shkolakz.ru 1
Мақсаты:Балаларды қоршаған ортамен таныстыру.Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру.Айналамен таныстыру сабағына қызығушылықтарын арттыру.


Көрнекіліктер:ағаштар,құстардың қиылып алынған суреттері,аюдың апаны,жануарлардың суреттері,көліктің рульдері.


Сабақтың барысы:

Балалар келген қонақтармен сәлемдеседі.

Тәрбиеші:-Балалар,бүгін біздің айналамен танысу сабағы ерекше сабақ болайын деп тұр,өйткені бүгінгі сабақта біз сендермен орманға

саяхатқа аттанамыз.Балалар,саяхатқа шығу үшін бізге не керек?(көлік)

Көліктерімізге отырып саяхатқа аттанайық.(Тәрбиеші балаларға рульдерді таратады).Орманға тез ,көңілді жету үшін ән айтып барайық,бірақ жол ережесін де ұмытып кетпейік.

Ән айтылады.

Тәрбиеші:-Міне,балалар,орманға да келіп жеттік.

-Далада қазір жылдың қай мезгілі?(қыс)

-Жерде не жатыр?(қар)

-Ауа райы қандай?(суық)

-Айналаға қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?(ағаштарды)

-Ағаштардың жапырақтары бар ма?Неге?(Қыста ағаштардың жапырақтары болмайды)

-Ағаштардың пайдасы бар ма ?(олар ауаны тазартады,ағаштан қағаз жасалады).

-Осынша пайдасы бар ағаштарымыз туралы мақал білесіңдер ма?


Айтбек:Ағаш ексең аялап,

Басыңа болар сая бақ.

Нұрай:Атаңнан мал қалғанша,тал қалсын.

Нұрсұлу:Қыз өссе,елдің көркі,

Көк өссе,жердің көркі.


Осы кезде құстардың дауысы шығады.

Тәрбиеші:-Мынау не,балалар?(құстар).Құстар аз көрінеді,қыстап қалған құстар ғана.Олар:ала қарғалар,торғайлар,сауысқандар,суық торғайлар.Бұл құстарға қыста қорек табу өте қиын.Олар аңдардың ізіндегі қардан ашылған шөптің дәнін теріп жейді.Ағаш бүршігімен,кепкен жеміс-жидекпен қоректенеді.

-Ал,қалған құстар қайда?(олар жылы жаққа ұшып кеткен).

-Ал,құстар орманға қандай пайда келтіреді?(ағашарды құрт-құмырсқадан тазартады).

-Құстар туралы тақпақ білесіндер ма?

Диляра: Торғай,торғай,тоқылдақ,


Жерден тары шоқып ап.

Бөтегесі бұлтиып,

Момақансып отырып ап.

Шерхан: Тақылдатып мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Тоқылдақ орманды емдейді.

Тәрбиеші:-Қараңдаршы,балалар,мынау не ?(ін).Мынау аюдың іні.Оны басқаша айтқанда аюдың апаны дейді.Аю қыста ұйқыға кетеді.Ол енді көктемде бірақ оянады.Аю жеміс-жидекпен,балықпен қоректенеді,ал қыста жеміс-жидек болмайды.Көл-өзендер қалың мұз болып қатады,балық аулау қиынға түседі.

Тәрбиеші:-Балалар,сендер тонып қалған шығарсыңдар,аюды оятып алмай,кішкентай аюлар сияқты би билейікші.


Сергіту сәті.Аюлар биі.

Осыдан кейін қоян кіріп келеді.

Қоян:-Сендер кімсіңдер?Орманда не істеп жүрсіңдер?

Тәрбиеші:Бұл-мектепалды даярлық тобының балалары.Біз орманға саяхатқа келдік.Ал сен кімсің?

Қоян:Мен-қоянмын.Біз орман тұрғындары келген қонақтарға ризамыз.Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.


Ойын «Не артық ?».

Мақсаты:Балаларды орман тұрғындарын үй жануарларынан ажырата білуге дағдыландыру.

Шарты:Бала жабайы жануарлардың ортасынан үй жануарын тауып алуы керек.Аю,қасқыр,түлкі,сиыр т.б.


Қоян:Ақылды балалар екенсіңдер.Тағы бір жұмбақ жасырайын.

Тәрбиеші:Қоян,бізді жылы қарсы алғанына рахмет.Біздің мектепке қайтатын уақытымыз келді.Көліктерімізге отырып қайтайық.Мектепке тез,көңілді қайту үшін білетін әнімізді айтып барайық.

Қоян:Сау болыңдар,балалар !


Ән «Кел,билейік !»

Балалар әуенмен мектепке оралады.

Тәрбиеші:Балалар,сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма ?Орманда не көрдік?Кімді кездестірдік?Орманда қандай аңдар тұрады екен?Тағы орманға саяхатқа барамыз ба?

Тәрбиеші:Осы ормандағы құстарды,аңдарды қорғайтын сендерсіңдер.Ел байлығы-жер байлығы.Осы байлығымызды аялайық.Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.Қонақтармен қоштасайық.Сау болыңыз.


№82 білім беру орта мектебі.


Қысқы орманға саяхат.


Өткізген:

Мектепалды даярлық тобының

тәрбиешісі: Искакова А.Б.


Қарағанды-2010.