shkolakz.ru   1 2 3 ... 6 7
ІІ.Сабақтың мақсаты:


а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ

ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер:
Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.


VIIІ.Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды

Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Жасанды интеллект жүйесінің ұғымы деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

Жаңа сабақ

ББ-ның негізгі элементі ЖИ жұмыс істеуі тиіс пәндік сала туралы білім болып табылады.

Білім – сипатталатын проблема туралы хабардар болудың белгілі бір деңгейіне сәйкес келетін, біртұтас сипаттама құратын мәліметтердің жиынтығы.Білімдердің мәліметтерден айырмашылығына келетін болсақ, мәліметтер тек уақыттың сол өту сәтіндегі объектілердің немесе объектілер тобының нақты жай-күйін ғана сипаттайды, ал білім мәліметтерден басқа, осы мәліметтерді қалай операциялауға болатындығы туралы мағлұматтарды құрайды.

Сипаттауды жинақтау дәрежесі бойынша білім мына төмендегіше бөлінеді:

  1. жалпылыма – пәндік саланың жекелеген ұғымдары арасындағы сепеб-салдарлық қатынастардың жиынтығын сипаттайды,


  2. терең – пәндік салада болып жатқан барлық үдерістерді терең түсіну көрсететін абстракцияға, аналогияға, үлгілерге қатысты.

Терең ұғым базасына ену жүйені неғұрлым икемді әрі бейімделгіш етуге мүмкіндік береді, өйткені терең білім бастапқы қарапайым ұғымдарды жобалаушының немесе сарапшының жинақтау нәтижесі болып табылады.

Құбылыстардың көріну дәрежесі бойынша білім төмендегідей болып бөлінеді:

  1. қатаң – бастапқы жағдайларды беру кезінде біртекті нақты ұсыныстама алуға мүмкіндік береді,

  2. ұяң - көптеген шашыраңқы шешімдер және көп нұсқалы ұсыныстамаларға жол береді.

Білім сипаттау нысаны бойынша төмендегіше бөлінеді:

  1. декларативті (фактілер) – бұл «А дегеніміз А» түріндегі білім,

  2. рәсімдік – бұл «Егер А, онда В» түріндегі білім.

Декларативті білім объектілерге, объектілердің тобына (класына) және қатынастарға бөлінеді.

Объект – бұл өзінің мәні берілетін факт.

Объектілер класы – бұл объект-фактілердің нақты жиынтығы біріктірілетін атау.

Қатынастар – объектілер кластары және пәндік сала шеңберінде пайда болған жекелеген объектілер арасындағы байланысты айқындайды.

Үйге тапсырма

Білімдерді және білімдер базасын айқындау

Х. Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, лқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

ХІ. Бағалау.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2009 ж ___________________

Пән аты: Информатика

Класы: 11«А»

Жаратылыстану- математикалық бағыт

І.Сабақтың тақырыбы: Деректер қоймасын ұйымдастыру және оның


терминологиясы.

ІІ.Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ

ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдебиеттер:
Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.


VIIІ.Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды

Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз балалар жаңа тақырып бұрын біз білмейтін МS ACSESS 2000Е кең тараған деректер қоймасын басқару жүйелерінің бірі болып табылады.MS ACSESS 2000 ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады.

Жаңа сабақ

MS Accеss ең кең тараған деректер қоймасын басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады.

Қазіргі кезде деректер қоймасы (ДҚ) және қоймасын басқару жүйесі (ДҚБЖ) терминдері тек компьютерлерге қатысты қолданылады.Жалпы мағынасында деректер қоймасы терминін белгілі бір нышандарына байланысты біріккен ақпараттардың кез келген жиынына қолллдануға болады.Мысалы,ддеректер қоймасы ретінде поезд қозғалысының кестесін немесе сатып алушылардың тапсырысы және тапсырыстың орындалуы туралы мәліметтер тіркелген кітапті қарастыруға болады.Мұнда деректер қоймасы ретінде анық біріккен мәліметтердің жиыны қарастырылады.


Сондықтан сіздің жазу кітапшаңыз, оған ақпаратты құрылымды түрде жазбасаңыз, ол деректер қоймасы болып есептелмейді.

Көптеген ДҚ-да алғашқы деректерді жинақтау кестенің көмегімен іске асырылады, оның жолы – қойманың бір объектісі жайлы толық ақпаратты, ал бағаны – объектінің бір сипаттамасын білдіреді. Кестенің жолы (бір объекті туралы деректер) жазу деп, кестенің объектілері сақталған белгілі бір сипаттамалардан тұратын баған өріс деп аталады.

Өріс


Қызметі

Аты, тегі

Телефоны

Президент

Вице-президент

Бас есепші

Маркетолог

Офис-менеджер

Қасым Карбозов

Абай Ғайнулин

Анар Сәбитова

Бақыт Дүйсенов

Елена Климова

61-56-87

61-56-83

61-12-03

61-54-86

61-34-62

ДҚ құруда тиімді жұмыс үшін оның құрылымын әрбір өрісте мазмұны тек бір типтегі деректер болатындай етіп ойлау табу керек, мысалы:

өрістің аты: Тегі

мазмұны : Молдабаев

өрістің аты: Телефон

мазмұны: 25-89-64

өрістің аты: Айы

мазмұны: сәуір

Үйге тапсырма

Деректер қоймасын ұйымдастыру және оның терминологиясы.

Х. Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, лқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.


ХІ. Бағалау.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2009 ж ___________________

Пән аты: Информатика

Класы: 11«А»

Жаратылыстану- математикалық бағыт

І.Сабақтың тақырыбы: Деректер реляциялық қоймалары. Ms.Access компоненттері.

ІІ.Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ

ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер:
Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.


VIIІ.Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды

Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Деректер қоймасын ұйымдастыру және оның терминологиясы деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

Жаңа сабақ

Соңғы уақытта деректер қоймасының ішіндегі ең көп тарағаны – реляциялық деректер қоймасы. Реляциялық деректер қоймасында ақпарат бір немесе бірнеше кестелерде сақталады. Кестелер арасындағы байланыс бір не бірнеше сәйкес өрістер арқылы жүзеге асырылады.


Реляциялық деректер қоймасында кестенің әрбір жолы бірегей. Жолдардың бірегейлігін қамтамасыз ету үшін кілттер қолданылады, олар кестенің бір не бірнеше өрістерінен тұрады. Кілттер тізбектелген түрде сақталады, бұл іздеу кезінде кестенің жазуларына тікелей қатынауды қамтамасыз етеді.

Реляциялық ДҚБЖ-нің негізгі ерекшеліктері:

Барлық деректер кесте түрінде сақталады.

Әртүрлі сипаттағы деректер түрлі кестелерде сақталады.

Қойма құратын кесте деректері арасында қарым-қатынас (реляцияның) беріледі

Әртүрлі кестелердегі ақпарат деректері жаңа сұратулар құру кезінде қолданылатын жаңа кесте түрінде бірігуі және ұсынылуы мүмкін.

МS Ассеss компоненттері.

МS Ассеss ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар: кестелер, пішіндер, есеп берулер, сұратулар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Пішіндер мен есеп берулерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілер деп аталады.

Кесте деректер қоймасының негізгі болып табылады. МS Ассеss-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.

Пішіндер пішін терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады.

Есеп берулер деректер қоймасында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады.

Сұрату деректер қоймасынан ақпаратты алады, әлі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін.

Үйге тапсырма

Деректер реляциялық қоймалары. Ms.Access компоненттері.

Х. Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

ХІ. Бағалау.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2009 ж ___________________


Пән аты: Информатика

Класы: 11«А»

Жаратылыстану- математикалық бағыт

І.Сабақтың тақырыбы: Ms.Access 2000 мен жұмысты бастау.

ІІ.Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ

ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер:
Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.


VIIІ.Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды

Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Деректер реляциялық қоймалары. Ms.Access компоненттері деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

Жаңа сабақ

Біз МS Ассеss 2000-мен жұмысты бастаймыз. Егер Windows ортасында жұмыс істеген болсаңыз, онда меню, саймандар панелі, диалог терезесі ұғымдарымен таныс боларсыз. МS Ассеssті іске қосу үшін келесі тәсілдердің бірін қолданасыз:


    1. Ассеssті іске қосуды бастау үшін Windows жүйесіндегі Запуск батырмасын қолданыңыз

Ассеss-ті баптау аяқталған соң, қатты дискідегі С:\ Windows\Start-menu\Programs қапшығында Ассеss үшін іске қосу файлы құрылады. Бұл қапшықтағылар бастау менюінен шақырылатын Бағдарламалар(Programs) бағыныңқы менюінің элементтері болып табылады, сонымен қатар онда Ассеss-ті іске қосу командасы көрінеді.


Запуск (Start) батырмасын басыңыз және Microsoft Ассеss шақыратын командасы бар Бағдарламалардың бағыныңқы менюін ашыңыз. Бағдарламаны іске қосу үшін осы командада батырманы басыңыз.






    1. Екі рет арқылы іске қосу қолайсыз болса, онда бағдарламаны жүктеу үшін екі рет басу тәсіліне көшіңіз.

Windows Explorer бағдарламасын іске қосыңыз және Ассеss орнатылған қапшыққа көшіңіз.

МS Ассеss-те саймандар панелі көптеген әртүрлі батырмалар жиынынан тұрады, олардың құрамы нақты саймандар панеліндегі қызметіне байланысты . МS Ассеss-ке бірінші рет кіргенде экранда «Деректер қоймасың деп аталатын саймандар панелі бар болады. Батырмалардың көпшілігі көбінесе меню командаларын таңдау немесе пернелер комбинацияларын басу арқылы жүргізілетін операцияларды орындауға арналған. МS Ассеss экранда саймандар панелін басқаруға, баптауға мүмкіндік береді.

Қалып-күй жолы басты менюдің төменгі жағында орналасқан. Жолдың сол жағында кесте немесе пішін өрістерінің сипаттамасы, жұмыс режимінің индикаторы және т.б. қажетті ақпараттар бейнеленуі мүмкін.

    1. МS Ассеss саймандар МS панелі.

Аты

Атқаратын қызметі

Создать

Жаңа деректер қоймасын құрады

Открыть

Бар деректер қоймасын ашады

Сохранить

Ағымдағы объекті сақтайды

Печать


Құжатты баспаға жібереді

Предварительный просмотр

Құжатты алдын ала көру терезесін ашады

Орфография

Орфографияны тексереді

Вырезать

Ерекшеленген мәтінді немесе ерекшкленген объектілерді жояды және оларды буферге орналастырады

Копировать

Буферге ерекшеленген мәтіннің немесе ерекшеленген объектілердің көшірмесін ғана апарып салады

Вставить

Буфердің мазмұнын қояды. Бұл батырманың нақты іс-әрекеті жұмыс істеліп жатқан режимге байланысты

Формат по образцу

Таңдалынған объект үшін ағымдағы пішімді көшіреді

Отменить

Соңғы іс-әрекетті болдырмайды

Связи с Оffice

Microsoft Оffice-нің басқа қосымшаларымен байланысты жүзеге асырады

Анализ

Деректер қоймасының кестелері құрылымын және таңдалынған объектілердің шапшаңдығын талдайды.

Программа

Модульдің терезесін ашады

Свойства

Таңдалынған объектінің қасиеттер терезесін ашады/жабады


Схема данных

Кестелер арасындағы байланысты құрады және түзетеді

Новый объект

Деректер қоймасының жаңа объектісін құрады

Помощник

Көмекшіні шақырады



<< предыдущая страница   следующая страница >>