shkolakz.ru 1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


К.С. Тілеуғабылова

Е.Г. Огольцова


«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ»

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МОДЕЛІ ШЕГІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАЛАРЫН ЗЕРДЕЛЕУ БОЙЫНША

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР


Қарағанды 2015




КІРІСПЕ

Тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде Қазақстан колониализм және тоталитаризм кезіндегі рухани құлдыраудың салдарын төмендете ғана қоймай, мемлекеттің құрылуының жаңа кезеңіне өтті. Бұл ақиқаттың даусыз дәлелі болып Қазақстанда негіз болатын құжаттамаларды, яғни «Мәңгілік ел» патриоттық акті, 5 институционалдық реформа және оларды іске асыру үшін 100 нақты қадам бағдарламаларының қабылдануы мен жүзеге асырылуы саналады.

Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы ҚР Президентін сайлау кезіндегі бүкілхалықтық жеңісі елде инновационды реформаларды өткізудің сабақтастығын, жүйелілігін, мемлекетіміздің ары қарай дамуында ұлт лидерінің стратегиялық көрінісін тағы да дәлелдеді.

«Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде мемлекет Басшысының орындауында айтылған 5 институционалдық реформаларды жүзеге асыру идеясы Ұлт Лидерінің инаугурация рәсімінде сөз сөйлеуі кезінде де белгіленді. Алдағы міндеттерді жүзеге асыруда жастарға маңызды рөл белгіленеді. Білімпаздық, білім, руханият және толеранттыққа талпыну – міне осы құндылықтарға өз жолдауларында Президент жас ұрпақты шақырады.

Өз үндеуінде Президент Н.Ә. Назарбаев ерекше көңіл аударады: «Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын! Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер».


Қазақстан жастары жаңа заман құндылықтарына жасампаздықпен, мобильділік және талғамдықпен ерекшеленеді. Бұл өзіне тән дүниеге көзқарасымен және өтіп жатқан оқиғалар мен құбылыстарға көзқарасымен ерекшеленетін жаңа мәдени түр болып саналады. Жастарға жеке және қоғамдық табысқа жету үшін жаңа құндылықты мақсаттар тән, жаңа экономикалық және саяси түрленуге белсенді қатысу шабыты бар. Педагогикалық қоғам өзінің әлеуметтік және көрегенді жауапкершілігін жете түсіне отырып, біліктілік кадрларды дайындау және «Мәңгілік ел» ұлттық идеяны іске асыру, 5 институционалды реформаларды және 100 нақты қадамды іске асыру үшін бар күшін салады.

Берілген әдістемелік нұсқаулар қазіргі Қазақстанның негіз болатын құжаттарын жоғарғы оқу орындарында оқу бойынша кураторлық сағаттардың толық жоспарын қамтиды.


Кураторлық сағаттың тақырыбы:


85-қадам – «Мәңгілік Ел» патриоттық акт жобасын дайындау. «Мәңгілік Ел» ұғымының тарихи көрінісі


Мақсаттар мен міндеттер:

1. Студенттерді «Мәңгілік Ел» ұғымының тарихи көрінісімен таныстыру.

2. 85-қадамды зерделеу – «Мәңгілік Ел» патриоттық акт жобасын дайындау.

3. Студенттерде Қазақстан Республикасының өткені мен қазіргі шағы туралы түсінікті қалыптастыру, ел тарихына қызығушылықты дамыту.

4. Өз елінің тағдырына қатысушылықты жете түсінуді, жауапкершілікті, абырой, Отанға сүйіспеншілік, белсенді өмірлік позицияны тәрбиелеу.


Өткізу түрі: сұрақ-жауап сайысы элементтерімен сұхбат


Кураторлық сағат барысы:

Біз сіздермен бейбітшілікте, достық пен ынтымақтастықта, демократикалық мемлекетте өмір сүреміз. Елімізге тұрақтылық қажет. Қазақстан – әмбебап көп ұлтты республика, көптеген жетістіктерге жетті, даму қарқының жоғалтпауымыз қажет.Мемлекет жалпы ұлттық идея қалыптасқанда және қоғам бірлікте болғанда белсенді түрде дамиды. Қазақстандық ұлттық идеяны құрастырушы болып Президент Нұрсұлтан Назарбаев табылады. Бұл идея – тәуелсіздік, бәсекеге жарамдылық, гүлдену идеясы.


Бүкіл халықтық қолдауға сүйене отырып, ҚР Бірінші Президенті ғаламдық деңгейде Тәуелсіз мемлекеттің мойындалуына қол жеткізді. Оның бастамасымен Конституция – ҚР Бас Заңы әзірленіп қабылданды, нышандар – ҚР Елтаңбасы, Байрағы және Әнұраны қабылданды, мемлекеттік тіл мәртебесі көтерілді. Ядролық қару сынақтарын тоқтату және атом полигонын жабу прогрессивтік дүниежүзілік қауымдастықпен қолданылды.

Қазақстан халқының бірлігі, мемлекеттік тіл, тұрғындардың тең құқықтығы және олардың Отан тағдырына, абыройына жауапкершілігі XXI ғасырда Қазақстанның табысты алға басуын қамтамасыз етеді. Барлық қазақстандықтар Тәуелсіздігіміздің берік тірегі болатын, барлық қазақстандықтарды біріктіретін халқымыздың таусылмас қуат көзі болатын «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының терең мағынасын ұғыну қажет.

«…Қазақстандық бірдейлікті ары қарай нығайту қажет. Ол азаматтық принципінде негізделуі тиіс. Барлық азаматтар бірдей құқықты, жауапкершілігі бір және бірдей мүмкіншіліктерге ие болуы қажет. Бүгінде бізді «Мәңгілік Ел» құндылықтары: азаматтық біртектілік, еңбексүйгіштік, адалдық, оқымыстылық; зайырлы ел – толерантты ел. Бұл жағдайда азаматтық тұрақты және табысты мемлекеттің берік тірегі болып табылады». Онымен қоса, Президент ерекше белгіледі: « Мәңгілік ел идеясы жалпы азаматтық құндылықтар жүйесінде көрініс табуы қажет және екінші Конституция ретінде болуы қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында талқыланып, барлығына түсінікті болатын Мәңгілік ел құжатын дайындау қажет. Мектептерде Мәңгілік ел идеясының бүкіл қазақстандық құндылықтарын оқыту қажет». «Идеясыз халық – болашағы жоқ халық. «Мәңгілік ел» актісі Қазақстан территориясында тұратын барлық халықты біріктіреді. «Мәңгілік ел» біздің біртұтас халық, ел және ортақ тарихымыз бар, бірегей болашағымыз бар мемлекет екенімізді аңғартады. Бұл өскелең ұрпақ үшін өте маңызды. Қазақстанда қанша ұлт, халық және этнос болмасын, олардың діни сеніміне қарамастан, бір идеямен біріккен бірегей халық болуымыз -халқымыздың дәулеттілігі.


Бір идеямен біріккен халық көптеген жетістіктерге жетеді.

«Адам ақша үшін емес, идея үшін өледі». Сондықтан да біз Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеттік. Сондықтан біз аз уақыт ішінде осындай қуатты мемлекет құрдық. Бір идеяға сүйене отырып, біз зауыттар, қалаларды саламыз. «Мәңгілік ел» Қазақстанның халқын біріктіретін идея болып табылады.

Біздің ел басымыз өзінің жыл сайынғы Жолдауында: «Біз, қазақстандықтар, бірегей халықпыз! Және біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, біздің қадірлеуге тұрарлық және ғұлама Қазақстан! «Мәңгілік Ел» – бұл біздің жалпы қазақстандық үйіміздің мемлекеттік идеясы, арғы аталарымыздың арманы» деп айтты. 22 жыл егеменді даму ішінде қазақстандықтарды біріктіретін және еліміздің болашағының тірегін құрайтын бас құндылықтар пайда болды. Бұл құндылықтар уақытпен сынауды өткен Қазақстан жолының тәжірибесі. Біріншіден, бұл Қазақстан мен Астананың Тәуелсіздігі. Екіншіден, қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік және ынтымақтастық. Үшіншіден, бұл зайырлы қоғам мен жоғарғы руханият. Төртіншіден, инновация мен индустрияландыру негізіндегі экономикалық даму. Бесіншіден, бұл Жалпы Еңбек Қоғамы. Алтыншыдан, тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Жетіншіден, ұлттық қауіпсіздік және еліміздің дүниежүзілік және жергілікті мәселелерді шешуде ғаламдық қатысуы. Осы құндылықтар нәтижесінде біз әрқашанда жеңімпаз болдық, елімізді нығайтып, ұлы жетістіктерімізді арттырдық.

Осы мемлекет құрушы, жалпы ұлттық құндылықтарда Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі жатыр.

Осымен байланысты, Қазақстан халық Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойын тойлау шегінде идеяны талқылау жаңа сипат алды. Осылай, Парламент Мәжілісінің депутаты Егор Каппель баяндады: «Әлеуметтік сұрастыру нәтижесінде азаматтардың 95 % өздерін Қазақстанның бірегей халық өкілі ретінде санайтыны мәлім болды». Қазір Қазақстанда 130 ұлт пен халық достық пен ынтымақтастықта тұрады. Кең байтақ елімізде бірде бір адам өзін мәдениет, тіл және діни тұрғыдан қысым көрмеген. Сонымен бірге «Мәңгілік ел» идеясы еліміздің болашағының бірегей тірегің құрайды. Мемлекеттің маңызды мақсатына жататын «Мәңгілік ел» идеясы жалпы азаматтық шоғырландырушы міндет жүйесінің негізі болды.


Қазақстан халқына жолдауында өзінің қорытынды бөлігінде Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Біздің қоғамымыз неғұрлым қуатты және біртұтас бола отырып, тарихи тұрғыда көптеген тілдерден және мәдениеттерден қалыптасты. Бұл жай сөздер ғана емес. Біздің ата-бабаларымыз айтқан: «Егерде сіздер бір жылға бұрын ойлансаңдар, бидай өсіріңіздер.Егерде сіздер жүз жылға бұрын ойлансаңыздар, ағаш отырғызыңыздар.Егерде сіздер бүкіл ғұмырларыңызды ойласаңыздар, адамды тәрбиелеңіздер». «Мәңгілік Ел» құндылықтары біздің бақуатты болашағымызға бағдарлама болады. Сондықтан біз елдің бірлігі мен топтасқандығы үшін одан әрі де өзіміздің ортақ азаматтық біртектілігімізді нығайтуымыз керек», деген болатын.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы – біздің ұлттық тарихымыздың жоғары дәрежеге жету жылы: Қазақ хандығы іргетасының қалануының 550 жылдығы, Конституция қабылдауының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Бұл жетістіктеріміздің негізгі тарихи кезеңдері және оның негізінде келесі ұрпаққа табыстауымыз қажет мұра – ұлттық бірлік жатыр.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевпен жарияланған «Мәңгілік ел» идеясы XIII ғасыр бұрын қаланған қазақстандық мемлекеттіліктің тарихи түкпірі екенін жете түсінуіміз қажет!

Мәңгі және ең жақсы құндылықтарды, дәлірек айтқанда зейінділік, еңбекқорлық және мақсатқа талпынушылықты нығайтуға және Қазақстан игілігіне қызмет етуге шақырамыз. Міне осындай нақты міндеттер 30 дамыған елдер қатарына кіру жолында мемлекет және қоғам алдына қойылған. Бізге бұл міндеттерді заң кітабына нақтылы түрде көрсету қажет.


Сұрақ-жауап сайысы:


  1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылғы Жолдауы

қалай аталады?

2. Қандай дамыған елдер қатарына кіруіміз қажет?

3. «Мәңгілік Ел» түсінігі нені білдіреді?

4. «Нұрлы жол» бағдарламасы неше жылға есептелген?

5. 2014 жылғы Жолдауда қандай маңызды оқиғалар мен даталар белгіленген?


6. 85-қадам – «Мәңгілік Ел» патриоттық акт жобасын дайындау ұғымын қалай түсінесіз.

7. «Мәңгілік Ел» патриоттық акт жобасын дайындау бойынша сіздің ұсынысыныз.

Қазіргі таңда мемлекетпен лайықты білім алу, өнерпаздық потенциалды дамыту, қоғам өмірінде белсенді қатысу үшін барлық жағдайлар ұсынылған. Осының арқасында сіздердің еліміздің беделді азаматтары болатынына сенімдімін.


Я верю, что наступит новый век,

Пройдут года серьезных испытаний.

Придет на смену новый человек,

И принесет он много новых знаний.


Мой Казахстан, живи и процветай.

Ты – колыбель великого народа,

Всю красоту и мудрость передай,

И сохрани для будущего рода.


Кураторлық сағаттың тақырыбы:


Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформаларды құрудағы бастамасы. 100 нақты қадам - Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық бағытын жүзеге асыру


Ел біз үшін не істейді деп сұрамаңыз,

біз елге не істей аламыз деп сұрау керек!

Дж. Кенеди


Мақсаты және міндеті:

1. Студенттерді 5 институционалды міндеттерімен таныстыру.

2. «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру тұрғысында 100 нақты қадам» ұлттық жоспарын оқыту.

3.Елінің тағдырына деген жауапкершілікті сезінуді, Отанының болашағы үшін ортақтасуды қалыптастыруға жағдай жасау.

4. Топта жұмыс істей білу, жақсы сөйлей білуді, білімпаздылықты жетілдіруге жағдай жасау.


Өткізу түрі: әңгіме, «латералды ойлау» тәсілі («алты қалпақ тәсілі»), интеллектуалды ойын.


Ұйымдық кезең

Топқа бөліну: парталарда Астана қаласының көрікті жерлері көрсетілген 5 суреттердің бөліктері жатыр. Бір суреттің бөліктерін жинау арқылы топтар құрылады. Әр топ ізделген суреттің мәтінің алады.



Кураторлық сағат барысы:

Кураторлық сағат екі бөлімнен тұрады:

1. Студенттерді 5 институционалды міндеттермен таныстыру;


  1. «100 нақты қадам» ұлт жоспарын зерделеу.


«Казахстан - 2050. Шаг вперед. Мы создаем свое будущее!» фильмін көрсету (интернет қоры: https://www.youtube.com/watch?v=PnJ6iJ-eWMA)

I. Ұлт Лидері Президент Н.Ә. Назарбаевтың сөздері Қазақстан құрылысының «Қазақстан-2050» Стратегиясына бағытшылығын сақтай отырып, даму динамикасын, реформалардың жинақталған нәтижелерін және инновация тәжірибелерін жоғалтпай жаңа айналымға шығуын инаугурация кезінде дәлелдеді.

Президент бес саясат, экономика, қоғам, транспаренттілік және ашықтық өрісінде институционалды реформаларды іске асырудың жолдарын айқындады.

Біріншіден, реформаларға жауапты орган белгіленді, ол жақын арада құрылатын Президент тұсындағы жаңғырту бойынша Ұлттық комиссия.

Екіншіден, конституциялық реформалардың мазмұны Ұлт Жоспары «Мемлекет құрылысының әрі қарай дамуының 100 нақты қадамымен» айқындалатын болады. Осылайша, реформалардың негізігі құраушылары – олардың субъектісі, объект және мазмұны анықталды. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының өзіндік басқару ерекшелігі: сөз бен іс арасындағы минималды арақашықтық, мақсаттарға жетудегі табандылық және міндеттерді сатылы түрде тұжырымдау.

Президент жетекшілігімен Қазақстанда өзекті міндеттерді тез және тиімді шешуде нәтижелі тәжірибелер бар. Президенттің қызметке келуі кезіндегі «Қазақстан өзін бірегей ұлы ұлт ретінде көрсетті» деген сөздеріне назар аударғым келеді. Жылдар бойы елімізде жүргізілген саясатсыз мұндай нәтижеге жетпес едік. 2030-Стратегиясын мерзімінен бұрын орындап, индустрияландырудың бірінші бесжылдығы аяқталды, индустриалды-инновационды даму бағдарламасының екінші бесжылдығы шегінде белсенді қарқынмен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Айтылған факторларды ескере отырып, халық реформаларын іске асыру тиімді, сапалы және уақытында орындалатынына сенімділікпен қарауға болады.



«Алты қалпақ» әдісі

1-топ «ақ қалпақ» (мәліметтер, ақпарат):

Бұл топ студенттері фактілерді белгілейді, яғнии бес институционалдық міндеттерді айқындайды, түсіндіреді (слайдтарды көрсету).

Біріншісі – экономикалық бағдарламалардың сапалы орындалуын және мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететеін жаңа, кәсіптік және автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру.

Екіншісі – меншік құқығына кепіл беретін, кәсіпкерлік қызмет үшін жағдай жасайтын, соңғы кезеңде экономикалық дамуға негіз болатын келісімді міндеттемелерді қорғау үшін жағдай жасайтын заңның ұлықтылығын қамтамасыз ету.

Үшіншісі – диверсификацияға негізделген экономикалық даму мен индустрияландыру.

Төртіншісі – бірегей болашақ ұлты.

Бесіншісі – транспаренттік және есеп беруші мемлекет.

2-топ «қызыл қалпақ» (сезім, сезгіштік, түйсік/иісшілдік):

Қазіргі таңда әкімшілік мемлекеттік қызмет саяси деңгейден тәуелді екені белгілі. Бұл саясаттың басқаруы қажет емес жағдайда да шешімдер қабылдануының саясаттануына алып келеді. Мемлекеттік аппаратта нақты қолдаушы маңында команда құралады. Мұндай патронат сыбайлас жемқорлық үшін жағдайлар тудырады, тамыр-таныстыққа алып келеді және кадрлық потенциалды төмендетеді. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет еңбекақы төлеуі аз болғандықтан шырайсыз сектор болып келеді. Көбінесе мемлекеттік қызметкерлерде нақты мансапты келешегі жоқ, ал қызмет бабында көтерілу әйгілі қамқоршылардан тәуелді болады. Маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар әр түрлі деңгейдегі төрешілдердің біліксіздігінен «азап шегеді».

Қазіргі таңда сот жүйесінің әлсіз жері – ол, соттарды таңдау, сотқа біліктілік талаптарының тиімсіздігі, бұл көбінесе сот корпусында сыбайластық жемқорлықтың пайда болуына алып келеді. Соттар корпорациямен тұтас жабық болмауы қажет және қоғамдық сыннан тыс болмауы қажет. Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықпен күресудің бір әдісі болып ашықтық табылады. Кәсіптік мемлекеттік қызмет және заңның ұлықтылығы орташа таптың белсенді қалыптасуы үшін, экономикалық реформалардың кешенін жүзеге асыру үшін жағдайлар тудырады. Сапалы даму және диверсификацияға өту үшін индустрияландыру бағдарламасын іске асырамыз. Бұл мерзімді және біріңғай қажетті шара болып табылады. Индустрияландыру дегеніміз тек экономика құралы емес, мемлекеттің дамуы мен орта таптың қалыптасуының маңызды факторы. Бірақ индустрияландыру және өңдеуші сектор экономикалық өсудің шың алға тартушы күші әлі болған жоқ. Үкіметке бұл жағдайды реттеу қажет.


Қазақстан Конституциясы барлық азаматтардың расалық, этникалық, діни және әлеуметтік тиістілігіне қарамастан құқық тепе-теңдігін кепіл етеді. Сонымен қоса қазақстандық бірегейлігінің ары қарай нығаюын қамтамасыз ету қажет. Ол азаматтық принципке негізделуі қажет. Барлық азамат бірдей құқыққа, жауапкершілік сезімі мен бірдей мүмкіндіктерге ие болуы қажет.

Қазақстан қоғамы өзгерістерге кезең-кезеңмен бейімделеді. Бұл саяси тұрақтылықты нығайтатын және ішкі қақтығыстардың күшеюіне жол бермейтін маңызды фактор болып табылады. Көп елдердің тәжірибесі «алдымен – қуатты мемлекет және экономика, сосын – саясат» принципінің бұзылуы зілзалаларға алып келетінін және қоғамды «қирататынын» көрсетті. Бірінде саяси режимнің бұзылуы болып, басқасында экономиканың құлдырауы, шиеленіс пен азаматтық соғыстың басталуына алып келді.

Н.Ә. Назарбаев «Бұл жағдайды әр түрлі елдердің тарихынан білеміз және көптеген мемлекеттерде қазіргі таңда көреміз. Әр түрлі аймақтарда соңғы кезде азаматтық соғыс пен қанды қақтығыстардың өтуі дұрыс ойланбаған және тездетілген демократизацияның мемлекет тұрақтылығына кепіл бермейтіндігін және тиімді экономикалық жаңғыртуды қамтамасыз етпейтіндігін көрсетті», деп ерекше белгіледі.

Осы бес бағыт бойынша жағымды нәтижелерге жетуден кейін жергілікті атқарушы органдардың сайлаулылық жүйесі туралы сұрақтарын шешуге болды. Салт-дәстүрді ескере отырып басқару өкілеттігін Президенттен бастап Парламент мен Үкіметке қайта бөлуді жобалайтын конституциялық реформа кезең-кезеңмен өтуі қажет.

3-топ «сары қалпақ» (позитив):

Мемлекет қызметкерлерінің корпусын кәсіптік және автономды ету маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Сайлаулар, министрлердің, әкімдердің және басқа да жетекшілердің ауысуы әкімшілік мемлекеттік қызмет жұмысына әсер етпеуі қажет. Ағымдағы позиционды модельден мансапты модельге көшу қажет. «Әр жетекші астыдан бастап, барлық басқару сатыларынан өтуі тиіс», - деп елбасымыз айтқан еді.


Сонымен бірге, мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу керек, яғни олардың басқару үрдісіне үлесінің нәтижелілігі бойынша еңбекақыны қарастыру қажет.

Айырықша сұрақтардың бірі болып елдің Қарулы күштерін жаңғырту табылады. Ол замандас, мобильді және кәсіби болуы тиіс. «Кәсіпқойлық пен жаңа қарулар мен техникамен жабдықтандыру есебінен әскери күштердің соғысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету қажет», - деп тұжырымдады Н.Ә. Назарбаев.

Қазіргі таңда жаңа кешендік бағдарлама негізінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өндіру секторын дамыту маңызды. Осыны негізге ала отырып, қайта өндіру саласындағы трансұлттық компаниялардың қатысуымен 10 ірі жобалардың жүзеге асуына кірісу керек. Сонымен бірге, ндустрияландыру еліміздің экспорт потенциалын дамыту және кіші және орта бизнесті дамыту арқылы жұмыс орындарының қалыптасуына бағытталған.

Еуразиялық экономикалық одағы шегінде тарифтік саясатты жеңілдету бойынша ауқымды жұмысты жүргізу қажет. Болашақта экономикалық дамудың динамикасын қамтамасыз ету маңызды мақсаттардың біріне айналды. Жұмыс нәтижесі болып экономиканың диверсификациясы есебінен жаңа З-4 экспорттық өнімнің пайда болуы табылады.

«Бүгінде «Мәңгілік Ел» құндылықтары: азаматтық біртектілік, еңбексүйгіштік, адалдық, оқымыстылық; зайырлы ел – толерантты ел. Бұл жағдайда азаматтық тұрақты және табысты мемлекеттің берік тірегі болып табылады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің үшбірлігін дамыту – қоғамның нығаюының кепілі, бәсекеге қабілеттігінің өсуі», - деп елбасымыз аса ерекше белгілеген болатын.

Қазақстан азаматтарына айырмашылық пен шектеулерге қарамастан тиімді әлеуметтік өсуді қамтамасыз ету қажет, орта тап қазақстандық ұлттың негізі ретінде, кәсіби мемлекеттік аппараттын қалыптасуының тірегі ретінде қарастырылуы қажет.

Заңның ұлықтылығына және елдің тұрақтылығы мен мемлекеттің есеп беруіне мүдделі болып келетін қозғаушы күштің бірі болып орта тапты айтамыз. Сондықтан орта тап ұлттық бірегейліктің қалыптасуының ядросы болып келеді. Мәңгілік ел идеясы жалпы азаматтық құндылықтар жүйесінде көрініс табуы қажет және екінші Конституция ретінде болуы қажет. Мектептерде Мәңгілік ел идеясының бүкіл қазақстандық құндылықтарын оқыту қажет.


4-топ «көк қалпақ» (модерация): Бұл топ студенттері әр топтың жұмысын белгілейді, нәтижелер шығарып, түйіндейді.

5-топ «жасыл қалпақ» (креатив) – өнерпаздық пен жасампаздық, балама мен өзгерулерді іздестіру қалпағы.

5 институционалдық реформа дегеніміз мемлекет реттілікпен өтуі қажет 5 қадам, тек сол кезде реформаларымыз тиімді және қоғам мен мемлекет бірегей және тұрақты болады. Осындай жолды барлық табысты мемлекеттер өтті. Жиынтықта осы 5 реформалар қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға, дамыған 30 елдер қатарына кіруге жағдайлар жасайды. Осымен бүгін айналысудамыз, яғни ЭЫДҰ кіру еліміздің 30 елдер қатарына кіргенін көрсететін болады.

Бірінші реформа болып кәсіби автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру табылады. Ол экономикалық бағдарламалардың сапалы орындалуына және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауап беруі қажет. Екіншіден, қабылданған шешімдерді барлығы көретіндей ашық түрде жариялау қажет. Ашық үкімет механизмі арқылы азаматтар мемлекеттік органдардың барлық деңгейінің шешімдеріне қатысуы қажет. Қалыптастыруға және қабылдауға қажет көпшілікке мәлім ақпаратқа қолжетімділік туралы жаңа заң қабылдау осының негізі болып табылады. Елбасымыздың айтуынша, үшінші реформа болып азаматтық бюджетті енгізу табылады, яғни қоғам жетекшілері облыстар мен аймақтарда, қалаларда бюджетті бөлуде қатысуы тиіс. Төртіншіден, шағым беру жүйесін нығайту қажет. Заңнамада қызметкерлердің жұмысы туралы шағым беру мүмкіндіктері кеңеюі қажет. Бесіншіден, қоғамның өзін-өзі реттеу механизмін енгізуді қамтамасыз ету қажет. Сондықтан мемлекеттік органдардың қызмет ету аймағын кезең-кезеңмен қысқарта отырып, әлеуметтік мағынасы бар мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты өкілдікті азаматтық қоғам институттарына беру қажет.

Әр 5 институционалды реформалар іске асырылып жатқан зор еңбек болып табылады. Ұсынылған іс-шаралар Қазақстанның әлеуметтік көзқарасының жүйесін түбегейлі өзгертеді, олардың іске асырылуы үшін Президент тұсындағы жаңғырту бойынша ұлттық комиссияны құруды ұсынамын, оған төрешілдер мен министрлерді емес, әр пунктқа ынтасы бар адамдарды енгізу қажет. Осылай, келе жатқан жылдардағы Қазақстанның бас міндеті - 5 институционалдық реформаларды кезең-кезеңмен енгізіп іске асыру.


6-топ «қара қалпақ» (ептілік, критикалық ойлау, кемшіліктерді іздестіру, қателіктерді болдырмау) сары қалпаққа қарама-қайшы. Бұл топ студенттері тәуекелдер мен орындамау қатерін талқылайды.

ІІ. «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын меңгеру үшін құжаттың маңызды аспектілеріне назар аудара отырып, қажетті сұхбат өткізу керек.

ХХI ғасырдағы Қазақстан – небары екі онжылдықтың ішінде талатты, еңбексүйгіш, толерантты халқымен «жаңадан» құрылған ел! Бұл біздің ортақ еңбегіміз, әрі бұнымен біз мақтанамыз! Бұл біздің шексіз жаксы көретін ұлы туындымыз! Біз еліміздің болашғын қазақстандықтар өз қолында ұстау үшін 2050 - Стратегиясын қабылдадық. Біз қазақстандықтардың ел болашағының тұтқасын нық ұстауы үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық. Бүгінде көптеген табысты елдер – Қытай, Малайзия, Түркия ұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс істеуде. ХХІ ғасырда стратегиялық жоспарлау ең өзекті қағида болып саналады. Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды. 2050 Стратегиясы айқын шамшырақ секілді басты мақсатымыздан көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлттық жоспарын ұсынды – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап. Сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары. Елбасымыздың ойынша, «100 нақты қадам елімізге» 2050 Стратегиясын жүзеге асыру мен қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сеніммен өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады.


Ұлттық жоспар екі бөлім және бес тараудан тұрады:


  1. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру.

  2. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету.

  3. Индустриаландыру және экономикалық өсім.


  4. Біртектілік пен бірлік.

  5. Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.


Жоспардың іске асуының толық механизмі қарастырылған. Қазіргі таңда ҚР Президенті тұсында жаңғырту бойынша ұлттық комиссия құрастырылды. Оның құрамында жоғарғы маманды отандық және шетелдік сарапшылардан тұратын бес жұмыс тобы қызмет етеді.

Ұлттық комиссия міндеті – бес президенттік реформаны кезеңдік іске асыруды келісімді басқаруды жүргізу. Ұлттық комиссия мемлекеттік органдарды, бизнес-секторды және азаматтық қоғамның тиімді өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Ұлттық комиссияның негізгі міндеті – концептуалды шешімдерді қабылдау және нақты қызмет ету жоспарын анықтау. Оның ұсыныстары ел Президентімен бекітіледі. Бекітілген шешімдерді орыындау үшін парламентпен қолма-қол түрде заңдар, үкіметпен қаулылар қабылданады. Жергілікті және салалық министрліктер шешімдердің нақты жүзеге асуымен айналысады, ал министрлер мен әкімдер қызметі Ұлттық комиссиямен қатаң қадағаланады.

Маңызды жаңашылдық болып Ұлттық комиссия тұсында мәртебелі шетелдік сарапшылардан тұратын халықаралық консультативті кеңесті құру табылады. Ол ғылыми негізделген ұсыныстарды құрастырып, реформалар нәтижелерінің жүйелік мониторингін тұрақты түрде өткізуі тиіс. Сонымен, бұл тыстан тәуелсіз көзқарас болып табылады. Бұл институт қазақстандық реформалардың ашықтығын қамтамасыз етеді және мәртебелі халықаралық ұйымдар жағынан сенімділікті арттырады.

Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып ҚР Премьер-министрінің канцеляриясы табылады. Әр мемлекеттің бейнесін, тиімділігін концепциялар емес, оның қызметкерлері көрсетеді. Жаңа ұлттық жоспарда кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді. Бұл маңызды мақсат 15 нақты қадамға бөлінген және қызмет астыдан басталуы қажет деген тәртіппен басталады. Бұл заң жүзінде «балаларым» мен «немерелерім» сияқты қызметкерлерге мемлекеттік қызмет сатысы бойынша бірден жоғары көтерілуге мүмкіншілік бермейді. Сондықтан да бұл өте маңызды кезең болып саналады. Және де астыңғы қызметке кандидаттарды таңдау және әрі қарай мансапты көтерілуі тек мемлекеттік төрешілдердің біліктілігіне негізделуі тиіс. Бір орынға қызығушылықты болдырмау үшін мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру Агенттігінің рөлін күшейту арқылы бірінші рет мемлекеттік қызметке түскендерді іріктеу үрдісін міндетті түрде орталақтандыру бекітілген. Іріктеудің үш сатылы жүйесі енгізілетін болады. Бірінші рет түскендер үшін 3+3 сынақ мерзімі, яғни үш және алты айдан кейінгі аралық бақылау өткізілуі тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын олардың жұмысының нәтижелілігіне қарай көтерілуі туралы атап кету қажет. Сонымен қоса, мемлекеттік қызметте өрлеу конкурстық принцип бойынша жүзеге асады. Меритократия прниципін «Б» корпусты жоғарғы қызметтерге астыңғы сатылы қызметкерлерді конкурс бойынша тағайындауды нығайту көзделген.


««100 нақты қадам» ұлттық жоспарының білгірлері» интеллектуалды ойын өткізу үшін қазылар алқасы студенттердің арасынан таңдаулы студенттерді таңдап алып, екі командаға бөлу керек.

Интеллектуалды ойын

1. Ойынға 2 команда қатысады.

2. Командалар кезекпен жауап береді. Жүргізушінің сұрағынан кейін ең бірінші қол көтерген команданың капитаны бастайды. Дұрыс жауап берген жағдайда команда есебіне бағасына сәйкес баллдар беріледі. Дұрыс жауаптан кейін жүріс екінші командаға беріледі.

3. «Қаптағы мысық» секторы. Команда қарсылас командаға жауап беру құқұғын береді.

4. «Өзіндік ойын» секторы. Команданың өз шешімі бойынша сұрақ бағасын көбеутуге немесе азайтуға құқұқтары бар.

5. «Сәтті оқиға» секторы. Команда көрсеткіш тақтасында көрсетілген балл жиынтығын алады.

««100 нақты қадам» ұлттық жоспарының білгірлері» 

 

Барлығы үшін тәуелсіз мемлекет

Заңның үстемдігін қамтамасыз ету

Индустриаландыру және экономикалық өсім

Біртектілік пен бірлік

Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру

10

10

10

10

10

20

20

20


20

20

30

30

30

30

30

40

40

40

40

40

* Ескерту: сұраққа жауап беретін кезде жағдайды толығымен түсіндіру қажет


Барлығы үшін тәуелсіз мемлекет

10 б – 3+3 формасы бойынша мемлекет қызметкеріне алғаш рет өткендер үшін міндетті түрдегі сынақ мерзімі. Бұл не?

20 б – Еңбекақыны төлеміне өту қалай жүзеге асады.

30 б – мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты оқыту жүйесін заңды түрде бекіту.

40 б – Аттестация мемлекет қызметкерлеріне не ұсынады.


Заңның үстемдігін қамтамасыз ету

10 б – бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне өтуді түсіндіріңіз.

20 б – сот қызметіне кандидаттарды таңдау механизмін және біліктілік талаптарды қатуландыру нені айтады.

30 б – «қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» ұлттық ақпарат жүйесінің негізінде «қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталын құрастыру дегеніміз не?

40б – «Қаптағы мысық»


Индустриаландыру және экономикалық өсім

10б  – «Сәтті оқиға».

20б  – экспорттаушы және импорттаушылармен кедендік тәртіпті өту кезіндегі «ортақ нышан» принципі қалай жүргізіледі.


30б – құрылысқа рұқсатты алудың үш сатылы принципін жүргізу («30-20-10»).

40б – шығарылатын кадрлар және білім беру секторы экспорттық әлеуетінің бәсекеге жарамдылығын арттыру. Мәселені шешу жолдары.


Біртектілік пен бірлік

10б – Қазақстан халқы Ассамблеяның «үлкен мемелекет – үлкен отбасы» жобасының мақсаты қандай?

20б – Көлемді интернет-жоба «Қазақстан энциклопедиясы» не ұсынады?

30б – жалпыға ортақ еңбек қоғамына алға басу идеясы нені білдіреді?

40б – «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасының жүзеге асу жолдары қандай? Мәңгілік Ел құндылығын енгізу.


Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру

10б – мемелекеттік басқарудан нақты шешімдер бойынша мемлекеттік басқаруға ауысу ауысу.

20б – жаңа аудит жүйесін енгізу және мемлекеттік аппараттың жұмысын бағалау.

30б – «ашық үкіметті» енгізу.

40б – шешім қабылдау процесінде азаматтардың қатысу мүмкіндіктерін арттыру. Қалайша?

30б – «сәтті оқиға» секторы.

40б – «үкімет азаматтар үшін» деген қандай мағына білдіреді?


Қорытындыға дайындалу.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:


1. Н.Ә. Назарбаев Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты 27.01.2012 // http://www.akorda.kz/

2. Н.Ә. Назарбаев «Мемлекет құрылысының әрі қарай дамуының 100 нақты қадамы» // http://24.kz

3. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаетың Қазақстан халқына Жолдауы // http://www.akorda.kz

4. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында сөйлеген сөзі 23.04.2015. // http://www.akorda.kz


5. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаетың Жолдауы // Казахстанская правда от 15.12.2012.

7. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаетың Қазақстан халқына Жолдауы // http://www.akorda.kz

8. «Нұрлы Жол» – болашаққа бастар жол» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаетың Қазақстан халқына Жолдауы // http://www.akorda.kz

9. Н.Ә. Назарбаев ХХI ғасырдағы тұрақты дамуың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы // Астана, 2011.