shkolakz.ru 1 2 3




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2012 жылғы 27 қыркүйектегі

378-ө-м бұйрығымен

бекiтiлген


Мемлекеттiк мекемелер мен қазыналык кәсіпорындардың, қызмет салаларының барлығына ортақ мамандардын жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамалары


1. Жалпы ережелер


1. Бас бухгалтер, бас инженер, бас технолог, бас энергетик басшылар лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамалары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы № 273-б бұйрығымен бекiтiлген Басшылардың, мамандардың және өзге де қызметкерлер лауазымдарьшың бiлiктiлiк анықтамалығында белгіленген.

2. Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу кезiнде тиiстi лауазымға ңақты ұйымдық-техникалық жағдайда тән жұмыстар тізімін нақтылауға рұқсат етіледі және қызметкерлердің кажетті арнайы даярлығына талаптар бекiтiледi.

3. Қызметкерлердің ic жүзiнде атқаратын лауазымдық мiндеттерi мен бiлiктiлiгiн комиссия (бiлiктiлiк, аттестациялық) белгілейді. Бұл ретте жұмыстардың сапалы және тиімді орындалуына аса назар аударылады.


2. Есепшi


4. Лауазымдык мiндеттерi:

мүліктің, міндеттемелер мен шаруашылық операциалардың ( негізгі қорлардың, тауар – материалдық құндылықтардың, өндіріс, өнімді сату шығындарын, шаруашылық-қаржы қызметінің қортындыларын, жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу және тағы басқа) бухгалтерлiк есебiн жүргiзу жөнiндегi жұмысты атқарады, қаржы тәртiбiн және ресурстардың ұтымды пайдаланылуын қадағалайды, бухгалтерлiк есептің тиiстi учаскелерi бойынша алғашқы:құжаттамаларды кабылдауды жене бакылауды жүзеге асырады жене оларды есептiк өндеуге даярлайды, негiзгi қорлардың, тауар - материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысымен байланысты операцияларды бухгалтерлiк есеп шоттарында көрсетедi, өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзiндiк құнына есептiк калькуляция жасайды, зияндар мен өндірістік емес шығындардың құралу көздерін аныктайды, олардын алдын алу жөнiнде ұсыныстар даярлайды, салық жене бюджетке баска да мiндеттi төлемдердi, зейнетақы аударымдары мен заңнамаға сәйкес басқа да төлемдердi, күрделi салымдарды, қызметкерлердің жалақысын қаржыландыруға арналған қаражатты есептеудi және аударуды жүргiзедi, басшыларды, несиегерлердi, инвесторларды, аудиторлар мен басқа да бухгалтерлiк есептемелердi пайдаланушыларды есептің тиiстi бағыттары (учаскелерi) бойынша салыстырмалы және расталған бухгалтерлiк ақпаратпен қамтамасыз етедi, шоттардың жұмыс жоспарын (бюджеттiк багдарламаларды қаржыландыру жоспарларын), үлгiлiк нысаны көзделмеген, шаруашылық операцияларды рәсімдеу үшін колданылатын алғашкы құжат нысандарын, сондай -ақ iшкi бухгалтерлiк есеп үшiн қажетті құжаттардың нысандарын әзiрлейдi, есеп жүргізудің және бухгалтерлiк ақпаратты өндеу технологиясынын негізгі тәсiлдерi мен әдiстерiнің мазмұнын анықтауға қатысады, ішкi шаруашылык резервтерiн анықтау, үнемдеу кестесі мен құжат айналымын жетiлдiру, казіргі заманғы есептеу құралдарын қолдану негiзiнде бухгалтерлiк есептің прогрессивтік нысандары мен әдістерін әзірлеу және енгізу, ақша қаражаты мен тауар- материалдық құндылықтарға түгендеме жүргізу мақсатында бухгалтерлiк есеп және есептеме деректерi бойынша қаржы - шаруашылық қызметке экономикалық талдау жургізуге қатысады, есептеме жасау үшiн бухгалтерлiк есептің тиiстi учаскелерi бойынша деректер әзiрлейдi, бухгалтерлiк құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа еткiзуге рәсімдейді, бухгалтерлiк ақпараттар дерекқорын қалыптастыру, жургізу және сақтау жөніндегі жұмыстарды атқарады, деректерді өңдеу кезiнде пайдаланылатын анықтамалык жене нормативтiк акпараттарга езгерiстер енгiзедi, мiндеттердiң, не олардың есептеу техникасының көмегімен шешілетін жекелеген кезеңдерінің, экономикалық қойылымын қалыптастыруға қатысады экономикалық ақпаратты өндеудің экономикалық негізделген жүйесін құруға мүмкiндiк беретiн дайын жобалардың, алгоритмдердің, қолданбалы багдарламалар топтамаларының қолданылу мумкіндігін аныктайды.


5. Бiлyi тиiс:

Казакстан Республикасынын заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, мүлiктiң бухгалтерлiк есебiн ұйымдастыру жөнiндегi әдiстемелiк материалдарды, мiндеттемелер мен шаруашылық операцияларын және есептеме жасауды, ұйымдагы бухгалтерлiк есептің нысандары мен әдicтерiн, жоспар мен шоттар корреспонденцияларын, негізгі қорларды, құжаттамалық рәсімдеу және тауар- материалдық құндылықтар мен ақша қаражатының қозғалысымен байланысты операцияларды бухгалтерлiк есеп шоттарында көрсетудi, ұйымның шаруашылық - қаржы кызметіне экономикалық талдау жасау әдістерін, есептеу техникасын пайдалану ережесiн, экономиканы, еңбекті ұйымдастыруды және баскаруды, шаруашылық жүргiзу әдiстерiн, Казакстан Республикасынын еңбек туралы заңнамасының негiздерiн, енбекті қорғау ережелері мен нормаларын.

6. Бiлiктiлiк талаптары:

1) Бiлiктiлiгi жоғары денгейдегі маман:

жоғары санаттағы: кәсiптiк (қаржы -экономикалық) жоғары бiлiм мен бiрiншi санаттағы бухгалтер мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажьr.

бiрiншi санаттағы: кәсiптiк (қаржы -экономикалық) жоrғары бiлiм мен екiншi санаттағы бухгалтер мамандығы бойынша кемiнде 2 жыл жұмыс стажы немесе мамандыrы бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс стажы;

екiншi санаттағы: кәсiптiк (қаржы -экономикалық) жоғары бiлiм мен бухгалтер мамандығы бойынша кемiнде 1 жыл жұмыс стажы немесе мамандыrы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс стажы;

санаты жок: кәсiптiк (қаржы -экономикалық) жоғары бiлiм, жұмыс стажы талап етiлмейдi немесе кәсiптiк жоғары бiлiм, белгіленген бағдарлама бойынша арнаулы даярлық және есеп және бақылау бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс стажы.

2) Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi маман:

жоғары санаттағы: кәсiптiк (қаржы -экономикалық) орта бiлiм мен бiрiншi санаттагы бухгалтер мамандыrы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс стажы немесе мамандыrы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс стажы;


бiрiншi санаттағы: кәсiптiк (қаржы -экономикалық) орта бiлiм мен екiншi санаттағы бухгалтер мамандығы бойынша кемiнде 2 жыл жұмыс стажы немесе мамандығы бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс стажы;

екiншi санаттағы: кәсiптiк (қаржы -экономикалық) орта бiлiм мен бухгалтер мамандығы бойынша кемiнде 1 жыл жұмыс стажы немесе мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс стажы;

санаты жоқ: кәсiптiк (қаржы -экономикалық) орта бiлiм, жұмыс стажы талап етiлмейдi немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнаулы даярлық және есеп және бақылау бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс стажы.


3. Барлық мамандықтағы инженер


7. Лауазымдық мiндеттерi:

есептеу техникасын, коммуникациялар мен байланыс құралдарын пайдалана отырып жобалау, құрылыс салу, акпараттық қызмет көрсету, өндiрiстi, енбекті және басқаруды. метрологиялық қамтамасыз ету, техникалық бақылау және тағы басқа жөніндегі ғылыми - техникалық қызмет саласындағы жұмысты атқарады, әдiстемелiк және басқа да құжаттарды, техникалық құжаттамалы, сондай - ақ ұсыныстар мен әзiрленген жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру жөнiндегi баска да ic - шараларды әзірлейді, техникалық - экономикалық талдау жүргiзедi, қабылданатын және іске асырылатын шешiмдердi кешендi негiздейдi, жұмыстардың (қызметтердің) орындалу циклдарын қысқарту мүмкiндiктерiн iздестiредi, олардың орындалу процесiн дайындауға, ұйымның бөлiмшелерiн техникалық деректермен, құжаттармен, материалдармен, жабдықтармен және тағы басқа қамтамасыз етуге жәрдемдеседi, зерттеу, ұйымның (ұйым бөлiмшесiнiң) жобалары мен бағдарламаларын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарға, жабдыктарды сынаумен және оны пайдалануға енгiзумен байланысты iс-шараларды өткiзуге, сондай-ақ техникалық құралдарды, жүйелердi, процестердi, жабдықтармен материалдарды стандарттау жөніндегі жұмыстарды атқаруға, техникалық құжаттаманы қарауға және орындалатын жұмыс мәселелері жөніндегі кажетті шолуларды, пікірлерді, қорытындыларды қарауға қатысады, ақпаратты, техникалық деректердi, жұмыстың көрсеткiштерi мен нәтижелерін зерттейдi және талдайды, оларды жинақтайды және жүйелейдi, қазіргі заманғы электронды -есептеу техникасын пайдалана отырып, кажетті есептер жасайды, жұмыс кестелерін, тапсырыстарды, өтінімдерді, нұсқаулыктарды, түсіндерме жазбаларды, карталарды, тәсiлдердi, баска да техникалық құжаттамаларды, сондай -ақ бекiтiлген нысандар бойынша белгіленген есептеменi белгiлi бiр мерзiмдерде жасайды, жобалар мен бағдарламаларды, жоспарлар мен шарттарды іске асыру кезiнде едicтемелiк және практикалық көмек көрсетедi, техникалық құжаттамаларға сараптама, жабдыктардың жағдайын және пайдаланылуын кадағалауды және бакылауды жүзеге асырады, белгіленген талаптардың, қолданылып жүрген нормалардың, ережелер мен стандарттардың сақталуын бақылайды, қызметкерлердiң ғылыми -техникалық бiлiмдерiн арттыру жөнiндегi жұмысты уйымдастырады, шыгармашылық бас маманы, жанашылдықты, өнертапқыштықты дамытуға, ұйымның тиiмдi жұмысын камтамасыз ететін отандық және шетелдік ғылым мен техника жетiстiктерiн пайдалануға жәрдемдеседi.


8. Бiлyi тиiс:

Қазақстан Республикасының заңнамалык және өзге де нормативтік құқықтық, актілерін, орындалатын жұмыс жөніндегі әдiстемелiк және басқа материалдарды, ұйымның (ұйымның бөлiмшелерiнiң) техникалық даму перспективасын және кызметінің ерекшелігін, жұмыстың қағидаттарын, әзірленетін және пайдаланылатын техникалық құралдардың, материалдардын техникалық сипаттамаларын, конструктивті ерекшелгін және олардың кәсиеттерін, есептеу техникасының, коммуникация мен байланыстың казіргі құралдарын, зерттеу тәсiлдерiн, орындалатын жумыстың тәртiбi мен жағдайын, техникалық құжаттарға, материалдарға, құрал - жабдыктарға койылатын негiзгi талаптарды, техникалық құралдарды әзірлеу және рәсімдеу жөніндегі қолданылып жүрген стандарттарды, техникалық жағдайларды, ережелер мен нұсқаулыктарды, зерттеулер мен әзірлемелерге техникалык есептер жүргiзу және экономикалык тиімділігін белгiлеу тәсiлдерiн, тиiстi қызмет саласындағы ғылым мен техниканын жетістіктерін, алдынғы қатарлы отандық және шетелдiк тәжiрибенi, экономика, енбекті ұйымдастыру және басқару негiздерiн, Казакстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негiздерiн, енбекті қорғау ережелерi мен нормаларын.

9. Бiлiктiлiк талаптары:

1) Бiлiктiлiгi жоғары денгейдегі маман:

жоғары санаттағы: кәсiптiк жоғары бiлiм мен бiрiншi санаттағы инженер мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс стажы немесе мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс стажы;

бiрiншi санаттағы: кәсіптік жоғары бiлiм мен екiншi санаттағы инженер мамандығы бойынша кемiнде 2 жыл жұмыс стажы немесе мамандығы бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс стажы;

екiншi санаттағы: кәсiптiк жоғары бiлiм мен инженер мамандығы бойынша кемiнде 1 жыл жұмыс стажы немесе мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс стажы;

санаты жок: кәсiптiк жоғары бiлiм, жұмыс стажы талап етілмейді.

2) Бiлiктiлiгi орта денгейдегі маман:

жоғары санаттағы: кәсiптiк орта бiлiм мен бiрiншi санаттағы инженертехникалық кызметтерде кемiнде 3 жыл жұмыс стажы немесе мамандыгы бойынша кемiнде 5 жыл жүмыс стажы;


бiрiншi санаттағы: кәсiптiк орта бiлiм мен екiншi санаттағы инженер-техникалық қызметтерде кемiнде 2 жыл жұмыс стажы немесе маманлығы бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс стажы;

екiншi санаттағы: кәсiптiк орта бiлiм мен инженер-техникалық қызметтерде кемiнде 1 жыл жұмыс стажы немесе мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс стажы;

санаты жок: кәсіптік орта бiлiм, жұмыс стажы талап етілмейді.


4. Кадрлар жөніндегі инспектор

10. Лауазымдық мiндеттерi:

ұйымның, оның бөлiмшелерiнiң дербес құрамының есебін бастапқы есеп құжаттарының реттеу нысандарына сәйкес жүргiзедi, еңбек туралы заңнамаға, ұйым бастығының ережелерi мен бұйрықтарына сәйкес қызметкерлерді, қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату, сондай -ақ кадрлар жөнiндегi баска да белгіленген құжаттарды рәсімдейді, қызметкерлердiң жеке iс қағаздарын рәсiмдейдi және жүргiзедi, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерiстер енгiзедi, бiлiктiлiк, аттестациялық, конкурстық комиссиялар ушін кажетті құжаттар мен кызметкерлерді көтермелеу және марапаттауға ұсынымдар әзірлеәді;еңбек кiтапшаларын толтырады, есепке алады және сақтайды, қызметкерлердің енбек кызметі туралы аныктамалар бередi, жұмыс iстейтiн адамдардың еңбек кiтапшаларына және басқа да құжаттарына қажеттi жазбалар жүргiзедi, ұйым қызметкерлерi туралы деректер банкiне қызметкерлердің сандык және сапалық құрамы туралы ақпарат енгізеді, оның уақтылы жаңаруы мен толтырылуын қадағалайды, қызметкерлерге демалыс берудің есебiн жургізеді, кезекті демалыс кестесін жасауды және сақтауды бақылайды, кадр тұрактамаушылығының себептерiн зерттейдi, оны төмендету жөнiнде ic- шаралар әзірлейді, құжаттарды ағымдағы сақтаудың белгiлi мерзiмi аякталғаннан кейiн мұрағатка тапсыру үшiн әзірлейді, белпленген есептiлiк жүргiзедi.

11. Бiлyi тиiс:

Қазақстан Республикасының заңнамалык және өзге де нормативтiк құқықтық актілерін, кызметшілердің есебi мен қозгалысы жөнiнде құжаттар жүргiзу бойынша әдiстемелiк материалдарды, Қазақстан Республикасының еңбек және зейнетақы заңнамасын, ұйымның құрылымы мен штатын, ұйым қызметкерлерінің еңбек кiтапшалары мен жеке ic қағаздарын рәсiмдеу, жүргiзу және сақтау тәртiбiн, жұмыскерлер кәсiптерi мен қызметшілер лауазымдарының атауларын беру, кызметкерлерге зейнетакы тағайындау тәртiбiн, кадрлар қозғалысын есепке алу тәртiбiн және белгіленген есептiлiк жасауды, ұйымның қызметшiлерi туралы деректер банкiн жүргiзу тәртiбiн, ic жүргiзу негiздерiн, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негiздерiн, еңбекті қоргау ережелерi мен нормаларын.


12. Бiлiктiлiк талаптары:

1) Бiлiктiлiгi орта денгейдегі маман:

жоғары санаттағы: кәсіптік орта бiлiм мен бiрiншi санаттағы инспектор қызметінде кемiнде 3 жыл жұмыс стажы немесе мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс стажы;

бiрiншi санаттағы: кәсiптiк орта бiлiм мен екiншi санаттағы инспектор кызмегінде кемiнде 2 жыл жұмыс стажы немесе мамандығы бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс стажы;

екiншi санаттағы: кәсiптiк орта бiлiм мен инспектор кызметінде кемiнде 1 жыл жұмыс стажы немесе мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс стажы;

санаты жоқ: кәсiптiк орта бiлiм, жұмыс стажы талап етілмейді.


5. Зертханашы

(бiлiм жене денсаулык сактау уйымдарыныц зертханашыларынан баска)


13. Лауазымдық міндеттері:

зерттеулер мен әзiрлеулер жүргізілген кезде зертханалық талдаулар, сынақтар, өлшеулер және жұмыстың басқа түрлерiн жүргiзедi, зерттеулер барысында бекiтiлген жұмыс бағдарламасына сәйкес материалдар жинаyға және өңдеуге қатысады, зертханалык жабдыкгарды қадағалайды, жөндейді, әзiрленген нұскаулыктар мен баска да техникалық құжаттарға сәйкес тәжiрибелер өткiзуге жабдықтар (приборлар, аппаратура) дайындайды, оны тексередi және реттейді, тәжiрибе жүргiзуге қатысады. кажетті әзірлеу және көмектесу операцияларын жүзеге асырады, қадағалайды, приборлардың көрсеткiштерiн жазып алады, журнал жүргiзедi, бөлiмшенiң қызметшілерін жұмысқа қажет жабдықтармен, материалдармен, реактивтермен және тағы басқа қамтамасыз етедi, әдiстемелiк құжаттарға сәйкес талдау, сынақ, өлшеулер нәтижелерiн өндейдi, жүйеге келтiредi және рәсiмдейдi, оларға есеп жүргiзедi, белгіленген тапсырмаға сәйкес әдеби көздерден, реферативтi және ақпараттық басылымдардан деректердi iрiктеп алады, Жүргiзiлетiн зерттеулермен және тежiрибелермен байланысты есептеу және графикалық жұмыстарды орындайды, орындалған жұмыстар жөнiндегi техникалык: құжаттарды жасаyға және рәсімдеуге қатысады.


14. Бiлyі тиiс:

жұмыстың тақырыптамасына қатысты басқару, нормативтік және анықтамалық материалдарды, талдаулар, сынақтар және зерттеудiң басқа да түрлерiн жүргiзудiң әдiстерiн, әзiрленетiн техникалык құжаттарға қолданылып жүрген стандарттар мен техникалық жағдайларды, оны рәсiмдеудiң тәртiбiн, зертханалық жабдықтарды бақылау-өлшеу аппаратурасын және оларды пайдалану ережесiн, техникалық есептер, есептеу және графикалық жұмыстар орындаудын әдiстерi мен құралдарьн, экономика, енбек жене өндiрicтi ұйымдастыру негiздерiн, есептеу техника сын пайдалану ережесiн, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негiздерiн, еңбекті қорғаудың ережелерi мен нормаларын.

15. Бiлiктiлiк талаптары:

1) Бiлiктiлiгi жоғары денгейдегі маман:

жоғары санаттағы: кәсiптiк жоғары бiлiм мен бiрiншi санаттағы зертханашы мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл немесе мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс стажы;

бiрiншi санаттағы: кәсiптiк жоғары бiлiм мен екiншi санаттағы зертханашы мамандығы бойынша кемiнде 2 жыл немесе мамандыrы бойынша кемiнде 4 жыл жумыс стажы;

екiншi санаттағы: кәсiптiк жоғары бiлiм мен зертханашы мамандығы бойынша кемiнде 1 жыл немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы;

санаты жок: кәсiптiк жоғары бiлiм жене жұмыс стажы талап етілмейді.

2) Бiлiктiлiгi орта денгейдегі маман:

жоғары санаттағы: жоғары кәсiптiк бiлiм және бiрiншi санаттағы зертханашы мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл немесе мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс стажы.

бiрiншi санаттағы: жоғары кәсiптiк бiлiм және екiншi санаттағы зертханашы мамандығы бойынша кемiнде 2 жыл немесе мамандығы бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс стажы;

екiншi санаттағы: жоғары кәсiптiк бiлiм және зертханашы мамандығы бойынша кемiнде 1 жыл немесе мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс стажы:

санаты жоқ: жоғары кәсiптiк бiлiм және жұмыс стажы талап етілмейді.




следующая страница >>