shkolakz.ru 1




Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 шілдедегі №943 қаулысы


Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «17» шілдедегі

№943 қаулысымен

бекітілген


Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидалары


1. Жалпы ережелер


1. Осы Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидалары (бұдан әрі Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі 158-2-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын (бұдан әрі – мемлекеттік кадастр) жүргізу мен ұстау тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) көздердің негізгі санаты – Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес парниктік газдар шығарындыларының немесе сіңірулерінің көлеміне ең көп үлес қосатындардың қатарына жатқызылатын экономиканың секторы немесе кіші секторы;

2) парниктік газдар шығарындылары – парниктік газдардың атмосфераға белгілі бір учаскеде және уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде босап шығуы;


3) парниктік газдарды сіңіру – атмосфералық ауадан парниктік газды сіңіретін үдеріс, тетік немесе табиғи кешен;

4) сапаны бақылау – парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын оны әзірлеу шамасына қарай сапасын өлшеу мен бақылауға арналған стандартты техникалық іс-шаралар жүйесі.

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік кадастрды әзірлеуді және жүргізуді ұйымдастырады.

4. Мемлекеттік кадастрды жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын климаттың өзгеруі және парниктік газдар шығарындылары саласындағы ғылыми-зерттеу қызметті жүргізетін мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.

5. Жыл сайынғы мемлекеттік кадастрды дайындау есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан бастап жүзеге асырылады.

6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші жартыжылдығында жыл сайынғы негізде мемлекеттік кадастрды дайындаудың жыл сайынғы жоспарын бекітеді.

7. Мемлекеттік кадастрды дайындауға мемлекеттік органдар ұсынған осы Қағидаларға Қосымшада көрсетілген Парниктік газдардың шығу көздерінен антропогендік шығарындыларға және сіңіргіштермен абсорбциялауға әкеліп соғатын өндіріс көлемдері және қызмет түрлері туралы мәліметтер мен деректер тізбесі және табиғат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодесінің 94-2 бабы 9-тармағына сәйкес ұсынатын парниктік газдарды түгендеу туралы есептері пайдаланылады.


2. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібі


8. Жыл сайынғы мемлекеттік кадастрды жүргізу мынадай іс-шараларды іске асыруды қамтиды:

1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін бағалау үшін бастапқы деректері бар ақпараттарды жинау;

2) мемлекеттік кадастрдың алынған деректерін талдау және өңдеу, есептеулерін жүргізу және дайындау;


3) мемлекеттік кадастрдың сапасын бақылау және сапасын қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындыларын азайту саласындағы халықаралық шартының талаптарына сәйкес бағалау рәсіміне арналған мемлекеттік кадастрды беру.

9. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік кадастрды дайындау мақсатында мемлекеттік кадастрды толық қалыптастыру үшін қажетті деректер мен мәліметтер бар және осы Қағидалардың қосымшасында көрсетілген және мемлекеттік органдардың тізбесін анықтайды.

10. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік органдардың анықталған тізбесіне сәйкес оларға мемлекеттік кадастрды қалыптастыру үшін деректер ұсыну туралы сұраным жолдайды.

11. Мемлекеттік кадастрды дайындау үшін ақпарат сұратылатын мемлекеттік органдар тиісті cұраныс түскен сәттен бастап бір ай мерзімде сұрау салынған деректер мен мәліметтерді ұсынады.

12. Парниктік газдар шығарындыларының көздері болып табылатын, оның ішінде мемлекеттік кадастрды дайындау үшін пайдаланылатын қондырғы операторлары бойынша парниктік газдарды түгендеудің деректерін жинауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

13. Мемлекеттік кадастрды дайындауды мемлекеттік органдардан алынған деректерді жинау, талдау және өңдеу, сондай-ақ қондырғы операторларынан алынатын парниктік газдарды түгендеу деректері арқылы мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.

14. Мамандандырылған ұйым климаттың өзгеруі саласындағы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес мемлекеттік кадастрды бағалау рәсіміне ұсынуды қамтамасыз етеді.

15. Мамандандырылған ұйым қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік кадастрды ұсынғанға дейін сапаны қамтамасыз ету іс-шараларын жүргізеді.

16. Сапаны қамтамасыз ету іс-шаралары сыртқы ұйымдарды, бейінді мемлекеттік органдар мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы жүзеге асырылады.



3. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының мазмұны


17. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының құрылымы мыналарды қамтиды:

1) парниктік газдар шығарындыларының шығу көздері, олар шығарған шығарындылардың мөлшері, сондай-ақ секторлар бойынша парниктік газдар сіңірулерінің мөлшері туралы мәліметтер:

парниктік газдар шығарындылары саласындағы үрдістер;

шығу көздерінің негізгі санаттарына шолу;

энергетика секторы бойынша шолу;

өнеркәсіптік үдерістер секторы бойынша шолу;

еріткіштер мен басқа өнімдерді пайдалану секторы бойынша шолу;

ауыл шаруашылығы секторы бойынша шолу;

жерді пайдалану, жерді пайдаланудың және орман шаруашылығының өзгеру секторы бойынша шолу;

қалдықтар секторы бойынша шолу;

басқа секторлар бойынша шолу;

қайта есептеулер мен жетілдірулер;

2) қондырғы операторлары, қондырғы операторлары үшін белгіленген шектер аясында парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің мөлшері туралы мәліметтер:

қондырғы операторы қызметінің түрі;

қондырғының атауы;

қондырғының орналасқан жері, географиялық координаталары;

өнеркәсіптік үрдістің сипаттамасы;

белгілі бір кезеңге арналған парниктік газдар сіңірулері мен шығарындыларының көлемі.

________________


Парниктік газдар шығарындылары

көздерінің және сіңірулерінің

мемлекеттік кадастрын жүргізу

және ұстау қағидаларына қосымша


Парниктік газдардың шығу көздерінен антропогендік шығарындыларға және сіңіргіштермен абсорбциялауға әкеліп соғатын өндіріс көлемдері және қызмет түрлері туралы мәліметтер мен деректер тізбесі


1. Тұтынушы-ұйымдардың отын шығыны.

2. Тұтынушы-ұйымдардың отынды, жылу энергиясын, электр энергиясын, қайталама энергетика ресурстарын пайдалануы.


3. Мынадай тауарлар мен отынның экспорты/импорты бойынша деректер:

1) көмір;

2) мұнай;

3) табиғи газ;

4) тұрмыстық тоңазытқыштар (түрлері бойынша нақтылауымен);

5) сауда және өнеркәсіптік мақсаттағы тоңазытқыш жабдықтар (түрлері

бойынша нақтылауымен);

6) тоңазытқыш жабдықпен жабдықталған, нақтылауымен, көлік құралдары

(рефрижераторлар);

7) тұрмыстық ауа баптағыштар (нақтылауымен);

8) тұрмыстық емес мақсаттағы ауаны баптауға арналған жабдық (түрлері

бойынша нақтылауымен);

9) түрлері бойынша нақтылауымен хладондар (фреондар), тонна;

10) күкірт гексафториді (SF6), тонна.

4. Электр энергиясын өндіру 11+ барлығы, оның ішінде станция типтері бойынша:

1) жылу;

2) электр;

3) атом;

4) гидроэлектростанциялар, жел қондырғылары және басқалар.

5. Желілердің жұмыс кернеуі бойынша бөлінген электр желілерінің ұзындығы.

6. Мұнай өндірісі.

7. Жағылатын ілеспе газдың мөлшері.

8. Тасымалдау және сақтау.

9. Консервациялаудағы мұнай ұңғымаларының саны.

10. Табиғи газды өндіру.

11. Консервациялаудағы газ ұңғымаларының саны.

12. Көмір кен орындары мен өндіру тәсілі бойынша (жер асты/ашық) бөлінген көмір өндіру.

13. Мұнай мен газды өндіру көлемі (нақты мәнде).

14. Алауларда ілеспе газды жағу көлемі (нақты мәнде).

15. Алауларда технологиялық газды жағу көлемі (өнеркәсіптің отын, мұнай-химиялық, химиялық және басқа салаларының кәсіпорындарында).

16. Газ қоймаларына газ толтыру көлемі.

17. Газ қоймаларынан газ шығару көлемі.

18. Магистралды газ құбырларындағы авариялар саны (оның ішінде газдың жануымен бірге).

19. Магистралды газ құбырларындағы авария нәтижесіндегі газ шығындары (жанған газ бен атмосфераға шығарылған газға бөлінген).


20. Газ бөлу желілеріндегі авариялар саны.

21. Газ бөлу желілеріндегі авария нәтижесіндегі газ шығындары (жанған газ бен атмосфераға шығарылған газға бөлінген).

22. Магистралды газ құбырлары бойынша газды тасымалдау.

23. Магистралды газ құбырлары бойынша транзитті газды тасымалдау көлемі.

24. Көлік түрлері бойынша нақтылауымен мұнайды тасымалдау көлемі.

25. Бассейндер бойынша көмір шахталарымен тасталатын метан шығарындылары.

26. Метан ұстау көлемі, одан:

1) жылу және электр энергиясын алу үшін кәдеге жаратылғаны;

2) алауларда және шырақтарда жағылғаны.

27. Бассейндер бойынша бөлінген шахталық желдеткіш жүйелері жұмысының көлемі (жүйелермен атмосфераға тасталған ауа көлемі).

28. Бассейндер бойынша бөлінген газсыздандыру жүйелері жұмысының көлемі.

29. Барлық көмір шахталарының саны, оның ішінде:

1) қолданыстағы;

2) жабық;

3) консервацияланған.

30. Көмір бассейндері бойынша жабық және консервацияланған шахталардағы шахталық желдеткіш жүйелері жұмысының көлемі (жүйелер атмосфераға тастаған ауа көлемі).

31. Бассейндер бойынша бөлінген шахталық желдеткіш жүйелерінің шығарындыларындағы метанның орташа (өлшенген орташа) мөлшері.

32. Бассейндер бойынша бөлінген шахталық газсыздандыру жүйелерінің шығарындыларындағы метанның орташа (өлшенген орташа) мөлшері.

33. Әктас өндірісі.

34. Доломит өндірірісі.

35. Әктас пен доломиттің экпорты мен импорты.

36. Шойын, оның ішінде өңделген шойын өндірісі.

37. Өндіру тәсілі бойынша нақтыланған болат өндірісі (мәтін бойынша):

1) оттекті-конверторлық;

2) мартендік;

3) электроболат.

38. Электрометаллургиялық зауыттарда болат өндірісі.

39. Жоғары көміртекті болат өндірісі.

40. Төмен көміртекті болат өндірісі.


41. Болат өндіру үшін металл сынықтарын пайдалану.

42. Агломерат өндірісі.

43. Шекемтас өндірісі.

44. Ферроқорытпалар өндірісі.

45. Алюминий өндірісі.

46. Аммиак өндірісі.

47. Кальций карбидінің өндірісі.

48. Кремний карбидінің өндірісі.

49. Техникалық көміртегін өндірісі.

50. Дихлорэтилен өндірісі.

51. Стирол өндірісі.

52. Акрилонитрил өндірісі.

53. Акрилонитрилдің сополимерін, бутадиен мен стирол өндірісі.

54. Этилбензол өндірісі.

55. Этилен өндірісі.

56. Пропилен өндірісі.

57. Полиэтилен өндіру, оның ішінде:

1) жоғары қысымды;

2) төмен қысымды.

58. Полипропилен өндірісі.

59. Полистирол өндірісі.

60. Формальдегид өндірісі.

61. Поливинилхлорид өндірісі.

62. Дихлорэтан өндірісі.

63. Кальцийленген сода өндірісі.

64. Түрлері бойынша нақтылауымен химиялық өндіріске жататын спирттер өндіру.

65. Мұнай жағар майлары мен майлар өндіру.

66. Түрлері бойынша минералдық тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғаудың химиялық заттарын, мал азығының микробиологиялық ақуызы мен әк өндіру.

67. Целлюлоза, оның ішінде сульфатты және сульфитті тәсілдермен өндіру.

68. Клинкер өндірісі.

69. Цемент өндірісі.

70. Әк өндірісі.

71. Асфальт өндірісі.

72. Шыны өндірісі.

73. Спирт өндірісі (ас-тағамдық).

74. Шарап өндірісі.

75. Сыра өндірісі.

76. Ликер-арақ өнімдерін өндірісі.

77. Ет пен ет өнімдерін өндірісі.

78. Балық пен балық өнімдерін өндірісі.

79. Қант өндірісі.

80. Маргарин өндірісі.

81. Нан мен нан-тоқаш өнімдерінің өндірісі.

82. Үй жануарлары үшін мал азығының өндірісі.


83. Жартылай өткізгіш өнеркәсіпте кремний тілімшелерінің өндірісі.

84. Минералдық тыңайтқыштар өндірісі, оның ішінде:

1) азоттық (түрлері бойынша нақтылауымен);

2) калийлік (түрлері бойынша нақтылауымен);

3) фосфаттық (түрлері бойынша нақтылауымен);

4) кешенді (түрлері бойынша нақтылауымен).

85. Мал басы мен құс саны, мың бас:

1) ірі қара мал (жыныстық-жас топтары бойынша);

2) сиыр (жыныстық-жас топтары бойынша сүтті, сүтті емес);

3) шошқа (жыныстық-жас топтары бойынша);

4) қой (жыныстық-жас топтары бойынша);

5) ешкі;

6) жылқы;

7) қашыр;

8) есек;

9) түйе;

10) қоян;

11) құстар.

86. Ауыл шаруашылығы ұйымдарында тезек пен құс тезегін жинау, сақтау және кәдеге жарату жүйесін пайдалану (түрлі жүйелер түрлерінің арақатынасы), %.

87. Ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы алаңы, мың га.

88. Егістік алаңы, мың га.

89. Шөп шабу алаңы, мың га.

90. Жайылымдар алаңы, мың га.

91. Таза парлар алаңы, мың га.

92. Жеміс-жидек, жүзім көшеттерінің алаңы, мың га.

93. Барлық санаттағы шаруашылықтардағы ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарының егістік алаңдары, мың га:

1) күздік бидай;

2) жаздық бидай;

3) күздік қарабидай;

4) жемге арналған жүгері;

5) күздік арпа;

6) жаздық арпа;

7) сұлы;

8) тары;

9) қарақұмық;

10) күріш;

11) зығыр талшығы;

12) күнбағыс дәні;

13) рапс;

14) бұйра зығыр;

15) қыша;

16) картоп;

17) көкөністер;

18) сүрлеуге арналған жүгері;

19) азықтық тамыр жемістер;

20) көп жылдық шөптер;

21) бұршақ дәнділер;


22) соя.

94. Барлық санаттағы шаруашылықтардағы ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарының жалпы түсімі, млн. тонна:

1) күздік бидай;

2) жаздық бидай;

3) күздік қарабидай;

4) ұрыққа арналған жүгері;

5) күздік арпа;

6) жаздық арпа;

7) сұлы;

8) тары;

9) қарақұмық;

10) күріш;

11) зығыр талшығы;

12) күнбағыс дәні;

13) рапс;

14) бұйра зығыр;

15) қыша;

16) картоп;

17) көкөністер;

18) сүрлеуге арналған жүгері;

19) азықтық тамыр жемістер;

20) көп жылдық шөптер;

21) табиғи шабындықтардың шөбі;

22) бұршақ дәнділер;

23) соя.

95. Барлық санаттағы шаруашылықтардағы ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарының шығымдылығы, ц/га:

1) күздік бидай;

2) жаздық бидай;

3) күздік қарабидай;

4) ұрыққа арналған жүгері;

5) күздік арпа;

6) жаздық арпа;

7) сұлы;

8) тары;

9) қарақұмық;

10) күріш;

11) зығыр талшығы;

12) күнбағыс дәні;

13) рапс;

14) бұйра зығыр;

15) қыша;

16) картоп;

17) көкөністер;

18) сүрлеуге арналған жүгері;

19) азықтық тамыр жемістер;

20) көп жылдық шөптер;

21) бұршақ дәнділер;

22) соя.

96. Әк ұны мен басқа әк материалдарын ауыл шаруашылығы ұйымдарына және барлық санаттағы шаруашылықтарға енгізу, млн.тонна.

97. Қышқылданған топырақты әктеу үшін әктен және доломиттен құралған ұн өндіру, млн. тонна.

98. Ауыл шаруашылығы ұйымдарына минералдық азотты тыңайтқыштар енгізу, млн.тонна.

99. Ауыл шаруашылығы ұйымдарына және барлық санаттағы шаруашылықтарға органикалық тыңайтқыштар енгізу, млн.тонна.


100. Күріш егісіне органикалық қоспалар енгізу, құрғақ заттар тонна/га.

101. Шөп немесе көк азық үшін табиғи шабындықтардың орылған алаңдары.

102. Орман қорындағы орман алаңдарын және ағаш қорларын басым тұқымдары және жас топтар бойынша, оның ішінде басқарылатын ормандар бойынша бөлу.

103. Жер құнарлығының бұзылуы және қалпына келтіру (нақтылауымен).

104. Орман қорына кірмейтін орман қоры мен орман жерлерінің жалпы алаңы, оның ішінде орман жерлері, олардың ішінде орман өсімдіктерімен жабылған жерлердің алаңы (оның ішінде басқарылатын ормандар бойынша).

105. Орман қоры жерлерінің құрамына ағашты-бұталы өсімдіктермен жабылған жерлердің өзге санаттарын енгізу (аудару).

106. Ағаш егу шаруашылығы (ормандандыру), оның ішінде:

1). Орман қорының орманды емес жерлерінде орман дақылдарын отырғызу

(ағаш-бұта түрлерін егу мен отырғызу);

2) орман қорына енбеген жерлерде орман дақылдарын отырғызу (ағаш-

бұта түрлерін егу мен отырғызу).

107. Орманды жаңарту (орманды қалпына келтіру), оның ішінде:

1) орман қорының орман өсімдіктерімен жабылмаған жерлерінде орман

дақылдарын отырғызу (ағашты-бұталы түрлерін егу мен отырғызу).

2) орман қорының орман өсімдіктерімен жабылмаған жерлерінде

орманның табиғи тұқым арқылы қайта жаңаруына жәрдемдесу (топырақты минералдандыру, қосымша егу және отырғызу).

108. Орман жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен, орман қорын пайдаланумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін орманды емес жерлерге аудару және орман қорының жерлерін өзге санаттардағы жерлерге аудару.

109. Ормандарды түгендеу бойынша деректер.

110. Нақты кесіп алынған ағаштар.

111. Орман көшеттерінің қырылуы, оның ішінде:

1) зиянды жәндіктердің бүлдіруінен;

2) жабайы жануарлардың бүлдіруінен;

3) орман ауруларынан;


4) қолайсыз ауа-райы жағдайларының әсерінен;

5) орман өрттерінен;

6) антропогенді факторлардан, оның ішінде өнеркәсіптік

шығарындылардың әсерінен.

112. Теңіз және авиациялық бункерлік отынды тұтыну (отын түрлері бойынша нақтылауымен).

113. Көлік құралдарының әр санаттары үшін орташа жылдық жүрісі, км.

114. Көлік құралдарының әр санаттары үшін жүріс бірлігінің орташа отын тұтынуы.

115. Қолда бар өзен және көл кемелерінің 11+ барлығы, оның ішінде флот түрлері бойынша.

116. Өзен кемелерінің әр санаты үшін жұмыс бірлігінің орташа отын тұтынуы.

117. Типтері бойынша нақтылауымен, олардың ішінде типтері бойынша нақтылауымен көліктік жұмыста және экономика салаларына қызмет көрсетуге пайдаланылатын қолда бар азаматтық әуе кемелері.

118. Әуе отынының шығыны (отын түрлері бойынша нақтылауымен).

119. Автокөлік пен мотокөлік құралдары және олардың тіркемелерінің саны (түрлері бойынша нақтылауымен).

120. Қатты жабындысы бар автомобиль жолдарын қолданысқа енгізу.

121. Қатты жабындысы бар автомобиль жолдарын қайта құру.

122. Медициналық қалдықтардың көлемі туралы деректер.

123. Жағылған медициналық қалдықтардың көлемі туралы деректер.

124. Көп жылдық көшеттер, мың га.

125. Егіндіктер, мың га.

126. Шөп шабындықтары, мың га.

127. Есепке алынбаған егіндіктер, мың га.

128. Есепке алынбаған шөп шабындықтары, мың га.

129. Тозбаған жайлымдар, мың га.

130. Қалпына келтірілген/жақсартылған жайылымдар, мың га.

131. Басқарылмайтын тозбаған жайылымдар, мың га.

132. Басқарылмайтын қалпына келтірілген жайылымдар, мың га.

133. Орман алаңдары, мың га.

134. Батпақты аумақтар, мың га.

135. Ағаш көшеттерін отырғызу, мың га.

136. Басқа отырғызулар, мың га.


137. Өзге жерлер, мың га.

138. Ауыл шаруашылығы жерлері, мың га.

139. Жерлер теңгерімі, мың га.

140. Бір жылда шығарылған және көму үшін полигондарға орналастырылған қатты тұрмыстық қалдықтардың саны.

141. Тазарту құрылыстары бойынша толық биологиялық (физика-химиялық) тазартуға жіберілген сарқынды сулар.

142. Кәдеге жаратылған тұнба мөлшері.

143. Түзілген тұнба мөлшері (құрғақ зат бойынша).

144. Сарқынды суларды тастау (коммуналдық-тұрмыстық және экономиканың салалары мен ішкі салалары бойынша нақтылауымен):

1) тазалаусыз;

2) нормативтік таза;

3) тазартылған, оның ішінде нормативті тазартылған және жеткілікті түрде

тазартылмаған.

145. Көму үшін коммуналдық-тұрмыстық саладағы кәсіпорындардан сарқынды сулар тұнбасын шығару көлемі (өнеркәсіптік кәсіпорындарды есептемегенде).

146. Коммуналдық-тұрмыстық саладағы кәсіпорындардан шыққан сарқынды сулар тұнбасын қайта өңдеу көлемі (яғни өнеркәсіптік кәсіпорындарды есептемегенде).

147. Кокс пен жартылай коксты өндіру, мың тонна, оның ішінде:

1) мұнайлы;

2) көмірлі.

148. Кальцийленген сода өндірісі, мың тонна.

149. Кальций

150. Карбид өндірісі, мың тонна.

151. Битум, майлар мен майлаулар өндірісі.

152. Лакпен бояу материалдарынның өндірісі (түрлері бойынша нақтылауымен) мың тонна.

153. Лакпен бояу материалдары үшін еріткіштер мен шайғыштар өндірісі (түрлері бойынша нақтылауымен) мың тонна.

154. Орман және дала өрттерінің алаңы.

155. Орман қорындағы егістік жерлердің алаңы.

156. Орман қорындағы шөп шабындықтары мен жайылымдық жерлердің алаңы.

________________________