shkolakz.ru 1 2 ... 74 75

Қазақстан Республикасының орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 14-1/380 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 8 тамызда № 7110 тіркелді

 

Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 56-бабын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 желтоқсандағы № 268 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4011 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюлетенінде 2006 жылғы сәуірде, 212-құжат № 5-6, 2006 жылғы шілдеде, 221-құжат № 11-12 жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Мейрембеков Қ.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
бұйрығымен бекітілген     
2011 жылғы 2 шілдедегі   
№ 14-1/380          

Қазақстан Республикасының орман қорында орман орналастыру жұмыстарын жүргізу ережелері

1 Бөлім. Далалық жұмыстар

1 Тарау. Жалпы қағидалар

1. Параграф. Орман орналастырудың мақсаттары мен міндеттері


      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорында орман орналастыру жұмыстарын жүргізу Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) Қазақстан Республикасының Орман кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 45 қаулысымен (16.01.2004 ж) бекітілген мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыру жұмыстарын жүргізу Ережелері.
      Орман шаруашылығын жүргізу мен орман ресурстарын пайдалану, орманды ұдайы өндіру, күзету және қорғау жұмыстарының тиімділігіне, орман шаруашылығындағы ғылыми-техникалық саясаттың бірыңғай болуына бағытталған шаралар жүйесін жасау орман орналастырудың негізгі мақсаты болып табылады.
      2. Орман орналастырудың негізгі міндеттері:
      1) орман ресурстары, олардың жағдайы мен динамикасы туралы  жан-жақты және нақты мәлімет алу;
      2) мемлекеттік орман кадастрын, мемлекеттік орман қорының есебін, орман мониторингін, ұзақ мерзімге пайдалануға берілетін орман қоры учаскелеріне құжаттар дайындауды (қосымша ақыға) қамтамасыз ететін орман қоры мен орман ресурстарының мәлімет базасын жасау және жаңарту;
      3) ішкі шаруашылығындағы жерлерді ұйымдастыру;
      4) орман қоры жерлерінің есебін және түгендеу құжаттарын, орман карталарын жасау;
      5) орман ресурстарын пайдаланудың барлық түрлерінің, өсіріп-өндірудің, орманды күзету мен қорғаудың және басқа да орман шаруашылық іс-әрекеттердің ғылыми-негізделген мөлшерін анықтау;
      6) МОҚ жерлері ұзақ мерзімді пайдалануға берілген мемлекеттік  ұйымдардың (бұдан әрі – орман иеленушілер) орман орналастыру белгілеген тапсырмаларды орындауын бақылау;
      7) орындалған орман шаруашылық шараларының сапасын және орман пайдалануды бақылау;
      8) Қазақстан Республикасының Орман кодексімен белгіленген басқа да міндеттер.

2. Параграф. Орман орналастыру материалдарын қолдану


      3. Орман орналастыру материалдары бойынша орман орналастыру ұйымының орман иеленушілері үшін орман орналастыру жобасы жасалады. Ол, орман шаруашылығы саласындағы өкілетті органмен бекітілгеннен соң, орман пайдалануды жүргізуге, қазіргі және болашақтағы пайдалануды жоспарлау мен болжауға, басқа да орман шаруашылық мәселелерін шешуге арналған негізгі ұйымдық – шаруашылық құжат болып табылады.
      4. Орман орналастыру материалдарының негізінде:
      1) ормандардың мониторингі, мемлекеттік орман кадастры және  өкілетті орган белгілеген жүйе бойынша орман қорын мемлекеттік есепке алу жұмыстары жүргізіледі;
      2) мемлекеттік орман қоры категориялары (бұдан әрі - МОҚ категориялары) негізделеді және орман пайдалану режимі шектеулі ерекше қорғалатын учаскелер бөлініп шығарылады;
      3) МОҚ категориялары шегінде орманды басты мақсатта кесудің жыл сайынғы мөлшері белгіленеді.
      4) аралық және басқа кесулердің жыл сайынғы көлемі анықталады (орман орналастыру кезінде анықталған орман өсіру қажеттілігіне және орман шаруашылығын жүргізудің экономикалық жағдайларына байланысты  осы кесу түрлері анықталады);
      5) орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру жүргізіледі;
      6) орман иеленушілерімен орман шаруашылық шаралардың басқа түрлерін жүргізудің қажеттілігі негізделеді;
      7) орман шаруашылығына қажет обьектілерге, суландыру мен жол  құрылысына, рекреациялық көркейтуге сметалар мен техникалық жобалар жасау үшін арнайы инженерлік іздестіру мен зерттеулер жүргізіледі.
      5. Облыстағы барлық орман иеленушілері үшін орман орналастыру жобаларының негізінде облыс бойынша жиынтық бір орман орналастыру жобасы және облыс ормандарының картасы, орман мониторингінің ақпараттық базасы жасалады.

3. Параграф. Орман орналастыру объектісі, орман орналастыру жұмыстарының кезеңдері


      6. Орман шаруашылығын жүргізетін заңды және жеке тұлғалардың тұрақты жер пайдалануындағы орман қорының жерлері орман орналастыру объектісі болып табылады.
      Орман иеленушісі аумағының бір бөлігінде ғана орман орналастыруды жүргізуге болады, бірақ ол бір орманшылықтың немесе мастерлік учаскенің аумағынан кем болмайды. Жуықтағы 15-20 жылда шаруашылыққа пайдалануға белгіленбейтін орман аумағында, қажет болса ғарыштық және басқа түсірулерді қолдану арқылы шығын және еңбекті аз қажет ететін ара қашықтық әдістерімен зерттеу жүргізілуі мүмкін.
      7. Орман орналастыруды қажет ететін объектідегі орман орналастыру жұмыстарының толық кезеңі 3 жылдан және үш кезеңнен тұрады – дайындық, далалық, камералдық. Үздіксіз орман орналастыруға көшкен кезде орман орналастыру жұмыстары жыл сайын (қысқартылған түрде) бүкіл тексеру кезеңі бойы жүргізіледі.

4. Параграф. Орман орналастыру жұмыстарының мазмұны

      8. Орман орналастыру Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 55-бабына сәйкес орындалады.
      9. Орман орналастыру жұмыстарының құрамына төмендегі жұмыстар кіреді:
      1) алқаағаштарды кесу және сөлін ағызу жоспарын құрастыру (тапсырыс берушінің есебінен және келісім шарт бойынша);
      2) кеспеағаштарды дайындау және материалдық-қаржылай бағалау  тапсырыс берушінің есебінен);
      3) ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген орман қорының учаскелеріне орман орналастыру жобаларын жасау (орман иеленушілер есебінен);

5. Параграф. Орман орналастырудың түрлері мен әдістері

      10. Орман орналастырудың негізгі әдістері ретінде жас кластары әдісі мен учаскелік әдіс алынады.

      11. Жас кластары әдісі дегеніміз – алқаағаштардың және орманмен қамтылмаған жерлердің өнімділігі мен құрамы, кесу әдісі, шаруашылық жұмысы мен орман таксациялық сипаттамасы бірдей жиынтықтарын құру болып табылады.

      Бұл әдіс бойынша орман орналастырудың барлық есептері (МОҚ категориялары мен ағаш түрлері бойынша) алқағаштардың қорлары мен аудандарының жинағын жас кластарына бөлу негізінде есептеледі.
      Жас кластары әдісінде алғашқы есептік бірлік ретінде таксациялы  телім алынады, ал алғашқы есептесу бірлігі ретінде басым түр алынады.
      12. Орман орналастырудың учаскелік әдісі дегеніміз – бір немесе  бірнеше телімдерден тұрақты шаруашылық учаскелер жасау. Ол телімдерді  таксациялық сипаттамасы әртүрлі болса да, орман өсу жағдайы мен орманды көбейту мақсатының және жобаланатын кешенді орман шаруашылық шаралардың бағытына сай біріктіріледі:
      1) орман орналастырудың учаскелік әдісі – орман шаруашылық және басқа шаралардың жүргізілуі қажет әрбір тұрақты шаруашылық учаскесінде қолданылады;
      2) орман орналастырудың учаскелік әдісі бойынша, орманды пайдалану, күту, өсіру және басқа шаралардың мөлшері есептік шаруашылық бірлік болып табылатын тұрақты шаруашылық учаскесінде таксация кезінде белгіленген көлемдерді қосу арқылы анықталады.
      3) орман орналастырудың учаскелік әдісі кезінде де алғашқы есептік бірлік таксациялық телім болып табылады.
      13. Орман қорында алғашқы, кезеңдік (қайта) және үздіксіз орман орналастыру жүргізілуі мүмкін:
      1) алғашқы орман орналастыру бірінші рет орналастырылатын орман қорының жерлерінде жүргізіледі. Ондай жерлердің аумағы толық ұйымдастырылып орман таксациялық жұмыстардың барлық түрі орындалады; бұл оның ерекшіліктері болып табылады;
      2) кезеңдік (қайта) орман орналастыру бұрын орналастырылған обьектілерде тексеру кезеңінің мерзімі біткен соң жүргізіледі. Мұны жүргізген кезде обьекті аумағының ішкі шаруашылығында түзетулер жасалуы мүмкін. Ал орман таксациясы бұрынғы орман орналастырудың телімдерін барынша сақтау арқылы (шаруашылық әрекеттің нәтижесінде болған өзгерістерді ескере отырып) жүргізіледі.

      Шаруашылық жұмыстармен қамтылмаған обьектілерде орман алқаптары өткен орман орналастырудың материалдарын қолдана отырып және аэрофотосуреттердің камералдық өлшеу дешифровкасы арқылы жүргізіледі, ал алқаағаштардың таксациялық көрсеткіштеріне өткен тексеру кезеңі бойынша өсім қосылып, актуализация жасалады;

      3) үздіксіз орман орналастыру, негіз ретінде қабылданатын кәдімгі орман орналастырудың, шаруашылық жұмыспен қамтылған және табиғи немесе басқа қолайсыз жағдайларға ұшыраған телімдерді жыл сайын түгендеп отыруға ауысуы арқылы іске асырылады. Осының негізінде орман пайдаланудың ағымдағы мәселелері шешіледі (орман қорында бір жылда болған өзгерістерді ескере отырып және орман орналастыру жобасының ұсыныстарына сай), шаруашылық жұмыстардың нәтижелері бағаланады, орман ресурстарының жағдайы туралы ақпарат беріледі. Орман түгендеу жыл сайын келесі орман орналастыруға дейін жүргізіледі.
      4) үздіксіз орман орналастыруды жүргізу нәтижесінде орман иесіне жыл сайын төмендегі құжаттар дайындалады:
      мемлекеттік орман қорының есебі;
      таксациялық көрсеткіштері өзгерген телімдердің таксациялық сипаттамасы;
      өзгеріс болған орамдардың орамдық жинақ ведомосы;
      орман  пайдалану мен орман шаруашылығын жүргізу сапасы туралы  мәліметтер;
      тапсырыс берушімен келісілген жобаланатын орман шаруашылық  шаралардың түзетілген ведомостары.
      5 жыл сайын кейін төмендегідей құжаттар беріледі:
      мемлекеттік орман қоры есебінің бір мезгілдегі мәліметтері (белгілі мерзімде);
      болған өзгерістер енгізілген таксациялық сипаттамалар;
      жобаланатын орман шаруашылық шаралардың түзетілген ведомосы;
      орманшылықтардың жаңартылған пландары (бір данадан) немесе орман мекемесі аумағының өзгерген бөлігіне ғана жасалған пландар.
      5) алғашқы немесе кезекті орман орналастыру кезінде электрондық есеп машинасында телімдер бойынша мәліметтер банкі жасалады және ол негіз болып табылады. Бұл үздіксіз орман орналастыруға өтудің қажетті талабы болып табылады. Кезекті негізгі орман орналастыруда мәліметтер банкі толық жаңартылады.

6. Параграф. Орман орналастыру жұмыстарының разрядтары

      14. Орман орналастырудың разряды орман орналастыру жұмыстарының бөлшектік дәрежесін көрсетеді.

      Орман орналастырудың үш разряды бар:
      1) бірінші разряд – жазық аумақтағы орман қорының шөлден (сексеуіл) басқа жерлері;
      2) екінші разряд-таулы аумақта орман орналастыру;
      3) үшінші разряд (зерттеу) - шөлді аумақтардың ормандарын орналастыру (сексеуілдер).
      15. Бір объектіде, тіпті бір орамда орманды пайдаланудың, орман шаруашылығын жүргізудің қарқындылығына және ормандардың шаруашылық құндылығына қарап орман орналастыруды әртүрлі разрядпен жүргізуге рұқсат етіледі: шөлді аумақтардағы объектілерде (сексеуілдер) - 1П разряд (зерттеу), тоғайлы ормандарда - 1-разряд; таулы объектілерде (орманды жерлер) - 1 разряд, ормансыз жерлер-П разряд).
      16. Орман қорын орналастыру, орман орналастырудың разрядтарына байланысты осы Ережеге 1-қосымшаның 1-кестесіндегі талаптарға сай жүргізіледі.
      Бұл талаптар орман қорының алғашқы есептік бірлігін-таксациялық телімдерді жасағанда ескеріледі.
      Орналастырылатын объектідегі ормандардың өсу жағдайына және жеке учаскелердің ерекшеліктеріне байланысты, жекелеген жағдайларда таксациялық телімдердің орташа ауданы осы Ережеге 1-қосымшаның 1-кестесіндегі аудандардан ауытқуы мүмкін. Бірдей орман учаскелерін телімнің орташа ауданын сақтау үшін негізсіз бөлшектеуге болмайды.
      Табиғи ескерткіштерді, географиялық екпелерді, тұқымдық аналық плантацияларды және ерекше бағалы сүрекдіңдерді таксациялау кезінде таксациялық телімдердің ауданы осы Ережеге 1-қосымшаның 1-кестесіндегі белгілегеннен төмен болуы мүмкін.
      17. Орман орналастырудың екінші разрядында піскен орман жас орманның арасында, жас орман піскен орманның арасында және ормансыз жерлердің (шабындықтар мен егістіктерден басқасы) ауданы 0,5 гектар кем болмаса ғана бөлініп шығарылады, ал үшінші разрядта (зерттеу) 5 гектар кем болмайды.

      18. Аэрофотосуретсіз орман орналастыруда таксация пункттерін  бағдар белгілеріне (ориентирлерге) байланыстыру үшін таксациялық визирлер және басқа жүріс сызықтары жеткілікті болып салынады. Өткен орман орналастырудың планшеттері, қажетті масштабтағы топокарталар және фотопландар пландық-картографиялық негіз болып табылады.


7. Параграф. Орман орналастыру жұмыстарының қайталану мерзімі

      19. Орман орналастырудың қайталануы, орман орналастырудың түріне, алқаағаштардың өсу сипатына, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің (бұдан әрі – орман мекемелері) орманды қорғау, күзету, орман қорын пайдалану және орманды ұдайы өндіру мен өсіру саласындағы жұмыстарына байланысты осы Ережеге 1-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес анықталады.
      20. Тексеру кезеңінің ұзақтығы өкілетті органмен ұзартылуы немесе қысқартылуы мүмкін.
      21. Шаруашылықты қарқынды жүргізу мен табиғи апаттарға байланысты орман қорында елеулі өзгерістер болған жағдайда, өкілетті орган тексеру кезеңі бітпей тұрып, кезектен тыс орман орналастыруды белгілеуі мүмкін.

2. Тарау. Орман орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру

1. Параграф. Орман орналастыру жұмыстарын орындайтын ұйымдар және оларды қаржыландыру тәртібі

      22. Орман қорының жерлері қандай мемлекеттік органның құрамында болса да арнайы жүйемен орналастырылады.
      23. Арнайы орман орналастыру ұйымы орман орналастыру жұмыстарын өкілетті органмен немесе басқа да мемлекеттік органдардың құрамындағы орман иеленушілермен жасалған келісім-шарт бойынша орындайды.
      24. Орман орналастыру жұмыстарына келісім-шарт жасаудан бұрын, дайындық жұмыстары жүргізіледі. Дайындық жұмыстары кезінде орман орналастыру жүргізілетін объектілердегі орман шаруашылық өндірістің қарқындылығына және ерекшеліктеріне байланысты жұмыс технологиясы анық алады.
      25. Орман орналастыру ұйымы, тапсырыс берушінің келісімімен, орман орналастыру объектісі аумағында орман қоры учаскелері сипаттамасының нормативтік дәлдігі мен нақтылығын қамтамасыз ететін таксацияның әртүрлі әдістерін қолдануы мүмкін.



следующая страница >>