shkolakz.ru 1

Орындаған: «Зерде» мектебі директорының инновациялық жұмыс жөніндегі орынбасары Н.Нұртаева


Семинар тақырыбы:

Авторлық оқу бағдарламаларын құрастыруға байланысты

әдістемелік ұсыныстар

Оқушылардың білімге деген түрлі сұраныстарына байланысты мұғалімдер оқу бағдарламаларын құрастыруға немесе типтік оқу бағдарламаларын өзгертуге ниет білдіреді. Оқу бағдарламасы – нормативтік құжат,сондықтан автордың жоғар білікті маман болуын талап етеді. Авторың оқу бағдарламасын құрастыруға толық дайындықпен келмеуі көптеген кемшіліктерге апарады. Олардың негізгілері:


  • мектептің мақсат,міндеттері есепке алынбайды;

  • бағдарламаны құрастуры негіздемесі толық емес; мысалы: білім,икем,дағдыға қойылатын талаптар, курстың мақсат,міндеттері т.б

  • ұсынылған бағдарламаны керекті оқу - әдістемелік кешенмен жабдықтау қарастырылмайды;

  • білім аумағандағы өзге бағдарламалармен сабақтастық принципі сақталмайды;

Оқу бағдарламасы дегеніміз не?

1. Әр жеке пәнге байланысты білім,икем,дағды көрсетілген нормативтік құжат. Оқытылуға тиісті тақырып, әр тақырыпқа мерзім, жыл беріледі. Бағдарлама талабын толық меңгеру – оқу үрдісінің табыстылығы, тиімділігі межесі.

2. Оқу пәніне сәйкес оқу курсының мазмұнды негізін, мақсатты талаптарын, оқыту технологиясын таңдау принципі, бақылау әдісін көрсететін құжат.

3. Білім, тәрбие,дамыту мақсаттарын орындайтындай білім беру процесі құрамын анықтайтын қысқаша жүйелі баяндалған ақпарат.

Оқу бағдарламаларын ҚР Білім және ғылым министрлігі бекітеді.

Өзгертілген бағдарлама дегеніміз не?

Оқу бағдарламасы негізінде жасалып, бірақ мазмұнына өзгеріс енгізілген, толықтырылған бағдарлама. Мысалы: тақырыпты оқыту реті,сағат саны, оқыту түрі т.б.

Авторлық бағдарлама дегеніміз не?

Өзіне сәйкес түрі жоқ оқыту бағдарламасы. Пән бойынша оқу курсы мазмұнына авторлық концепцияны басшылыққа алады.

Авторлық бағдарламаны мектептің білім беру үрдісіне енгізу келесі іс - әрекеттерді қамтиды:


1. Рецензия алу.Ішкі,сыртқы рецензия. Ішкі рецензия - әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестікте талқылау.Сыртқы рецензия – ғылыми - әдістемелік ұйымдар, мамандардан р. алу.

2. Апробация – эксперимент түрінде танысу. Апробация нәтижесінде бағдарламаны жетілдіру үшін ұсыныс жасауға болады. Апробация қыркүйектен наурызға дейін өткені дұрыс. Мұғалім түзету енгізуге мүмкіндік алады.

3. Рецензия берілі, апробация жақсы нәтиже бергенде іске асады.





Оқу бағдарламасының құрылымы




1

Титул беті


Басқарушы ұйым атауы, мектеп атауы. Пән. Сыныптар. Құрастырушының аты – жөні. Бекітілуі жөнінде мәлімет. Қала. Жыл.

2

Түсініктеме

Пәннің мәні, ерекшелігі; осы сатыдағы оқушыларды оқытудың білімділік мақсат,,міндеттерін орындауға үлесі. Мақсатқа жетудің әдістемелік жүйесі, құралы. Әр сатыға байланысты мақсаты. Бағдарламаның өзектілігі, курстың негізгі идеялары, концепциясы. Оқыту реті қандай логикаға негізделген. Оқу жоспарының тағы қай пәндерімен логикалық байланысы бар. Шартты белгілерді түсіндіру.

3

Оқыту пәнінің мақсат – міндеті


Білім, әрекет әдісі,тәжірибе. Осы бағдарламаны меңгергенде қандай жеке адам қабілеттері қалыптасады.Пән мақсаты дүниетанымдық, әдістемелік, теориялық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, тәжірибелік/ практикалық/ болып берілуі де мүмкін.

4

Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар


Курсты аяқтағаннан кейін білім, компетенттілік деңгейі. Білім кешені, икем – дағды тізімі, оқушы шеше алатындай мәселелер тізімі.

5

Тақырыптық жоспар


Курс тақырыбы, оқытылу реті, оқыту формасы, сағат саны./толық курс және жеке тақырып/ Таблица түрінде беруге де болады.

6

Оқу курсының тақырып мазмұны

Тақырып. Сағат. Негізгі сұрақтар. Тәжірибелік,сарамандық жұмыстар, экскурсия т.б. Пәнаралық байланысты көрсету. Бақылу түрі,сұрақтары.

7

Тәжірибелік бөлім


Икем,дағдыны бекіту. Тәжірибелік,сарамандық жұмыстар, экскурсия т.б.

8

Оқу деңгейін бақылау


Қорытынды,жартыжылдық,тоқсандық, тақырыптық.. Бақылау жұмысы, тесті, сынақ,емтихан.

9

Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер тізімі


1.Автор. Аты. – Баспа,жыл.-бет

2. –мақала: автор.Мақала аты.//Журнал.-жыл.-№. – бет..

10

Пәнді оқу - әдістемелік жағынан қамтамасыз ету

Оқыту - теориялық : оқулық, пособия, лекция.

Оқыту – практикалық: жаттығулар мен тапсырмалар, бақылау жұмысы, тесті, жинағы, тәжірибелік,сарамандық жұмыстар жинағы.

Оқыту - әдістемелік: курсты үйренуге әдістемелік ұсыныстар, бақылау жұмысын орындауға кеңес, реферат,зерттеу жұмысын суреттеу.Оқыту – анықтамалық: сөздік, анықтама. Оқыту – көрнекілік: альбом,атлас.

Оқыту – библиографиялық.