shkolakz.ru 1

Компьютердің арифметикалық негіздері.


Сабақтың тақырыбы: Санау жүйелері. Сандарды санаудың бір жүйесінен басқа жүйесіне аудару.

Сабақтың мақсаты:

а)білімділігі: Оқушыға санау жүйесі ұғымын, сандарды аудару тәсілдерін үйрету.

ә)дамытушылығы: сандарды санаудың бір жүйесінен басқа жүйесіне аудару ережелерін және математикадағы дәреженің негізгі қасиеттерін білу.

б)тәрбиелілігі: Оқушының компьютерлік сауаттылығы мен бірге информациялық мәдениетін арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Практикум элементі бар түсіндірмелі-танымдық сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,электрондық оқулық, флипчарттар.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй жұмысын тексеру. Алдымен 7 сынып курсынан оқу материалын қайталаймыз. Ол үшін төмендегідей сұрақтар беріледі.

  1. Ақпарат деген не? Ақпарат-қоршаған орта мен ондағы болып жатқан құбылыстар мен процестер.

  2. Ақпаратты өлшеудің қандай бірліктері бар? Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі – 1 бит. 1Байт 8 битке тең одан басқа Кбайт, Мбайт,Гбайт бірліктері бар..

  3. Ақпаратты кодтау дегеніміз не? Ақпаратты кодтау дегеніміз – қандай да бір алфавит арқылы ақпаратты кескіндеу. Кодтаушы символдар жиынының комбинациялары – кодтаушы кесте деп аталады.

  4. ASCII коды деген не? ASCII коды – ақпарат алмасудың американдық стандарттық коды. Оның кодтаушы кестесі 16 жол мен 16 бағаннан тұрады. Қазіргі кезде орыс алфавитін кескіндеу үшін 5 түрлі кодтау-шы кесте қолданылады (КОИ8, СР1251, СР866, Mac, ISO). Сіздерге көрсетіліп отырған кодтау кестесі СР1251.




  1. Жаңа сабақтың негізгі мазмұны және оны түсіндіру. Түсіндіру кезеңі 2-ге бөлінеді.

І. Сандар туралы мәлімет және санау жүйесінің тарихы.


1. Сандардың шығу тарихы туралы мілметті электрондық оқулықтан «Компьютердің арифметикалық негіздері» тақырыбының кіріспе бөлімін барлық сынып болып тыңдау.

2. Санау жүйелері туралы тарихи мәліметтерді флипчарт арқылы беру.

- Бірлік жүйе

- Ежелгі мысырлықтардың позициялық емес санау жүйесі

- Вавилондық алпыстық санау жүйесі

- Римдік санау жүйесі

- Славяндық санау жүйесі

- Гректердің санау жүйесі


ІІ. Екілік, сегіздік, ондық, оналтылық санау жүйелері және сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аудару.

Электрондық оқулықтан «санау жүйелері» тақырыбын оқушылар өз бетімен оқып шығып, негізгі ұғымдарды тыңдап, дәптерге жазады. Олар оқулықта гипермәтін ретінде ерекшеленген.

Тақырып мәтініндегі негізгісін маркермен сызу арзқылы ерекшелеу.


  1. Интерактивті тапсырмаларды орындау. Қосымша оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

  2. Қызықты сұрақтар:

1. Менің 100 ағам бар. Үлкен ағам 1111 жаста, ал кішісі 1000 жаста. Үлкен

ағам 1001 сыныпта оқиды. Бұлай болуы мүмкін бе?


2. Екі жердегі екі қай уақытта 100-ге тең болады?


3. Cуретте неше компьютер көріп тұрсыз? Кестені пайдаланып компьютер санын екілік, сегіздік және ондық жүйеде айтайық.




4. Бекіту сұрақтары:


1. Санау жүйесі - ...

2. Санау жүйесінің түрлері:

3. Қай санау жүйесі позициялық санау жүйесіне жатпайды?

4. Ондық сандарды басқа санау жүйесіне ауыстырғанда қандай

математикалық амал қолданылады?


5. Үйге тапсырма:

§2.1 және §2.2 тақырыптар мен тапсырма және оқушының қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі сандарды римдік, славяндық, аввилондық, ежелгі мысырлықтардың санау жүйелерінде жазуға тапсырамын.



6. Қорытындылау:

Бүгінгі өткен “Санау жүйесі” тақырыбымызда математикада да, информати-када да негізгі роль атқаратын сан және оның жазылу тәсілдерінің пайда болу тарихына көз жүгірттік. Біздер осы сандардың жазылу тәсілдерін үйрене отырып, күнделікті өмірде қолоданып жүрген санымыз ондық санау жүйесі екенін және компьютердегі кез-келген ақпараттың екілік код түрінде кескінделетінін білдік. Сонымен бірге, сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру тәсілдерін үйрендік.


Сабақтың тақырыбы: Excel- дің графикалық мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты:

1. Excel бағдарламасымен жұмыс істеудегі алдыңғы сабақта алған білімдерін пайдалана отырып, кесте негізінде диаграмма құрудың түрлерін үйрету;

2. Excel бағдарламасында электрондық кесте құра білу дағдыларын дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

3. Жаңа білімді өз қажеттілігіне жарата білу дағдысын қалыптастыру, кәсіби даярлау.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгеру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекіліктер: тестік тапсырма, флипчарт түріндегі дидактикалық материалдар, таратпа материалдар, электрондық оқулық.

Техникалық жабдығы: компьютер, интерактивті тақта, проектор, экран, Activote құралы.

Сабақты бағдарламалық қамсыздандыру:

Windows XP операциялық жүйесі

ACTIV studio БАҒДАРЛАМАСЫ

MS Office пакеті, Excel бағдарламасы

NetSchool бағдарламасы

Сабақтың әдістемелік қамсыздандырылуы:

Демонстрациялық материал – флипчарт

Таратпа материал – тапсырма жазылған файлдар

Электрондық тест

Интерактивті тақтамен тапсырмалар

Сабақтың жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі

Өткенді қайталау.

Практикалық жұмыс. Алдыңғы сабақта дайындаған кестелерді пайдаланып диаграмма құру. Диаграмма параметрлерін баптау.


Қорытындылау, бағалау

Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірліктерін тексеру, сабаққа назар аударту;

  2. Сәйкестікті табуға арналаған тапсырма.

    1. Excel-де құрылған құжат атауы

    2. Excel жұмыс бетінің ең кіші элементі

    3. Баған атауы мен жол номерінен тұратын

    4. Формула енгізу басталатын белгі

    5. Төртбұрышты аумақтағы қатар орналасқан ұяшықтар

    6. Ұяшықтағы мәліметті өзгертуге мүмкіндік беретін терезе элементі

(формула қатары, диапазон, теңдік(=),ұяшық, адрес, кітап)



  1. Тестік сұрақтарға жауап беру. Жауап беру тестілеу құралының көмегімен жүзеге асырылады. Тест нәтижесі флипчартта сақталып, бағалау кезінде есепке алынады.

  2. Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. Жаңа сабақ түсіндіру электрондық оқулықтағы «Excel- дің графикалық мүмкіндіктері» тақырыбын пайдаланып, барлық компьютерлерге желі арқылы көрсете отырып түсіндіріледі.

  1. Мысал ретінде кесте бойынша диаграмма құруды демонстрациялау.

    1. Билеттер сату кестесі бойынша ағымдағы дөңгелек диаграмма құру қарастырылады.

    2. Жеке бетте гистограмма құру қарастырылады.

Осыдан кейін әрбір оқушыға орнында отырып интерактивті тапсырманы орындау ұсынылады.

  1. Практикалық жұмыс.

Берілген кестелерді формула құра отырып толтыру, толтырыл,ан кесте бойынша тапсырмада көрсетілген критерийлер бойынша диаграмма құру ұсынылады.

  1. Қорытындылау.

  2. Бағалау

  3. Үйге тапсырма.


Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік редактор Word. Мәтінді форматтау.


Сабаќтыњ типі: Білімдерін бекіту сабағы.

Сабаќ түрі: Сайыс сабақ.

Технология: Ойын технологиясы.

Сабақтың міндеті: Оқушылардың Word редакторынада мәтінді форматтау, алмастыру буферімен құжат арасында ақпарат алмасу, алмастыру буферін пайдалана білу шеберліктерін жетілдіру. Топтық және жекелей жұмыстарды компьютер арқылы жүзеге асыру.

Сабаќтыњ маќсаты:

Білімділік: таќырып бойынша алѓан білімдерін практикада ќолдана білуге ‰йрену. Аќпаратты т‰рлендіре білу, саќтай білу. Мєтіндік аќпаратты пішімдеу амалдарын қолдана отырып қ±жат дайындау.

Дамытушылыќ: оќушылардыњ аќпараттыќ – технологиялыќ ќ±зыреттілігін арттыру, пєнге ќызыѓушылыѓын арттыра отырып шыѓармашылыѓын дамыту, аќпаратты өңдей білу, ала білу жєне оны µзіндік білім ќорына айналдыра білу шеберліктерін арттыру арќылы бєсекеге ќабілетті т±лѓа тєрбиелеу.

Тєрбиелік: оќушылардыњ µзара ќарым – ќатынасы, ±жымда ж±мыс істеуге ‰йрету, бір – біріне деген сыйластыќ, жауапкершілігін арттыру. Туған жерін, туған қаласын, мәдениетін сүюге, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу;

Оќушылардыњ ќойылѓан маќсатќа жетудегі ќажетті білім ќоры:


  • Word редакторыныњ кµмегімен мєтінді теру ережелерін білу;

  • Жергілікті желіні пайдалана білу, ќ±жатты компьютер арасында алмастыра білу;

  • Ќ±жаттар арсында алмастыру буферін пайдалана білу;

Сабақтың көрнекіліктері:
Сұрақтар, тапсырмалар, Интерактивті тақта, компьютерлер, интерактивті сыныпты басқару жүйесі, электрондық оқулық.


Сабаќ барысы:

  1. ¦йымдастыру кезењі.

  • Оќушылардың жұмыс тәртібін анықтап, єрќайсысыныњ ж±мыс орындарын аныќтау.

  • Топ м‰шелерініњ міндеттерін аныќтау.

  1. Сабаќтыњ маќсатымен таныстыру.


Ойын барысында әр оқушы үлкен ұжымның мүшелері ретінде оларға үлкен жауапкершілік жүктелетіні ескертіледі.

Әр оқушының атқарған жұмысының дұрыстығы бүкіл ұжымның жұмысына әсер ететіні ескертіледі.

  1. Көкпар

- әр топ оқушыларына электрондық оқулықтағы жалпы Word редакторы бойынша тестік сұрақтар қойылып, жауап бере алмаса сұраққа жауап беру қарсылас топқа беріледі. Әр топқа тақырып бойынша 10 сұрақтан қойылады. Сұрақтар проектор арқылы тақтада көрсетіледі. ( Желі арқылы барлық компьютерлерге де көрсетіп қоюға болады).

  1. Жасырынбақ.

  • оқушылар Word терезесінің жасырылған құралдар тақтасын тауып орнатуы керек. Құралдарды орнатудың көбірек амалдарын қарастыру көзделеді. (Вид + Панели инструментов, Сервис + настройка + Панели инструментов, горизонталь мәзір аумағындағы мәтінмәндік мәзір арқылы, Вид + линейка т.б.)

  1. Практикалыќ ж±мыс 1. (берілген параметрлерін қоя отырып мәтінді пішімдеу жұмысын орындау).

  2. Практикалық жұмыс 2. (берілген тексті үлгі бойынша мәтінді теру)

Қортындылау.

Бағалау.

  • Әр оқушы өз бағалау парағына әрбір кезең сайын алған балдарын енгізіп отырады. Сабақ соңында қортынды бағалары жалпы бағалау парағына енгізіліп, топ бойынша жеңімпаз анықталады. Әр оқушының алған бағасы журналға қойылады.

Үйге тапсырма. Word мәтіндік редакторы бойынша өткен 9.1 – 9.4 тақырыптарды қайталау.