shkolakz.ru 1

Сабақтың тақырыбы: «3 санын қосу және азайту»


Мақсаты: 1. 3 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Кестелік қосу мен азайтуды орындауға машықтандыру.


  1. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын, ойын арқылы логикалық ой-өрісін дамыту.

  2. Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: кеспе сандар.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі.

Біздер тату баламыз,

Өсіп алғабарамыз.

Есептерді шығарып,

Біз білімді боламыз.

-Балалар, бүгінгі сабағымызда сынып екі топқа бөлінеді.

І топ: «Алғырлар»

ІІ топ: «Тапқырлар»

ІІ Психологиялық даярлық.

«Менің көңіл күйім»

Оқушылар өздерінің көңіл-күйлерін смайликтер арқылы көрсетеді.

-Бәріміздің көңіл-күйлеріміз керемет екен, мен өте қуаныштымын!- деген тілекпен сабағымызды бастаймыз.

ІІІ. Өткенді қайталау.

«Біліміңді байқа»

Біз ақылды баламыз

Есеп жұмбақ ойынның

Туын ұстап білімнің

Жауабын тез табамыз.

Математикалық тест.

І топқа

2 + 4 = 2,4,6 2+3= 5, 3, 7

5-2= 1,3,4 4-2= 2, 1, 3

ІІ топқа

4+2= 3, 6, 7 5+2= 7, 8, 9

7-2= 4, 5, 6 6-2= 5, 4, 8

ІV Жаңа сабақ.

-Балалар, үш саны туралы білгілерің келе ме?

Үш жұрт:

Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.

Үш байлық.

Бірінші байлық-денсаулық,

Екінші байлық-ақ жаулық,

Үшінші байлық -он саулық.

Үш арсыз.

Күлкі арсыз,

Тамақ арсыз,

Ұйқы арсыз.

Үш қуат:

Ақыл қуат,

Жүрек қуат,

Тіл қуат.


Ал достарым келіңдер

Біріңе бірің еріңдер

Біліміңді тексеріп

Амалды орындап көріңдер.


Арманда 4 машина бар, Ермекте 3 машина бар. Оларда барлығы қанша машина бар?

-7 машина

-7 машинаны қалай шығарып алдық?

-4+3 қосу арқылы.

-Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «3 санын қосу және азайту»

-Санға 3 санын қосқанда сан үш санға артады, ал, егер азайқанда үш санға кемиді.

полилиния 20полилиния 21

1

2

3

4

5

0

6

7

8

9

10

полилиния 33полилиния 34



              1. Кім тапқыр?» ойыны.

І топқа

«Мен бір сан ойладым, оған 3-ті қосқанда 10 шықты.Қандай сан ойладым?»

ІІ топқа

«Мен бір сан ойладым, одан 3-ті азайтсақ, айырманың мәні 5 болды. Мен қандай сан ойладым?»

VІ. Оқулықпен жұмыс.

3 саны үш бірліктің қосындысы, 2 мен 1-дің қосындысы.

2+1+1+1= 2+2+1= 2+3=

3+1+1+1= 3+2+1= 3+3=

10-1-1-1= 10-2-1= 10-3=

VІІ Дәптермен жұмыс.

3 санына алдымен 1 бірлікті, содан соң тағы 1 бірлікті, тағы 1 бірлікті қосамыз.

3 санына алдымен 2 бірлікті, содан соң 1 бірлікті қосамыз.

3 санына 3 бірлікті қосамыз.


VІІІ. Сергіту сәті.

Бір, екі- еңкей,

Бүгілмесін тізең.

Үш-төрт шалқай

Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға

Саусақты соз, жасқанба.


ІХ. «Ойлан, тап!»


Қосылғыш

0

1

2

3

4

5

6

7

Қосылғыш

3

3

3

3

3

3

3

3

Қосындының мәні



























Азайғыш

10

9

8

7

6

5

4


3

Азайтқыш

3

3

3

3

3

3

3

3

Айырманың мәні



























Х. Логикалық есептер.

І топқа

Көлден ұшты 7 қаз,

Қайтып қонды 2 қаз.

Қонбады оның нешеуі,

Қане, кім тез шешеді? (5)

ІІ топқа

10 асықтың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады. (7)

ХІ Қорытынды.

Топтастыру стратегиясы.


1

прямая соединительная линия 35


полилиния 36прямая соединительная линия 37прямая соединительная линия 38 2 3

прямая соединительная линия 39прямая соединительная линия 40


4 5

прямая соединительная линия 41прямая соединительная линия 42


6 7


ХІІ Бағалау.