shkolakz.ru 1 2 ... 48 49

Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz



Қазақстан Республикасының
Бюджет Кодексі

(2016.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Кодекске өзгерістер енгізу туралы:

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңын қараңыз (күшіне енетін мерзімін қараңыз);

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңын қараңыз (күшіне енетін мерзімін қараңыз);

2015.02.08. № 342-V ҚР Заңын қараңы (күшіне енетін мерзімін қараңыз);

2015.28.10. № 369-V ҚР Заңын қараңы (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңын қараңыз (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауылдың (селоның)», «ауылдық (селолық)», «ауылдарда (селоларда)», деген сөздер тиісінше «ауылдың», «ауылдық», «ауылдарда» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен мазмұны және бүкіл мәтіні бойынша «ставкасы», «ставкаларының», «ставкаларын», «ставкасынан», «ставкасымен» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемесі», «мөлшерлемелерінің», «мөлшерлемелерін», «мөлшерлемесінен», «мөлшерлемесімен» деген сөздермен, «проценттік», «проценті», «процент», «процентінен», «проценттен», «процентпен», «проценттер», «процентіне», «процентті» деген сөздер тиісінше «пайыздық», «пайызы», «пайыз», «пайызынан», «пайыздан», «пайызбен», «пайыздар», «пайызына», «пайызды» деген сөздермен, «аффилиирленген» деген сөз «үлестес» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) мазмұны өзгертілді


Мазмұны

 

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

 

1-бөлім. Бюджет жүйесі

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы

2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының қолданылуы

3-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптері

5-бап. Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына әсер ететін нормативтік құқықтық актілер

 

2-тарау. Бюджеттің түрлері мен деңгейлері

6-бап. Бюджеттің түрлері мен деңгейлері туралы жалпы ережелер

7-бап. Республикалық бюджет

8-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері

9-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті

10-бап. Төтенше мемлекеттік бюджет

 

3-тарау. Бюджет құрылымы

11-бап. Бюджет түсімдері

12-бап. Бюджет шығыстары

13-бап. Бюджет құрылымы

14-бап. Республикалық немесе мемлекеттік бюджеттiң мұнайға қатысты емес тапшылығы (профицитi)

15-бап. Таза бюджеттік кредиттеу

16-бап. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

17-бап. Бюджет тапшылығы (профициті)

18-бап. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

 

4-тарау. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері

19-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер

20-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану

 

5-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру, пайдалану және басқару


21-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

22-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері

23-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану

24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін кепілдік берілген трансферт

25-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес

 

6-тарау. Бірыңғай бюджеттік сыныптама

26-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың анықтамасы

27-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамы

28-бап. Бюджет түсімдерінің сыныптамасы

29-бап. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы

30-бап. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы

31-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

32-бап. Бюджеттік бағдарламалар

33-бaп. Бюджеттік бағдарламалардың түрлері

34-бап. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

35-бап. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

36-бап. Бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

37-бап. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

38-бап. Күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

39-бап. Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

39-1-бап. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

39-2-бап. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

40-бап. Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің, сондай-ақ қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдардың шығыстарын сыныптау


41-бап. Мемлекеттік тапсырма

41-1-бап. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар

 

7-тарау. Бюджетаралық қатынастар

42 -бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер

43-бап. Бюджетаралық қатынастардың принциптері

44-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары

45-бап. Жалпы сипаттағы трансферттер

46-бап. Нысаналы трансферттер

47-бап. Төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік кредиттер

48-бап. Трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелерге қол жеткізбегені үшін жауаптылық

 

2-бөлім. Бюджет деңгейлері арасында түсімдер мен шығыстарды бөлу

8-тарау. Республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері арасында бюджетке түсетін түсімдерді бөлу

49-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер

50-бап. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер

51-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне түсетін түсімдер

52-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін түсімдер

 

9-тарау. Бюджет деңгейлері арасында шығыстарды бөлу

53-бап. Республикалық бюджеттің шығыстары

54-бап. Облыстық бюджеттің шығыстары

55-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстары

56-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстары

 

10-тарау. Бюджеттік комиссиялар

57-бап. Бюджеттік комиссиялар туралы негізгі ережелер

58-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті

59-бап. Бюджеттік комиссиялардың құрамы мен жұмыс органдары

 

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ


3-бөлім. Бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту

11-тарау. Бюджетті жоспарлау негіздері

60-бап. Бюджетті жоспарлаудың негіздері туралы жалпы ережелер

61-бап. Әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамы

62-бап. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары және меморандумы

63-бап. Операциялық жоспар

 

12-тарау. Бюджетті әзірлеу

64-бап. Бюджетті әзірлеу туралы жалпы ережелер

65-бап. Бюджет түсімдерін болжау

65-1-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер

66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын құжаттар

67-бап. Бюджеттік өтінім

68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау

69-бап. Заттай нормалар

70-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін ақша

71-бап. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу

72-бап. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу

73-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу

 

13-тарау. Бюджеттің жобасын қарау және бекіту процесінің негізгі ережелері

74-бап. Республикалық бюджеттің жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер

75-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер

76-бап. Өкілді органдардың бюджеттер жобаларын қарауының негізгі принциптері

77-бап. Республикалық бюджеттің жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау


78-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау

79-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы қаулылары

 

14-тарау. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату

80-бап. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату үшін негіз

81-бап. Төтенше мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлеу

 

4-бөлім. Бюджеттердің атқарылуы

15-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер

82-бап. Бюджеттердің атқарылуы туралы жалпы ережелер

83-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің ерекшеліктерін ескере отырып, бюджеттің атқарылуы

 

16-тарау. Бюджеттің атқарылу процесі

84-бап. Бюджеттің атқарылу негізі болып табылатын құжаттар

85-бап. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары

 

17-тарау. Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет көрсету жөніндегі шоттар

86-бап. Бірыңғай қазынашылық шот

87-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның шетел валютасындағы шоттары

88-бап. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары

89-бап. Мемлекеттік мекемелердің шоттары

 

18-тарау. Бюджетің атқарылуы

90-бап. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы

91-бап. Түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазу

92-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлу

93-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансфертті тарту

94-бап. Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару не оларды берешекті өтеу шотына есепке жатқызу



следующая страница >>