзі, оөушылардың өздері, біздің өзіміз, мсендердің өздерің, т.б. Өздік есімдігі түбір тұлғада өз түрінде зат есімді анықтап жұмсалады. Мысалы: өз баласы, өз ісім, өз жұмыстарың, т.б. Өз есімдігі әдетте тәуелденіп барып септеледі. Сондықтан оның үлгісі тәуелдеулі септеу болады.



следующая страница >>