shkolakz.ru 1

РМҚК «СММА»


САПА ФОРМАСЫ

МЖБС 2006 кешені дәріс

G-041.07.01.12-2007

Рев.02 Дата ввода ревизии 01.08.2007взамен:

Рев. 01 от 01.06.2005

Бет тен





ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША «Қоғамдық деңсаулық сақтау» факультеті 2 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДӘРІСТІК КЕШЕН:

1. Тақырып 1: Патологиялық анатомия пәнінің мақсаттары мен мазмұны. Зақымдалу (альтерация). Дистрофия.


2.
Мақсаты: Студенттерді медициналық білімдер арасында патологиялық анатомияның орнымен және мақсаттарымен таныстыру. Морфологиялық зақымдалудың негізгі аспектісін оқыту.


3.
Дәріс тезисі: Патологиялық анатомия жалпы патологиялық процестер мен аурулардың морфологиялық негіздері жайындағы біріктіретін медициналық білім болып табылады. Бұл білімдер ауруларды алдынан алу, емдеу үшін және науқас адамның өмірін ұзарту үшін қажет. Патанатомияның алдындағы мақсаттар: онкология саласында аурулардың уақытында қойылатын диагнозы; клиникалық диагнозды ақиқаттау мен анықтау; патологиялық процестер дамуы жайында білімдерді толықтыру; өлім жағдайында мемлекеттік статистика үшін өлім себептері жайында анық мәлімететр беру. Патологиялық анатомия әдістері: аурудан қайтыс болған адамның денесін тіліп ашып зерттеу (аутопсия); аутопсиялық, операциялық және биопсиялық материалды микроскоппен зерттеу; цитологиялық, иммуногистохимиялық және электронды микроскопия әдістерін қолдану.

Ауруды оқып тексеру кезінде көп көлемде сұрақтар туындайды: этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, органопатологиясы, синдромологиясы, номенклатурасы, аурудың классификациясы, патоморфозі (аурудың өзгеруі) емдеу принциптері және профилактикасы.


Патологиялық анатомия күн өткен сайын жетілуде, басқа жаңа медициналық мамандықтармен байланыста.

Ауруды оқып тексеру кезінде көп көлемде сұрақтар туындайды: этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, органопатологиясы, синдромологиясы, номенклатурасы, аурудың классификациясы, патоморфозі (аурудың өзгеруі) емдеу принциптері және профилактикасы.

Патологиялық анатомия күн өткен сайын жетілуде, басқа жаңа медициналық мамандықтармен байланыста.

Стромальды-қантамырлық дистрофиялар. Жiктелуi. Дәнекер тін ағзалардың стромасын, тамырлар қабырғасын құраушы негізгі элемент. Дәнекер тіннің құрылысы. Дәнекер тіннің зақымдалуы жайылмалы, жүйелі түрде дамуы. Стромальды-қан тамырлық белокты дистрофиялар: мукоидты iсiну, фибриноидты iсiну, гиалиноз, амилоидоз.

Мукоидты iсiну, фибриноидты iсiну, гиалиноз: дәнекер тіннің кезектесіп стадиялық түрде дамитын дезорганизациясы. Коллагеноздардың негізін құраушы патологиялық процесс. Морфологиялық сипаттамасы, себептерi, патогенезi. Жайылма гиалиноз – артериальды гипертензия кезіндегі ұсақ артериялар мен артериолалардың негізгі зақымдалу өзгерісі.

Амилоидоз – ағзалар стромасында қалыпты жағдайда кездеспейтін белок. Даму теориялары: иммунологиялық, локальды клеткалы синтез теориясы, мутациялық теория. Амилоидоздың жiктелуi, клинико-морфологиялық түрлерi, морфологиялық сипаттамасы.

Стромальды – қан тамырлық майлы дистрофиялар. Жалпы түрі – семіру. Семірудің этиологиялық және морфологиялық жіктелуі. Жергілікті стромальды майлы дистрофия – липоматоз.

Аралас дистрофиялар – күрделі белоктар зат алмасуының бұзылуы. Жiктелуi. Эндогенді және экзогенді пигментациялар. Хромопротеидтер – боялатын белоктар (пигменттер) алмасуының бұзылуы.

Гемоглобиногенді пигменттер: ферритин, гемосидерин, билирубин, гематин және т.б. Жалпы гемосидероз: даму себептері, морфологиясы. Сарғаю – қан плазмасында билирубин мөлшерінің өсуі мен тері түсі сары түске боялуымен сипатталатын патологиялық процесс. Гемолитикалық, паренхиматозды және механикалық сарғаю. Морфогенездері.


Липидогенді пигменттер: липофусцин, липохром. Патологиялық жағдайларда анықталуы.

Протеиногендiк пигметтер: меланин алмасуының бұзылуы. Гипер- және гипопигментациялық жағдайлар. Аддисон ауруы, альбинизм. Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылыстары. Подагра ауруы.

Минералды дистрофиялар: кальций алмасуының бұзылыстары. Кальций алмасуын реттеуші механизмдер. Метастазды, дистрофиялық және метаболизмдік кальцификация.

4. Көрнекі материал: демонстрациялық кестелер, презентациялар, патологиялық процесстердің макро- және микроскопиялық көріністердің электронды фотографиялары.


5. Әдебиеттер


Негізгі:


  1. Патологическая анатомия. Курс лекций: Учебное пос. (Под ред. В.В.Серова, М.А.Пальцева.- М.: Медицина, 1998.- 640с.:ил.-( Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

  2. Пальцев М.А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник. Том 1, 2. М.:Медицина,2001.

  3. Абдуллахождаева М.С. Основы патологии человека. - Ташкент, 1998. – 300с.

Қосымша:

  1. Пальцев М.А., Пауков В.С., Улумбеков Э.Г. Патология: Издательский дом: «ГЭОТАР-МЕД» 2002.- 959 с.

  2. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии /В.В.Серов, Т.Н.Дрозд, В.А.Варшавский, Г.О.Тетевосянц. - М.: Медицина, 1987.– 285с.-(Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

  3. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии: Учеб. пос. /В.В.Серов, М.А.Пальцев, Т.Н.Ганзен.-М:Медицина, 1998.-544с.-(Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

  4. Струков А.И. Патологическая анатомия: Учебник/А.И.Струков, В.В.Серов.-4-е изд., стереотип. М.:Медицина,1995.- 688с.- (Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

  5. Хазанов А.Т., Чалисов И.А. Руководство по секционному курсу. \\ М. - 1986.С.10-87
  6. Общая патология человека: Руководство /Под ред. А.И. Струкова. - М.: Медицина, 1990. – Т.1, 2..


  7. Серов В.В., Ярыгин Н.Е., Пауков В.С. Патологическая анатомия: Атлас. - М.: Медицина, 1986. – 305с.


6. Қортынды сұрақтар (кері байланыс)

1. Патологиялық анатомия, анықтамасы.

2. Медициналық пәндер жүйесінде патанатомияның алатын орыны.

3. Патанатомия әдістері және атқаратын қызметі.

4. Паренхиматозды дистрофиялардың жіктелуі

5. Дистрофия дамуының негізгі морфогенетикалық механизмдері.

6.Стромальды-тамырлы дистрофия. Негізгі варианттары.


1. Тақырып 2. Қан айналымының бұзылыстары. Қабыну. Ісіктер. Морфо және гистогенез.


2.Мақсаты: Студенттерді қан тамырлар қабырғасының өткізгіштігі мен қан толу бұзылыстарымен, механизм себептерімен, морфологиялық картинасымен таныстыру. Әр түрлі агенттермен туғызылған ағзаға зақымдануға әсері бар комплексті, қан-тамырлы мезенхимальды, экссудативті және продуктивті реакциясы бар қабынуларды таныстыру. Ісіктердің этиологиясы мен морфогенезі жайлы қазіргі заманға сай ақпарат беру, ісіктердің гистогенетикалық жіктелуімен таныстыру.

Қатерлі және қатерсіз ісіктер туралы түсінік. Ісіктердің метастаздану жолдары.


3. Дәріс тезисі:

Қан толу бұзылыстары. Артериальды толықандылық (гиперемия) – ағзалар мен тіндердің артериальды қанның көп мөлшерде келуіне байланысты қанға толуы. Жалпы және жергілікті артериальды толықандылықты ажыратамыз. Жергілікті түрі иннервация бұзылғанда, негізгі бағаналы артерия арқылы қанның жүруіне қиындық туғанда, артерияны жаншыған фактор алынғанда, барометрлік қысым төмендегенде, қабыну кезінде және артерио-венозды жыланкөз орнында дамиды.

Венозды толықандылық – жүрекке қарай бағытта веналар бойымен қанның ағуына қиындық туғандағы ағзалар мен тіндерде қан толуды атаймыз. Венозды қанның тоқырауы веналар мен капиллярлардың кеңеюіне, гипоксия дамуына әкеледі. Жалпы венозды толықандылық жүрек жетіспеушілігі кезінде дамиды, жедел және созылмалы түрлері болады. Ағзаларда ісіну, қан құйылулар, стаз, дистрофия, некроз, атрофия, склероз өзгерістері дамиды. Жергілікті венозды толықандылық нақты бір ағза мен тіндерден венозды қанның кетуіне қиыншылқ туғанда дамиды. Себептері: тромбоз, эмболия, тамырлардың сырттан жаншылуы.


Қан ағу – қан тамырлардан немесе жүрек камераларынан қанның қоршаған ортаға (сыртқы) немесе дене қуыстарына (ішкі) бөлініп шығуы. Қан ағудың себептері: қан тамырлар қабырғасының жарылуы; қан тамырлар қабырғасының желінуі (аррозия), қан тамырлар қабырғасының өткізгіштігінің артуы. Егер қан ағу нәтижесінде қан тіндерде жиналса ол қан құйылу деп аталады. Оның түрлері: гематома, геморрагиялық сіңбе, петехия. Қан құйылу нәтижесі: киста түзілуі, инкапсуляция, іріңдеу.

Инфаркт – тіндегі некроз орыны, себебі артериальды тамыр өзегінің жабылуынан болады. Пайда болу себебі: тромбоз, эмболия, ұзақ уақыт тамырлар спазымы. Түрлеріне қарай инфаркт ақ (ишемиялық), қызыл (геморрагиялық) болады.

Инфарктың 2 сатысы бар: некротикалық және организацияланған. Қабыну –Организмнің әртүрлі сыртқы немесе ішкі потогендік әсерлер нәтижесінде дамыған,қан айналымының ерекше бұзылыстарымен және жасушалар пролиферациясымен сипатталатын,стереотипті,қорғаушы-бейімдеуші реакциясы.;зиянды агенттерді жоюға және зақымданған ағзалардағы,тіндердегі құрылымдық өзгерістерді қайта қалпына келтіруге бағытталған. . Теріс жақтары: Тісшелердің,абцестердің түзілу. Қабыну үш фазадан тұрады. Альтерация, дистрофия мен некрозбен сипатталады. Экссудация – Қан тамырларынан қанның сұйық бөлігінің және қан элементтерінің сыртқа бөлініп шығуы. Пролиферация – Жасушалардың көбеюі нәтижесінде тіндердің қайта қалпына келуі немесе сол жердің тыртықтанып бітеуімен сипатталатын қабынудың соңғы бөлімі.

Қабынудың жіктелуі: Жедел, жеделдетілген және созылмалы.

Жедел қабыну көбінесе экссудативті және экссудаттың сипатына байланысты келлесі варианттарға бөлінеді: Серозды, катаральдық, фибринді, іріңді, геморрагиялық, шіріктік.

Пролиферативті қабыну пролиферативті прорцесстердің түзілуімен сипатталады. Пролиферативті қабыну жиі созылмалы түрде болады.Персистенцияның әсерінен зақымдаушы агенттер түзіледі. Жиі кедесетін шегі ағзалардың қайта құрылуымен және зақымдануымен сипатталатын атрофиямен дамитын склероз.Созылмалы қабынудағы негізгі жасушалы элемент макрофаг болып табылады.Соныменн қатар инфильтраттың жасушалы қабыну құрамында лимфоциттер,плазматикалық жасушалар және сегмент тәрізід ядролы нейтрофильдер болады. Пролиферативті қабынудың түрлері: аралық(интерстициалдық), гранулематоздық және полиптер мен өткір ұшты кандиломалар құраушы қабыну. Интерстициалдық қабыну көптеген инфекциялы ауруларда кездеседі және паренхиматозды ағзалардың стромасында дамиды.. Гранулематозды қабыну гранулемалардың түзілуімен сипатталады. Гранулема –моноцитарлы фагоциттерден тұратын жасушалы түйін. Гранулемалар этиологиясы бойынша жіктеледі:инфекциялы,инфекциялы емес,этиологиясы белгісіз.Патогенезі бойынша:иммунды,иммунды емес. Морфологиясы бойынша: спецификалық және бейспецификалық.

Спецификалық гранулемалар этиологиялық факторларды анықтауға бағытталған морфологиялық сипаты болады.Олар туберкулез,сифилис,проказ,склерома кезінде анықталады. Ондай гранулемалар орталығында казеозды некроз жиі болады. Бейспецификалық гранулемаға мысал ретінде жануар паразиттерінің бөгде (денелі) заттарының айналасындағы қабыну бола алады. Ісік – жасушалардың бақылаусыз, әрі тоқтаусыз көбеюімен сипатталатын патологиялық үрдіс. Ісіктердің этиологиясы тұқым қуалайтын генетикалық бұзылыстармен, вирустардың және әртүрлі канцерогендердің әсерімен байланысты. Ісіктердің пайда болуының 2 морфогенетикалық нұсқасы: алдын ала өзгерістерсіз және ісіктің бірнеше кезеңдер қатарының кезектесуі арқылы дамитын. Бұл кезеңдер: гиперплазия, ісік алды дисплазия, экспансивті ісік («жергілікті рак») ісіктің инвазивті өсуі, метастаздану. Кейбір қатерлі ісіктер қатерсіз ісіктердің кезеңдерінен өтеді. Қазіргі кезде ісікалды үрдістерге факультативті ісікалды үрдіс (фондық өзгерістер) және облигатты ісікалды үрдіс. Облигатты ісікалды үрдіс –бұл эпителидің дисплазиясы. Ауыр дисплазияны инвазивті емес рактан айыру қиын. Қатерлі ісіктің негізгі қасиеттері: ағзаның реттеу механизмдеріне тәуелсіз автономды өсу; атипизм; қоршап жатқан тіндерге инвазия; паранеопластикалық сндром; ісіктік прогрессия; метастаздану. Ісіктердегі екішілік өзгерістер: ісіктердің инвазивті емес өсуінің баяулауы, жасушалық атипизм кездеспейді, олар инфильтрленбейді, тек айналадағы тіндерді қысып тастайды, метастазданбайды. БДС жіктеуі бойынша ісіктерді гистогенезі бойынша 7 топқа бөледі. Ісктердің арасында ең жиі кездесетіні эпителий ісіктері: 1.жамылғы эпителийінің ісіктері және 2.безді эпителиий ісіктері. Бірінші топтағы қатерсіз ісіктер – папилломалар, екінші топтағысы – аденомалар. Қатерлі эпителиалды ісіктер – карцинома деп аталады. Оларға қатерлі ісіктердің барлық қасиеттері тән, оларда түрлендіру деңгейлері әртүрлі боллуы мүмкін (жоғары, орташа , төмен және түрленбеген), метастазданудың негізгі жолы лимфогенді.


4.Көрнекі материал: демонстрациялық кестелер, презентациялар, патологиялық процесстердің макро- және микроскопиялық көріністердің электронды фотографиялары.

5. Әдебиеттер.

Негізгі:

1. Патологическая анатомия. Курс лекций: Учебное пос. (Под ред. В.В.Серова, М.А.Пальцева.- М.: Медицина, 1998.- 640с.:ил.-( Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

2. Пальцев М.А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник. Том 1, 2. М.:Медицина,2001.

3. Абдуллахождаева М.С. Основы патологии человека - Ташкент, 1998. – 300с.


Қосымша:

1. Пальцев М.А., Пауков В.С., Улумбеков Э.Г. Патология: Издательский дом: «ГЭОТАР-МЕД» 2002.- 959 с.

2. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии /В.В.Серов, Т.Н.Дрозд, В.А.Варшавский, Г.О.Тетевосянц. - М.: Медицина, 1987.– 285с.-(Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

3. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии: Учеб. пос. /В.В.Серов, М.А.Пальцев, Т.Н.Ганзен.-М:Медицина, 1998.-544с.-(Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

4. Струков А.И. Патологическая анатомия: Учебник/А.И.Струков, В.В.Серов.-4-е изд., стереотип. М.:Медицина,1995.- 688с.- (Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

5. Хазанов А.Т., Чалисов И.А. Руководство по секционному курсу. \\ М. - 1986.С.10-87

6. Общая патология человека: Руководство /Под ред. А.И. Струкова. - М.: Медицина, 1990. – Т.1, 2..

7. Серов В.В., Ярыгин Н.Е., Пауков В.С. Патологическая анатомия: Атлас. - М.: Медицина, 1986. – 305с.


6. Қортынды сұрақтар (кері байланыс)

1. Артериальды және венозды толақандылық туралы түсінік. Классификациясы. Қан ағу түрлері.

2. Тромбоздың анықтамасы және маңызы. Морфологиялық мінездемесі. Эмболия.

3. Инфаркт морфогенезі. Инфаркт түрлері.

4. Қабыну түсінігі,даму механизмі,кезеңдері


5.Экссудативті қабынудың түрлері,морфологиялық көріністері.Экссудаттың құрамы.

6.Продуктивті қабынудың түрлері.Гранулеманың құрылысы,морфологиялық көрінісі

7. Гистогенез бойынша ісіктердің жіктелуі.

8. Тіндік және клеткалық полиморфизм.

9. Канцерогенез теориясы.


1. Тақырып3. Жеке патологиялық анатомия. Диагноз, құру принциптері. Жүрек –қан тамыр жүйесі аурулары.

2. Мақсаты:

1. Эндокардит, миокардит, перикардиттердің макро- және микроскопиялық белгілерін ажырата білу, даму механизмдері және себептерін түсіндіру, асқыну.

2. Атеросклеротикалық асқынулардың макро- және микроскопиялық белгілерін ажырата білу, даму механизмдері және себептерін түсіндіру, асқыну.

3. Артериальды гипертонияның макро- және микроскопиялық белгілерін ажырата білу, даму механизмдері және себептерін түсіндіру, асқыну.


3. Дәріс тезисі: Дүние жүзінде ауру және өлім көрсеткіштері бойынша жүрек-қан тамыр аурулары бірінші орында орналасады.. Оларға атеросклероз, гипертония ауру, жүрек ишемия ауруы, жүрек ақаулары жатады.

Атеросклероз- бұл артериялардың инфильтративті сипатта дамитын өзгерістері- қан тамырлардыңс интимасында майлы заттардың шөгуі және кейіннен дамитын склероз. Ірі және орташа артериялар интимасында табақшалар түзіледі. Патогенез бойынша атеросклероздың негізгі типтары: алиментарлы, гипертониялық және метаболизмдік. Орналасуы бойынша атеросклероздың түрлері: жалпы (негізінен қолқада; жүрек тәж артериялары; ми артериалары; бүйрек артериялары; аяқ-қол артериялары; аралас түрлер). Атеросклероз морфогенезі.

Артериальды гипертензия- артериальды қан қысымының тұрақты жоғарлауы. Себебі анықталмаған гипертензияны жеке нозологиялық бірлікке бөлінеді – гипертония ауруы. Егер гипертензия басқа аурудың белгісі болса, ол екіншілік немесе симптоматикалық деп аталады. Гипертония ауруының негізідік патогенездік факторлары: тұқым қуалайтын бейімділік, созылмалы психо-эмоциальды стресс, көп мөлшерде тұз қабылдау. Жүйелік гипертензияның негізгі морфологиялық көрінісі миокард гипертрофиясы, артериолалар және бұлшық ет типті артериялардағы өзгерістер болып табылады.


Жүрек ишемия ауруы (ЖИА) – бұл коронарлы қан айналымның абсолютты немесе салыстырмалы жетіспеушілігімен сипатталатын аурулар тобы. Атеросклероз бен гипертония ауруының жүректік формасы болып табылады. ЖИА кезінде миокард ишемиялық зақымдалуыңың себептері: тәжді артериялардың тромбозы, тромбоэмболиясы, ұзақ уақытта спазм және миокардтың функциональды күш түсуі. ЖИА жіктелуі: кенетті коронпрлы өлім, миокардтың жіті ошақты ишемиялық дистрофиясы микорд инфарктысы, ірі ошақты постинфарктты кардиосклероз, диффузды ұсақ ошақты кардиосклероз

1.Жүрек ақауы (ВПС) — жүрек құрлымы мен ірі тамырлардағы ақау. Көбіне ақаулар үлкен және кіші қан айналымының жұмысын бұзады.

Жүрек ақауына үш нрегізгі мутагендер әсер етеді:

1. Физикалық мутагендер (ионизирлеуші сәулелер).

2. Химиялық мутагендер (лак фенолдары, краскалыр; нитраттар; ХТП, НПВС және т.б.).

3. Биологиялық мутагендер

ТЖА 2 топқа бөлінеді:

1. Ақ (боз, солдан –оңға қан атқылау, артериальды және венозды қан араласпау).

2. Көк (оңнан – солға қан атқылау, артериальды және венозды қан араласуы).

Ақ жүрек ақауы 4 топқа бөлінеді.

Көк жүрек ақауы 2 топқа бөлінеді.
Атеросклероз морфогенез сатысына байланысты бөлінеді:
липид
ке дейінгі;
липоидоз;
липосклероз;
атероматоз;
әктену;
атерокальциноз.

Атеросклероздың орналасуына байланысты клинико-анатомиялық формалары:

аорта атеросклерозы;
жүрек тәж артерия атеросклерозы (ЖИА);
ми артерия атеросклерозы (цереброваскулярлы аурулар);
бүйрек артерия атеросклерозы (бүйректік формасы);
ішек артериясы атеросклерозы (ішектік формасы);
аяқ артериясы атеросклерозы.


4.Көрнекі материал: демонстрациялық кестелер, презентациялар, патологиялық процесстердің макро- және микроскопиялық көріністердің электронды фотографиялары.

5. Әдебиеттер.

Негізгі:

1.Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия М.,110155

2.Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия М.,110103

3. Патологическая анатомия. Курс лекций. Под редакцией академика РАМН В.В. Серова, академика РАН и РАМН М. А. Пальцева, Москва, «Медицина»,1101015

4. Общая патология человека. Под редакцией, Саркисова Д.С., Пальцева М.А., Хиброва Н.К., Москва, «Медицина», 110105 г.

5. Патология. Руководство. Под редакцией Пальцева М.А., Паукова В.С., Улумбекова Э.Г. М.,ГЭОТАР-МТД. 2002

6. Пальцев М.А., Аничков Н.М.. Патологическая анатомия. М.,2002

7. Серов В. В., Пальцев М. А., Ганзен Т. Н. «Руководство к практическим заня­тиям по патологической анатомии» Москва, «Медицина», 1101015


Қосымша

1.Ярыгин Н.Е., Серов В.В. Атлас патологической анатомии М.,11077

2.Повзун С.А. Патанатомия в вопросах и ответах. Санкт-Пет., 1101015.

3.Литман И., Рене Р. Врожденные пороки сердца и крупных сосудов М., 110104

4.Вальтер А.В Хронические пороки аортальных клапанов Л ,110715


6. Қортынды сұрақтар (кері байланыс)

1. Туа біткен жүрек ақауларының этиопатогенезі.

2.Жүрек ақауларының классификациясы.

3. Өлім себептері.

1. Тақырып 4: Тыныс алу жүйесі аурулары. Асқорыту жүйесі аурулары,бауыр. Зәр шығару және жыныс мүшелері аурулары.



2. Мақсаты:

1. Өкпе жедел қабыну ауруларының патогенезін және морфологиялық мінездемесін, жіктелуін, патогенезін этиологиясын оқып үйрену. Асқынуы және өлім себебі.

2. Өкпе эмфиземасы, бронхиальды астма, бронхоэктатикалық ауруларының ауруларының патогенезін және морфологиялық мінездемесін, жіктелуін, патогенезін этиологиясын оқып үйрену. Асқынуы және өлім себебі.

Жас ерекшелктері.

3.Асқорыту жүйесі мүшелерінің жедел қабыну ауруларының патогенезін және морфологиялық мінездемесін, жіктелуін, патогенезін этиологиясын оқып үйрену. Асқынуы және өлім себебі.

4. Бауыр ауруларының патогенезін және морфологиялық мінездемесін, жіктелуін, патогенезін этиологиясын оқып үйрену. Асқынуы және өлім себебі.

5.Студенттерді зәр шығару мүшелер ауруларының негізгі топтарымен таныстыру, басты нозологиялық бірліктер туралы клинико-морфологиялық информация беру


3 Дәріс тезистері

Жедел пневмониялар. Бұл өкпенің респираторлы бөлігінің зақымдалуымен жүретін инфекциялық қабынулық аурулар. Олар этиологиясы, патогенезі және морфологиясы бойынша әртүрлі сипатқа ие. Клинико-морфологиялық ерекшеліктері бойынша: ошақтық пневмония (бронхопневмония), бөліктік (крупозды пневмония) және интерстициальді пневмония болып бөлінеді. Бронхопневмония көп этиологиялы ауру. Патогенезі бойынша аспирационды, гипостатикалық пневмония және иммунды тапшылыққа байланысты дамитын пневмония болып бөлінеді. Сонымен қатар, ауруханаішілік инфекция ретінде пайда болуы мүмкін. Көбінесе басқа аурулардың асқынулары ретінде пайда болады. Қабыну респираторлы бөлікке төмендеген жолмен немесе перибронхиалды түрде таралады. Альвеолаларда экссудат пайда болады. Үрдістің таралуы альвеолиттен (милиарлы пневмония) сегментарлыға дейін жүреді. Крупозды пневмония – инфекциялық-аллергиялық ауру. Өзіндік нозологиялық форма болып табылады. Барлық бөліктер зақымдалады және үрдіске плевра да кіруі мүмкін. Классикалық нұсқа 4 кезеңде өтеді. Асқынулар өкпелік және өкпе сыртылық болуы мүмкін. Өлім себептері: жедел өкпелік және жүректік жетіспеушілік, іріңді асқынулар. Интерстициальді пневмония альвеолярлы перделерде дамиды. Ол шекараланған және диффузды болуы мүмкін. Вирустармен, микоплазма саңырауқұлақтарымен, пневмоцисталармен шақырылады.


Өкпенің созылмалы бейарнайы аурулары –бұл этиологиясы, патогенезі және морфологиясы бойынша әртүрлі аурулар жиынтығы. Оларға созылмалы бронхит, бронхоэктатикалық ауру, созылмалы эмфизема, бронхиалды астма және т.б. жатады. Барлық ӨСБА-лары кезінде кіші қанайналым шеңберінің гипертониясы және өкпелік жүрек дамиды. ӨСБА даму механизмдері: бронхитогенді, пневмониогенді және пневмонитогенді. Барлық үш механизм пневмосклерозға, екіншілік өкпелік гипертензияға, жүректің оң құлақшасының гипертрофиясына, соңында өкпе-жүрек жетіспеушілігіне әкеледі.

Өкпенің созылмалы интерстициалды аурулары интерстициалды фиброзбен қатар жүреді. Екіншілік өкпелік гипертония және өкпелік жүрек жылдам дамиды. Осы аурулар тобына әртүрлі органикалық және бейорганикалық тозаңдармен шақырылған пневмокониоздар, сонымен қатар, этиологиясы анықталмаған аурулар, мысалы, саркоидоз жатады. Асқазан аурулары ішінде аса маңыздысы болып созылмалы гастрит және жара ауруы болып табылады.

Қазіргі кезде гастриттің 3 типін ажыратады: А- аутоиммунды гастрит; В – иммунды емес (бактерияльды) гастрит; С – химиялық гастрит (рефлюкс-гастрит): бұл гастрит та иммунды емес.

Жара ауруы – созылмалы циклді өтетін ауру. Оның негізгі морфологиялық көрінісі –асқазан немесе 12 елі ішектің созылмалы рецидивті ойық жарасы.

Жара ауруынан басқа симптоматикалық жаралар да болады: жіті немесе созылмалы қан айналым бұзылыстары кезінде, әр түрлі интоксикациялар мен аллергиядар жағдайында, Эллисон-Цоллингер синдромы кезінде, туберкулез, мерез кезінде, асқазанға жасалған операциялардан кейін, стероидты жаралар, стресс жағдайында, бауыр циррозы кезінде. Даму теориялары: қабынулық, қан тамырлық, пептикалық, механикалық, инфекциялық, тұқым қуалаушы–конституциональды және тағы басқа теориялар. Асқынулары: перфорация, қан ағу, пенетрация, асқазанның кіре беріс және шыға беріс бөліктерінің стенозы, жара малигнизациясы.

Бауыр аурулары ішінде аса маңыздысы болып вирусты гепатит болып табылады. Соңғы жылдарда осы аурудың жиілігі үнемі өсіп келеді. Қазіргі кезде вирусты гепатиттің негізгі 6 этиологиялық формасын ажыратады.


Вирусты гепатиттің бірнеше клинико-морфологиялық формалырын бөледі:

1. Жіті вирусты гепатит:

а) циклді сарғаюмен өтетін форма – гепатиттің классикалық көрінісі.

б) сарғаюсыз – морфологиялық өзгерістер минимальды болады.

в) найзағай тәрізді немесе фульминантты форма – бауырдың жіті немесе жітілеу массивті некроздары.

г) холестазды және холангиолитикалық формалар – ұсақ өт өзекшелірінің зақымдылуымен жүреді.

Жіті вирусты гепатиттің нәтижелері: структураның толық қалпына келуімен сипатталатын толық жазылып шығу; жіті бауыр немесе бауыр-бүйрек жетіспеушілігінен болатын өлім; созылмалы гепатит немесе бауыр циррозына алмасу.

2. Созылмалы вирусты гепатиттер:

а) Созылмалы персистенциялық гепатит.

б) Созылмалы белсенді (активті) гепатит.

Цирроз – бауырдың барлық структуралық компоненттерін қамтылуымен сипатталатын диффузды прогрессивті процесс. Жіктелуі. Бауыр циррозының барлық формалары біртіндеп гепатоцеллюларлы жетіспеушілік дамуына әкеледі. Ол сарғаюмен, гипоальбуминемия, гиперэстрогенемиямен және қан ұютушы факторлар жетіспеушілігімен сипатталады. Бауыр циррозы кезінде өте жиі портальды гипертензия дамиды. Ең жиі кездесетін формалары: алкогольды ұсақ түйінді цирроз, вирусты ірі түйінді цирроз және билиарлы цирроз.

Бауыр циррозы кезіндегі өлім себептері: өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кету, бауыр жетіспеушілігі, регенерат түйіннің жарылып іш қуысына қан ағу, асцит-перитонит, бауырда рак дамуы.


Жедел гастрит пайда болу себебі әртүрлі химиялық заттармен әсер еткенде (мысалы, спирттік ішімдік,дәрілер т.б.).
Зақымдалу зонасына байланысты:
жедел диффузды гастрит;
жедел ошақты гастрит.
Жедел ошақты гастрит:

Фундальды

Антральды

Пилороантральды

Пилородуоденальды.



СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЕМЕС ЖАРАЛЫ КОЛИТ тоқ ішек қабынуы, қан, шырыш, ірің аралас диаррея.
Алғашқыда тік ішекте содан соң сигма тәрізді ішекке тарайды. (сурет. 1).




Сурет 1. СЕЖК те болатын тік және сигма тәрізді ішекте патоморфологиялық өзгерістер.


КРОНА ауруы жиі ащы ішектің терминальды бөлігінде кездеседі, кейде ауыз қуысынан тік ішекке дейін кездесуі мүмкін.

Морфологиясы. Крон ауруында ішекте сегментарлы зақымдану болады – зақымдалған жері зақымдалмаған жерлерімен кезектесіп келеді. Былай болған сегменттер “секірмелі” сегменттер деп аталады. (сурет. 2).

Сурет 2 Крон ауруындағы патоморфологиялық өзгерістер.

Бүйрек ағзада өмірлік маңызды функцияларды атқарады. Бүйрек ауруларын екі маңызды топқа бөлуге болады: гломерулопатиялар және тубулопатиялар. Гломерулопатия –бүйрек шумақшаларында болатын өзгерістер. Қабынулық гломерулопатиялар аллергиялық аурулармен немесе белгісіз этиологиядағы топ -гломерулонефриттармен сипатталады.Олар шумақтардың екіжақты іріңді емес қабынумен,бүйректі және бүйректі емес симптомдармен сипатталады.Қабынулық емес гломерулопатиялар нефротикалық көріністерімен сипатталады.Ол үшін жалпы протеинурия, гипоальбуминемия, ісінулер тән. Тубулопатия арасында аса маңызды некротикалық некроз болып табылады,жедел бүйрек жетіспеушілік синдромымен сипатталады.

Бүйректердің созылмалы екіжақты ауруларында бүйрек жетіспеушілігі дамиды.Оның морфологиялық субстраты бүйректердің жиырылуы-нефросклероз болып табылады.Пиелонефрит – бүйрек түбегінің,тостағаншаларының,аралық тінінің және өзекшелердің зақымдануымен сипатталатын инфекциялы ауру.Бүйрек тас ауруы-бүйрек тостағаншаларында,түбегінде және несепағарда тас түзілуімен сипатталатын ауру. Жыныс мүшелерінің аурулары. Бұл топтың ауруларында аса маңыздысы- сүт безінің ісігі болып табылады. Оның этиологиясында маңызды роль атқарады генетикалық мутация және әйел ағзасының гормональды баланс бұзылыстары. Ер ағзасында сүт безінің ісігі 100 есе жиі дамиды.Осы аурулуарға сүт безінің әртүрлі дисплазиялары жатады. Соның ішінде–эпителидің ауыр дисплазиясымен және пролиферацияның формасымен болатын- облигатты ісікалды болып табылады.Сүт безінің ісігі көбінесе сол жақ безінің үстіңгі-сыртқы бөлігінде дамиды және макроскопиялық ерекшеліктері болады. Микроскопилық екі негізгі топқа бөлінеді:бөлікті карцинома және ағынды карцинома.Бірінші метастаз көбінесе қолтықасты лимфотүйіндерде кездеседі. Сүт безінің ісктерін кеш анықтау науқастардың өмір-сүруін төмендетеді. Жиі өзіндіктексеру және маммография өтуге кеңес беріледі.


Жатыр мойын ісігімен соңғы жылдарда жас әйелдер ауырады. Негізгі этиологиялық факторы-адам папиломасының вирусы болып табылады. Инфицирленуге себеп ерте кезде жыныстық қатынасқа түсу болып табылады.Ісікалды өзгерістерге жатыр мойынның көпқабатты тегіс эпителиі жатады. Көбінесе тегіс жасушалы ісік дамиды.Ерте диагностика үшін цервикальды жағынның жиі цитологиялық зерттеулерін жүргізу қажет.

Жатыр денесінің ісігі 35 жастан жоғары әйел адамдарды зақымдайды.Негізгі этиологиялық факторы гиперэстрогенемия болып табылады.Осыдан кейін безді гиперплазия эндометрия,ал кейін аденоматоз дамуы жүреді,оны эндометрийдің дифференцирленген аденомакарциномадан ажырату қиын.


4.Көрнекі материал: демонстрациялық кестелер, презентациялар, патологиялық процесстердің макро- және микроскопиялық көріністердің электронды фотографиялары.

5. Әдебиеттер.

Негізгі:

1.Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия М.,110155

2.Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия М.,110103

3. Патологическая анатомия. Курс лекций. Под редакцией академика РАМН В.В. Серова, академика РАН и РАМН М. А. Пальцева, Москва, «Медицина»,1101015

4. Общая патология человека. Под редакцией, Саркисова Д.С., Пальцева М.А., Хиброва Н.К., Москва, «Медицина», 110105 г.

5. Патология. Руководство. Под редакцией Пальцева М.А., Паукова В.С., Улумбекова Э.Г. М.,ГЭОТАР-МТД. 2002

6. Пальцев М.А., Аничков Н.М.. Патологическая анатомия. М.,2002

7. Серов В. В., Пальцев М. А., Ганзен Т. Н. «Руководство к практическим заня­тиям по патологической анатомии» Москва, «Медицина», 1101015

Қосымша.

1. Ярыгин Н.Е., Серов В.В. Атлас патологической анатомии М.,11077

2. Повзун С.А. Патанатомия в вопросах и ответах. Санкт-Пет., 1101015.

3. Есипова Н.К. Патологическая анатомия легких М. ,110106


4. Скучалина Л.Н. Морфохарактеристика бронхиальной атмы у детей. Мед. журн. Казахстана, №№, 2001

5. Данные интернет.


6. Қортынды сұрақтар (кері байланыс)

1. Пневмония классификациясы (қысқаша).

2. Крупозды пневмониядағы өлім себебі.

3. Пневмония ақыры.

4.Созылмалы гастриттің түрлерін атаңыз.

5. Крон ауруында этиологиялық фактордың дамуын атаңыз.

6. Спецификалық емес жаралы колитте өлім себебі.

7. Бүйрек ауруларының классификациясы.

8. Гломерулопатия және тубулопатия, бүйрек-тас ауруларының клинико-морфологиялық мінездемесі.

9. Нефросклероз. Патологиялық анатомия.


1.Тақырып №5: Инфекциялық ауру.


2. Мақсаты: Студенттерді инфекциялық ауруларының негізгі топтарымен таныстыру, басты нозологиялық бірліктер туралы клинико-морфологиялық информация беру.

Дәріс тезисі:

Қазіргі кезге дейін жұқпалы аурулар маңызды проблема болып табылады. Олар макро- және микроорганизм арасындағы қатынас нәтижесі болып табылады. Жұқпалы аурулар басқа науқастардан айырмашылықтары: контагиоздық, циклдық, спецификалық өзгерістер және макроорганизмде постинфекциялық иммунитет түзілуі. Жұқпалы аурудың дамуы макроорганизм жағдайына, сезімталдығына байланысты және қоздырушының патогенділік және вирулентілігімен анықталады. Микробтың организмге ену жері инфекцияның кіру қақпасы деп аталады. Қан құрамында микробтың болуы бактериемия немесе вирусемия деп аталады. Жұқпалы аурулардың негізгі топтары: жоғары тыныс жолдары инфекциялары (ЖРВИ), бактериальды ауа-тамшылы инфекциялары (дифтерия, скарлатина, менингококкты инфекция), ішек инфекциялары (шигеллез, іш сүзегі және паратифтар,сальмонеллездар, ас-тамақ токсикоинфекциясы, ботулизм, холера, вирусты гепатит); туберкулез. Ауа-тамшылы инфекциялардың ерекшеліктері:: қоздырушылардың көп-түрлігі, жұғу жолы ауа-тамшылы, кіру қақпасы-тыныс жолдарының шырышты қабығы болып табылады. Аса маңызды аурулар- бұл ЖРВИ. Оларға грипп, парагрипп, аденовирусты және респираторлы-синтициальды инфекция аурулары жатады. Жергілікті өзгерістер жоғарғы тыныс жолдарында және өкпеде дамиды, жалпы өзгерістер виремия және интоксикациямен байланысты. Көрінісі: ішкі ағзалардағы дистрофиялық және қабынулық өзгерістер, қан айналым бұзылыстары.


Дифтерия- бұл кіру қақпасында фибринозды қабыну дамуымен және жалпы интоксикациямен сипатталатын жіті жұқпалы ауру. Скарлатина- бұл аранда жергілікті қабыну өзгерістері және экзантемамен сипатталатын стрептококкты жұқпалы ауру. Менингококкты инфекция- бұл негізгі 3 түрде өтетін жіті жұқпала ауру: менингококкты назофарингит, менингококкты ірінді менингит және менингококкцемия (менингококкты сепсис).

Ішек инфекциялар- бұл жұқпала аурулар үшін фекальды-оральды жұғу жолы және негізгі морфологиялық өзгерістер ішекте дамуы тән.

Туберкулез-бұл созылмалы жұқпала ауру. Адамның барлық ағзалары мен тіндері зақымдалуы мүмкін, бірақ көбінесе патологиялық процесс өкпеде дамиды. Туберкулез микобактериясы организмге аэрогенді немесе алиментарлы жолмен түсіп жұғады. Туберкулездың созылмалы толқынды ағымы иммунологиялық реакциялардың үнемі алмасуымен байланысты.

4.Көрнекі материал: демонстрациялық кестелер, презентациялар, патологиялық процесстердің макро- және микроскопиялық көріністердің электронды фотографиялары.

5. Әдебиеттер.

Негізгі::

1. Патологическая анатомия. Курс лекций: Учебное пос. (Под ред. В.В.Серова, М.А.Пальцева.- М.: Медицина, 1998.- 640с.:ил.-( Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

2. Пальцев М.А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник. Том 1, 2. М.:Медицина,2001.

3. Абдуллахождаева М.С. Основы патологии человека- Ташкент, 1998. – 300с.

Қосымша:

1. Пальцев М.А., Пауков В.С., Улумбеков Э.Г. Патология: Издательский дом: «ГЭОТАР-МЕД» 2002.- 959 с.

2. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии /В.В.Серов, Т.Н.Дрозд, В.А.Варшавский, Г.О.Тетевосянц. - М.: Медицина, 1987.– 285с.-(Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

3. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии: Учеб. пос. /В.В.Серов, М.А.Пальцев, Т.Н.Ганзен.-М:Медицина, 1998.-544с.-(Учеб. лит. для студ. мед. вузов).


4. Струков А.И. Патологическая анатомия: Учебник/А.И.Струков, В.В.Серов.-4-е изд., стереотип. М.:Медицина,1995.- 688с.- (Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

5. Хазанов А.Т., Чалисов И.А. Руководство по секционному курсу. \\ М. - 1986.С.10-87

6. Общая патология человека: Руководство /Под ред. А.И. Струкова. - М.: Медицина, 1990. – Т.1, 2..

7. Серов В.В., Ярыгин Н.Е., Пауков В.С. Патологическая анатомия: Атлас. - М.: Медицина, 1986. – 305с.


6. Қортынды сұрақ (кері байланыс)

1.Инфекциялық аурулар туралы түсінік, классификациясы.

2. ЖРВИ мінездемесі.

3.Бактериальды ауа-тамшылы инфекция.