shkolakz.ru 1

Мақсаты:


Білімділік: СПИД жөнінде толық мәліметтер беру.

Тәрбиелік: Оқушыларға таза достық қарым-қатынасқа, сыпайы сыйластыққа,

әдемі әдептілікке және «Махаббат, құмарлық пен ол екі жол» деп Абай атамыз айтқандай, махаббатты құмарлықтан айыра білуге тәрбиелеу. Оқушыны кездейсоқ ауырған науқасқа теріс көзқараста болмауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Әртүрлі ой қозғаушы сұрақтар арқылы оқушының түсінігін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.

Әдісі: Әңгімелесу, пікір таласу.

Мұғалім: Бүгінгі күнгі үлкен қатерлі жағдайдың бірі аурулардың көбейюі, соның ішінде СПИД-тің кең етек алуы.


1 –оқушы: СПИД ауруы бірден білінбейді. Кейбір Африка ғалымдары СПИД АҚШ-тан тарады, бұл сырқатпен алғаш ауырған адам 1981 жылы сонда анықталды деп пайымдайды. Алайда мамандардың көбі СПИД-тің отаны Орталық Африка дегенге саяды. Олар Африканың қалың ормандарында тұратын тайпаларда бұл ауру бұрыннан белгілі болуы мүмкін, бертін келе халықтың әрлі-берлі жүріп тұруына байланысты тараған болу ықтимал деп тұжырымдайды. Осы арада айта кетерлік жайт, СПИД-тің екі қоздырушы вирусы болады. 1983 жылы Прижде Пастер институтындағы зертханада СПИД-ті туғызатын вирусты Люк Монтанье деген ғалым тапты. Ол тапқан вирусын «ВИЧ» (вирус имунодефицита человека ) деп атады. Бес жылда бұл вирус жер шарына кең таралады. Қазір бүкіл Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мәліметі ойынша, оны жұқтырған адамның саны 5 миллионнан 10 миллионға жетті.

Аурудың алғашқы белгілері бес жылдан соң байқалады, бұл уақыт ішінде

ол ауруын талай адамға жұқтыру ғажап емес.

2-оқушы: Бұл аурудың алғашқы белгісі – шаршағыштық, әлсіздік, терлегіштік және тамақ астындағы, қолтықтағы бездердің ісінуі болып табылады. Сондай-ақ, сырқаттың еңбекке деген қабілеті кемиді, тамаққа тәбеті шаппайды, салмағын жоғалтады, яғни жүдеп кетеді. Дене қызуы көтеріліп , ол ұзақ бойы төмен түспейді. Ауыздағы сілекей қабығна ақ таңдақ түседі.


3-оқушы: Сондықтан бұл өлім себушіге қарсы күрес жүргізу әрбір адамның қасиетті міндеті болуға тиіс. Менің пікірім бойынша, кейбір адамдарды тәрбиелеуші орта – көше.

4-оқушы: «Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде» дейді ғой біздің халық. Сонда ауырмайтын жолды осы медицина мамандарынан іздеу керек.

5-оқушы: «Дұшпан күлдіріп айтады, Дос жылатып айтады» демекші, қоршаған

орта, яғни достарыңның өздері қисық жолға түспеуіңе ықпал етіп, жолдастық кеңестерді айтуы керек.

6-оқушы: ХХІ ғасыр-техника, ақпараттың ғасыры. Барлық ақпаратты тек теледидар, радио, газет-журнал тараптарынан іздеу керек.Тәрбие ошағы –жанұя. Сондықтан барлық тәрбиені жанұя береді деп ойлаймын.

Мұғалім: Ауырған адаммен қарым-қатынас қалай болуы керек?


Оқушылар пікір алмасады.

1-оқушы: Оларды қоғамнан алыстатуымыз керек деп ойлаймын. Өйткені олар «Мен ғана осы қатерлі дертпен ауруым керек пе?» деп барша адамдарға жұқтыруы мүмкін.

2-оқушы: Мен керсінше ойлаймын. Оларға біз көңіл бөліп, одан әрі оның өмірден түңілмеуіне үлесімізді тигізуіміз керек.

3-оқушы: Біз көмегімізді көрсетуіміз керек. Олар да адам емес пе? Мүмкін біздің көмегімізбен СПИД-пен ауырған жағдайда да ешкімді ол дертке шалмас деп үміттенеміз.

4-оқушы: Оларды алыстату керек және барлық СПИД- пен ауыратын адамдар үшін бір мекеме жасалып, оларды қоғамнан , ортадан алыстатып, сол жерде ұстау керек.

5-оқушы: Егер де біз оларға неғұрлым көңілді көп бөлетін болсақ, онда олар «бізді аяп жатыр» деп бөлектенуден қашып , керсінше ол дертке адамдарды шалдықтыруы мүмкін.

Мұғалім: Өзіміз өмір сүріп отырған уақытта жиі кездесетін жағдайдың бірі осылай болған еді. Бір жас келіншек құлағын тестіреді. Біраз уақыт өткеннен соң өзінің денсаулығындағы өзгерістерді байқап тексерілуге барады. Ол өзінің қатерлі ауруды жұқтырғанын біліп жасырын ұстайды. Бір күні тісі ауырып тісін жұлдырту керек болды. Ауруын жасырғысы келіп мемлекеттік емханалардан қашып жеке меншік ашылған емханада ешқандай анализ өткізбей, тексерусіз тісін жұлдырады. Жас келіншек келесі «құрбан» кім екенін білуге есік алдында аз ойланады. Ол тісін қолымен басқан 15-16 жасар бүлдіршін қызды көріп көз жасын моншақтата төгіп жүгіре жөнеледі. Аяусыз тағдырға, даусыз дертке кім кінәлі?


Қадірлі оқушылар бұл болған, болмаған белгісіз газетке жазылған әңгіме үзіндісі десек те, бізді ойландырар жағдайлар жетерлік. Осы жағдайда кімді кінәлі санайсыз?


6-оқушы: Менің ойымша, бұл жағдайда дәрігер стамтаологқа барған келіншек кінәлі. Егер де ол болған жағдайдың өзінде СПИД атты қатерлі дертпен ауыратыны жайлы дәрігерлерге ескерткен болса , онда аяусыз тағдырға ұшыраған 15-16 жастағы қызды ауруға шалмас еді.

1-оқушы: Ал менің ойымша , сол келіншектің алдында құлағын тестірген адам кінәлі. Өйткені ондай аурумен ауырған соң құлақ тестіріп және басқа да адамдарға жұқтырудың мәні неде?

2-оқушы: Менің пікірімше, бұл жағдайдағы 15-16 жастағы қыздың да кінәсі бар. Себебі ондай жастағы жасөспірімдер мемлекеттік емханаларда емделуі тиіс. Сол жағдайда мүмкін ол мұндай тағдырға душар болмас па еді!?

3-оқушы: Мен өз ойымды білдіретін болсам, құлақ тесетін адам да кінәлі. Өйткені әр адамнан кейін инені арнайы микробтарды өлтіретін сұйықтықтарға салуы керек. СПИД вирусы келесі адамға жұқты, яғни адам ондай жұмыстарды атқарған емес.4-оқушы: Кінәлі стоматолог деп есептеймін, себебі бір адамға қолданған құрал-жабдықтарды ешқандай тазартусыз екінші адамға қолдану дұрыс емес. Егер ондай болмағанда, қаншама адам дауасыз дерттен аман қалар еді.

Дін



Тәрбие көздері

Педагог

Жанұя

Медицина

Көше