shkolakz.ru 1 2 3 4

Жеке тұлғамен
«БТА Банкі» АҚ эмитацияланған төлемдік карточкалар бойынша ережелерге
№1 қосымша



MasterCard International /Visa International

халықаралық төлем жүйелерінің және Smart Alem жергілікті Төлем жүйесінің төлемдік карточкаларын шығару туралы шарт


Осы Шарт “БТА Банкі” Акционерлік қоғамымен (әрі қарай – Банк) MasterCard/Visa халықаралық төлем жүйелерінің және Smart Alem жергілікті Төлем жүйесінің төлемдік карточкаларын шығаруды және оларды Клиентпен/Карточка ұстаушымен пайдалану тәртібін анықтайды.



  1. Шарттың мәні

1.1. Осы Шартта белгіленген тәртіпте және талаптарда Банк Клиент үшін төлем карточкасын қолданумен банктік шот (әрі қарай – Шот) ашуға міндеттенеді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Банктің ішкі ережелеріне сәйкес Шоттарға қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді.

1.2. Осы Шарт аясында, Банк MasterCard International, Visa International халықаралық төлем жүйелерінің және Smart Alem жергілікті Төлем жүйесінің төлем карточкаларын шығарады, Банкпен шығарылатын төлем карточкаларының қолданылу шарттарын және Банктің оның тарифтеріне сәйкес өзге қызметтерін ұсыну шарттарын анықтайды. Клиент осы Шартқа сәйкес Төлем карточкасын қабылдауға және қолдануға міндеттенеді.


  1. Банктік шотты жүргізу

    1. Банк Клиенттің Шоты бойынша келесі операцияларды жүзеге асырады:

  • Клиенттің қолма-қол ақшаның болуын қамтамасыз ету;

  • Клиенттің пайдасына ақшаны қабылдау (есептеу);

  • Карточка ұстаушылармен Карточканы қолдану арқылы үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдер жүргізу;

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және/немесе шартпен қарастырылған негіздемелер бойынша Клиент ақшасын алу туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен және/немесе Шартпен белгіленген тәртіпте қолма-қол ақшаны Клиенттен қабылдауды жүзеге асыру;


  • карточка Ұстаушыларға Карточканы қолдану арқылы қолма-қол ақша беру;

  • Клиенттің сұрауы бойынша Шот бойынша үзінді және анықтама беру;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен және/немесе осы шартпен қарастырылған Клиентке/Карточка ұстаушыларға өзге банктік қызмет көрсетуді жүзеге асыру.

2.2. Шот бойынша барлық операцияларды Банк Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес жіберілген Клиенттің/Карточка ұстаушылардың нұсқаулары негізінде жүзеге асырады.

2.3. Шот бойынша барлық шығыс операциялары осы Шарттың 11-тарауымен қарастырылған жағдайлардан басқа, дебеттік карточкалар бойынша ақша қалдығы шегінде және кредиттік карточка бойынша кредиттік лимит қалдығы шегінде жүзеге асырылады.

2.4. Банк жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болып табылады және уәкілетті органмен берілген Куәлік негізінде әрекет етеді.

2.5. Осы Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Банк Банк тарифтеріне сәйкес биллингтік цикл соңында Шотқа есептелген сыйақыны капиталдаумен Шоттағы ақша қалдығына күнделікті сыйақы есептейді. Сыйақыны есептеу кезінде Банкпен операциялық күн соңында Шоттағы нақты ақша қалдығы ескеріледі.

2.6. Шоттағы оң ақша қалдығына есептелетін сыйақы ставкаларының өлшемдері, соның ішінде Сыйақының жылдық тиімді ставкасы туралы мәліметтерді, Банк Банк Бөлімшелеріндегі ақпарат кестесінде және www.bta.kz мекенжай бойынша Интернет желісіндегі Банк сайтында жариялайды.

2.7. Осы Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Банк бір жақты тәртіпте Клиентпен/Карточка ұстаушымен Шотты толықтыру, қолма-қол ақшаны алу операцияларын жүзеге асыру, сомаларды басқа валюталарға айырбастау және белгіленген тарифтерге және банктік бағдарламалардың шарттарына сәйкес есептелген сыйақыны капиталдау нәтижесінде шоттағы ақша қалдығына байланысты Клиенттің/Карточка ұстаушының Шоттағы оң ақша қалдығына есептелетін сыйақыны белгілеуге/арттыруға/төмендетуге құқылы. Осы Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Банк өзінің қалауы бойынша Шоттағы ақша қалдығына сыйақы есептеуден бас тартуға құқылы.


2.8. Шот бойынша ақша қалдығына есептелетін сыйақының жылдық тиімді ставкасы есептелген сыйақыны капиталдауды ескеріп, сыйақы ставкасын көрсетеді. Шотқа қосымша жарналар енгізген, ақшаны ішінара алған, ақша қалдығын бір градациядан келесі градацияға ауыстырған, сыйақы ставкасын Банкпен бір жақты тәртіпте өзгерткен жағдайларда, сыйақының жылдық тиімді ставкасы Шот бойынша жүргізілетін операцияларға сәйкес ұлғайтылуы немесе азайтылуы мүмкін.


3. Карточкаларды шығару

3.1. Банктің карточка шығару туралы оң шешімі болған жағдайда және Клиентпен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Банктің ішкі ережелерімен қарастырылған қажетті құжаттар ұсынылған жағдайда, Банк Банкпен анықталған мерзімде төлем карточкасын шығарады, уақытша пайдалануға және қызмет көрсетуге төлем карточкасын ұсынады. Клиент негізгі карточканың ұстаушысы болып табылады.

3.2. Шарт аясында, Банкпен Клиенттің тиісті жазбаша өтініші бойынша бір немесе бірнеше Қосымша карточкалар шығарылуы мүмкін. Қосымша Карточка Клиент көрсеткен жеке тұлғаның атына (соның ішінде Клиенттің өзіне) шығарылуы мүмкін. Карточка өзінің атына берілген тұлғамен ғана Операцияларды орындау үшін қолданылуы мүмкін. Осыған байланысты Қосымша карточканың ұстаушысына Карточканы пайдалану және Шартпен бекітілген Операцияларды орындау бойынша барлық талаптар қолданылады. Клиент белгілі уақыт ішінде қосымша карточка арқылы шығындауға мүмкін болатын сомаға шектеу қоюға құқылы.

Қосымша карточканы оның Ұстаушысымен қолдану арқылы жасалған барлық операциялар Клиентпен жасалған болып саналады. Клиент осы Шарттың талаптарын Қосымша Карточка ұстаушымен сақтау үшін жауапкершілікті толық көтереді.

3.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және/немесе Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылған жағдайлар және негіздемелер бойынша және/немесе банктік шот ашу және төлем карточкасын шығару үшін қажетті құжаттар топтамасын өткізбеген жағдайда, Банк банктік шот ашудан және төлем карточкасын шығарудан бас тартады.


3.4. Осы Шарттың барлық ережелері, соның ішінде Карточкаларды қолдану бойынша ережелер Клиентке/Карточка ұстаушыға және Қосымша Карточка ұстаушыларға таралады.

3.5. Банкпен шығарылған Карточканы алу үшін, Клиент/Карточка ұстаушы Банкке келуі және Карточканы алғандығын растайтын банктің құжатына өзінің қолтаңбасын қоюы тиіс. Карточка ұстаушы шығарылған Карточканы алу үшін Банкпен Карточканы шығару туралы шешімді қабылдаған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннің ішінде Банкке келмеген жағдайда, Банк шығарылған Карточканы жоюға құқылы. Осыған байланысты Банктің Карточканы шығару және қызмет көрсету үшін комиссиясы қайтарылмайды.

3.6. Карточка Банктің меншігі болып табылады және Клиентке/Карточка ұстаушыға Карточканың әрекет ету мерзімі ішінде Шоттағы ақшаға қол жеткізу құралы ретінде Клиентке/Карточка ұстаушыға беріледі.

3.7. Клиент/Карточка ұстаушы осы Шарттың ережелерін бұзған жағдайда, Банк осы Шарттың әрекет етуін тоқтатуға немесе бұзуға, Тоқтату-парақтарына осы Шарт аясында Клиенттің Шоты бойынша шығарылған барлық Карточкаларды енгізуге және шектеуге құқылы.


    1. Осы Шарт аясында Клиентке сақтандыру депозитімен/сақтандыру депозитінсіз карточканы шығару мүмкіндігін таңдау ұсынылады. Сақтандыру депозитімен карточканы шығару шарттары Банкпен бекітілген тарифтерге сәйкес белгіленеді.

    2. Банк банктік шот бойынша Овердрафттың туындау және Клиент тарапынан оны өтемеу салдарынан Банкке келтірілген зияндарды (туындаған жағдайда) өтеуді қамтамасыз ету мақсатында осы Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Клиентпен Сақтандыру депозитінің сомасына билік жүргізу құқығына шектеу белгілейді.
    3. Шартты бұзған жағдайда, егер Банкпен көрсетілген мерзім ішінде Овердрафттың туындауы немесе Клиенттің Банк алдындағы кез келген міндеттемелері бойынша өзге берешегі анықтамалмаса, Сақтандыру депозитіндегі ақша Клиентпен банктік шотты жабу туралы өтініш ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) күннің ішінде Клиентке қайтарылады.


    4. Клиенттің банктік шоты бойынша Овердрафттың туындау фактісі анықталған жағдайда, Банк осы Шарттың 5.6-тармағында қарастырылған тәртіпте және негіздемелер бойынша Клиентпен енгізілген Сақтандыру депозитінің сомасынан овердрафт сомасын алуға құқылы. Клиент Банктің тиісті хабарламасын алған күннен бастап 30 (отыз) күннің ішінде сақтандыру депозитінің сомасын Шотта болуын қамтамасыз етуге міндетті. Егер Клиент Шотта сақтандыру депозитінің сомасының болуын қамтамасыз етпесе, Банк сақтандыру депозитінің сомасын Клиентпен шотқа енгізгенге дейін карточканы шектеуге құқылы.


4. Карточканы қайта шығару

4.1. Карточканы қайта шығару келесі жағдайларда жүргізіледі:

- Банктің бастамасы бойынша – Карточканың әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда, дебеттік карточка бойынша;

- Клиенттің бастамасы бойынша – Карточканың әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда, Карточка жоғалған/тоналған/зақымданған жағдайда, карточканы тәуекелі жоғары елдерде пайдаланған жағдайда, басқа себептер бойынша, жазбаша Өтініш негізінде дебеттік және кредиттік карточкалар бойынша.

4.2. Дебеттік карточка бойынша Банктің бастамасымен Карточканы қайта шығару: оның әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда, келесі шарттарда жүзеге асырылады:

  • Шот бойынша овердрафттың болмауы,

  • Соңғы 3 айдың ішінде Шотқа қолма-қол ақшаның есептелуі,

  • қайта шығару кезінде Карточка шектелмеген жағдайда.

4.2.1. Дебеттік карточка бойынша Клиенттің бастамасымен Карточканы қайта шығару келесі шарттармен жүзеге асырылады:

  • Шот бойынша овердрафттың болмауы;

4.3. Кредиттік карточка бойынша Клиенттің бастамасымен Карточканы қайта шығару келесі шарттармен жүзеге асырылады:

  • мерзімі кешіктірілген берешектің және/немесе шот бойынша оверлимиттің болмауы;
  • кредиттік лимиттің әрекет ету мерзімі аяқталмаса.


4.4. Банктің бастамасы бойынша дебеттік Карточканы шот бойынша ақша қалдығын сақтаумен пластиктің ұқсас түріне қайта шығару Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде жүзеге асырылады. Карточканы жаңа мерзімге қайта шығарудан бас тартқан жағдайда, Клиент карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін 30 (отыз) күннен кешіктірмей Банкке тиісті өтінішімен келуге міндетті. Егер Клиент Банкке Карточканың әрекет ету мерзіміне дейін 30 (отыз) күн бұрын Карточканы пайдаланудан бас тарту туралы өтінішті ұсынса және Банкпен Карточка жаңа мерзімге қайта шығарылса, Банк шоттан ақшаны акцептсіз алу арқылы (қалдық болған жағдайда) карточканың жылдық қызмет көрсетілуі үшін комиссияны ұстап қалуға құқылы.

4.5. Карточканы қайта шығарған жағдайда, Банк пластиканың ұқсас түрінде немесе пластиканың басқа түрінде Карточканы қайта шығарады, осыған байланысты төлем тәсілі Клиентпен Банк кассасына комиссия төлеу немесе шоттан ақшаны акцептсіз алу (қалдық болған жағдайда) арқылы жүргізіледі.

4.6. Қайта шығарылған Карточканы алу үшін, Клиент/Карточка ұстаушы/Қосымша Карточка ұстаушы Банкке жеке басын куәландыратын құжатты және тиісті өтінішті ұсынуы және Карточка ұстаушымен алынғанын куәландыратын Банк құжатына өзінің қолтаңбасын қою тиіс.

4.7. Карточка ұстаушы Карточканы алу үшін Карточканы қайта шығарған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен артық Банкке келмеген жағдайда, Банк Карточканы жоюға құқылы. Осыған байланысты Карточканы қайта шығару және қызмет көрсету үшін Банк комиссиясы қайтарылмайды.


5. Банк қызметтерін төлеу тәртібі

5.1. Клиент осы Шарт бойынша Банкпен ұсынылған, соның ішінде Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес осы Шарттың 2.2-тармағында қарастырылған операцияларды жүзеге асыру үшін барлық қызметтерді төлеуге міндеттенеді.

5.2. Егер карталардың басқа түрлері бойынша жасалатын Шарттарда өзгесі қарастырылмаса, осы Шарт бойынша Банк қызметтерін төлеу Шарттың 5.6-тармағында қарастырылған тәртіпте Клиенттің шотынан ақшаны Банкпен акцептсіз алу немесе Банк кассасы арқылы қолма-қол ақшаны енгізу арқылы жүргізіледі.


5.3. Банк тарифтері Банктің барлық бөлімшелері және www.bta.kz мекенжай бойынша Интернет желісіндегі Банктің сайты арқылы кез келген уақытта Клиентпен танысу үшін қол жетімді болады.

5.4. Банк бір жақты тәртіпте Тарифтерге өзгерістер енгізуге құқылы. Енгізілген өзгерістер туралы Банктің бөлімшелері және www.bta.kz мекенжай бойынша Интернет желісіндегі Банктің сайты арқылы Клиентке хабарлайды.

5.5. Келесі жылдың/айдың есебінен Карточкаға қызмет көрсету үшін комиссия Карточканы шығарған күні жыл сайын/ай сайын Банкпен алынады.

5.6. Банк алдын ала хабарлаусыз және Клиенттің қосымша келісімінсіз оның Шотын немесе Банкте ашылған басқа шоттарды тікелей дебеттеу арқылы, Шоттарда ақша болмаған немесе жетіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде әрекет ететін кез келген басқа банктерде (банктік операциялардың кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда) ашылған Клиенттің кез келген банктік шоттарына төлем талаптарын ұсыну арқылы акцептсіз тәртіпте келесі сомада ақшаны алуға құқылы:


  • VISA International/MasterCard International халықаралық жүйесінен Банкпен алынған хабарламалар;

  • Банк-Эквайерлермен немесе сауда/сервистік орындармен ұсынылатын тауарлардың/қызметтердің төлеміне чектер/слиптер;

  • Банкпен бекітілген Тарифтерге сәйкес банктің комиссиялық алымдары;

  • онымен Осы Шарттың ережелерін және Карточканы пайдалану талаптарын бұзумен Карточканы/ларды пайдалану нәтижесінде Банк көтерген кез келген шығыстар;

  • осы Шарт аясында шығарылған Карточканы пайдаланумен жасалған барлық Карточкалық операциялар;

  • Банкпен Клиентке берілген кез келген Кредит бойынша негізгі борыш сомалары, соның ішінде Кредит бойынша есептелген сыйақы, айыппұлдар, өсімпұлдар;

  • Туындаған және/немесе жол берілген Овердрафт сомаларын;
  • Банкомат жұмысында туындаған техникалық іркіліс нәтижесінде Банкоматпен Клиентке қате/артық берілген ақшаны;


  • Клиенттің Шотына қате есептелген ақша.

Клиенттің Банк алдындағы міндеттемелері бойынша мерзімі кешіктірілген берешек туындаған жағдайда, Клиент Берешек сомасы шегінде Банкте ашылған Клиенттің кез келген банктік шоттары бойынша кез келген шығыс операцияларын тоқтатуға Банкке өзінің келісімін және нұсқауын береді.

Осы Шартқа қол қою арқылы, Клиент Шарттың осы тармағымен қарастырылған тәртіпте және шарттармен Банк алдындағы Клиенттің міндеттемелері бойынша Берешектің барлық сомаларын акцептсіз алуға (есептен шығаруға) Банкке шартсыз құқық береді.

Клиенттің банктік шоттарында (шотында) ақша болмаған немесе жетіспеген жағдайда, Банктің төлем құжаттары (төлем ордерлері, төлем тапсырмалары-талаптары, қолданыстағы заңнамамен қарастырылған акцептсіз тәртіпте орындалатын өзге төлем құжаттары) төлем құжаттарында көрсетілген барлық соманы алғанға (есептен шығарғанға дейін) Картотекада сақталуы тиіс.

Клиенттің банктік шоттарында (шотында) ақша болмаған немесе жетіспеген жағдайда, Банк Клиенттің банктік шоты (Шоты) бойынша шығыс операцияларын оларды картотекадағы (инкассалық өкімдер, төлем тапсырмалары-талаптары, төлем ордерлері және т.б.) төлем құжаттары бойынша толығымен өтегенге дейін аккумуляциялау арқылы Берешек сомасы шегінде тоқтатуға құқылы.



следующая страница >>