shkolakz.ru 1


Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университет

Медициналық биофизика және информатика кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Уралбеков М.Б

1-040 топ ЖМФ

Тексерген: Маханов Ғ.К

 


Қарағанды 2014


Жоспар


  1. Компьютердің дәрігер жұмысы үшін маңызы

  2. Компьютер басында жұмыс істеуге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар (бөлмеде орналасуы, қолдану ыңғайлылығы)

  3. Аппараттық қамтамасыз ету: компьютердің қандай сыртқы және ішкі құрылғылары қажет, олардың тағайындалуы мен сипаттамалары

  4. Программалық қамтамасыз ету: қандай жүйелік және қолданбалы программалар қажет, не үшін қажет

  5. Қорытынды

  6. Әдебиеттер тізімі


Компьютердің дәрігер жұмысы үшін маңызы


Қазіргі дамыған технология заманда компьютерсіз жұмыс барысын елестету қиын.Оның қолдану аясы шексіз. Ғаламдық денсаулық сақтау саласынан ақпараттан құр қалмау үшін дәрігерде ақпаратты қабылдайтын,өңдейтін,сақтайтын құрылғы-компьютер болуы керек.

Компьютер мүмкіншілігін медицина саласында жан-жақты пайдалануда.

 Дәрігердің қабылдау уақытының 50-60 пайызы құжатнаманы толтыруға, әр түрлі зерттеулерге жолдама мен келесі рецепт жазуға жұмсалады екен.Егер осы мәліметті компьютерге керекті бағдарламалармен жүктеп,оны автоматтандырылған режимге көшірсек,уақытты үнемдеп,пациенттерге тез арада көмек көрсетуге болады. Науқастарды тіркеуге, сырқат барысын бақылауға мүмкіндік беріп, алдын ала қарауды жүзеге асырып, нақты диагноз қоюға,емін тағайындауға көмектеседі.


Техникалық тұрғыда қазіргі кездің өзінде  пациенттің дене бетінің түрлі түсті немесе бөлек микробөлігінің бұрмаланбаған суретін,сондай-ақ аускультация деректерін,ото-,эндо-,риноскопиялық суретін, ауыз қуысының және тік ішектің «бейнерепортажын»,УЗИ,рентген нәтижесін алысқа жіберуге болады. Жай ғана таза түрінде емес, сондай-ақ біруақытта қарапайым қарау мен дәстүрлі фонендоскоп қолдану арқылы қол жетпейтін түстің,температуралық,сонымен бірге жүрек пен тыныс шу жиілігінің сипаттамасының сандық талдауымен бірге алады. Науқастарға қажетті донорлық мүшелер жөнінде хабарламалар алмасу үшін қолданылады.



Ал Internet желілері дәрігерлерді соңғы ғылыми және тәжірибелік жетістіктерден хабардар етеді, себебі медицина саласыда орында тұрған жоқ.Күнделікті жаңалық ашылуда. Медицина қызметкерлеріне тәжірбелік дағдыларды меңгерту үшін де пайдаланылады.

Қазақстанда 2010 жылы «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін» енгізуі науқастар туралы мәліметтер базасын құрып,толық ақпарат алуға,керекті уақытта дәрігер мен аурухана таңдауға мүмкіндік беруі компьютер маңыздылығын артыра түседі.Болашақта әрбір тұрғынға жеке карточка ашылып,онда барлық басынан өткен аурулар,емі жөнінде ақпараттар сақталады,оны дәрігер компьютер арқылы көріп,зерттеп,базаға өзінің тұжырымын сол мезетте желі арқылы енгізе алады.Бұл дәрігердің мобильділігін қамтамасыз етеді.


Компьютер басында жұмыс істеуге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар (бөлмеде орналасуы, қолдану ыңғайлылығы)

Компьютерде жұмыс істеу көңіл концентрациясымен, көру бұлшық етінің зорлануы мен эмоциялық жүктеумен байланысты. Компьютер жұмыс істеген кезде микроклиматтың ерекше шарттары пайда болады: ауа температурасы көтеріледі, ылғалдылығы азаяды, ауаның иондық құрамы өзгереді. Сонымен қатар электромагниттік сәулелену деңгейі көтеріледі және статикалық электр тоғы пайда болады.


Осы  құбылыстар адам денсаулығында ауытқулар әкелуі мүмкін: адамның жұмыс қабілеттілігі азаяды, көз бұлшық еттері тез шаршайды, көздің көру қабілеттілігі нашарлайды, орталық жүйке жүйесінің функционалдық күйі бұзылады. Компьютермен жұмыс істеуден пайда болатын ауытқулар әлі толық зерттелмеген.

Солардың ішінде ең қауіптісі – бұл электромагниттік сәулелену. Оның деңгейі мөлшерден 2-5 есе көп, ал ультракүлгін және инфрақызыл сәулелері қабылданған гигиеналық мөлшерден  әлде-қайда аз, рентген сәулелер мүлде жоқ.

Соңғы жылдары адам өліміне әкелетін аурулардың электромагниттік сәулелермен индукцияланатыны туралы көптеген хабарлар пайда болды. Көптеген мәліметтер бойынша сол аурулардың ең жиі кездесетіні қан мүшелерінің ісіктері мен лейкоз.

Статистика бойынша компьютермен жұмыс істеуден туатын аурулар мыналар:


  • Көз аурулары – пайдаланушылардың 60%;

  • Жүрек-тамыр жүйесі - 60%;

  • Ішек-қарын жолы - 40%;

  • Терідегі аурулар - 10%;

  • әр түрлі ісіктер.

Компьютердің адамға тигізетін жағымсыз әсерін төмендету үшін жұмыс шарттарына, жұмыс орнына кейбір талаптарды орындау қажет, компьютер гигиеналық талаптарға сай болуы керек. Бұдан басқа компьютерде жұмыс `істеу режимін сақтау керек. Әр компьютердің Санэпиднадзор республикалық центрінің сертификаты, МЕСТ-ке сәйкестік сертификаты, техникалық паспорт және т. б. болуы қажет.

Тексеру кезінде келесі параметрлерге назар аудару керек:

  • Монитор диагоналі – 31 см, кадрлік ұнығу жылдамдығы >= 70 Гц, суреттің айқындығы, белгінің ашықтығы, белгінің түсі (монохромдық бейнелеу кезінде қара фонда сары-жасыл түс, түрлі түсті – бір уақытта 7 түстен көп емес), геометриялық бұрмалаудың болмауы.
  • Компьютер корпусы, перне тақтасы және басқа блоктар мен құралдар күліңгір (матовый) болуы керек, яғни жылтыр болмауы керек.


  • Электромагниттік және электростатикалық аймақтан сақтану мақсатында сынақтан өткен және сәйкес гигиеналық сертификаты бар экран фильтрлерін, арнайы экрандар және басқа жеке сақтау құралдарын қолдану қажет.

Компьютер орналасатын бөлмеге келесі талаптар қойылады:


  • Бөлме көлемі 24 м3-ден (бір компьютер) аз болмауы қажет, биіктігі 4 м-ден кем болмауы тиіс.

  • Бөлменің терезелері солтүстік және солтүстік-шығысқа қарай қарауы керек.

  • Терезе ойықтарында жалюзи, перделер, сыртқы күн қағар және т. с. с. басқарылатын құрылыстары болуы маңызды.

  • Еденде поливинилхлоридті антистатикалық жапқыш (кілем жарамды емес!) орналасуы керек. Қабырғалар (панельдер) және есіктер үшін ұқсас ұсыныстар.

  • Панельдерден жоғары шу деңнейін төмендететін дыбыс сіңірушілік материалдар орналастыру тілекке сәйкес.Сонымен қатар қазіргі заманғы техниканы қолдану дұрыс. Себебі онда дыбыс сіңірушілік құрылғылар орнатылған.

  • Бөлме ішін өңдеу үшін зиянды химикалық заттарды бөлетін материалдарды пайдалануға болмайды: ДСП, жуылатын обойлар, қабықшалы, рулонды синтетикалық материалдар, қабатты қағаз пластик.

  • Терезе перделері тығыз табиғи матадан жасалуы керек, олар жарықты өткізбеуі керек.

  • Екінші жеңіл аяқ киім болғаны дұрыс.

  • Кабинетте оқушылардың сумкаларын, т.б, заттарын қоятын сөрелі шкафтар болуы керек.

Микроклиматтың орнықты параметрлері:

  • ауа температурасы – 19-21 градус, салыстырмалы ылғалдылық деңгейі – 55-65%.

  • Әр жұмыс жасау алдында бөлмені желдету және ылғалды жинау қажет. Егер ауа райы шарттары болса, жұмыс кезінде терезелерді ашқан дұрыс болады.
  • Ауа ылғалдылығын жоғарлату үшін дымқылдаушы құралдарын пайдаланған жөн және жылыту аспаптарының қасында су сыйымдылығын қойған дұрыс.


  • ЭЕМ орналасатын бөлме ауасындағы зиянды химикалық заттар атмосфера ауасының тәуліктік орта мөлшер концентрациясынан артпауы керек.

Жұмыс орынға келесі талаптар орындау қажет:


  • Терезе мен компьютер арасындағы қашықтық 0,8-1м-ден кем емес.

  • Майшамдар компьютердің сол жағында және көзге параллель орналасуы керек.

  • Жарық табиғи, жасанды (онда перделер жабық болуы керек), сонымен қатар аралас болуы мүмкін. Жасанды жарық ортақ біркелкі жарықтандыру жүйесімен жүзеге асуы керек (күндізгі жарық тарататын люминесцентті шамдар).

  • Жұмыс құжаты орналасқан жұмыс столының жарықталғандығы 30-50 лк болады. Құжатты жарықтандыру үшін жергілікті жарық беретін шырақтар орнатуға болады. Оларда қызу шырақтарын пайдалануға болады.

  • Компьютер үшін арнайы бір орынды стол керек (бір столешницаға компьютер, екіншісіне – перне тақта орналастырылады).

  • Кресло немесе орындық биіктік бойынша («вертушка») реттелуі керек, жауырын бұрыштары орындық арқасына жанасуы қажет.

  • Адамның жұмыс қалпы – түзу, кішкене алдыға қарай енкею керек, тізелер тікбұрыш жасап бүгіліп, табандар жерге толықтай тіреліп тұруы тиіс.

  • Орындықтың үстелден ара қашықтығы 5-7 см.

  • Адам көзі мен экран арасындағы қашықтық 0,6-0,7 м.

  • Монитор экранынан ақпаратқа қарағанда қарау бұрышы оң 30 градус арасында оқулықтар болуы қажет.

  • монитордағы белгінің биіктігі 3-4 мм болуы керек

  • Көз деңгейі экран центріне немесе 2/3 биіктігіне келуі керек.

  • Жұмыс орындағы шу деңгейі 50 Дбл –ден жоғары болмауы керек.

Бүкіл гигиеналық талаптарды орындап,компьютерде жұмыс істеу уақыты бойжеткенге 5-6 сағаттан артық емес, әр 20-30 минут сайын 5-10 минутты демалыс жасау керек. Бұл көз демалу үшін, статикалық электр тоғын алу үшін, ЦНС, демалу жүйелерінің, мидің қан жүрісінің функционалдық жағдайын жақсартатын, дененің төменгі жағында орналасатын аяқтар, мойын белбеуінің іркілген құбылыстарын жоятын физикалық жаттығулар кешендерін орындау керек. Жылына екі рет көз бақылауын жүргізу керек.



Аппараттық қамтамасыз ету: компьютердің қандай сыртқы және ішкі құрылғылары қажет, олардың тағайындалуы мен сипаттамалары


1 кесте. Дәрігерге қажетті компьютердің сыртқы және ішкі құрылғыларын шолу






Қызмет түрі




Құрылғы түрі




Сипаттамалары






















1




Ақпарат өңдеу




Жүйелік блок




Конструкциясы,корпус формасы: горизонталь (desktop, baby, slim),  вертикаль (tower).





















2


Жадта орналасқан мәліметті,арифметикалық-логикалық операция өңдеу




Процессор




Разрядтылығы,типі,оперативті жады, жұмыс тактілі жиілігі, кэш-жады көлемі, буыны, жүйелік шина жиілігі, форм-факторы

3




ДК негізгі микросхемасы Барлық ішкі және перифериялық құрылғылар қосу




Аналық тақша




Кеңею разъемдары немесе слоттар (жүйелік блок ішінде орналасады), арнайы разъемдар порттар (жүйелік блоктың артқы қабырғасында орналасады)






















4




Оперативті есте сақтау




Жедел жады (RAM)




Көлемі аз, жылдамдығы жоғары, қатынау уақыты 10нс

5




Мәліметті ұзақ уақыт есте сақтау




Сыртқы жады (ROM) 



Әрекет ету жылдамдығы аз, көлемі үлкен, ақпарат компьютерді өшіргенде жоғалмайды


6




Мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға («күйдіруге», прожиг) және оқуға мүмкіндік береді




DVD және СD ROM




Ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискіге 400 Мб, DVD дискіге 4,7 Гб ақпарат сыйяды. 
Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-R W) болады

7




Үнемі қолданатын программалар мен мәліметтерді ұзақ уақытты сақтау, ақпараттың негізгі тасымалдаушысы




Қатты диск

(винчестер)




Көлемі ондаған гигабайт (мыңдаған мегабайт), қатынаудың орташа уақыты 10 мкс-тан аз.

8




Мәліметі экранға визуалды көрсету




Монитор




Экран өлшемі (диагональ бойынша 15 және 17 дюйм), бейне анықтығы (0,25-0,27 мм), регенерация жиілігі (75 Гц-тен төмен болмауы) қорғау классы

9




Алфавитті-цифрлік мәліметтерді, басқару командаларын енгізу




Пернетақта

Стандартты пернетақтаның 101 және одан да көп пернесі бар


10




Манипулятор типті компьютерді басқару




Тышқан




Екі-үш батырмасы бар сопақша келген қорапша, монитор экранында синхронды түрде қозғалуы




11




Құжат басу




Лазерлі принтер




Жоғары сапа және басу жылдамдығы,  Қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 2400 нүктеге дейін салу мүмкіндігі




























12




Құжат басу




Сия бүріккіш принтер




Арзан, айыру қабілеттігі жеткілікті жоғары (2400 dpi-ге дейін), өнімділігі салыстырмалы төмен және оттиск бағасы жоғары (түрлі-түсті оттискіні басудың бағасы ондаған цент).




13




Құжат басу

Матрицалық принтер




Арзандылығымен ерекшеленеді, бірақ олардың өнімділігі мен айыру қабілеттігі өте төмен, жұмыс өнімділігі 10-60 секундта бір бет аралығында (секундына 20-400 символ)




























14




Қағазға басылған графикалық және мәтіндік ақпаратты енгізу




Сканер




Өңдеу ісін жүргізу қиын, мәлімет енгізу оңай, жылдам орындалады




15




Алыстағы компьютермен ақпарат алмасу




Модем




Сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы. жылдамдығы 2400 бит/сек - 54000 бит/сек аралығында




16




Дыбыс шығару




Колонка




Дыбыс қуаттылығы 30-50 Ватт, жиілігі 20-20000Гц, сезімталдығы


















Программалық қамтамасыз ету: қандай жүйелік және қолданбалы программалар қажет, не үшін қажет


2 кесте. Программаларды шолу.


















Ақпараттық қажеттілік




Платформаға қажетті программалар

Сипаттамалары

1




Пайдаланушы мен компьютерді байланыстыру




Операциондық желі

  • Енгізу-шығаруды басқаратын бағдарламалар (драйверлер);

  • Файлдық жүйені басқаратын және компьютерге тапсырмаларды жоспарлайтын бағдарламалар;

  • ОЖ-ге бағытталған командаларды қабылдап, анализдеп және орындайтын командалық тілдің процессоры (ядро-интерпретатор);

  • интерфейс.

















2




Кесте құру




Excel

Ыңғайлы интерфейс, таралымы және т.б.



















3




Құжат құру




Microsoft Word

Мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы, ең кең тараған мәтін редакторының бірі

4




Кесте түрінде деректер қорын сақтау




Microsoft Access

Жай графикалық интерфейс, деректер базасын басқару жүйесінің реляциялық типі

5




Презентация құру




Microsoft Power Point

Мультимедиялық презентация графикасы,алдын – ала безендіру элементтері сақталынған басқа шаблон түрінде алмастырады

















6




Компьютер үстелін программалық басқару




Microsoft Outlook

Жеке және қызметтік түрдегі мәліметтерді басқару ыңғайлы интерфейс

7




Тексттік процессор




Word Pad

Тексті теру мен форматтауды қолданады,таблица мен орфографиялық қателікті тексеру инструменті жоқ.

8




Компьютерді вирустан қорғау




Антивирустық программа

Жұмыстың тұрақтылығы мен сенімділігі,вирустық базасының көлемі,жылдамдығы, көпплатформалық

Қорытынды

Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) не болмаса шетел терминологиясында «жұмыс станциясы» кез-келген мамандықты пайдаланушы маманның жұмыс орны, бұл жер тұлға мен арнайы қызметті орындауды автоматтандырылған түрде жүзеге асыруға арналған құралдар мен қамтамасыз етілді. Ондай құралдар, негізінен ДК болады, ол қажет етілген жағдай да басқа қосымша электрондық құрылғылармен қамсыздандырылады: дискілік сақтағыштар, басып шығару құрылғылары, оптикалық оқу құрылғылары немесе штрихтік кодты санағыштар, графикалық құрылғылары, басқа АЖО және локальді есептегіш желілерімен байланысқан құралдар және т.б.АЖО жүйелілігі,икемділігі,тұрақтылық пен нәтижелігі АЖО жүйесінде жұмыс жасайтын ДК жоғары өнімділігі мен сенімділігі,шешілген мәселелер санатына программалық қамсыздандырудың парапарлығы,күрделі процесстердің максимальді автоматты деңгейі,мамандарды АЖО операторлары ретіндегі өзін-өзі қамтамасыз етуіне ыңғайлы талаптары,АЖО-ны жұмыс құралы ретінде пайдаланатын маманның максимальді жайлылығын және қамсыздығын қамтамасыз ететін басқа факторлар автоматтандырылған жұмысын жобалаудың тиімділігін көрсетеді.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:


    1. Информатика негіздері. Ғылыми-әдістемелік журнал;

    2. М.Б. Алтай, Г.С. Бөлеген. Windows. Компьютерде жұмыс істеп үйренейік. Алматы, 2000 жыл, 80 бет

    3. http://www.karatuzskij.ru/

    4. http://1referat.kz

    5. Google мен wikipedia ақпарат көзі

Оглавление


Жоспар 2

Компьютердің дәрігер жұмысы үшін маңызы 3

Компьютер басында жұмыс істеуге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар (бөлмеде орналасуы, қолдану ыңғайлылығы) 5

Компьютер орналасатын бөлмеге келесі талаптар қойылады: 6

Жұмыс орынға келесі талаптар орындау қажет: 7

Аппараттық қамтамасыз ету: компьютердің қандай сыртқы және ішкі құрылғылары қажет, олардың тағайындалуы мен сипаттамалары 9

Программалық қамтамасыз ету: қандай жүйелік және қолданбалы программалар қажет, не үшін қажет 12

Қорытынды 14

Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) не болмаса шетел терминологиясында «жұмыс станциясы» кез-келген мамандықты пайдаланушы маманның жұмыс орны, бұл жер тұлға мен арнайы қызметті орындауды автоматтандырылған түрде жүзеге асыруға арналған құралдар мен қамтамасыз етілді. Ондай құралдар, негізінен ДК болады, ол қажет етілген жағдай да басқа қосымша электрондық құрылғылармен қамсыздандырылады: дискілік сақтағыштар, басып шығару құрылғылары, оптикалық оқу құрылғылары немесе штрихтік кодты санағыштар, графикалық құрылғылары, басқа АЖО және локальді есептегіш желілерімен байланысқан құралдар және т.б.АЖО жүйелілігі,икемділігі,тұрақтылық пен нәтижелігі АЖО жүйесінде жұмыс жасайтын ДК жоғары өнімділігі мен сенімділігі,шешілген мәселелер санатына программалық қамсыздандырудың парапарлығы,күрделі процесстердің максимальді автоматты деңгейі,мамандарды АЖО операторлары ретіндегі өзін-өзі қамтамасыз етуіне ыңғайлы талаптары,АЖО-ны жұмыс құралы ретінде пайдаланатын маманның максимальді жайлылығын және қамсыздығын қамтамасыз ететін басқа факторлар автоматтандырылған жұмысын жобалаудың тиімділігін көрсетеді. 14

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 15

Оглавление 16