shkolakz.ru 1 2 3 4

КАРТОЧКАНЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ




  1. Терминдер сөздігі




    1. Авторизация – Банктің карточканы пайдалана отырып, төлем жасауға беретін рұқсаты. Авторизация дауыстық (телефон байланысын пайдалану арқылы) немесе автоматтандырылған (электрондық құрылғыларды пайдалану арқылы) болып бөлінеді.

    2. Кредит лимитін жою – Карточкалар базасындағы ағымдағы шот бойынша Кредит лимитін нөлге айналдыру.

    3. ISIC қауымдастығы – «ISIC» сауда белгісінің барлық құқығын иеленуші Банктің әріптесі (ағылшынша «International Student Identity Card» - Студенттердің халықаралық сәйкестендіру карточкасы).

    4. Банктік автомат-кассир – (бұдан әрі – Банкомат) – Карточка бойынша қолма-қол ақшаны автоматты түрде беруге, Карточкалар базасындағы ағымдағы шот туралы ақпарат беруге және басқа да банктік қызметтер көрсетуге арналған өзіне-өзі қызмет көрсететін электронды-механикалық құрылғы.

    5. Банктік күн – банктік операциялар жүргізу үшін Банк жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін ашық болатын, сенбі мен жексенбіден басқа және Қазақстан Республикасының ресми мереке күндерінен басқа күндерге сәйкес келетін күн.

    6. Банктік заем (бұдан әрі - Заем) – карточкалық операциялар жүргізгенде Заемшының мерзімділік, ақылы, қайтарымдылық және қамтамасыз ету талаптарымен кредит лимитінен нақты пайдаланған ақша сомасы.

    7. Қолма-қол ақша қабылдауға арналған Банк құрылғысы (бұдан әрі мәтін бойынша – Cash in) – қолма-қол ақшаны автоматты түрде қабылдауға арналған, өзіне-өзі қызмет көрсететін электронды-механикалық құрылғы.

1.7.-1. Байланыссыз төлем карточкасы – операция жасалатын кезде төлем карточкасына электрондық терминалдардың немесе өзге құрылғылардың тікелей жанасуын талап етпейтін сымсыз байланыс технологиясын пайдалану негізінде карточка ұстаушыға байланыссыз тәсіл арқылы төлем жүргізуіне мүмкіндік беретін төлем карточкасы.


    1. Карточканы оқшаулау – карточканы пайдалану арқылы карточкалық операциялар жүргізуге толығымен немесе ішінара, тұрақты немесе уақытша тыйым салу.

    2. Бонус – мәміле талаптарына сәйкес сатып алынған тауар /қызмет үшін Клиентке ұсынылатын, теңгемен шегерім жасау түрінде жинақталатын жеңілдік.

    3. Бонус клубы – Карточкалар ұстаушыларға бонустар беретін (ұсынатын) кәсіпкер немесе кәсіпкерлер желісі.

    4. Бонустық шот – бонустарды есепке алуға арналған Клиенттің Карточкалар базасындағы ағымдағы шотына қосымша ашылатын қосалқы шот.

    5. Виртуалды карточка – негізгі дебеттік карточка, оны ұстаушыға тауарлар мен қызметтер үшін тек Интернет жүйесінде немесе почта, телефон тапсырыстары бойынша ақы төлеуге мүмкіндік береді. Виртуалды карточканы «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы карточканы берместен ашуға болады, бұл ретте карточка карточкалар базасындағы клиент таңдаған ағымдағы шотқа ашылады.

    6. Төлем – жалақы, еңбек демалысының ақысы, пайдаланылмаған демалыстың өтемақысы, біліктілік үшін үстеме ақы, ағымдағы сыйлықақы, аса маңызды міндеттерді орындағаны үшін және мерейтойлық немесе мерекелік күндерде берілетін бір жолғы сыйақы, әлеуметтік төлемдер (зейнетақылық, мүгедектігі бойынша, тұрғын үйін жақсартуға, кезек күттірмейтін мұқтаждыққа, оқытуға, сақтандыруға, медициналық қызметке, балабақша қызметінің ақысы, денсаулықты сауықтыру бағдарламасына, көлік шығыстары, жәрдемақы, жұмыс өтілі үшін қосымша ақы, уақытша еңбек қабілетін жоғалтудың төлемі, экологиялық (Семей, Арал аймағы) және т.б.) төлемдер, материалдық көмек (ауырғанда, отбасы мүшелерінің бірі қайтыс болғанда, жазатайым жағдайлар, табиғи апат жағдайлары, т.б.), ынталандыру және өтемақылық сипаттағы төлем (мәселен, мерекелік немесе демалыс күндері жұмыс істегені үшін) және т.б.
    7. Карточка шығару – Карточканы беру туралы шарт негізінде карточканы Ұстаушыға беруді қарастыратын банктік операция.


    8. Дебеттік карточка – Клиенттің Карточкалар базасындағы Ағымдағы шотындағы өз ақша сомасы шегінде Ұстаушыға карточкалық операция жүргізуге мүмкіндік беретін Төлем Карточкасы. Карточкалар базасындағы ағымдағы шоты бойынша Кредит лимиті орнатылған жағдайда Дебеттік карточка Ұстаушыға Заемшының Карточкалар базасындағы ағымдағы шотындағы меншікті ақша қалдығынан тыс қосымша, Кредит лимиті шегінде Карточкалық операциялар жасауға мүмкіндік беруі мүмкін.

    9. Карточканы Ұстаушы – Төлем карточкасын шығару және қызмет көрсету туралы шартқа сәйкес Карточканы пайдалану құқығы бар жеке тұлға.

    10. Заем шарты – Банк пен Клиент арасында белгіленген нысанмен бекітілетін, Заем беру талаптарын реттестіретін шарт – «Банктік заем туралы шарт».

    11. Карточка шығару туралы шарт – Банк пен Клиент арасында белгіленген нысанмен бекітілетін, Карточкалар базасындағы ағымдағы шотты ашу және қызмет көрсету, Кредиттік карточка бірден Кредит лимитін белгілеу арқылы шығарылатын жағдайда, Карточка шығару талаптарын реттестіретін шарт және Карточкалар базасындағы ағымдағы шотты ашу және қызмет көрсету, Карточка шығару және Заем беру талаптарын да реттестіреді:

- «төлем карточкасын шығару және қызмет көрсету туралы қосылу шарты»;

- «VISA Infinite» кредиттік төлем карточкасын беру және қызмет көрсету туралы шарт»;

- «Плюс-Кредит» кредиттік төлем карточкасын беру және қызмет көрсету туралы шарт».

    1. Қосымша үзінді – Клиенттің сұратуы бойынша Банк соңғы екі күнтізбелік айдан асатын белгілі бір кезең үшін құрастыратын Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттың үзіндісі. Қосымша үзінді Банк тарифтеріне сәйкес ақылы негізде беріледі.
    2. Қосымша карточка – Карточкалар базасындағы ағымдағы шот бойынша Клиенттің немесе өзге жеке тұлғалардың (Клиенттің отбасы мүшелерінің, т.б.) атына негізгі карточкаға қосымша ресімделген Банктің төлем карточкасы. Қосымша карточка бойынша Клиент Карточкалық операциялар түріне және белгілі бір уақыт ішінде қол жеткізілетін ақшаның ең жоғары сомасына шектеу қоюға құқылы. Қосымша карточканың әрекет мерзімі негізгі карточканың әрекет мерзімінен аспауға тиіс.


    3. Ай сайынғы үзінді – Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттан берілетін үзінді, Банк оны ағымдағы күнтізбелік айдың бастапқы күндері құрастырады және онда өткен күнтізбелік айда Карточкалар базасындағы ағымдағы шот бойынша жүргізілген операциялар көрсетіледі. Ай сайынғы үзіндіде: Кредит лимитінің мөлшері; өткен күнтізбелік айдың басындағы және соңындағы Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттағы ақша қалдығы немесе берешек мөлшері («-» белгісімен көрсетіледі); Карточкалық операциялар туралы мәліметтер; банк операцияларының – төлемдер мен есептен шығарулардың (оның ішінде Клиенттің тапсыруымен) қысқаша сипаттамасы; берешек болған жағдайда өтеу жасау талап етілетін күн атап көрсетіледі.

    4. Заемшы – Банктен заем алған Клиент.

    5. Карточканы ауыстыру – жоғалған /ұрланған немесе бұрын берілген карточканың орнына Ұстаушының өтінішіне сәйкес Карточкалар базасындағы ағымдағы шот бойынша жаңа карточка беруді қарастыратын операция.

    6. Клиенттің сұратуы – Карточка ұстаушының Карточка мен ДСН-кодты пайдалана отырып автоматтандырылған операциялар жүргізуге арналған банкомат, киоск, Cash-Іn немесе басқа электронды-механикалық құрылғылар арқылы немесе «Мобильдік банкинг» жүйесіне қосылған мобильдік телефон арқылы құрастырған деректер жиынтығы. Клиенттің сұратуы Банкке Карточкалар базасындағы ағымдағы шоты бойынша мынадай операцияларды жүзеге асыру үшін жіберіледі:

- Карточканы пайдалану арқылы төлемдер жасау және ақша аудару;

- қызметтерді пайдалану үшін тіркеу жүргізу;

- Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттағы карточкалық депозит туралы қосылу шартына қосылу;

- барлық операциялар, авторизациялық сұратулар туралы хабарламалар және Карточка бойынша қол жетімді шығыс лимиті туралы ақпарат беру;

- Клиентке Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттан (соңғы 10 операция бойынша) үзінді беру;

- Клиенттің карточкаға оқшаулау жасауы;


- Клиенттің Карточка бойынша «Мобильдік банкинг» жүйесінің қызметтерін оқшаулауы /оқшаулауды алып тастауы;

- «Мобилдік банкинг» жүйесінде тіркелген карточкалар және осындай Карточкалар бойынша ұсынылатын қызметтер туралы ақпарат беру;

- Банктің ақпараттық хабарламаларын алу;

- өзге операциялар.

1.25. Өтініш – Клиент Банкке Карточка шығару үшін беретін және белгілі бір нысанға сәйкес толтыратын өтініш:

- «қосымша төлем карточкасын шығаруға өтініш»;

- «төлем карточкасын шығаруға өтініш»;

- «Плюс кредит» кредиттік карточкасын шығаруға өтініш»;

- «VISA-Infinite төлем карточкасын шығаруға өтініш».

1.26. Интернет – байланыс үшін бірыңғай хаттамалар терімін пайдаланатын түрлі желілерді, серверлер мен компьютерлерді біріктіретін жаһандық ақпарат жүйесі.

1.27. Карточка – кез келген төлем карточкасы (Дебет немесе Кредит, Негізгі немесе Қосымша) немесе Микропроцессорлық карточка (Дебет немесе Кредит, Негізгі немесе Қосымша) немесе ISIC ко-брендинг карточкасы, Виртуалды карточка не болмаса әп-сәтте шығарылатын Instant карточкасы.

1.28. Карточкалық операция – тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу, қолма-қол ақша алу, валюта айырбастау, сондай-ақ Банк анықтайтын және оның талаптары негізінде Карточканы пайдалану арқылы жасалатын басқа да операциялар.


    1. ISIC ко-брендинг карточкасы – Банк пен ISIC қауымдастығының мүддесін көрсететін Негізгі Дебеттік Карточка, карточка ұстаушыға карточкалық операциялар жүргізуге және ISIC қауымдастығы ұсынатын қосымша қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.
    2. Байланыс орталығы – Банктің қазіргі бар және әлеуетті клиенттерінің телефон арқылы шақыртулары, электрондық және жазбаша өтініштері бойынша қызмет көрсететін орталық, дауыстық авторизация жүргізеді және ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету функциясын орындайды;


    3. Кредиттік карточка – карточка ұстаушыға кредит лимитінің сомасы шегінде және /немесе Банк қабылдаған, Карточкалар базасындағы ағымдағы шотқа қызмет көрсету талаптарымен анықталған Карточка ұстаушының Карточкалар базасындағы ағымдағы шотындағы ақша сомасының лимиті шегінде операция жүргізуге мүмкіндік беретін Төлем Карточкасы.

    4. Кредит лимиті – Банктің Заемшыға Карточкалық операциялар жүргізу үшін беретін кредит желісінің мөлшері.

    5. Әп-сәтте шығарылатын карточка – Банк күні бұрын (Клиент Банкке өтініш бергенге дейін) нөмір беріп және дербестендірусіз әрекет ету мерзімін белгілей отырып шығаратын Негізгі Дебеттік Карточка, клиентке төлем карточкасын шығаруға өтінішті ұсынған күні бірден беріледі.

    6. Микропроцессорлық карточка – интегралдық шағын схемасы бар, карточкалық операциялар жүргізу үшін пайдаланылатын, сондай-ақ карточка ұстаушыға қажетті ақпараты болатын төлем карточкасы. Микропроцессорлық карточка дебеттік немесе кредиттік карточка, негізгі немесе қосымша карточка болып бөлінеді.

    7. Өзіне өзі қызмет көрсететін көп функциялы банк құрылғысы (бұдан әрі Киоск) – Банк шоттары бойынша ақпарат беруге, қолма-қол жасалмайтын төлемдер жасауға және Банктің басқа қызметтерін алуға арналған, өзіне өзі қызмет көрсететін электронды-механикалық құрылғы.

1.35-1. Қозғалыссыз шот – Клиент немесе Шот бойынша оның заңды өкілдері немесе Клиенттің тапсырмасы бойынша Банк соңғы шығыс операциясы жүргізілген күннен бастап 12 ай ішінде шығыс операцияларын жүргізбеген жағдайда, шоттағы қалдық сомасына қарамастан, Шотқа берілетін мәртебе.

    1. Овердрафт - Клиенттің Карточкалар базасындағы ағымдағы шотындағы ақшасынан және Кредит лимитінің (егер ол белгіленген болса) сомасынан артық жұмсалған және Банк белгілеген мерзім ішінде өтелмеген ақша сомасы.
    2. Ұйым – еңбек шарты негізінде Клиенттің жұмыс берушісі болып табылатын және Банкпен Клиентке карточка шығару және қызмет көрсету талаптарын реттестіретін Банктік қызмет көрсету туралы шарт бекіткен заңды тұлға.


    3. Негізгі карточка – Карточкалар базасындағы ағымдағы шот бойынша Клиентке ресімделген Банктің төлем карточкасы.

    4. ДСН-коды – Дербес сәйкестендіру нөмірі; Карточканы ұстаушыға берілетін және Карточка ұстаушыны сәйкестендіруге арналған төрт таңбалы құпия код (Виртуалды карточка ұстаушылардан басқасы).

    5. Төлем карточкасы – ақшаға электрондық терминал көмегімен немесе өзге құрылғылар арқылы қол жеткізудің құралы, онда Карточка ұстаушыға карточкалық операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат болады. Төлем карточкасы Дебеттік немесе Кредиттік, Негізгі және Қосымша карточка болып бөлінеді.

    6. Сатып алушылардың қатысу ережесі – Бонус клубы белгілейтін бонус есептеу ережесі;

    7. Кәсіпкер – жеткізілетін тауарларды және/немесе көрсетілетін қызметтерді төлеу бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүргізу үшін Карточкаларды қабылдайтын заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға.

    8. Банктің Процессинг орталығы – Карточканы пайдалану арқылы төлем жасалғанда ақпаратты жинастыруды, өңдеуді және беруді қамтамасыз ететін, сонымен қатар Төлем карточкалары жүйесіне қатысушылармен жасалатын шарттарда қарастырылған өзге функцияларды атқаратын бағдарламалық-техникалық кешен.

    9. Өзіне өзі қызмет көрсету – Карточка ұстаушының Банкомат, Киоск, Cash-Іn, мобильдік байланыс құралдары немесе басқа да электронды-механикалық құрылғылар арқылы Банк қызметтерін алу рәсімі.

1.44-1. Alert дабыл сигналдары (бұдан әрі – Alert) – Visa International, MasterCard World Wide және China UnionPay халықаралық төлем жүйелерінен келетін, алаяқтардың карточкалар деректемелерін (карточка нөмірі, әрекет мерзімі және басқа деректер, кейбір жағдайларда ДСН-коды) құпиясыздандыруы туралы хабарламалар.
    1. «Жеке тұлғаларға арналған «Интернет-банкинг» жүйесі (бұдан әрі – «Интернет-банкинг» жүйесі) – ақпараттық-банктік қызметтерге Интернет арқылы Банктің арнайы htt://www._______/ веб-сайтынан қашықтықтан қол жеткізу жүйесі.


    2. «Мобильдік банкинг» жүйесі – мобильдік байланыс құралдары арқылы Банктің төлем карточкалары бойынша көрсетілетін қызметтер кешені.

    3. «Телебанкинг жүйесі» - ақпараттық-банктік қызметтерге телефон арқылы қашықтықтан қол жеткізу жүйесі. «Телебанкинг» жүйесіне қол жеткізу үшін Клиентте тональдық теру режимі орнатылған телефон болу керек.

    4. Төлем карточкаларының жүйесі – төлем карточкаларының аталған жүйесінің ішкі ережесіне сәйкес карточканы пайдалана отырып, төлемдердің жүргізілуін қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар, құжаттама және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының жиынтығы. Карточканы пайдаланудың осы Ережесі бойынша (бұдан әрі - Ереже) Төлем карточкаларының жүйесі Visa International, MasterCard World Wide және China UnionPay халықаралық төлем жүйелері болып табылады.

    5. Слип – Кәсіпкердің немесе Эквайердің белгіленген нысанға сәйкес үш данада ресімделген төлем құжаты. Карточкалық операция дауыстық авторизация режимінде жүргізілгенде қолданылады. Слипке Карточка ұстаушының және Кәсіпкердің кассирінің қолдары қойылады.

1.49-1. Скимминг – ақпаратты магнит жолағынан және ДСН-кодты енгізуден оқи алатын скиммер (ағылшынша Skimming – алу) типті түрлі құрылғыларды пайдалану арқылы банктік төлем карточкаларымен жүргізілетін алаяқтықтың бір түрі.

    1. SMS-хабарлама – мобильдік байланыс операторы арқылы Клиенттің мобильдік телефонынан Банкке немесе Банктен Клиенттің мобильдік телефонына жіберілетін мәтіні бар хабарлама;

    2. Тарифтер – карточкалар бойынша Банк көрсететін қызметке Банктің уәкілетті органы бекітетін, сыйақы төленетін күні қолданыста болатын тарифтер.

    3. Карточкалар базасындағы ағымдағы шот – шарттық қарым-қатынастарды көрсету тәсілі ретінде Карточка шығару туралы шарт негізінде Банк Клиентке мына операцияларды орындау үшін ашатын банк шоты:

- Клиентте ақшаның болуын қамтамасыз етумен байланысты;

- Клиенттің пайдасына ақша қабылдаумен (есепке алумен) байланысты;

- Карточка шығару туралы шартта қарастырылған тәртіпке сәйкес Клиенттің карточканы пайдалана отырып, үшінші тұлғалар пайдасына төлем жасауына және ақша аударуына байланысты;

- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және /немесе Карточка шығару туралы шартта қарастырылған негіздемелерге сәйкес Клиенттің ақшасын алып алу туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындаумен байланысты;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында және /немесе Карточка шығару туралы шартта қарастырылған тәртіппен Клиенттен қолма-қол ақша қабылдауды іске асырумен байланысты;

- Карточканы пайдалана отырып, Клиентке қолма-қол ақша беруге байланысты;

- Карточка шығару туралы шартта анықталған мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге байланысты.


    1. Өзіне өзі қызмет көрсету бөлімшесі /аймағы – төлем карточкасын пайдалана отырып қолма-қол ақшаны автоматтандырылған түрде қабылдау /беру, Банк шоттары бойынша ақпарат беру, қолма-қол ақшасыз төлемдер жасау және басқа да банк қызметтерін пайдалануға арналған өзіне өзі қызмет көрсететін бірнеше құрылғылардың аумақтық оқшауланған кешені.

    2. Эквайер – банк операцияларының жекелеген түрлерін іске асыратын ұйым немесе Кәсіпкермен карточканы пайдалана отырып жасалатын шарт талаптарына және/немесе төлем құжатының талаптарына сәйкес Кәсіпкердің пайдасына түскен ақшаны қабылдап алуға тиіс және/немесе Кәсіпкермен жасалатын шартта қарастырылған басқа іс-әрекеттерді орындайтын банк. Сонымен қатар карточка бойынша қолма-қол ақша берумен айналысатын банк те эквайер болып табылады.

    3. Эмитент – Төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыратын банк. Карточка шығару туралы шартқа сәйкес Банк эмитент болып табылады.
    4. CVV2-коды немесе CVC2-кодыCVV2» - қысқартылған ағылшынша сөз «Card Verification Value 2», «CVС2» - «Card Validation Code 2») – үш таңбалы сәйкестендіру коды, Кредиттік карточканы немесе Виртуалды карточканы ұстаушыға беріледі (Visa карточкасы бойынша - CVV2-коды, MasterCard карточкалары бойынша - CVС2-коды) және Интернет желісінде тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлегенде Кредиттік карточканы немесе Виртуалды карточканы ұстаушыны сәйкестендіру үшін арналған. CVС2- коды немесе CVV2-коды Кредиттік немесе Виртуалды карточканың беткі жағына басылады. «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы ашылған виртуалды карточка бойынша CVС2- коды немесе CVV2-коды және карточканың әрекет мерзімі туралы ақпарат «Мобильдік банкинг» жүйесі бойынша хабарлама түрінде жөнелтіледі.


    5. POS-терминалPOS» - ағылшынша қысқартылған сөз – «Point of sale» - сауда/сервис пункті) – Авторизацияны автоматтандыру және операция бойынша төлем құжаттарын ресімдеу мақсатында қолданылатын электрондық құрылғы.

    6. Login (бұдан әрі - логин) - Клиентке «Телебанкинг» жүйесінде сәйкестендіру жасауға арналған Клиент шоты нөмірінің соңғы он үш саны.

    7. T-PIN - (бұдан әрі - пароль) - Клиентті «Телебанкинг» жүйесінде сәйкестендіру үшін арналған және Клиенттің өзі берген сандық код (6 саннан кем болмайды; сандар бірдей болмауға тиіс, арифметикалық прогрессиялық (алға қарай) өсу немесе кему ретімен орналасады, «бір реттен кейін» деген мерзімділікпен қайталанады; сандар комбинациясында Клиенттің туған жылының цифрлары көрсетілмеуге тиіс). Пароль Банктің қызметкеріне белгісіз екендігін ескеру қажет және Клиент оны «Телебанкинг» жүйесі пайдаланылатын кезең ішінде құпияда сақтауға тиіс.

1.59-1. 3D Secure (Visa International технологиясы)/ Secure Code (MasterCard International технологиясы) – Visa International және MasterCard International халықаралық төлем жүйелерімен әзірленген, рұқсат етілмеген карточкалық операциялардың тәуекелін төмендету және Интернетте карточкалық операциялардың қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында Интернет арқылы on-line режимінде карточкалық операция жүргізу барысында карточка ұстаушыны қосымша сәйкестендіру технологиясы. 3D Secure/Secure Code карточка ұстаушыға банкоматтың көмегімен беріледі. 3D Secure/ Secure Code алу бойынша нұсқаулықБанктің сайтында орналасқан. Клиент 3D Secure/Secure Code карточканы пайдаланудың барлық кезеңінде құпияда сақтауға тиіс. 3D Secure/Secure Code дұрыс терілмеген жағдайда 3D Secure/Secure Code оқшаулаудың алынуы клиент Банктің Байланыс орталығына келген кезде жүзеге асырылады.



следующая страница >>