shkolakz.ru   1 2 3 ... 11 12

Литературы

1.Пит Дрейпер.Специальные эффекты в 3dsMax.:Издательский дом «Вильямс»,2008.

2. Джон А.Белл.3DS Max 6 Советы знатков.:ДиаСофт,2002

3.Келли Мэрдок.3dsMax 2012.Библия пользователя 3dsMax 2012.:«Диалектика»,2012.-1312.


УДК 621

ОПТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ


Али Б., Тәжіғалиева Б.Т., Жуманкулов Д.,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана


Ғылыми жетекші – т.ғ.к., доцент Молдамурат Х.


Сымсыз оптикалық байланыс технологияларының негізгі міндеттері толқын ұзындығы инфрақызыл диапазонында жоғары жылдамдықпен үлкен көлемдегі мәліметтер тарату үшін қажет. Дүние жүзіне танымал операторлар және телекоммуникациялық желілер жұмысын жасаушылар арасындағы ең танымалдары- Sprint, Nextol, Verizon (Bell Atlantic), Вымпелком, Motorola, Siemens болып табылады. Олар сымсыз оптикалық технологияны өз қолдарына алған.

Оптикалық байланыс линиясы келесі жағдайларда қолданылады:

- серікаралық байланыс каналын ұйымдастыру үшін (геотұрақты орбиталы, орта орбитальды және төменорбиталды ретрансляторлар арасында);

- планетаралық космостық аппараттар аралығына, және серік-ретранслятор аралығына, жер станциясымен байланыста қолданылады;

- Космостық аппараттардың ішкі байланыс линияларын ұйымдастыруға қолданылады;

Қазіргі таңда космостық техника шығаратын әлем елдерінде лазерлік жүйенің екі типін қолданатын оптикалық байланыс линиясының технологиясын жасау ауқымды түрде орын алған.

- тура детектрленген (DD) амплитуда бойынша модульденген (немесе қабылдағыштағы оптикалық сигналдың қарқындылығы –кодты импульсті модуляция–амплитудалық модуляция, кодты импульсті модуляция – поляризация бойынша таситын манируляция), позиционды – импульсті модуляция ПИМ-АМ, ВИМ-АМ; - гетеродинді қабылдағыш, радиодиапазондағы байланыс линиясында қолданылатын модуляция әдістері қолданылады (модуляцияның импульсті түрлері, ЖМ, ФМ және т.б.) Орбитааралық оптикалық байланыс жүйесінде сигнал жоғалтулары аз мөлшердегі тұрақты сигнал болады, коммуникациялық аппараттары шағын және жоғары деңгейдегі мәліметтерді тарату. Ал оптикалық байланыс жүйесінің қабылдағышы ретінде фотоэлектронды көбейткіштер және көшкін фотодиодтар.





1-сурет. Геотұрақты орбитада орналасқан екі жер серігі арасынаоптикалық баланыс орнату


Жапонияда 90-жылдардың ортасында геотұрақты серік – ретрансляторлар аралығында космостық оптикалық байланыс сыналды. Оның өткізу жолағы 1Мбит/с болды.




2-сурет.15 см апертурасы бар, 1,604 мкм 1 Вт шығару қуаты бар Nd: YAG(қаттыденелі) лазерді қолданады, салмағы 70 кг


(ESA) Еуропалық космостық агенттігі ARTEMIS проектісін жүзеге асыру үстінде, бұл проектіде серікаралық байланыс линиясы геотұрақты және төменорбитальды серіктер арасына, мұнда бір серікаралық байланыс линиясы оптикалық. Осы серіктерге арналған SILEX оптикалық құрылғысы (өндіруші Matra Marconi Space, France) 25 см оптикалық линзасы бар және LEO-GEO байланыс линиясында ақпаратты тарату жылдамдығы 50 Мбит/с құрайды (қарқындылығына қарай модуляция, толқын ұзындығы 0,847мкм, ПРД қуаты 120мВт). GEO – LEO байланыс линиясында 2,048 Мбит/с (толқын ұзындығы 0,801 мкм, тіке детектрленген). Ал GEO – GEO орбитасы үшін КОТТ (кішкентай оптикалық телекоммуникациялық терминал )байланыс линиясы үшін Matra Marconi Space (U.K.) бұдан қуаттырақ (шығару қуаты 2 Вт, тұтыну – 100Вт)IM/DD қолданатын 0,85 мкм лазер, салмағы 45 кг. SOLACOS неміс жобасы, Dornier Satellitensysteme GmbH қаржыландырылған. Бұл басқа терминалдардан біраз өзгеше, өйткені мұнда қаттыденелі лазер және біртіндеп қабылдау қолданылады. Бұл да GEO-GEO арналған, тарату жылдамдығы секундына 650 Мбит.

Әдебиеттер тізімі:


  1. Серіктік байланыс жүйесі, Камнев В.Е. Черкасов В.В.Чечин Г.В. Москва 2004
  2. ГКНПЦ им. М.В. Хруничева «Основы построения и эксплуатации космической системы связи и вещания» Базовый теоретический курс, Книга1, Москва 2005


  3. АлекперовА.Геостационарная орбита заселена плотно// Мир связи. - 1999. - №2. - С. 84-93.

  4. Спутниковая связь и вещание, Справочник. Под ред. Л.Я.Кантора.-М.:Радио и связь , 1997.


ӘОЖ 004.42


КАФЕДРА ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ БІР ЖЫЛДЫҚ РЕЙТИНГІН ШЫҒАРАТЫН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕНІН ЖАСАУ


Амантайқызы Н.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы


Ғылыми жетекші – аға оқытушы Ұ.Б.Өтебаев

Адамзат ғасырлар бойы алған білімдерін, әр түрлі жұмыстар жасап үйренген тәжірибелерін, қоршаған орта туралы деректерін жинақтаған, басқа сөзбен айтқанда – ақпараттар жинаған. Бастапқы кезде ақпарат ұрпақтан-ұрпаққа өсиеттер түрінде және ауызша әңгімелер түрінде тараған. Қағаздың, кітап өндірісінің пайда болуы және дамуы ақпараттарды тиімдірек, жазбаша түрде көптен-көп таратуға және сақтауға мүмкіндіктер туғызды. Электр тоғы дамуындағы әр түрлі жаңалықтар ақпараттарды жедел таратуға және жинақтауға мүмкіндік беретін - телеграфтың, телефонның, радионың, теледидар жүйесінінің пайда болуына әкеліп соқты. Прогресстің дамуы ақпараттардың күрт көбейуіне мүмкіндік туғызып, осыған байланысты, оларды сақтау, өңдеу мәселелерін жылдан-жылға көбейте түсті. Осы кезде есептеу машиналарының пайда болуы ақпараттарды сақтауды, әсіресе өңдеуді жеңілдетті. Микропроцессорлар негізінде құрылған есептеу техникалары компьютерлердің және олардың программалық қамтамасыздандырылуын тиімді етіп жаңаландыруға мүмкіндік берді. Үлкен ағымды ақпараттарды өңдей алатын программалар пайда бола бастады. Осындай программалар көмегімен әр түрлі ақпараттық жүйелер құрылды. Кез келген ақпараттық жүйенің мақсаты болып, объектілер туралы және нақты әлемдегі құбылыстар туралы деректерді өңдеу және адамға олар туралы деректерді беру болып табылады. Сондықтан да, бұл ғылыми жұмыстың мақсаты кафедра профессор-оқытушыларының рейтингін анықтайтын, нәтижесін мәліметтер қорында сақтайтын және оған талдау жасайтын бағдарламалық кешенін жасау болып табылады [1].


Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Европа университеттерінің тәжірибелерінде кездесетін профессор-оқытушыларының еңбек ақысын есептеуде, жалақысына қосымша ақы қосу мәселелерін, оның істеген жұмысына қарай рейтингін анықтау арқылы балл қойылады. Жинаған балына қарай әр профессор-оқытушыларға қосымша жалақы қосылады. Кімге қанша қосылу керектігін анықтау, адам еңбегіне біршама күш салады. Сол мәселені шешу үшін арнайы бағдарлама көмегіне жүгінеміз.

Егер біз бір объектілердің жиынтығын қарастырсақ, онда олардың ішінде қасиеттері бірдей объектілерді таба аламыз. Бұндай объектілер бөлек бір топқа бөлінеді. Біріктірілген объектілерді сол топ ішінде жалпы ереже бойынша, яғни алфавит бойынша, немесе басқа бір ортақ белгілері бойынша, мысалы түсі немесе материалы бойынша реттеуге болады. Объектілерді нақты бір белгілері бойынша топтау ақпараттарды оңай іздеп таңдау мүмкіндігін береді. Осы ақпараттардың барлығы деректер қоймасы деп аталатын файлдар жиынында жинақталады да, ал олардың жұмысын басқару үшін арнайы жазылған программалар – деректер қоймасын басқару жүйелері (ДҚБЖ) құрылады.

Ақпараттық жүйелерді (АЖ) шартты түрде фактографиялық және құжаттық деп екі топқа бөлуге болады.

Құжаттық АЖ қойылған сұраққа бір мағыналы жауап бере алмайтын, бөтен бір есептер жиынына қызмет жасайды. Бұндай жүйелердің деректер қоймасы, әр түрлі формалды іздеу аппаратымен жабдықталған, бір құрылымды емес мәтіндік құжаттардың (мақалалар, кітаптар, рефераттар ж.б.) және графикалық объектілердің жинағынан тұрады. Әдетте бұл жүйенің мақсаты болып, пайдаланушының сұранысына оны іздеуге қойылған шарттың мағынасына сәйкес келетін құжаттардың немесе объектілердің тізімін беру болып табылады.

Сол мәліметтер қоры ретінде Microsoft Office құрамына кіретін Access мәліметтер қорын пайдаланайық. Мәліметтер қорын Microsoft Access-те жасап, сақталған мәліметтер қорын басқару үшін Delphi объектіге бағытталған бағдарламалау тілінде интерфейсін жасап ұйымдастырамыз.


Delphi объектіге бағытталған бағдарламалау тілінде ADO деп аталатын технологияны пайдаланамыз. Бұл технологияның қызметі Microsoft Access мәліметтер қорымен байланыс орнатуды жүзеге асырады.

ADO негiздері

ADO (ағылшыннан аударғанда ActiveX Data Objects - «ActiveX мәліметтерінің объектісі») – Microsoft компаниясы жасап шығарған, ActiveX технологиясына негізделген интерфейс бағдарламасы. ADO бағдарламасы әртүрлі файлдарды объектіге бағытталған түрде көрсетеді [2-3].

ADO моделі бірнеше объектілерден тұрады:


  • Connection (жойылған мәліметтер қорын қосуға арналған);

  • Recordset (мәліметтер қорынан алынған мәліметтерді көрсетеді);

  • Command (командаларды орындауға және SQL параметрлерін қолдануда қолданылады);

  • Stream (ағымдағы ақпараттарды жазуға және оқуға қолданылады);

  • Errors (қате екенін көрсетеді);

  • Fields (мәліметтер қорының бағана мен кестені көрсетеді);

  • Parameters (SQL – құрылымының параметрлерін көрсетеді);

  • Properties (объектінің құрылымын көрсетеді).

Microsoft ActiveX Data Objects технологиясы – деректер қорының (ДҚ) қосымшаларынан дерек көздерiне әмбебап қатынауды қамтамасыз етедi.

ADO технологиясы және OLE DB-ның интерфейстерi (1 сурет) әр түрлi дерек көздерiне қатынауға рұқсат беретін бiртұтас қосымшалары үшiн қамтамасыз етедi. Мысалы, ADO қолданушы қосымшасы бiрдей күрделi операциялар мен электрондық кестелерге жергiлiктi ДҚБЖ-да SQL-дың бiрлескен серверiнде және сақталған мәлiметтерге қолдана алады. SQL кез-келген дерек көзiне ADO арқылы бағытталған сұрау салуды орындайды [2-3].




1-сурет. ADO-ның негізінің сұлбасы


Қолдану мысалдары

Delphi-дің негізі терезесінен ADO палитрасынан ADOConnection компонентін таңдап, Form-ға орналыстырамыз. Содан соң, ADOConnection компоненттің ConnectionString қасиетіне кіреміз. Бізге 2-суреттегі терезе ашылады.





2-сурет. ADOConnection компонентін баптау терезесі


Бұл терезеден Use Connection String бөлімін таңдап Build… батырмасын шертеміз. Бізге деректер қорымен байланыс орнатау терезесі ашылады (3-сурет) . Бұл терезеде Microsoft Jet 4.0 OLE DB Provider бөлімін таңдап Далее>> батырмасын басамыз.




3-сурет. Microsoft Jet 4.0 OLE DB Provider жүйесі арқылы деректер

қорымен байланысу терезесі


Байланыс жүйесін таңдап Далее>> батырмасын басқаннан соң, бізге нақты Microsoft Access-те құрылған деректер қорының файлын көрсетеміз (4-сурет) . Оны «1. Выберите или введите имя базы данных» бөлімінде файлдың қайда тұрғанын көрсетеміз.




4-сурет. Microsoft Access-те құрылған деректер қорының файлын көрсету терезесі


Жоғарыдағы амалдарды орындау нәтижесінде, біз қарастырып жатқан деректер қорын толық басқару Delphi ортасында құрылған интерфейске, яғни ADO технологиясына өтеді.

Енді біз өзіміздің тақырыбымызға сай жұмысты істеуді қарастырайық. Бұл жұмыстың жобалануы ең алдымен кафедра профессор-оқытушыларының жеке мәліметтерімен, мақалаларымен танысудан басталады. Одан кейін Delphi объектіге бағытталған программалау тілінде программаны құруды бастаймыз. Ол жоғарыдағы айтылған алгоритмдер мен операцияларды орындаумен жасалады. Олай болса оның құрылған интерфейсі 5-суреттегідей болады.




5-сурет. Бағдарламаның мәзірі

6-сурет. Профессор-оқытушылардың еңбек жинақтарын толтыру терезесі

Осы жұмыстың оқу үдерісінде ең маңызды қызмет атқаратынын айқын көруге болады. Бұл жұмыста кафедра профессор-оқытушыларының рейтингін анықтайтын, нәтижесін мәліметтер қорында сақтайтын және оған талдау жасайтын бағдарламалық кешенін кеңінен қолдана алады.

Бұл автоматтандырылған бағдарлама көмегімен керекті сұраныстар мен есептерді құруға байланысты болатын, қиын және көп уақыт алатын есептеулерге кететін жұмыс күшін азайтумен осы жұмыстарды жеңілдетуге бағытталған.


Әдебиеттер


  1. Под общ. ред. Д.Ж Нукетаевой Академическая политика.- Алматы: Изд. «Қыздар университеті». 2013.- 44с.

  2. Фаронов В.В. Delphi. Программирование на языке высокого уровня: Учебник.- СПб.: Питер, 2004.- 640 с.:

  3. Гофман В.Э., Хомоненко А.Д. Работа с базами данных в Delphi. - СПб.: БХВ, 2000.



АКТУАЛЬНОСТЬ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ИНФОРМАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ ДЛЯ УЧЁТА ОСНОВНЫХ СРЕДСТВ

Амиржанова Ж.Ж.


Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева, Петропавловск


Научный руководитель- преподаватель кафедры ИС Гуляева А.Л


Основные средства являются неотъемлемой частью любого предприятия и от повышения эффективности их использования зависят важные показатели деятельности предприятия, такие как финансовое положение, конкурентоспособность на рынке. Поэтому анализ эффективности использования основных средств имеет важное значение для управления производственной деятельностью предприятия.

Основные средства - это часть имущества, используемая организацией в течение длительного времени (более 12 месяцев) при производстве продукции (выполнении работ, оказании услуг), а также в управленческих целях.

В настоящее время использование информационных систем на предприятии становиться неотъемлемой частью организации производственного процесса. Применение данной системы на предприятии позволило бы автоматизировать операции по оформлению приемки, передачи, выбытия основных средств, а также повысить общую степень контроля наличия и состояния объектов основных средств данного предприятия. Это бы привело к получению материальных выгод по следующим направлениям:


а) уменьшение количества времени, затрачиваемого на оформление документации, что позволит сократить цикл основного производства;

б) сокращение объема документооборота, что позволит снизить расходы а хранение и утилизацию промежуточной документации;

в) наглядность представления и быстрота получения информации позволила бы ускорить и облегчить процесс принятия управленческих решений, что могло бы благоприятно сказаться на хозяйственной деятельности предприятия в целом.

В настоящее время для эффективной организации и ведения бухгалтерского учёта применяются на предприятиях продукты фирмы 1С.

1С:Предприятие — программный продукт компании 1С, предназначенный для быстрой разработки прикладных решений. Технологическая платформа «1С:Предприятие» не является программным продуктом для использования конечными пользователями, которые обычно работают с одним из многих прикладных решений (конфигураций), использующих единую технологическую платформу. Платформа и прикладные решения, разработанные на её основе, образуют систему программ «1С:Предприятие», которая предназначена для автоматизации различных видов деятельности, включая решение задач автоматизации учёта и управления на предприятии.

Основными задачами бухгалтерского учета основных средств являются:


  • контроль за сохранностью и наличием основных средств по местам их использования;

  • правильное документальное оформление и своевременное отражение в учете их поступления, выбытия и перемещения;

  • контроль за рациональным расходованием средств на реконструкцию и модернизацию основных средств и их отражением в учете;

  • правильное исчисление амортизации для включения в затраты предприятия;

  • контроль за эффективностью использования основных средств;

  • контроль за своевременным проведением и отражением в учете реконструкции и модернизации средств труда;
  • проведение анализа использования основных средств;


  • достоверное определение результатов от списания, ликвидации, выбытия объектов основных средств.

Сущность основных средств проявляется через их классификацию. Основные производственные средства принято делить на две части: активную и пассивную часть. К активной части основных средств относят те средства, которые принимают непосредственное участие в производственном процессе (машины и оборудование). К пассивной же части основных средств относят те средства, которые обеспечивают нормальное функционирование производственного процесса.

Актив принимается к бухгалтерскому учету в качестве основных средств при единовременном выполнении следующих условий:

  • объект предназначен для использования в производстве продукции, при выполнении работ или оказании услуг, для управленческих нужд организации либо для предоставления организацией за плату во временное владение и пользование или во временное пользование;

  • объект предназначен для использования в течение длительного времени (более 12 месяцев или обычного операционного цикла, если он превышает 12 месяцев);

  • организацией не предполагается последующая перепродажа данного объекта;

  • объект способен приносить организации экономические выгоды (доход) в будущем.

Под системой учета основных средств понимается вся совокупность методов и средств, реализация которых на отдельно взятом предприятии позволила бы получать исчерпывающую информацию о каждом объекте учета в любой, отдельно взятый момент времени.

Основные средства – это важнейшая и преобладающая часть всех фондов в промышленности (имеются в виду основные и оборотные фонды, а также фонды обращения). Они определяют производственную мощь предприятий, характеризуют их техническую оснащенность, непосредственно связаны с производительностью труда, механизацией, автоматизацией производства, себестоимостью продукции, прибылью и уровнем рентабельности. И от того насколько эффективно будет автоматизирован учёт основных средств на предприятии зависит его конкурентоспособность и повышение прибыли за счёт экономии времени, а также сокращения ошибок при ручном введении бухгалтерского учёта.


Литература


  1. 1С: Бухгалтерия 8 для Казахстана. – М.: Фирма «1С», 2009.

  2. 1С: Предприятие 8.1. Практическое пособие разработчика. Примеры и типовые приемы. – Радченко М.Г. – СПб: Питер, 2009.

  3. http://www.e-reading-lib.org/bookreader.php/130776/Sergeeva_-_Osnovnye_sredstva._Buhgalterskiii_i_nalogovyii_uchet.html


УДК 004.432

ИНФОРМАЦИОННАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ В ОБЛАЧНЫХ ВЫЧИСЛЕНИЯХ.



<< предыдущая страница   следующая страница >>