shkolakz.ru   1 ... 2 3 4 5

Сұрыпталған қатты бидай сорттарының иммунологиялық қасиеттерін негізгі агроэкологиялық аймақтарда сынау

Бидай тат ауруларының даму сатыларында қоршаған орта жағдайларына қояр талабы әр түрлі. Көптеген бидай сортының иммунологиялық қасиеті қоршаған ортаға тәуелді немесе экологиялық ортаға байланысты өзгеріп отырады. Осыған байланысты БҚПҒЗИ-да тат ауруларына төзімділігімен ерекшеленген қатты бидай сорттары еліміздің негізгі агроэкологиялық аймақтарында сыналынды, яғни оның біріншісі Солтүстік Қазақстан (РДЖКК) және екіншісі – Оңтүстік-шығыс Қазақстан (ҚазЕӨШҒЗИ). Жоғарыда аталған Республика аймақтарында 2006-2007 жылдары қатты бидай сорттарының сабақ және жапырақ татына төзімділігі бағаланды (кесте 5).


Кесте 5 – Қатты бидай сорттарының иммунологиялық қасиетіне агроэкологиялық сынақтың әсері (2006-2007 жж., орташа)


Сорт атауы

Солтүстік Қазақстан

Оңтүстік-шығыс Қазақстан

сабақ таты

жапырақ таты

сабақ таты

жапырақ таты

балл

%

балл

%

балл

%

балл

%

Albatross

1

5

0


0

1

5

0

0

Aldura

1

5

2

5

1

5

1

5

Altar 84

1

5

1

5

1

5

1

5

Cocorit 71

0

0

0

0

0

0

2

5

Macoun

2

5

0

0

1

5

0

0

Mexicali 75

1


5

1

5

1

5

1

5

Mondur

3

10

0

0

2

10

0

0

V.Z.-D

0

0

2

10

2

10

1

5

VZ-187

2

5

0

0

2

10

2

10

Ward

1

5

0

0

1

5

0

0


Каргала 28

0

0

0

0

0

0

1

5

Каргала 303

2

10

0

0

1

5

1

5

Гордеиформе 429

2

5

1

5

2

10

1

5

Наурыз 6

1

5

0

0

2

5

0

0

Субастрале 489

2

5

2

10

2


10

2

10

Гордеиформе 94-94-1

4

50

3

10

3

5

2

5

Гордеиформе 94-94-13

4

80

0

0

3

10

3

10

Дамсинская янтарная

4

50

0

0

2

10

2

5

Омский рубин

4

60

0

0

4

30

2

5

Безенчукская 139

4

80


3

20

4

40

3

10

СИД 88, бақылау

4

60

2

20

4

40

2

10

Зерттеулер нәтижесінде тәжірибеге пайдаланған қатты бидай сорттарының иммунологиялық қасиетіне экологиялық сынақ әр түрлі әсер етті. Негізінен ҚазЕӨШҒЗИ жағдайында қатты бидай сорттарының тат ауруларына төзімділік белгілері БҚПҒЗИ алынған нәтижелерге сәйкес келді. Яғни, Қазақстанның оңтүстік-шығысында сабақ татына тек өндіріске пайдаланылуға ұсынылған Омский рубин, Безенчукская 139 және СИД 88 сорттары ғана төзімсіз болып бағаланды. Ал, Республиканың солтүстігінде жапырақ татымен салыстырғанда сабақ таты қатты бидай сорттарында өте қарқынды дамыды. Бұл аймақта бидайдың масақтанудан толық пісуге дейінгі кезеңдерінде сабақ татының даму деңгейі күшейе түсіп, бұл көрсеткіш кейбір сорттарда 80% дейін жетті. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тат ауруларынан біршама тиімді қорғанған Дамсинская янтарная, Гордеиформе 94-94-1 және Гордеиформе 94-94-13 сорттары осы қасиетін солтүстік өңірде сақтай алмады. Нәтижесінде оларда P.graminis tritici қоздырғышының даму дәрежесі 50-80% аралығында болды. Осыған байланысты аталған бидай сорттарының сыртқы орта жағдайларына өте сезімтал келетінін біле аламыз. Сонымен қатар, бұл құбылыс бидайдың тат аурулары төзімділігіне экологиялық ортаның тікелей әсер ететінін дәлелдейді. Ал, сұрыпталған басқа сорттар сабақ және жапырақ татымен өте әлсіз деңгейде зақымданып, аурудың екі түріне топтық төзімділік танытты.


Экологиялық сынақ нәтижелерін қорытындылай келе, қатты бидай дақылының Albatross, Altar 84, Aldura, Cocorit 71, Macoun, Mexicali 75, Mondur, V.Z.-D, VZ-187, Ward, Каргала 28, Каргала 303, Гордеиформе 429, Наурыз 6 және Субастрале 489 сорттары еліміздің тек оңтүстік аймақтарында ғана емес, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан жағдайында да тат ауруларына иммунологиялық қасиетін тұрақты сақтайды.


Қорытынды


Жаздық қатты бидай сорт-үлгілерінің тат ауруларына төзімділігін анықтау мақсатында 2003-2007 жылдар аралығында жүргізілген зерттеулер мен алынған ғылыми нәтижелер негізінде келесі тұжырымдар жасалынды:


  1. Жасанды індет аясында зерттелінген қатты бидай дақылының Қазақстандық 944 сорт-үлгісі арасынан 89 (9,4%), интродукциялық 470 сорттың – 246 (52,3%) тат ауруларына топтық төзімділік танытты. T. durum D. үшін аса қауіпті сабақ татына Қазақстандық сорт-үлгілердің 231 (24,5%), ал интродукциялық сорт-үлгілердің 346 (73,6%) төзімді болып есептелді.

  2. Өсімдік онтогенезінде тат ауруларына төзімділігі бойынша Каргала 28, Каргала 303, Наурыз 6 (Қазақстан), Гордеиформе 429, Субастрале 489 (Ресей), Mexicali 75, Yavaros 79, Altar 84, Nacori C97, Albatross, Cocorit 71 (Мексика), Aldura, Ward, Crosby, Lakota (АҚШ), Macoun (Канада), VZ-187, V.Z.-D (Италия), Dur, Rainvine (Үндістан), Mondur, Valdur (Франция) сорттары сұрыпталды.

  3. Қатты бидай сорттарынан сабақ татының 21 патотипі жіктелінді. Кездесу жиілігі бойынша TDT/H, TCM/B, TKH/R және TTH/K ерекшеленді, ал аса вирулентті болып TTH/K, TKH/R және TDT/H есептелінді. Сабақ татының тиімді төзімділік гендері қатарына SrGt, Sr6, Sr24, Sr27, Sr11 және Sr30 жатқызылды.
  4. Сабақ татының Sr24 тиімді төзімділік гені интродукциялық Aldura, Crosby, Mocaun, Mondur сорттарынан, Sr11 гені Dur, VZ-187, V.Z-D сорттарынан постулаттау әдісі арқылы анықталынды. Қазақстандық Наурыз 6, Каргала 28, Каргала 303, Гордеиформе 429 сорттарының сабақ татына өскіндік төзімділігі Sr6+Sr27 гендерімен бақыланады.


  5. Қатты бидай сорттарынан жапырақ татының 12 патотипі жіктелінді, олардың арасынан THF/H, FGT/H, MBN/G Қазақстанда, ал Солтүстік Кавказ аймағында THT/F жиі кездеседі. Солтүстік Кавказ патотиптерімен салыстырғанда Қазақстандық патотиптердің вируленттілігі әлсіз болды. Жапырақ татының төзімділік гендері арасынан Lr9, Lr19, Lr24 зерттелген барлық патотиптерге төзімділік көрсетті, ал Lr23, Lr25 гендері қазақстандық патотиптерге ғана тиімді болды.

  6. Жапырақ татының Lr19 тиімді төзімділік гені интродукциялық Valdur, Dur сорттарынан, Lr25 гені Lakota, Macoun сорттарынан және өскіндік фазада ауруға төзімділік танытқан Albatross, Cocorit 71, VZ-187 және Наурыз 6 сорттарынан Lr23 гені анықталынды.

  7. Тат ауруларына төзімділігі бойынша сұрыпталған қатты бидай сорттарының суармалы жағдайда орташа өнім түсімі 37,0±0,5 ц/га, ал 1000 дән салмағы 46,3±0,7 граммды құрады. Бұл көрсеткіштер Безенчукская 139 бақылау сортымен салыстырғанда, тиісінше 6,8 ц/га және 6,9 грамм артық болды.

  8. Қатты бидайдың Albatross, Altar 84, Aldura, Cocorit 71, Macoun, Mexicali 75, Mondur, V.Z.-D, VZ-187, Ward, Каргала 28, Каргала 303, Гордеиформе 429, Наурыз 6 және Субастрале 489 сорттары тат ауруларына төзімділігін Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және солтүстігінде тұрақты сақтады.


Селекция тәжірибесіне ұсыныс


Тат ауруларына төзімділігі және шаруашылықтық құнды белгілері бойынша сұрыпталған T. durum D. сорттары бидайдың жаңа сорттарын шығару үшін бастапқы материал ретінде селекциялық жұмыстарға ұсынылады, олар: Каргала 28, Каргала 303, Наурыз 6 (Қазақстан), Гордеиформе 429, Субастрале 489 (Ресей), Mexicali 75, Yavaros 79, Altar 84, Nacori C97, Albatross, Cocorit 71 (Мексика), Aldura, Ward, Crosby, Lakota (АҚШ), Macoun (Канада), VZ-187, V.Z.-D (Италия), Dur, Rainvine (Үндістан), Mondur, Valdur (Франция).

Қатты бидай сорттарынан жіктелінген сабақ және жапырақ татының патотиптері бидай сорттарының расаға тән төзімділігін анықтауға және иммунитет селекциясын жоспарлы жүргізуге мүмкіндік туғызады.


Құрамында сабақ және жапырақ татының тиімді төзімділік гендері бар қатты бидай сорттары аталған аурулармен генетикалық күресу үшін селекцияға ұсынылады. Сабақ таты үшін Aldura, Crosby, Macoun, Mondur (құрамында Sr24), Dur, VZ-187, V.Z-D (құрамында Sr11), Наурыз 6, Каргала 28, Каргала 303, Гордеиформе 429 (құрамында Sr6+Sr27) сорттары. Ал жапырақ таты үшін Valdur, Dur (құрамында Lr19), Lakota, Macoun, (құрамында Lr25), Albatross, Cocorit 71, VZ-187, Наурыз 6 (құрамында Lr23) сорттары.



<< предыдущая страница   следующая страница >>