shkolakz.ru 1 ... 2 3 4

Қозғалыссыз шоттарға қызмет көрсету шарттары





    1. Клиент немесе Карточкалар базасындағы ағымдағы шот бойынша оның заңды өкілдері немесе Клиенттің тапсырмасы бойынша Банк 12 (он екі) ай ішінде шығыс операцияларын жүргізбеген болса, Банк шоттағы қалдық сомасына қарамастан, Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттарға қозғалыссыз шот мәртебесін береді.

    2.  Present карточкалары, Кредиттік карточкалар және Виртуалды Карточкалар үшін ашылған Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттарға қозғалыссыз шот мәртебесі берілмейді.

    3. Карточкалар базасындағы ағымдағы шотқа қозғалыссыз шот мәртебесі берілгеннен кейін және осы шотқа ашылған барлық карточкалар жабылған жағдайда, келесі айдан бастап және Карточкалар базасындағы ағымдағы шотта ақша қалдығы бар болған жағдайда, Банк қозғалыссыз шотқа қызмет көрсеткені үшін Банкке тиесілі комиссиялық сыйақы сомасын Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттан тікелей дебеттеу жолымен жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Шартпен белгіленген берешек сомасын дебеттеу жолымен жүргізуге құқылы және бұл туралы Клиент өзінің сөзсіз келісімін береді.

    4. Карточкалар базасындағы ағымдағы шотқа қозғалыссыз шот мәртебесі берілген жағдайда және осы Карточкалар базасындағы ағымдағы шотқа ашылған соңғы карточка жабылған жағдайда қозғалыссыз шотқа қызмет көрсеткені үшін Банкке тиесілі комиссиялық сыйақы сомасы есептен шығарылады.
    5. Қозғалыссыз шот мәртебесі бар Карточкалар базасындағы ағымдағы шотқа ақша түскен жағдайда қозғалыссыз шотты жүргізгені үшін Банктің комиссиялық сыйақысының есептен шығарылуы 12 ай мерзімге тоқтатылады, бұл ретте Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттың мәртебесі өзгермейді. Қозғалыссыз шот мәртебесі бар Карточкалар базасындағы ағымдағы шотқа ақша түскеннен кейін 12 ай бойы Клиент немесе Карточкалар базасындағы ағымдағы шот бойынша оның заңды өкілдері немесе Клиенттің тапсырмасы бойынша Банк кіріс/шығыс операцияларын жүргізбеген жағдайда Банк қозғалыссыз шотқа қызмет көрсеткені үшін комиссиялық сыйақыны есептен шығаруды қайта бастайды.


    6. Карточкалар базасындағы ағымдағы шот бойынша қозғалыссыз шот мәртебесінің болдырылмауы автоматты түрде, Клиенттің ДСН-кодын қолдана отырып операциялар жүргізуі арқылы немесе Банк Клиентті аутентификациялау жүргізгеннен кейін іске асырылады.


Шығыс операцияларының тізімі, оларды жүргізу кезінде Карточкалар базасындағы ағымдағы шотқа қозғалмайтын шот мәртебесі берілмейді немесе берілген мәртебе қайтып алынады


Банктің карточкалар базасындағы операцияның коды

Операциялардың атауы

FS

«Мобильдік банкинг» жүйесі арқылы баланс сұрату

CA

Картадан картаға ақша аудару (жөнелтуші)

LL

ДСН-кодының есептеуішін нөлге келтіру

CR

Карточкалар базасындағы ағымдағы шотқа кредит лимитін қою

FO

«Мобильдік банкинг» жүйесі арқылы үзінді алу

I5

Бейілділік үшін сатып алу

LA

Банк желісінде баланс алу

BV

Қазақстан Республикасы аумағындағы және одан тыс жерлердегі басқа банктердің желілерінің көмегімен баланс алу

BH

«Казкоммерцбанк» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Евразийский Банк» АҚ, «НУРБАНК» АҚ, «ТемiрБанк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Альфа-Банк» ЕБ АҚ, «AsiaCredit Bank» АҚ, «DeltaBank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Банк ВТБ» (Казахстан) АҚ ЕҰ, «Bank RBK» АҚ желілерінде баланс алу


B0

Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ жеке зейнетақы шоттарынан ағымдағы үзінді алу

A1

Карточка бойынша қолма-қол ақшаны банкоматтардың көмегімен беру

L7

Карт-шот, жинақ/ағымдағы шот бойынша шағын үзінділер алу (соңғы 120 күнтізбелік күн ішіндегі соңғы 10 операция)

PF

Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ жеке зейнетақы шоттарынан үзінді алу (соңғы 120 күнтізбелік күн ішіндегі соңғы 10 операция)

B1

Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ жеке зейнетақы шоттарынан жыл сайынғы үзінді алу

I5

Сауда/сервис кәсіпорындарында банкоматтар, банк терминалдары, "Мобильдік банкинг" немесе "Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг" жүйелерінің көмегімен карточка бойынша төлемдер жасау

J6

Казинода карточка бойынша төлемдер

B1

Банк бөлімшесі арқылы карточка бойынша қолма-қол ақша беру

BK

Cash In арқылы карт-шотқа қолма-қол ақша қабылдау

I0

Сауда/сервис кәсіпорындарында карточка бойынша бонустармен төлемдер



<< предыдущая страница