shkolakz.ru 1




Мың өліп, мың тірілген, қазағым!

«Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жүрегімде таныстым мұң тіліңмен,

Жылағанда жүрегім күн тұтылып

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген...»

Ж. Молдағалиев

Ерте заманнан бері қазақ жері құс сияқты еркін өмір сүрген. Қазақ жері топырағының құнарлылығымен, көлдері мен өзендерінің тұщылығымен, мөлдір суымен, ормандарымен, кең жайлауымен бай. Сол үшін басқа тайпалар біздің жерге қайта-қайта шабуыл жасаған. Әсіресе жоңғарлар қызығып жүрген. Бірақ қазақ халқы өз жерін қорғау үшін бар күшін салды. Жеріміздің құнарлығы мен байлығына тек жоңғарлар ғана емес, қытай да көз тікті. Жоңғарларды ойсырата жеңгенімізбен басқа мемлекеттердің қайта шабуылынан қорғану үшін, ата –бабамыз Ресей империясына қосылуға мәжбүр болды. Ресей империясына кірісімен қазақтар тәуелсіздігінен айырылды. Бір қуантары қазақ жері Ресей қорғауында болған. Жерімізге өзге мемлекеттер жан-жақтан шабуыл жасаған жоқ.

Ата-бабамыз қанымен қорғаған қасиетті жерді Патшалық Ресей түгелдей өзіне қаратып алды. Шұрайлы жерлерінен айырылған намысшыл халық алшынып көтеріліс жасап, тәуелсіз ел болғысы келген. Бірақ, Ресейдей алпауыт мемлекет қару қолданып, бірден басып отырды.

Бейбіт жолмен шешпекші болған зиялыларымыз Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов үкіметке хат жолдап, автономия болғысы келді. Қазақ халқының түпкі ойы жеке мемлекет болып, бөлек шығуынан сескенген Патшалық Ресей зиялыларымызды «Ұлтшыл» деп айыптап, ату жазасына бұйырды. Осындай ауыр кезеңнің үстіне Ұлы Отан соғысы қосылды. Дегенмен, қазақ халқы кек сақтамайтын, мейірімді халық екендіктерін танытып, Ресейді өз бауырындай көріп, қолтықтасып жерін фашистерден қорғауға кірісті. Барлық зорлық – зомбылығын ұмытты.

1941 жылы фашистер тұтқиылдан шабуылды бастады. Әрбір жанның жүрегін тітіркендірген бұл қайғыны, қасіретті тек ауызбіршілікпен бірлік жеңді. Ресейдің құрамына енген 26 мемлекет бірігіп, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей немістерден жерімізді тазалай бастады.


Осы қиын кезеңде Ресей мемлекетімен біріккен ұлттар достықтарын берік сақтап, бір-біріне демеу, тіреу болды. Қаншама боздақтарымыз бен батыр ұлдарымыз, батыр қыздарымыз елі үшін, жері үшін кеудесін оққа төсеп, аянбай ерлік жасағандарының арқасында 1945 жылы жеңіске қол жеткіздік.

Соғыста ерлік көрсеткен ата –бабаларымыз батыр атағына ие болып, халқының жадында мәңгі қалды.

Кейінгі ұрпақ яғни біз ата- бабаларымыздың бұл ерліктерін мақтан етіп, ұрпақтан-ұрпаққа мирас етеміз. Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сияқты т.б. батыр қыздарымыз бен ұлдарымыз тарих төрінде мәңгі қалықтайды.

Ал біз, келешек ұрпақ, ата-бабаларымыздың қанымен келген тәуелсіздігімізді әрі қарай жалғастыруға міндеттіміз. Олардың аңсаған алыс армандарын жүзеге асырып, білімді әрі жан-жақты дамыған ұрпаққа айналуымыз қажет.

Осындай зорлық – зомбылықты, қиыншылықты, соғысты көрген асыл халыққа мың рет тағзым етеміз. Қазақ халқының тарихы мәңгі өшпейтін, алтын әріптермен жазылатын, алтын діңгек!

Ойымды ақын Әбу Сәрсенбаевтың жыр жолдарымен аяқтағым келіп отыр:

Сен құрметте, оны!

Түсіңдің бе, қарағым?

Сенің келешегің үшін берді ол

Азаттық жолында аяғын!

Ақкөл балалар үйі

Бессараб Любовь 11 класса

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Хадыр Айкүміс