shkolakz.ru 1 2 3 4

8. Карточканы өзіне өзі қызмет көрсету режиміндегі

қызметтер үшін пайдалану

8.1. Қызметтерді пайдалану Карточка бойынша автоматтандырылған операциялар жүргізуге арналған Банкомат, Киоск, Cash-Іn, «Мобильдік банкинг» жүйесі, «Интернет-банкинг» жүйесі және басқа да электрондық-механикалық құрылғылардың көмегімен Карточка ұстаушының сұратуы бойынша өзіне өзі қызмет көрсету режимінде жүргізіледі.

8.2. Карточкалық операция аяқталғаннан кейін Банктің қызметтер алуға арналған сұратуды қабылдағаны болып табылатын чек басып шығарылады (мобильдік байланыс операторының SMS-хабарламасы жіберіледі).

8.3. Карточкалық операцияны өзіне өзі қызмет көрсету режимінде жүргізу кезінде Банктің Клиенттен алған сұратуы Банктің Карточка ұстаушының қолы қойылып расталған, қағаз жүзінде алған құжатқа заңды баламалы құжаты болып саналады.

8.4. Әрекет етуші карточка бойынша өзіне өзі қызмет көрсету режимінде қызметтер алу ДСН-коды дұрыс терілген жағдайда мына себептерге байланысты орындалмауы мүмкін:

- Карточкалық операцияны жүргізу ҚР заңнамасына қайшы келетін болса;

- осы Ереженің 6.7. тармағында қарастырылған себептер бойынша.

8.5. Карточкалық операция қате жүргізілген жағдайда Карточканы ұстаушы Банкке барып жолығуы қажет немесе осы Ереженің 9.5. тармағында көрсетілген телефондар арқылы Банкпен хабарласуы керек.

8.6. Банкомат, Киоск, Cash-Іn бір-бірінің функцияларымен толықтырылуы мүмкін, сондай-ақ төменде аталған операциялардың барлығын немесе кейбіреуін орындауы мүмкін:

- Карточка бойынша қолма-қол ақша беру;

- Карточкалар базасындағы ағымдағы шот жөнінде ақпарат беру;

- банк шоттары бойынша ақпарат беру;

- қолма-қол ақша қабылдау;

- қолма-қол ақшасыз төлемдер жасау;

- Банктің басқа қызметтерін пайдалану.


9. Карточканы оқшаулау

9.1. Alert және скимминг дабыл сигналдарын қоса алғанда, Карточканы ұстаушының рұқсаты берілмеген операция жүргізу қаупі туындағанда Банк өзінің карточканы уақытша оқшаулау құқығын сақтап қалады. Карточканы уақытша оқшаулаудың негіздемесін Банк Alert және скимминг дабыл сигналдарын қоса алғанда, өз қарастыруымен анықтайды.


9.2. Карточкалық операциялардың қандайының болсын заңдылық дәрежесін (Карточканы ұстаушының оған қатысуын немесе қатыспауын) анықтау үшін Карточка ұстаушы Банкпен жедел байланысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

9.3. Карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда дереу Банкке (Банктің Байланыс орталығына немесе Банктің жергілікті жердегі кез келген филиалына) хабарласып, ауызша немесе жазбаша түрде карточканы оқшаулауды талап ету қажет (бұдан әрі – «Талап»), ал Банкпен байланысу мүмкін болмаған жағдайда – Төлем карточкалары жүйесінің мүшесі болып табылатын кез келген жергілікті банкке баруға болады.


    1. Талапта карточка ұстаушының тегі, аты-жөні, сонымен қатар, мүмкіндігінше, қосымша ақпарат беріледі: туған күні, айы, жылы, кодтық сөз, карточканың нөмірі мен әрекет мерзімі және карточканы оқшаулау себебі атап көрсетіледі. Сондай-ақ байланысу үшін қажетті мәліметтер – мекен-жайы мен телефоны да берілгені жөн.

    2. Банктің Байланыс орталығының телефондары (Алматы қ.): + 7 (327) 2-590-777, 2-590-000, 2-590-373, (8-8000-8000-59, Қазақстан бойынша телефон шалу - тегін), жеделхат үшін почталық мекен-жайы: 050009, Алматы қ., Абай д-лы, 109 «В», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.

    3. Банктің Байланыс орталығы Талапты арнаулы журналда уақытын көрсете отырып тіркейді және оны Төлем карточкалары жүйесіне жібереді.

    4. Банктің Байланыс орталығы Талапты құжаттық тіркеуден өткізген сәттен бастап 6 (алты) сағаттан кейін Карточканы оқшаулау күшіне енеді.

    5. Карточка ұстаушы карточканы оқшаулаудан бұрын жүргізілген операциялар үшін жауапты болады және карточканы оқшаулау күшіне енген сәттен бастап жауапкершіліктен босатылады.
    6. Банкке ауызша түрде берілген талап Карточка ұстаушының Банк филиалы орналасқан жерге 2 (екі) банк күні ішінде берілетін жазбаша өтінішімен расталады. Карточка ұстаушы шет елде болғандықтан немесе басқа себеппен тиісті мерзімде Банкке келе алмайтын болса, үш сағаттан кейін Авторизация орталығымен телефон арқылы қайта хабарласуға тиіс, одан әрі шетелден қайтып келгеннен кейін немесе Банкке жолығудың қандай да бір мүмкіндігі тусымен бірден Талапты растайтын жазбаша өтініш тапсырады.


    7. Банктің Байланыс орталығына телефон шалу арқылы жасалған өтініштер мүмкін болатын кез келген даулы жағдайларға талдау жасау үшін магниттік таспада тіркеледі.

    8. Талап Банк филиалына немесе Төлем карточкалары жүйесінің кез келген басқа мүшесіне берілген жағдайда аталған филиал немесе Төлем жүйесінің мүшесі карточка ұстаушының атынан Банктің байланыс орталығында Талапты тіркегеннен кейін карточканы оқшаулау күшіне енгізіледі.

    9. Талап карточка ұстаушыдан түскен болып табылады және Банк карточканы оқшаулаудың салдары үшін жасалған кінәрат талаптарын қабылдамайды.

    10. Карточка ұстаушының жазбаша өтініші негізінде карточка оқшауланған соң Банк Карточкалар базасындағы ағымдағы шоты бойынша нөмірі және ДСН-коды жаңартылған жаңа карточка шығарады.

    11. Карточка ұстаушы карточканы сақтауда салақтық танытса немесе карточка оқшауланғаннан кейін де ДСН-кодының құпиялығын сақтамаған болса, сондай-ақ Карточка ұстаушы тарапынан қасақана заңсыз әрекеттерге жол берілгендігі анықталған жағдайда Банк Карточка ұстаушыны жауапкершілікке тарту шарасының заңдық жолын белгілеу құқығын сақтап қалады.

    12. Бұрын жоғалды деп танылған карточка табылған жағдайда Карточканы ұстаушы бұл жөнінде дереу Банкті хабардар етуге және одан кейін карточканы Банкке қайтаруға тиіс.




  1. Карточканы ұстап қалу/ алып алу


10.1. Кәсіпкер карточканы ұстап қалуды/ алып алуды мына жағдайларда жүргізеді:

- Карточка оқшауланғанда;

- Карточканы ұсынушы оның ұстаушысы болып табылмаса;

- Карточканың жалғандық белгілері айқын білінетін жағдайда;

- Карточкалар базасындағы ағымдағы шот бойынша Карточканы ұстаушының кәсіпкерлік қызметімен байланысты операциялар іске асырылатын болса;

- Карточка ұстаушы операцияны жүргізгеннен кейін карточканы Кәсіпкерде ұмытып кеткен жағдайда.

10.2. Карточканы ұстап қалуды /алып қоюды Банкомат, Кәсіпкердің кассирі немесе Банктің қауіпсіздік қызметі іске асырады. Карточканы ұстап қалу /алып қою кезінде (банкомат ұстап қалған жағдайды қоспағанда) тиісті акт жасалады.


10.3. Карточканы ұстап қалу /алып қою себептерін Банк карточка ұстаушы Банкке немесе Төлем жүйесіне кіретін жергілікті банкке, ауызша (телефонмен) немесе жазбаша шағымданған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей анықтайды.


    1. Ұсталған карточкаға қатысты жергілікті банк немесе Банктің өзі (ұстап қалған /алынып қойған карточка Банкке жеткізілген жағдайда) тиісті шешім қабылдағаннан кейін Банк оны тікелей Карточка ұстаушыға жазбаша өтініші негізінде қайтарады.




  1. Карточканың әрекет ету мерзімі, Карточканы пайдалануды кідірту және тоқтату


11.1. Карточкада оның әрекет ету мерзімі аяқталатын мерзім (жыл, ай) көрсетіледі. Карточка ондағы көрсетілген айдың соңғы күніне дейін жарамды болады.

11.2. Банк мерзімі өткен карточкаға оқшаулау жасауға құқылы, одан әрі Банк оқшаулаудан кейін 10 (он) күннің ішінде даулы жағдай реттелгенше карточка ұстаушыны хабардар етеді.

11.3. Карточканы ұстаушы карточканы пайдаланудан бас тартқан жағдайда Банкке тиісті өтініш жазып, карточканы өткізуге тиіс.


  1. Карточканы ауыстыру


12.1. Карточканы ауыстыру және бұл үшін карточка ұстаушының тарифтерге сәйкес сыйақы төлеуі мына жағдайларда жүргізіледі:

- карточка жоғалған/ ұрланған жағдайда;

- ДСН-коды жария етілген жағдайда;

- карточка ұстаушы ДСН-кодын ұмытып қалғанда;

- карточка бүлінгенде және одан әрі оны пайдалану мүмкін болмағанда;

- Карточка ұстаушы өзінің тегін /атын өзгерткенде;

- карточканың магнит жолағы тозғандықтан немесе оған сызат түскендіктен Банкомат/ POS-терминал ондағы ақпаратты оқи алмайтын жағдайда.


    1. Мына жағдайларда карточка тегін ауыстырылады:

- карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанда;

- ДСН-коды айқын басылмағанда;


- карточка ұстаушының өтінішінде көрсетілген аты-жөні, тегі карточкадағы аты-жөні мен тегіне сәйкес келмегенде;

- карточка бойынша алғашқы операция жүргізілгенде Банкомат немесе POS-терминал карточканың магнит жолағындағы ақпаратты оқи алмаған жағдайда;

- карточка Банктің өз бастамасымен ауыстырылғанда.


    1. Жоғалған/ ұрланған ISIC ко-брендинг карточкасының орнына жаңа карточка бұрынғы ISIC нөмірімен және әрекет ету мерзімін сақтай отырып шығарылады.

    2. Әрекет мерзімі аяқталған ISIC ко-брендинг карточкасы ауыстырылғанда жаңа ISIC нөмірі беріледі және тарифтерге сәйкес карточкаға қызмет көрсетудің келесі /кейінгі кезеңдері үшін, сондай-ақ Тарифтерге сәйкес карточканы шығарған ISIC қауымдастығына тиесілі сыйақы төленеді.

    3. Карточканы ауыстыруды Банк карточка ұстаушының берген жазбаша өтініші негізінде/Банктің Байланыс орталығына мына телефондар арқылы ауызша өтініш білдірген жағдайда жүргізеді: +7 (727) 2-590-777, 2-590-000, 2-590-373, (8-8000-8000-59 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).




  1. Дауларды реттестіру


13.1. Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттағы ақшаның жұмсалуына есеп жүргізу және мүмкін болатын дауларды реттестіру үшін Карточканы ұстаушы слиптер мен чектерді сақтап отырғаны жөн.

13.2. Банк Карточка ұстаушыға ай сайынғы үзінді беруді, қосымша үзінді беруді, сондай-ақ өзге құжаттардың көшірмелерін, оның ішінде Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттан ақша алудың дұрыстығын растайтын құжаттардың көшірмелерін беруді ҚР заңнамасында, Банктің ішкі ережелерінде (Тарифтерді қоса алғанда) белгіленген тәртіп пен мерзімде жүзеге асырады.

13.3. Барлық даулы мәселелер бойынша Карточка ұстаушы Банкке жазбаша сұрату жасайды, кінәрат талабы қабылданған жағдайда Банк Төлем карточкалары жүйесінің алдында Карточка ұстаушының атынан оның мүддесін білдіре алады. Төлем жүйесінің ережелеріне сәйкес даулы карточкалық операцияны қарастырудың ескіру мерзімі операция жасалған күннен бастап 45 (қырық бес) күн деп белгіленген. Кінәраттың негізді екендігі анықталған жағдайда Банк Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттағы ақша сомасын қайта қалпына келтіреді. Негізсіз қойылған кінәрат талаптары үшін Төлем карточкалары жүйесі айыппұл белгілейді, оның ақысы даулы карточкалық операция сомасынан асып кетуі мүмкін. Банк Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттан айыппұл мен негізсіз кінәрат талабының сомасын Карточка ұстаушының келісімінсіз (сөзсіз және даусыз тәртіппен) тікелей дебеттеу жолымен алып алуға құқылы (егер Карточка шығару туралы шартта Карточканы ұстаушының ақшаны Карточкалар базасындағы ағымдағы шотын тікелей дебеттеу тәртібімен алып алуға келісімі бар болса). Банк Карточка ұстаушының жазбаша өтінішін қабылдаған күннен бастап 10 (он) банктік күн ішінде Карточка ұстаушыға алдын ала жүргізілген тергеулердің нәтижесі мен түпкілікті тергеулердің мерзімдері туралы хабарлайды. Тергеу аяқталған соң, клиентке ақшаны өтеу туралы шешім қабылданған жағдайда Банк Карточка ұстаушының ағымдағы шотына 5 (бес) банктік күн ішінде өтеуді жүргізеді.



14. «Телебанкинг» жүйесінің қызметтерін пайдалану


14.1. «Телебанкинг» жүйесінің мүмкіндіктері:

1) Карточканы ұстаушыға мынадай анықтамалық ақпарат алуға мүмкіндік береді:

- валюталар бағамы туралы;

- «Халық» қаржылық тобының банктік өнімдері мен қызметтері туралы;

2) Карточканы ұстаушыға шоттары туралы мәлімет алып отыруға мүмкіндік береді:

- шоттарының (ағымдағы шоты, карточкалар базасындағы ағымдағы шоты, жинақ шоты, несиелік шоты) жай-күйі туралы;

- ағымдағы шоты /карточкалар базасындағы ағымдағы шоты бойынша соңғы 5 (бес) операцияның тарихы туралы;

3) Карточканы ұстаушыға төлем карточкасын оқшаулауға мүмкіндік береді;

4) Карточканы ұстаушыға шот бойынша үзіндіні электрондық почтаға жөнелтуге тапсырыс беруге мүмкіндік береді.

Осы тармақта көрсетілген «Телебанкинг» жүйесі бойынша операциялар тізбесі мұнымен шектелмейді және жүйені дамыту барысында толықтырылып отырады. «Телебанкинг» жүйесі ұсынатын операциялар тізбесіндегі өзгерістер туралы хабарлама Банктің web-сайтының беттерінде тиісті ақпарат орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

14.2. Банктік құпия болып табылатын ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден қорғанысты қамтамасыз ету мақсатында «Телебанкинг» жүйесіндегі шоттар туралы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі Клиенттің енгізетін сәйкестендіру көрсеткіштері (логин, пароль) негізінде Клиентке «Телебанкинг» жүйесінде сәйкестендіру жасалғаннан кейін ғана беріледі.

14.3. Клиентке «Телебанкинг» жүйесі бойынша қызмет көрсетуді Банк тәулік бойы жүргізеді.

14.4. Клиенттің карточканы оқшаулау туралы, сондай-ақ шоттар туралы ақпарат алу жөніндегі телефонмен немесе басқа да байланыс арналары арқылы қабылданған нұсқаулары, егер паролі дұрыс көрсетілген болса, Клиенттің қағаздық нұсқада берілген және қолы қойылып расталған жазбаша нұсқауына теңестіріледі.

15. «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтерін пайдалану



15.1. Интернет-банкинг – бұл қашықтықтан банк қызметін көрсету жүйесі, осы шартқа сәйкес тәртіппен және шарт талаптары бойынша Банктің арнаулы веб-сайтында htt://www.mybank.kz/ мекен-жайы бойынша нақты уақыт режимінде (он-лайн) банктік операциялар жүргізуге мүмкіндік береді.

15.2. Клиент жүйеде өздігінен тіркелу арқылы қолма-қол ақшасыз тәртіппен банктік операциялар жүргізуге қол жеткізе алады.

15.3. Клиентті тіркеу және «Интернет-банкинг» жүйесінде қызмет көрсету қашықтықтан, қорғалған Интернет желісі арқылы, Банктің htt://www.mybank.kz/ веб-сайтынан жүзеге асырылады. Клиент өзінің дербес компьютерінен Банктің осы аталған веб-сайтына кіріп, аталған веб-сайтта орналастырылған Клиентті тіркеу туралы нұсқаулыққа сәйкес тиісті тіркелу рәсімінен өту қажет болады.

15.4. Жүргізілген тіркелу рәсімінің нәтижесінде Клиент өзінің «Интернет-банкинг» жүйесіне кіру бойынша жеке көрсеткіштерін (логин, пароль) есінде сақтауға және ешкімге жария етпеуге тиіс. Одан әрі клиенттің жүйеге кіруі логин мен парольді енгізу арқылы іске асырылады.

15.5. «Интернет-банкинг» жүйесінде тіркелу Клиентке мынадай мүмкіндіктер береді:

1) төлемдер жүргізуге:

- коммуналдық;

- бюджеттік (салық төлемі, алымдар, баж салықтары, айыппұлдар);

- телефон және ұялы байланыс қызметтері үшін;

- кабельдік телевидение қызметі үшін;

- жинақтаушы зейнетақы қорындағы өзінің жеке дара шотына немесе үшінші бір тұлғаның жеке зейнетақы шотына зейнетақылық төлемдер;

2) аударымдар жүргізуге:

- өзінің банктік шотынан Банкте және басқа банктерде ашылған кез келген шотқа;

- өзінің VISA карточкасынан кез келген басқа VISA карточкасына;

3) Банкте ашылған өз шоттарының барлығына тәулік бойы қарап шығу режимінде қол жеткізу;

4) автоматтандырылған банк жүйелерінде қол жеткізудің режиміне қарай банк шоттары бойынша операциялар жүргізу;


5) Банкте ашылған шоттардың барлығы бойынша ақша қозғалысының тарихын тексеріп отыру, сондай-ақ шоттар бойынша, оның ішінде несиелік берешектің жай-күйі туралы үзінділер алу, несиелік шоттар бойынша өтеу кестесінің құрастырылуын қадағалау;

6) Банкте ашылған банктік шоттар арасында ақша аудару кезінде, Банктің төлем жүйелеріндегі қолма-қолсыз валюта сатып алу /сатудың операция жүргізілетін сәтте Банкте белгіленген бағамдарына қарай, валютаны қолма-қолсыз ақшамен айырбастау;

7) карточка шығаруға өтініш ресімдеу;

8) анықтамалық және өзге ақпаратты алу.

Жүргізілетін операциялар тізбесі мұнымен шектелмейді және «Интернет-банкинг» жүйесін дамыту барысында толықтырылып отырады.

15.6. «Интернет-банкинг» жүйесі ұсынатын операциялар тізбесіндегі өзгерістер туралы хабарлама жасау Банктің филиалдарында / бөлімшелерінде хабарландыру ілу және Банк web-сайтының беттерінде тиісті ақпарат орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

15.7. Операцияларды жүргізу Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

15.8. Клиенттің «Интернет-банкинг» жүйесіндегі операциялары Клиенттің өзі жүргізген операциялар болып есептеледі және Клиенттен алынған нұсқауларға теңестіріледі. Бұл ретте Клиент Банкке орындау үшін жіберілген электрондық құжаттардың мазмұны мен деректемелердің дұрыс енгізілуі үшін толығымен жауапкершілік арқалайды. Даулы жағдайлар туындайтын болса, Клиенттің «Интернет-банкинг» жүйесінде жүргізген операциясы оның аударым жасауға келісімінің растамасы болып табылады.

15.9. «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы қызмет көрсету кезінде Банк пен Клиент арасында ақпарат алмасу клиентті серпінді сәйкестендіру жүргізу арқылы, яғни Клиентті аутентификациялау және оның бір мәртелік парольді (бір уақыттағы код) пайдалана отырып, электрондық банктік қызмет алу құқығын растау рәсімі арқылы жүзеге асырылады.

15.10. Бір мәртелік парольдер клиентке «Мобильдік банкинг» қызметін ұсыну шеңберінде мобильдік байланыс операторлары арқылы SMS-хабарламасы түрінде беріледі.





<< предыдущая страница   следующая страница >>