shkolakz.ru 1
Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП №6 УМС при КазГМА


от 14 июня 2007 г.


Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Еңбек гигиенасы, кәсіптік аурулар, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы


Тақырыбы: Жасөспірімдер және әйелдердің еңбек гигиенасы


Пән: Еңбек гигиенасы


Мамандығы: «Медико-профилактикалық іс»


Курс: 5


Қарағанды 2014 ж.


Дәрісті оқу мақсаты: Әйелдер мен жасөспірімдердің еңбек жағдайын регламенттеуші заңдық нормативтік құжаттармен талаптар, негізгі қағидалармен студенттерді таныстыру


Дәрістің жоспары:


  1. Кіріспе




  1. Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі




  1. Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері




  1. Әйел адамдардың науқастылығы мен еңбекке қабілеттілігі жайындағы негізгі сұрақтар




  1. Қазіргі заманымыздағы әйелдер еңбегінің гигиенасы мен әйел еңбегін қорғаудың негізгі бағыттары.




  1. Әйел-ана және еңбкке ретінде халық арасында сыйлы орын алады. Оларға қамқорлық жасау мемлекет саясаты, қоғамымыздың өнегелі заңы болып отыр. Оған бірден-бір дәлел-республикамызда әйелдерге медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету олардың еңбек және тұрмыстық, демалу жағдайларын одан әрі жақсарту шараларын жүргізу болып отыр.

1989 жылғы Бүкілодақтық тұрғындар санағы бойынша ТМД мемлекеттерінде 285 млн. 743 мың адам тіркелген, оның ішінде 134. 687 мыңы – ер адамдар, ал 151.056 мыңы - әйел адамдар. Процентік қатынасы бойынша 47,1:52,9%, Ресейде бұл қатынас 46,7% - ер адамдар, 53,5% - әйел адамдар. Қалалыұ тұрғындардың үлесі 51 % болса, оның ішінде 53,4% әйел адамдар, ал ауыл тұрғындары арасында 50,4 % әйелдер. Бұл көрсеткіштерден ТМД елдерінің тұрғындары арасында әйел адамдар саны басым екендігіне көз жеткізуге болады.


Соңғы берілген ақпараттарға қарағанда, біздің елімізде әлі де болса еңбеккер әйелдер көптеп саналады. Олардың барлық жұмысшылар мен қызметкерлер арасындағы үлесі – 51 %. АҚШ-та бұл көрсеткіш – 44 %, Англия мен Канадада - 42%, Франция, ФРГ - 39%.

Әйелдердің еңбекке қатысу динамикасы осңғы онжылдықта бүкіл әлемдік еңбек рыноктарында айтарлықтай өсіп отыр. Соңғы 1975-1985 жылдар арасында еңбек етуші әйелдер санының жылдық өсуі 15 млн. Адамға жетіп отыр. ЕҰҰ (МОТ) деректері бойынша 1987ж. Еңбек ететін әйелдер саны 815 млн. Болған.

ТМД елдерінде соңғы 30 жылдың ішінде еңбек етуші әйелдердің саны 3 есе жоғарылап, 1990ж. 6,3 млн. Адам санына жетті.

Өнеркәсіптердегі ерекше ауыр және ерекше зиянды еңбек жағдайында жұмыс атқаратын жалпы адамдар санының 44%-і, ал құрылыс саласындағы 17%-і әйелдер үлесіне тиеді.

1988 деректерге қарағанда, сол жылдары еңбекті қорғау нормалары мен ережелеріне сай келмейтін жұмыс орындарында 2,7 млн-ға жуық әйел адамдар еңбек еткен. Өндірістегі әйел адамдардың көбі қосалқы жұмыстарын орындайтын жұмыскерлер.

Сонымен қатар, әйелдердің денсаулығын қорғау проблемасы өте өзекті болып отыр.

Әйелдер денсаулығының проблемалары жайында Қазақстан бойынша мына көрсеткіштерді мысалға келтірейік.


  1. Бұрынғы одақтас Республикасында бала туылу бойынша Қазақстан 6-шы орын алатын. Соңғы кезде оның көрсеткіші төмендеп отыр (1985ж – 24,9 ал 1990жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 21,7% болған). Бұл көрсеткіштер әсіресе Жезқазған, Павлодар, Қостанай, Қарағанды обылыстарында айтарлықтай көрініп төмендеп отыр.

  2. Әйелдердің денсаулық индексі төмендеді, бізде 30%, (АҚШ-ты 70%). 1985 жылмен салыстырғанда аяғы ауыр әйелдердің қан ауруы (анемия) 2,2 есе, бүйрек аурулары 2 есе жоғарылады

Қазіргі экология жағдайлары жүкті әйелдерге кері әсерін тигізуде (108,882,100 жүкті әйелдерге жүрек-тамыр ауруларымен, 32,3 бүйрек, 304,6- анемиямен ауыратындар).


  1. Жалпы Республикада бала табатын жастағы әйелдердің 50%-і экстрогениталды аурулармен зардап шегеді. Соның салдарынан жылдан жылға ауру нәрестелердің дүниеге келуі көбейіп отыр. Егер 1987ж. 35,6 мың ауру нәресте дүниеге келсе, 1990ж бұл көрсеткіш 43,1 мыңға дейін көтерілді.

  2. Аналар өлімінің көрсеткіші де өте жоғары. 100 мың тірі туған аналарға шаққанда ана өлімі 53,1%, бұл көрсеткіш АҚШ, ФРГ-ға қарағанда 7 есе, ал Англияға қарағанда 9 есе жоғары.

Аналар өлімінің көрсеткіші өсіп, ал балалардың туу көрсеткіші төмендеп отыр.

  1. Қазақстанда абор жасату себептерінен жұмысқа күніне 1000-ға жуық әйел шықпайды.

Қазақстан Республикасында әйел еңбегіне қорғау және денсаулығын сақтау мақсатымен арнайы заңдар қабылданған. Онда әйел организмінің физиологиялық және күш қабілеттілік ерекшеліктері ескерілген. Әйелдерге арнайы ережелерді шығару өкіметтің оларға деген қамқорлығынан туып отыр. Демек әйелдердің аналық құқықтарын және балалардың балалық құқықтарын қорғау, оларға аналық борыштары мен отбасындағы міндеттерін жемісті еңбекпен және қоғамдық қызметтермен ұштастыруларына мүмкіндік тудырып, денсаулықтарына жайлы жағдайлар жасайды.

Осыған сәйкес, әйел еңбегін қорғаудың басты мақсаты өндірісте, әйелдердің ана болу қабілеттілігіне, демек, болашақ ұрпақтарға қандайда болмасын кеселін тигізбейтін, қолайлы еңбек және демалу жағдайларын тудыру болып саналады.

Қазақстанда ана болу мемлекеттік қорғауда болатын қасиетті және құрметті атақ, Респуңбликамыз өзінің дамуының барлық кезеңінде әйел-анаға, бала мен оның тәрбиесіне үлкен қамқорлық жасап келеді.

Ана мен бала үшін қолайлы жағдайларды жасау шаралары денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, заң кәсіподақ т.б. органдары арқылы жүргізіледі.


Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғарлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі

ТМД мемлекеттеріндегі жалпы халық санының 151 млн. әйел адамдарына келеді (52,9%). Халық шаруашылығында 59 млн. Жоғары әйел адамдар істеген, оның ішінде 5,3 млн колхоздарда. Ғылыми жұмыстармен шұғылданушы әйелдер – 609 мың. адам, олардың ішінде ғылым доктарлары мен кандидаттары - 27%.


Еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің талаптарына сай келмеуші жағдайларда 1998 жылы 2,7 млн. әйел адамдар еңбек атқарған. Түнгі ауысымда жұмыс істеуші адамдарды 38%-і әйелдерге келген. Осыған қоса үй шаруашылығын жасауға әйел адам күніне 3 сағат 13 мин., ал демалыс күндерінде 6 сағ. 18 мин. Жұмсайды екен.

Жұмыс істеуші әйел адамдардың алатын үлесі бойынша еңбек ұжымдарын мынадай негізгі топтарына бөлуге болады: төмен, орташа, жоғары және өте жоғары.

Кестеге кірмеген көлік және құрылыс салаларында әйелдер еңбегінің шоғырлануымен (24 және 29%), ал ауылшаруашылығында әйелдер еңбегінің орташа шоғырлануымен (45%) сипатталады. Бұл атауға ғылым саласы да жатады.

Коммуналдық, тұрмыстық-шаруашылық, мәдени ағарту сфераларында әйелдер еңбегінің жоғары шоғырлануы сипатты (көрсеткіштері 53, 68, 70%-ке тең).

Әйел еңбегінің шоғырлану дәрежесі бойынша өндіріс салаларын топтастыру

Өндіріс салалары

Шоғырлану дәрежесі (қндірістегі жұмысшылардың жалпы санындағыәйел адамдардың алатын үлесі %)

Көмір, электроэнергетика, тау-кең өндірістері

Төмен шоғырланған30 % ке дейін

Мұнай өндіру, түсті және қара металлургия, машина жасау және метал өңдеу, құрылыс материалдары өндірісі, ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз, торф өндірістері.

Орташа шоғырланған (30-дан 50 %-ке дейін)

Шыны жасау, химия, тағам, фосфорлы-фаянсты өндірістері, полиграфия

Жоғары шоғырланған(50 %-70 %)

Жеңіл өнеркәсібі, денсаулық сақтау, сауда қоғамдыұ тамақтану кәсіпорындары.

Өте жоғары (максимальды шоғырланған 75 %)-тен жоғары).




Денсаулық сақтау, сауда және қоғамдық тамақтану салаларында әйелдер еңбегі өте жоғары (мах) шоғырланған (84 және 76%).


Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері.

Халық шаруашылығында әйел еңбегін қолдану, олардың организміне өндірістік факторлардың ерекше әсер етуіне соқтырып отыр. Оның ішінде әртүрлі химиялық заттардың әсеріне ерекше көңіл аударылады. Ғылыми техникалық прогрестік маңызды компоненттерінің бірі болып саналатын халық шаруашылығын химияландыру жұмысы токсикалық заттардың әсерімен байланысты болатын химиялық және ауыл шаруашылық өндірістерінде еңбек етуші әйелдердің көп шоғырлануына келтіріп отыр.

Улы заттармен қатынаста еңбек ететін әйелдердің көп шоғырлануына келтіріп отыр.

Улы заттармен қатынаста еңбек ететін әелдердің еңбек гигиенасының сұрақтарын қарауда, зиянды химиялық агенттердің өндірісте және өндірістен тыс үйлескен әсерлерінің мүмкіндігінің, қазіргі уақытта химиялық мутагенезбен тератогенездің маңызын түсінуді талап етеді. Осыған орай, кейбір «ескі» улардыі (көміртегі тотығы, бензин, күкіртті көмертегі, хроматтар т.б.) әйелдердің регенеративтік функциясына әсері, осыдан 20-300 жыл бұрынғы көзқарасқа қарағанда қауіптірек екендігін еске салған орынды болады.

Әйелдің репродуктивтік функциясына қауіп тендерітен өндірістік улардың мүмкіндік әсерлері жайындағы сұрақтарда қарау кезінде мына жайларға ерекше көңіл аудару керек:


  1. Етек кір циклінің жағдайына

  2. Бала табу функциясының (ұрықтануға қабілеттігі, жүктіліктің барысы және аяқталуы) жағдайына

  3. Эмбриотроптық жағдайына тератогенді әсерді қоса, жаңа туған нәрестенің күіне әсіресе омыраудағы баланың жағдайына


Етеккір циклының жағдайы

Етеккір циклының жағдайы: Овариалды-менструаьдық функциясының бұзылуы әйелдің жыныс мүшелеріне әртүрлі улы химялық заттардың әсерінің жиі кездесетін болып табылады. Әсіресе бұл жақсы зерттелген уларға қорғасын, сынап, фосфор, тринетроталол, бензол және оның гомологтарына қатысты.


Етеккір функциясының бұзылуы кейбірхлорланған көмірсуларды жасау өндірісінде еңбек етуші әйелдерде байқалған. Синтетикалық каучук, капрон зауыттарында, талшық мұнай өндірістерде еңбек етуші әйелдердің етеккір жағдайы гипер жәнегипополименурия, альгодис, менория және жиірек гипоменустральды синдром түрінде етеді (қысқа мерзімдік және мардымсыз (скудный) етеккір т.б.

Кейбір өндірістік улардың әсерінен (қорғасын, сынап, мышьяк, бензол, сары фосфор, никотин, т.б.) неғұрлым маңызды ауытқуларды – етекір циклінің-аменуреясы, типті ерте пайда болатын климакс сияқты аурулардыңдамуы мүмкін.

Сонымен, өндірістік кәсіп орындарда жұмыс істейтін әйелдерде, әсіресе 40 жасқа дейінгі әйелдерде, авариальды- етеккір функциясының бұзылуы еңбек жағдайында арнаулы жағымсыз әсерлердің орын алатынын көрсетіпотыр.

Кейбір өндірістік улар бала табу функциясына әсер етеді, дәлірек айтқанда әйелдерде бала табатын жаста ұрықтану және жүктену қабілеттіктері бұзылады. Бұл улар: сынап, қорғасын, мышьяк, бензол булары, фтольды ангедрил, трихлорэтилен, бензин, күкіртті көміртегі т.б. Олардың көбі бала көтеру және босанудың өтуіне зиянды әсерінтигізеді (уақытынан бұрын босану, құрсақ суының ерте ағып кетуі, патологиялық қансырау).

Сонымен организмге өнеркәсіптік улардың әсер етуімен байланысты бірқатар химя өндірістеріндегі еңбек жағдайында әйелдер еңбегін пайдалану, олардың еңбек жағдайына, денсаулығына өте жоғары дңгейде көңіл бөлуді және қажетті нұсқауларды талап етеді.


Өнеркәсіптің жағымсыз физикалық факторларының әсері

Әйел организміне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде иондаушы сәулелені, электромагниттік өріс, жоғары температура, жылулық сәулелері, шу және діріл әсерлеріне ерекше көңіл аудару қажет.

Әр түрлі өнеркәсіп салаларында және техникалық профильдегі ғылыми зерттеу мекемелерінде, әсіресе денсауық сақтау жүйесіндегі әйелдер еңбегі иондаушы сәулеленумен көп байланысты.

Еңбек жағдайының әртүрлілігіне қарамастан, жұмысшыларды иондаушы радиацияның әсер етуіне байланысты 3 топқа бөлуге болады:


  1. Сыртқы сәулеленудіңәсеріне ұшырайтындар.

  2. Радиоавтивті заттардың ағзаға түсуінің салдарынан ішкі сәулеленуге ұшырайтындар тыныс алу, асқорыту мүшелері немесе тері арқылы.

  3. Сыртқы және ішуі сәулеленудің үйлескен әсеріне ұшырайтындар. Иондауы сәулеленудің организмге әсер етуі туралы әдебиетттерде көп жазылған, бірақ біз үшін сәулеленудің овариалды – етеккір функциясына, жүктілікке және іштегі ұрыққа тигізетін әсері жайындағы деректердің маңызы зор.

Физикалық факторлардың ішінде иондаушы сәулелені ағзаға енуде жоғары қабілеттілікке ие бола отыры, мутагендік әсері бойынша бірінші орын алады.


Діріл және шу

Діріл және шу факторлары бар өндірістерде әйелдердің жұмыс атқаруы өте басым.

Бұндай факторлармен тігін фабрикасында, текстильді өнеркәсіптерде, темір-бетон өндірісінде, көлік, машина жасау және басқа да өндірістерде кездесеміз. Аталған өндірістермен өнеркәсіп салаларында ші мен діріл ең басты зиянды фактор Бәрінен бұрын діріл мен шудың әйелдер ағзасына әсер ету ерекшеліктері мен бұл факторларға әйел организмінің қаншалықты сезімтал екеніне тоқталып кету қажет. Сонымен қатар әйел ағзаларының арнаулы функцияларының аталған факторларға айқын тәуелдігін еске алмау мүмкін емес.

Бұлар етеккір циклының, бала табу функциясының бузылулары болып табылады.

Етеккір циклы жүктілік кезінде әйелдер шуға жоғары сезімтал келедң. Ұрықта тітіркену реакциясын тудыру үшін (ЭЭГ деректері бойынша) жуу машинасынан шығатын шудың өзі де жеткілікті екендігі анықталады. Күннен күнге айқындала түсетін «шу стресі» деп аталатын мағынаға ерекше көңіл аудару керек.


Жоғары температура және жылулық сәулелену

Қазіргі кезде, әсіресе металлургия және машина жасау зауыттарының ыстық цехтарында туындайтын әртүрлі өндірістік факторлар әйелдер организміне зиянды жағымсыз әсерлерін тигізеді.

Д.П. Охрименко (1955) зерттеу жұмыстарының деректері, тіпті температурасы сәл ғана жоғарылаған ортада жұмыс атқаратын жүкті әйелдерде, көбінесе оның екінші айында жүрек-қан тамыр жүйесінде, термореттеу аппараттарында, бұлшық еттің жұмыс қабілеттілігінде өзгерістерді тударатынын анықтады.


Сонымен жоғары температура және басқа факторлар жағдайында жұмыс жасайтын әйелдердің денсаулығында созылмалы қабынуның бұзылуы, бала табу функциясының өзгеруі, жүктілік барысында асқынулар байқалады (Г.Е. Артеменко 1971).

Сонымен қатар, суық микроклиматтың да үлкен мағынасы бар. Әйелдердің жиі тоңуы, салқын тию ауруларын, сондай-ақ әйел организмінің арнаулы функцияларының бұзылуына келтіреді.


Радиожиіліктің электромагниттік өзгерістері (РЭМӨ)

Әртүрлі диапазондағы электромагниттік толқындар радиотеникада, радиоэлектроникада, медицинада және т.б. халық салаларында кең қолданылады.

РЭМӨ-тің әсер етуін анықтауға бағытталған сынақтардың деректері өте көптеп саналады. Бұл сынақ деректері радиожиіліктің ұрғашы жануарларға әсерін, сәулелердің әсеріне ұшыраған жануарлардан туған ұрпақтардың санының азаюын және жарымжан ұрпақтардың пайызының өсуін (гонодотропты және эмбриотропты әсері) дәлелдейді. Әйелдерге РЭМҚ-нің әсері астеновегетативті өзгерістері, етеккір циклінің бұзылуы және жүктіліктің нашар (жағымсыз) өтуі сияқты өзгерістерге келтіреді.

РЭМӨ-нің әсері артериалдық гипотонияны дамытып, кей кездерде бұл өзгеріс жүктілік кезінде айқын байқалып, босану кезінде асқынуға соқтыруы мүмкін. Өндірістер мен өнеркәсіптерге белгілі бір әсерін тигізетін, жоғарыда айтылған факторларға тоқтала отырып, еңбек процессінің барысында бұлшық етке түсу (әсіресе жұмыс қалпын ұстауда) сияқты физиологиялық құбылыстарды айтпау орынсыз.

Соңғы 15-20 жылда өндірістік операциялардың орандалуын автоматтандыру және механикаландыру ене еңбегін көп жеңілдетеді. Соған қарамастан, қазіргі уақытта әйел адамдар ауыр жұмыстан толық босатылады деп айта алмаймыз.

Әйелдердің еңбегін қорғау сұрағына аса көңіл аударылады. Әр мамандыө топтардағы құрылысшы әйелдердің, байланыс бөлімшелеріндегі жұмысшы әйелдердің (пошталар, қабылдаушылар және сараптаушылар) және жұмысы аз механикаландырылағн, және бұлшық еттерге көп күш түсумен байланысты, ыңғайсыз дене қалпы, денені амалсыздан бір қалыпта ұстау жағдайларымен байланысты жұмыстардағы әйелдердің сырқаттанушылығына көп көңіл бөлінеді.


Дәрігерлік байқаудан өткізуде оларда етеккір, бала туу функциясының бұзылуы сияқты әртүрлі ауытқулары анықталады.

А.Я. Юркевичтің (1970) Ленинградтағы сырқаттанушылықты зерттеу мәлімдемелері бойынша функциональдық ауыртпашылықтан туатын аурулардың еркектерге қарағанда, әйелдерде 2 есе жиі кездесетіні анықталады. СОған байланысты, әйелдердің еңбек процессінде ауыр көтеру және тасымалдау, сондай-ақ дене қалпын ұстау тәртіптерін қатал сақтауға қойылған талаптарды бұлжытпай орындау керек.


Нервті-эмоциональдық күш түсуі (ауыртпашылық)

Қазіргі уақытта бұл фактордың әсер ету маңыз зор. Нервті-эмоциональдық күш түсу (ауыртпашылық) гипертония ауруларының коронарлық патология және т.б. аурулардың тууына жиі себеп болады.

Бұл фактордың әсер етуінің салдарынан патологиялық өзгерістер болып, жүктіліктің бұзылуы, уақытынан бұрын босануы жәәне лактацияның бұзылуы мүмкін.

Сонымен өндірістік ортаның зиянды факторларының еңбек ету процессінде әйелдердің организміне тигізетін әсерлеріне қысқаша тоқтадық.

Металлургия, машина жасау және басқа да өнеркәсіп салаларындағы сырқаттанушылық сұрақтарын қарау мәлімдемелері, өнеркәсіптерде сырқаттануға байланысты жұмыс уақытын жоғалту оқиғаларының әйелдер арасында, ер адамдарға қарағанда көп болатынын айқындады.

С.П. Спиранскийдың (1972)зерттеу жұмыстарының мәлімдемелері құрылыс саласындағы әйелдер арасындағы сырқаттану жиілігі ер адамдарға қарағанда 384-ке жоғары екенін дәлелдеді.

Сонымен қатар жұмысшы әйелдер арасындағы жоғары деңгейдегі сырқаттанушылығы еркектермен салыстырғанда негізінен гинекологиялық патологиялармен байланысты деген ой туындайды.

Кейбір жағдайларда көбінесе әйелдер ауыр жұмыспен айналысуында бұл айқын көрінеді. Мысалы, ағаш дайындау өнеркәсібінде жұмыс атқаратын әйелдер арасындағы еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалтумен байланысты сырқаттанушылық құрылымында әйелдердің жыныс мүшелерінің аурулары, екінші сажа өндірісіндегі әйелдер арасында, үшінші машина жасау, химия және тігін өнеркәсіптерінде, алтынша көмір және тау-кен өндірісінде жетінші орын алады (сырқаттанушылықтың 117 тобы арасында).


Әйелдер еңбегі гигиенасы тұрғысынан қарағанда, олардың арасында жиі кездесетін басқа да сырқаттану формаларының маңызын атай кеткен өте орынды.

И.Д. Богатырев (1962) және басқа да авторлардың әртүрлі кәсіптегі жұмысшылардың сырқаттанушылығына қортында жасау және қаралуы бойынша жасаған жұмыстарының нәтижелері әйелдер арасында жиі кездесетін аурулар ретінде ангина, ревматизм, бүйрек және зәр шығару жолдарының ОНЖ-нің функциясының бұзылуы, кәсіптік аурулар арасында перифериялық тірек-қимыл аппараттарының аурулары және кәсіптік дерматоздармен сырқаттануы маңызды орын алатының көрсетіп отыр.

Тұжырым ретінде айта кететін жай көптеген жағдайларда ер адамдармен салыстырғанда әйелдер ауруының деңгейі жоғары орын алады.


Әйелдердің еңбек гигиенасы мен оны қорғаудың қазіргі басты бағыттары

Әйелдердің еңбек жағдайын сауықтандыруға СЕҚ-ды жүргізу кездерінде аса жоғары көңіл бөлу керек. Демек, әйелдер еңбегі көптеп пайдаланатын зауыдтарды, цехтарды жобалау және құрылысын жүргізу кезеңдерінде олардың физиологиялық ерекшеліктерін (еркектерге қарағанда бойларының кішілігі т.б.), өндірістік жабдықтарында әйелдердің физиологиялық мүмкіншіліктеріне, салмақтарына, өлшемдеріне сай келуіне ерекше көңіл аудару қажет. Жұмыс жиһаздары мен арнайы киімдерді тиімділеудің де маңызы зор. Әйелдер саны көп өндірістік объектілерін жобалау сәттерінде құрылыс нормалары және ережелеріне сай қарастырылған барлық жағдайларға қосымша санитарлық-тұрмыстық және арнайы бөлмелердің қарастырылуына жеке талаптар қойылады.

Әйелдер еңбегі орын алатын өнеркәсіптерде қолданылмақшы жаңа химиялық заттарды гигиеналық нормалау кезеңінде, ол заттардың еркек және ұрғашы жануарлардың генеративті және репродуктивті функцияларына тигізетін әсерін бағалауда міндетті түрде сынақтық зерттеулері жүргізілуі керек.

Әйелдер еңбегін сауықтыру шараларының ішінде инженерлік-техникалық шешімдер ең бастысы болып саналады. Мысал ретінде сынамаларды алуды автоматтандыру, мұнай өнімдерінің сапасын (меншікті салмағы, франциялық құрамы т.б.) автоматты түрде анықтауды және үлкен ыдысдардағы заттардың деңгейін ара қашықтықтан басқарып байқауды т.б. атауға болады.


Санитарлық-техникалық шаралар ұтымды және тиімді желдету, жарықтандыру, жылыту т.б. жүйелерінің маңызы зор.


    • Иллюстративтік материалдар


Әдебиеттер

негізгі:

  1. Гигиена. /Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К. и др., Учебник Алматы. 2009 г. - 668 с. др.

  2. Измеров Н. Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Учебник. Москва, 2008.-592 с.

  3. Руководство по санитарной экспертизе в области гигиены труда. Под ред д.м.н., проф. Сраубаева Е.Н., Белоног А.А. – Караганда, 2008. -562 с.

қосымша:

  1. Галаева А.И. Производственные аэрозоли, их гигиеническая оценка и нормирование. Методы исследования и профилактика пылевой профпатологии. Учебное пособие. –Караганда, 2008 г. – 80 с.

  2. Гигиена труда при работе с видеотерминалами. Учебно-методическое пособие. Тогузбаева К.К. Алматы. 2010 г. 68 с.

  3. Гигиена труда в ведущих отраслях промышленности РК. Учебно-методическое пособие. Тогузбаева К.К. Алматы. 2010 г.73 с.

  4. Медицина труда. Учебник/ под ред. Н.Ф.Измерова./ 2008. – 520 с.

  5. Методика изучения производственного микроклимата и его влияния на организм работающих. Под.ред. к.м.н. Жакеновой С.Р. Учебно-методическое пособие. ISBN 9965-406-50-2. –Караганда, 2005г. -56 с.

  6. Предупредительный и текущий санитарный надзор за вентиляцией. Под ред . Сраубаев Е.Н., Жакенова С.Р., Шинтаева Н.У.–Караганда, 2010г. -66 с.

  7. Предупредительный санитарный надзор при новом строительстве и реконструкции промышленных предприятий. Учебно-методическое пособие. Тогузбаева К.К. Алматы. 2010 г. 72 с.

  8. Санитарные нормы и правила по гигиене труда промышленности. 3 т. -Омск. 1995. - 1050с.

  9. Шайзадина Г.Н- Предупредительный санитарный надзор. Учебно-методическое пособие.Астана, 2010, 50 стр.


  • Бақылау сұрақтары (кері байланыс)



1 Өндіріс салаларын әйелдер еңбегінің орналасу концентрасына байланысты топтастыру

2.Өндіріс ортасының кейбір химиялық және физикалық факторларының әйелдер организміне әсер ету

3. Әйелдердің еңбекке қабілеттілігінің және аурушаңдығының негізгі сұрақтары

4. Қазіргі жағдайдағы әйелдер еңбегін қорғаудың және гигиенаның негізгі бағыттары және санитарлық нормалары